Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 951 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығын қараңыз.


      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі Заңының 5-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 20 шілдедегі
№ 951 қаулысымен   
бекітілген    

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарлары жеке нөмірлерінің эмиссиясы – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдары (құралдары) (бұдан әрі – бұйымдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (ілінетін, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және өзге құралдар;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын белгілеу жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдарына жеке нөмір жазуды жүзеге асыратын ұйым;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқор – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған атрибуттар (бұдан әрі – атрибуттар) – сырғалауға және таңбалауға арналған аппараттар;
      6) процессингтік орталық – агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандандырылған ұйымдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ақпараттың сақталуын және нақтылығын, жеке нөмірлердің уақтылы эмиссиясын қамтамасыз ететін жеке нөмірлердің эмиссия бойынша дерекқорды жүргізетін жеке нөмірлердің эмиссиясы рәсімінің операторы;
      7) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу рәсімі.
      3. Лазерлік станцияларды, бұйымдар мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеу мынадай іс-шараларды көздейді:
      1) лазерлік станциялардың, бұйымдар мен атрибуттарды өндірушілердің тіркеуге өтініш беруі;
      2) лазерлік станциялардың, бұйымдар мен атрибуттардың, сондай-ақ оларды өндірушілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға лазерлік станциялар, бұйымдар мен атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді енгізу.

2. Лазерлік станцияларды, бұйымдар мен атрибуттарды, сондай-ақ оларды өндірушілерді тіркеу тәртібі

      4. Бұйымдар мен атрибуттардың өндірушілері бұйымдардың әр түрінің кемінде екі дана үлгісін, атрибуттардың әр түрінің бір данасын қоса беріп, процессингтік орталыққа мынадай құжаттарды береді:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) бұйымдар мен атрибуттардың техникалық сипаттамаларын және сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      4) бұйымдарды өндірушілер үшін – Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) тіркеуден өткенін растайтын құжат.
      5. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген, ұсынылған құжаттар және өтініштер негізінде бұйымдар мен атрибуттарды тіркеуге берілген өтініштер туралы мәліметтерді тіркеу журналына үш жұмыс күн ішінде енгізеді.
      Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың болмау фактісі белгіленген немесе ұсынылған құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, тіркеу рәсімі өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде құжаттардың толық пакетін ұсынғанға немесе ұсынылған құжаттардағы сәйкессіздіктер толық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Көрсетілген мерізімде құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған немесе ұсынылған құжаттардағы сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда өтініш берушіге тіркеуден жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.
      6. Процессингтік орталық жазбаша өтініштерді тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйымдар мен атрибуттардың және оларды өндірушілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау рәсімін жүзеге асырады.
      Бұйымдарға, таңбалауға арналған аппараттарға және оларды өндірушілерге қойылатын талаптар «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – Бірдейлендіру ережесі).
      Сырғалауға арналған аппарат сырғалардың артқы үшкір жағына арналған арнайы ернеуі жануарлардың құлағына сырғаны орнатқаннан кейін қысқыштардың лезде ашылуына мүмкіндік беретін серіппелі механизмі бар қысқыш түрінде болуы тиіс. Сырғалауға арналған аппарат тот баспайтын және қоршаған ортада жұмыс істеуге төзімді болуы тиіс.
      7. Бұйымдардың, атрибуттардың және оларды өндірушілердің белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін процессингтік орталық мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу арқылы бұйымдар мен атрибуттарды, сондай-ақ оларды өндірушілерді тіркеуді жүзеге асырады.
      Бұйымдардың, атрибуттардың және оларды өндірушілердің белгіленген талаптарға, сондай-ақ техникалық сипаттамасын растайтын құжаттардың және бұйымдар мен атрибуттар сапасының ұсынылған үлгілерге сәйкессіздігі айқындалған жағдайда процессингтік орталық бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолдайды.
      Процессингтік орталық бұйымдарды өндірушілерді ұсынылған құжаттардың, бұйымдардың үлгілерін көзбен шолып бағалаудың негізінде және олардың Жануарлар туралы жазбаларды жүргізетін халықаралық комитеттің (ICAR) өндірушілер тізімінде тіркелгені расталған жағдайда тіркейді.
      8. Бұйымдарды өндірушілер шарт негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін бұйымдарға басып беру үшін оларды лазерлік станцияларға тапсырады.
      9. Лазерлік станциялар бұйымға ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін басуды Бірдейлендіру ережесінің талаптарына жеке нөмірлердің сәйкес келуін қамтамасыз ететін аппаратпен іске асырады.
      10. Лазерлік станциялар процессингтік орталыққа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері басылған бұйымдардың кемінде екі дана үлгісімен қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      3) бұйымдардың техникалық сипаттамаларын және сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың болмау фактісі белгіленген немесе ұсынылған құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда лазерлік орталықтарды тіркеу рәсімі өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде құжаттардың толық пакетін ұсынғанға немесе ұсынылған құжаттардағы сәйкессіздіктер толық жойылғанға дейін тоқтыла тұрады.
      Көрсетілген мерізімде құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған немесе ұсынылған құжаттардағы сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда өтініш берушіге тіркеуден жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.
      12. Процессингтік орталық ұсынылған құжаттар және ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері басылған бұйымдардың үлгілерін көзбен шолып бағалау негізінде жазбаша өтініш тіркелгеннен кейін он күн жұмыс ішінде бұйымдардың үлгілеріне басылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің сәйкестігін және лазерлік станциялардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтайды.
      Процессингтік орталық бұйымдардың үлгілеріне басылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің және лазерлік станциялардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарлары жеке нөмірлерінің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу жолымен лазерлік станцияларды тіркеуді жүзеге асырады.
      Бұйымдардың үлгілеріне басылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің және лазерлік станциялардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда процессингтік орталық өтінім иесіне жазбаша түрде дәлелді жауапты бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
      13. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) лазерлік станциялардың, бұйымдар мен атрибуттарды өндірушілердің атауы;
      2) лазерлік станциялардың, бұйымдар мен атрибуттарды өндірушілердің деректемелері, байланыс деректері;
      3) фотоматериалдармен қоса берілген бұйымдар мен атрибуттардың қысқаша сипаттамасы (техникалық сипаттамасы).
      14. Тіркеу рәсімі жүргізілгеннен кейін лазерлік станцияларға және бұйымдар мен атрибуттарды өндірушілерге тіркеуден өткені туралы анықтама және қажет болған жағдайда процессингтік орталықтың интернет-ресурсында автоматты режимде құрылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады