Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлер эмиссиясы рәсімінің операторын айқындау және Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 959 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 567 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-3) тармақшасына және 5-бабының 9-1)  тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы рәсімінің операторы – «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы болып айқындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 21 шілдедегі
№ 959 қаулысымен
бекітілген     

Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Процессингтік орталықтың қызмет ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган пайдаланатын, жануардың жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы мәліметтерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бір бөлігі;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы бойынша дерекқор – тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;
      3) процессингтік орталық – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ақпараттың сақталуын және нақтылығын, жеке нөмірлердің уақтылы эмиссиясын қамтамасыз ететін, жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізетін жеке нөмірлердің эмиссиясы рәсімінің операторы;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республикалық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бөлу;
      5) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу рәсімі;
      6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдары (құралдары) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (радиожиілік таңбасы бар аспалы), болюстер, чиптер және өзге құралдар;
      7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – сырғалауға және таңбалауға арналған аппараттар;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарына ен салу жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдарына (құралдарына) жеке нөмірлерді салуды жүзеге асыратын ұйым;
      9) көліктік ыдыс – дербес көліктік бірлікті (қорап, жәшік, контейнер және басқа орам түрлері) құрайтын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды салуға арналған орамдар;
      10) конверт әдісі – көліктік ыдыстан даналық материалдарды (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар) іріктеп алу кестесі.
      3. Процессингтік орталық:
      1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
      2) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауды;
      4) белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды жеткізу поцесінде оларды іріктеп алуды (бұдан әрі – іріктеп алу);
      5) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады.
      4. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тіркеу және жеткізу процесінде олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауды жүзеге асырады.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) және атрибуттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды мемлекеттік сатып алу жүргізілгенге дейін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша жеке нөмірлердің қажеттілігін анықтайды және оны процессингтік орталыққа тапсыруды жүзеге асырады.
      6. Процессингтік орталық жеке нөмірлердің қажеттілігі туралы ақпаратты алған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларының бұрын берілген жеке нөмірлерін есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін анықтауды;
      2) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін үлестіріп беруді;
      3) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқор қалыптастыруды және кейіннен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін тапсыруды жүргізеді.
      7. Процессингтік орталық дерекқорлар, жеке нөмірлердің эмиссиясы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерде үлестіріп берілген жеке нөмірлердің пайдаланылуын қадағалайды.
      8. Берілетін жеке нөмірлер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      9. Ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін жеке нөмірлерді тізімнен шығару жеке нөмірлер эмиссиясының және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорларында көрсетіледі.
      10. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін 5 жыл өткен соң есептен шығарылған жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асырады.

3. Іріктеп алуды жүзеге асыру тәртібі

      11. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін сатып алынатын бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің және процессингтік орталықтың жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік органның ветеринария саласындағы ведомствосының құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің құрамынан тұратын комиссия құрады.
      12. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу көліктік ыдыстардың санына байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың диагоналі бойынша төменгі, ортаңғы және жоғарғы қабатынан іріктеп ала отырып жалғыз, екі және үш конверт әдісімен жүзеге асырылады, бірақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған 100 бұйымнан және 3 атрибуттан кем болмауы тиіс.
      13. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін іріктеліп алынған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау тіркеу кезінде өндіруші тапсырған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың үлгілерімен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін іріктеліп алынған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды көзбен қарап салыстыру негізінде жүзеге асырылады.
      14. Іріктеп алудың нәтижелері осы іріктеп алу рәсімі жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде тиісті актімен ресімделеді және оған сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу комиссиясы мүшелері қол қояды.
      Іріктеп алынған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар акті ресімделгеннен кейін жеткізушілерге қайтаруға жатады.

4. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу
тәртібі

      15. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқор ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқормен өзара байланысты.
      16. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша үлестіріп берілген ауыл шаруашылығы жануарларына берілген жеке нөмірлердің есебін жүргізуді;
      2) лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.
      17. Тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпарат процессингтік орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады.

Об определении оператора процедуры эмиссии индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных и утверждении Правил функционирования процессингового центра

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2012 года № 959. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 567

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.07.2015 № 567 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 39-3) статьи 1 и подпунктом 9-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить оператором процедуры эмиссии индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных – акционерное общество «Казагромаркетинг».
      2. Утвердить прилагаемые Правила функционирования процессингового центра.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 21 июля 2012 года № 959

Правила
функционирования процессингового центра

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила функционирования процессингового центра (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 9-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» и определяют порядок функционирования процессингового центра.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) база данных по идентификации сельскохозяйственных животных  - часть ветеринарного учета, предусматривающего единую, многоуровневую систему регистрации данных об индивидуальном номере животного, о его ветеринарных обработках, включая результаты диагностических исследований, а также данных о владельце животного, осуществляемая подразделениями местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, и используемая уполномоченным государственным органом в области ветеринарии;
      2) база данных по эмиссии индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных – автоматизированная система эмиссии индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных, включающая сведения о зарегистрированных лазерных станциях, изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и их производителях;
      3) процессинговый центр – оператор процедуры эмиссии индивидуальных номеров с ведением базы данных по эмиссии индивидуальных номеров, обеспечивающий сохранность и достоверность информации, своевременную эмиссию индивидуальных номеров, определяемый Правительством Республики Казахстан из числа специализированных организаций в области агропромышленного комплекса;
      4) эмиссия индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных (далее – эмиссия индивидуальных номеров) – совокупность мероприятий по определению последовательной нумерации индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных и распределение их по административно-территориальным единицам республики;
      5) регистрация – процедура внесения информации о лазерных станциях, изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и их производителях в базу данных по эмиссии индивидуальных номеров;
      6) изделия (средства) идентификации сельскохозяйственных животных (далее - изделия) – бирки (навесные, с радиочастотной меткой), болюсы, чипы и другие средства, используемые для идентификации сельскохозяйственных животных;
      7) атрибуты для проведения идентификации сельскохозяйственных животных – аппараты для проведения биркования и таврения;
      8) лазерная станция по мечению средств идентификации сельскохозяйственных животных (далее - лазерная станция) – организация, осуществляющая нанесение индивидуального номера на средства идентификации сельскохозяйственных животных;
      9) транспортная тара – упаковка для размещения изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных, образующая самостоятельную транспортную единицу (коробка, ящик, контейнер и другие виды упаковки);
      10) метод конверта – схема отбора поштучного материала (изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных) из транспортных тар.
      3. Процессинговый центр осуществляет:
      1) эмиссию индивидуальных номеров;
      2) регистрацию лазерных станций, изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и их производителей в базе данных по эмиссии индивидуальных номеров;
      3) определение соответствия изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных установленным требованиям;
      4) выборочный отбор изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных в процессе их поставки для определения соответствия установленным требованиям (далее – выборочный отбор);
      5) ведение базы данных по эмиссии индивидуальных номеров.
      4. Процессинговым центром осуществляется определение соответствия изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных установленным требованиям в процессе их регистрации и поставки.
      Определение соответствия изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных установленным требованиям и регистрация лазерных станций, изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и их производителей осуществляются в соответствии с Правилами регистрации лазерных станций, изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и их производителей, утвержденными Правительством Республики Казахстан.

2. Порядок осуществления эмиссии индивидуальных номеров

      5. Местные исполнительные органы областей, города республиканского значения, столицы ежегодно до осуществления государственных закупок изделий и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных определяют потребность в индивидуальных номерах по области, городу республиканского значения, столице и осуществляют ее передачу в процессинговый центр.
      6. Процессинговый центр в течение 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня получения информации о потребности в индивидуальных номерах проводит:
      1) определение последовательной нумерации индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных с учетом предыдущих выданных индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных;
      2) распределение индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных по областям, городу республиканского значения, столице;
      3) формирование базы данных по эмиссии индивидуальных номеров и передачу индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных подразделениям местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы, осуществляющим деятельность в области ветеринарии, для последующего проведения идентификации сельскохозяйственных животных.
      7. Процессинговый центр отслеживает использование распределенных индивидуальных номеров по соответствующим административно-территориальным единицам по базам данных эмиссии индивидуальных номеров и идентификации сельскохозяйственных животных.
      8. Выдаваемые индивидуальные номера должны соответствовать требованиям, указанным в Правилах идентификации сельскохозяйственных животных, утверждаемых Правительством Республики Казахстан.
      9. Списание индивидуальных номеров после выбытия с учета сельскохозяйственных животных отражается в базах данных по эмиссии индивидуальных номеров и идентификации сельскохозяйственных животных.
      10. Процессинговый центр осуществляет эмиссию списанных индивидуальных номеров по истечении 5 лет после выбытия с учета сельскохозяйственного животного.

3. Порядок осуществления выборочного отбора

      11. Подразделения местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы, осуществляющие деятельность в области ветеринарии, создают комиссию по выборочному отбору закупаемых изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных в составе представителей местных исполнительных органов, территориальных подразделений ведомства уполномоченного государственного органа в области ветеринарии соответствующих административно-территориальных единиц и процессингового центра.
      12. Выборочный отбор изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных в зависимости от количества транспортных тар осуществляется методом одиночного, двойного или тройного конверта с отбором изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных из нижнего, среднего и верхнего слоев по диагонали, но не менее 100 изделий и 3 атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных.
      13. Определение соответствия отобранных изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных установленным требованиям осуществляется на основании визуального сравнения отобранных изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных с образцами изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных, предоставленными производителем при регистрации.
      14. Результаты выборочного отбора в течение 3 (трех) рабочих дней после проведения процедуры выборочного отбора оформляются соответствующим актом, который подписывается членами комиссии по выборочному отбору закупаемых изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных.
      Отобранные изделия (средства) и атрибуты для проведения идентификации сельскохозяйственных животных подлежат возврату поставщикам после оформления акта.

4. Порядок ведения базы данных по эмиссии
индивидуальных номеров

      15. База данных по эмиссии индивидуальных номеров взаимосвязана с базой данных по идентификации сельскохозяйственных животных.
      16. Ведение базы данных по эмиссии индивидуальных номеров включает:
      1) ведение учета выданных индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных, распределенных по соответствующим административно-территориальным единицам;
      2) внесение сведений о лазерных станциях, изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и их производителях.
      17. Информация о зарегистрированных лазерных станциях, изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и их производителях размещается на интернет-ресурсе процессингового центра.