Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазпочта» акционерлік қоғамына Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 132 үй мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісін Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 148 үй мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне ауыстыру бойынша мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов