"Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру" мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1026 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 144-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 6 тамыздағы 
№ 1026 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1508 қаулысымен   
бекітілген     

«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы
қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексi (бұдан әрi – Салық кодексi) 651-бабының 3-тармағына және «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және оны алу үшін қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды (бұдан әрi – қорытынды) немесе қағаз тасығышта мемлекеттiк қызметтi беруден бас тарту себептерi туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушылар).
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
      2) құжаттарды тапсырғанға дейiн барынша рұқсат етiлген күту уақыты – 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң барынша рұқсат етiлген уақыты – 15 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Комитеттің жұмыс кестесi: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мерекелік күндерден басқа, күн сайын сағат 13.00 бастап 14.30 дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00 бастап 18.30 дейiн.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарында қажеттi құжаттар тiзбесі және оларды толтыру үлгiлерi, мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпарат орналастырылған стендiлер болады, мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген, сондай-ақ отыратын орындар бар.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
      1) осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтінішті;
      2) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе жеке сәйкестендіру нөмірін не бизнес сәйкестендіру нөмірінің көшірмесін;
      3) компьютер жүйесiнің функционалдық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің сипаттамасы;
      4) «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;
      5) банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiнің функционалдық көшірмесін қамтитын, электрондық ақпараттық жеткізгішті;
      6) банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiн орнату және іске қосу жөніндегі нұсқаулықты;
      7) компьютер жүйесiнің құрамына кіретін және ақпараттық үдеріске қатысатын фискалдық режимнің, фискалдық жадының техникалық және бағдарламалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін (ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері»).
      Құжаттар мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз тасығышта және электрондық түрде ұсынылады.
      12. Осы стандарттың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген өтiнiш-сауалнама бланкiлерi Комитеттің стендінде немесе Министрліктің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кіреберіс, 746 кабинет мекенжайына пошта арқылы немесе Комитеттің кеңсесiне қолма-қол жіберіледі.
      14. Құжаттар Комитеттің кеңсесіне қолма-қол тапсырылған жағдайда, лауазымды тұлға мемлекеттік қызметті алушының iлеспе хатының көшiрмесiне құжаттардың қабылдағандығы туралы мөрді, қабылданған күнiн және мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнiн көрсете отырып қояды. Құжаттар пошта арқылы жіберілген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың қарауға қабылданғандығы және мемлекеттік қызметті алу күні туралы Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 74-03-64 телефоны арқылы бiле алады.
      15. Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесiнiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды немесе дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жiберiледi.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) құжаттарды ресімдеуде қате анықталғанда;
      2) құжаттар тиісінше ресімделмегенде;
      3) компьютер жүйенің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысымен бекітілген Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйенің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды беру қағидаларында белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі туралы теріс акт.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитет мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік міндеттерді атқару кезінде заңдылықты сақтау, сыпайылық, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитет немесе Министрлiк қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кiреберiс, 746-кабинет мекенжайы және 8 (7172) 74-03-64 телефон, 8 (7172) 74-03-64 факс бойынша көмектеседі.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде немесе пошта арқылы қолма-қол осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.30 дейiн түскi үзiлiспен, жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.30 дейін беріледі.
      22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Комитеттің уәкiлеттi лауазымды тұлғасына мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кіреберіс, 757-кабинет, электрондық мекен-жай: m.k.smagulov@mtc.gov.kz.
      Комитеттің жұмыс кестесi: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мейрам күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13.00 бастап 14.30 дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00 бастап 18.30 дейiн.
      23. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым жазбаша түрде еркін нысанда жасалады.
      25. Шағым қабылданған кезде оның көшірмесіне жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсете отырып, мөр қойылады.
      26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрлiктiң www.mtc.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

«Бақылау-касса машиналарының   
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесiнің техникалық 
талаптарға сәйкестігі туралы  
қорытынды беру» мемлекеттiк  
қызмет стандартына      
1-қосымша           

Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы
қорытынды

Астана қ.                                 20___ж. «____» ___________

1. Өтініш беруші_____________________________________________________
2. Өтініш берушінің орналасқан жері _________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ облысы ______________________ қаласы
____________________ ауданы _______________________ көшесі _______ үй
Телефон _____________________________ Факс _________________________
3. ________________________________________________________________,
                              (КЖ атауы)
Нұсқасы ____________________, әзірлеген күні ______________________,
Әзірлеуші _________________________________________________________
Әзірлеушінің орналасқан жері_______________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________ облысы ______________________ қаласы
____________________ ауданы _______________________ көшесі _______ үй
Телефон _____________________________ Факс _________________________

      Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды беру қағидаларында көзделген техникалық талаптарға сәйкес келеді.

Уәкілетті орган
ведомствосының басшысы                               ______________
                                                          (қолы)

М.О.

«Бақылау-касса машиналарының   
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесiнің техникалық 
талаптарға сәйкестігі туралы  
қорытынды беру» мемлекеттiк  
қызмет стандартына      
2-қосымша           

Сауалнама – өтініш

      Өтініш берушінің атауы ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      СТН (ЖСН, БСН) | | | | | | | | | | | | |
      Өтініш берушінің орналасқан жері
________________________________ облысы _____________________ қаласы
______________________ ауданы ______________________ көшесі ______ үй
Компьютер жүйесінің (бұдан әрі – КЖ) атауы __________________________
_____________________________________________________________________
КЖ әзірлеушісі ______________________________________________________
Нұсқасы ____________________ КЖ әзірленген күн ______________________
Инсталляция пакетінің көлемі ________________________________________
Инсталляция пакеті жасалған күн _____________________________________
КЖ әзірлеушісі орналасқан жер
______________________________ облысы _______________________ қаласы
_______________________ ауданы ______________________ көшесі _____ үй
      Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-нің мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:
      нақты тіркелген КЖ-да фискалдау режимін сипаттау жүзеге асырылады (иә/жоқ қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________
_____________________________________________________________________
      серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе (ОЖ) деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) дәлірек айтқанда қандай ____________________________________
_____________________________________________________________________
      КЖ пайдаланушыларын сәйкестендіру деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      парольді таңдаған жағдайда серверге қол жеткізуді бұғаттау (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      Парольдің қолданылу мерзімі (күндер саны):
      пайдаланушының ______ 8 белгіден кем емес
_____________________________________________________________________
жүйе әкімшісі _______________________________________________________
      деректер қоры әкімшісі ________________________________________
      Парольдің ең төменгі ұзындығы (нышандар саны):
      пайдаланушы үшін ______________________________________________
      жүйе әкімшісі үшін ____________________________________________
      деректер қорының әкімшісі үшін ________________________________
      КЖ-да парольдің күрделілігін тексеру (цифр мен арнайы нышандарды міндетті пайдалану) (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      КЖ парольдің ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      КЖ бірдей есептік жазбамен екі және одан көп пайдаланушының серверлік және клиенттік қосымшасына қосылу мүмкіндігін болдырмайды (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      қосымшаларды пайдаланушылардың КЖ-ға қосымшаның өзінен айырмасы бар құралдармен қосылудың мүмкін болмауы (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      пайдаланушылардың КЖ-дағы ақпараттарға ДҚБЖ құралдарымен қол жеткізу құқықтарын шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
_____________________________________________________________________
      әрбір операция пайдаланушы, күні мен уақыты бойынша сәйкестендіріледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___
_____________________________________________________________________
      әрбір операция бірізді бірегей нөмірмен бір мәнді анықталады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      КЖ мынадай құрылымды білдіреді:
      клиент-сервер, хост-терминал (керектісін сызу қажет)
      кез келген ақпарат КЖ-ға тек қосымшаның көмегімен ғана енгізіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) __________
_____________________________________________________________________
      КЖ-ға енгізілген және клиенттік тарапта орналасқан ақпаратты операция басталғаннан кейін әртүрлі құралдармен түзету мүмкіндігінің болмауы (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
_____________________________________________________________________
      қате енгізілген операция «масақ» операциясын жүзеге асыру жолымен түзетіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
_____________________________________________________________________
      соңғы пайдаланушы өзі орындайтын функциялар шеңберінде ғана КЖ иелену құқығына ие (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      қосымшалар, ДҚБЖ және сервер әкімшілері арасында құқықтарды бөлу (әкімшілердің әрекетін реттейтін актілерді көрсету керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      аудит журналдары әкімшілік құқықтармен және пайдаланушылық құқықтармен пайдаланушылардың барлық әрекетін автоматты түрде белгілейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      аудит журналдары пайдаланушылардың барлық әрекетін автоматты түрде белгілейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      белгілі уақыт ішінде іркіліс болған жағдайда клиенттік қосымшаны КЖ-дан сөндіру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт аралығы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      уақыт бойынша КЖ-мен жұмыс істеу кезінде клиенттік қосымшаның әрекетін шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт аралығы) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      ОЖ құралдарымен авторланбаған қол жеткізе алатын (guest, anonymous және басқалар) есептік жазбаларды бұғаттау (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт аралығы) ______________________
_____________________________________________________________________
      Компьютерлік жүйе, электрлік қоректендіру және басқалар іркілген жағдайда деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар:

Деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар

Иә

Жоқ

қосарланушы серверді пайдалану, «кластерлік» жүйені пайдалану серверлерде әртүрлі деңгейдегі (1-5) RAID кіші жүйелерін қолдану транзакциялар мен деректік қор журналдарының резервтік көшірмелерін жасау



Басқа (көрсету керек) _______________________________________________

      КЖ мен транзакциялардың жүйелік журналының резервтік көшірмелерін жасау:



КЖ үшін

Транзакциялар журналы үшін

резервтік көшірмелерді жасау мерзімділігі (айына, жылына/бір) резервтік көшірмелер саны (дана) резервтік көшірмелерді сақтау мерзімі (жыл) резервтік көшірмелерді сақтау орны (резервтік орталық/сейф және т.б.)



жүйені толық қалпына келтіру уақыты _________________________________
КЖ резервтік көшірмелерін қалпына келтіру журналының болуы (иә/жоқ) ________________________________________________________________;
«Салық инспекторының жұмыс орны» модулінің болуы (иә/жоқ) ___________
____________________________________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі құжаттамада компьютерлік жүйені фискалдау жөніндегі толық рәсімдерінің болуы (иә/жоқ) ________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулінде КЖ фискалдық режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________________________________________________________________;
      Фискалдық деректерге қол жеткізу үшін криптографиялық кілттер қалыптастыру режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдер мен стандарттар пайдаланылады)__________________________________________;
      Фискалдық есептерді әрі қарай дайындау үшін, ауысым жабылған уақытта деректерді сақтау кезінде шифрлаудың криптографиялық функцияларын КЖ-да іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдер мен стандарттар пайдаланылады) __________________________________________
____________________________________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулінде фискалдық есептер қалыптастыру режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________________________________________________
____________________________________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі құжаттаманың болуы (иә/жоқ) ________________________________________;
_________________________________________________ ___________________
(Өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә.)         Қолы

М.О.

«Бақылау-касса машиналарының   
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесiнің техникалық 
талаптарға сәйкестігі туралы  
қорытынды беру» мемлекеттiк  
қызмет стандартына      
3-қосымша           

Кесте. Сапа және қолжетімдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.1. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)




4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1508 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения для включения компьютерных систем в государственный реестр контрольно-кассовых машин"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2012 года № 1026. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.02.2014 № 136 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1508 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача заключения для включения компьютерных систем в государственный реестр контрольно-кассовых машин» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 10-11, ст. 144) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Выдача заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин.»;
      стандарт государственной услуги «Выдача заключений для включения компьютерных систем в государственный реестр контрольно-кассовых машин», утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 6 августа 2012 года № 1026

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 31 декабря 2010 года № 1508

Стандарт государственной услуги «Выдача заключений
о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для
включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Выдача заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин» оказывается Комитетом связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - Комитет) по адресу: 010000, город Астана, Левый берег, улица Орынбор, дом 8, «Дом Министерств», подъезд 14.
      2. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      3. Государственная услуга оказывается в соответствии с пунктом 3 статьи 651 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (далее – Налоговый кодекс) и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2011 года № 1265 «Об утверждении Правил выдачи заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин».
      4. Полная информация о порядке оказания государственной услуги и необходимых документах для ее получения размещается на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - Министерство): www.mtс.gov.kz или по телефону: 8 (7172) 74-06-85.
      5. Результатом государственной услуги являются выдача заключения о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин (далее - заключение) по форме, установленной в приложении 1 к настоящему стандарту, либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги на бумажном носителе.
      6. Государственная услуга оказывается юридическим и физическим лицам (далее – получатели государственной услуги).
      7. Сроки оказания государственной услуги:
      1) с момента сдачи получателем государственной услуги необходимых документов, определенных в пункте 11 настоящего стандарта, в течение тридцати календарных дней;
      2) максимально допустимое время ожидания до сдачи документов – 15 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания получателя государственной услуги - 15 минут.
      8. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      9. График работы Комитета: ежедневно с 9.00 до 18.30 часов, с обеденным перерывом с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней, установленных Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан».
      Государственная услуга оказывается в порядке очереди без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      10. В местах предоставления государственной услуги имеются стенды с перечнем необходимых документов и образцами их заполнения, информация о порядке оказания государственной услуги. Предусмотрены условия для людей с ограниченными физическими возможностями, а также имеются посадочные места.

2. Порядок оказания государственной услуги

      11. Для получения государственной услуги получатель государственной услуги представляет:
      1) заполненную анкету-заявление по форме, установленной в приложении 2 к настоящему стандарту;
      2) копию свидетельства о государственной регистрации физического лица, юридического лица, структурного подразделения юридического лица в органах налоговой службы в качестве налогоплательщика, либо индивидуальный идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер;
      3) описание функциональных возможностей и характеристик компьютерной системы;
      4) инструкцию по эксплуатации модуля «Рабочее место налогового инспектора»;
      5) электронный информационный носитель, содержащий функциональную копию компьютерной системы, за исключением применяемой в банках и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций;
      6) инструкцию по установке и запуску компьютерной системы, за исключением применяемой в банках и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций;
      7) копии сертификатов соответствия требованиям информационной безопасности технических и программных средств фискального режима, фискальной памяти, входящих в состав компьютерной системы и участвующих в информационном процессе (СТ РК ГОСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Методы и средства обеспечения безопасности. Критерии оценки безопасности информационных технологий»).
      Документы представляются в бумажном и электронном виде, которые удостоверены электронной цифровой подписью получателя государственной услуги.
      12. Бланки анкеты-заявления, предусмотренной подпунктом 1) пункта 11 настоящего стандарта, размещаются на стенде Комитета или на интернет-ресурсе Министерства: www.mtc.gov.kz.
      13. Документы, необходимые для получения государственной услуги, отправляются по почте либо сдаются нарочно в канцелярию Комитета по адресу: 010000, город Астана, улица Орынбор, дом 8, «Дом министерств», подъезд 14, кабинет 746.
      14. В случае нарочной сдачи документов в канцелярию Комитета, должностным лицом на копии сопроводительного письма получателя государственной услуги ставится печать о приеме документов с указанием даты приема и даты получения получателем государственной услуги. В случае направления документов по почте, получатель государственной услуги может узнать о приеме документов на рассмотрение и дате получения государственной услуги в канцелярии Комитета по телефону: 8 (7172) 74-03-64.
      15. Заключение о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения компьютерной системы в государственный реестр контрольно-кассовых машин или мотивированный отказ отправляются получателю государственной услуги по почте.
      16. В оказании государственной услуги отказывается в случаях:
      1) выявления ошибок в оформлении документов;
      2) ненадлежащего оформления документов;
      3) отрицательного акта о соответствии компьютерной системы техническим требованиям, установленным Правилами выдачи заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2011 года № 1265.

3. Принципы работы

      17. Комитет по отношению к получателям государственных услуг руководствуется принципами соблюдения конституционных прав человека, законности при исполнении служебного долга, вежливости, представления исчерпывающей информации, обеспечения ее сохранности, защиты и конфиденциальности.

4. Результаты работы

      18. Результаты оказания государственной услуги получателю государственной услуги измеряются показателями качества и эффективности в соответствии с приложением 3 к настоящему стандарту.
      19. Целевые значения показателей качества и эффективности государственной услуги ежегодно утверждаются приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

5. Порядок обжалования

      20. Сотрудник Комитета или Министерства разъясняет порядок обжалования действий (бездействий) уполномоченных должностных лиц и оказывает содействие в подготовке жалобы по адресу: 010000, город Астана, улица Орынбор, дом 8, «Дом министерств», подъезд 14, кабинет 746, телефон: 8 (7172) 74-03-64, факс: 8 (7172) 74-03-64.
      21. В случаях несогласия с результатами оказанной услуги, жалоба подается в письменном виде по почте либо нарочно на имя руководства Министерства по адресу, указанному в пункте 20 настоящего стандарта, в рабочие дни с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней.
      22. В случае некорректного обслуживания жалоба подается уполномоченному должностному лицу Комитета по адресу: 010000, город Астана, Левый берег, улица Орынбор, дом 8, «Дом Министерств», подъезд 14, кабинет 757, электронный адрес: m.k.smagulov@mtc.gov.kz.
      График работы Комитета: ежедневно с 9.00 до 18.30 часов, с обеденным перерывом с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней, установленных Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан».
      23. В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги, получатель государственной услуги имеет право обратиться в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      24. Жалоба составляется в письменном виде в произвольной форме.
      25. При принятии жалобы на ее копии ставится печать с указанием срока и места получения ответа, контактных данных должностных лиц, у которых можно узнать о ходе рассмотрения жалобы.
      26. Дополнительную информацию о предоставляемой государственной услуге можно получить на интернет-ресурсе Министерства: www.mtc.gov.kz.

Приложение 1        
к стандарту государственной услуги
«Выдача заключений о соответствии
компьютерной системы техническим
требованиям для включения в
государственный реестр контрольно-
кассовых машин»        

Заключение
о соответствии компьютерной системы техническим требованиям
для включения в государственный реестр
контрольно-кассовых машин

      г. Астана                        «____» ____________ 201 ___ г.

      1. Заявитель __________________________________________________
      2. Местонахождение заявителя __________________________________
_____________________________________________________________________
      Область _________________________ Город _______________________
      Район ____________________ Улица ________________ Дом _________
      Телефон _________________________ Факс ________________________
      3. ____________________________________________________________
                            (наименование КС)
      версия ____________________, дата разработки _________________,
      Разработчик ___________________________________________________
      Местонахождение разработчика:
      Страна _____________ Область __________________ Город _________
      Район __________________ Улица _____________________ Дом ______
      Телефон __________________________ Факс _______________________
      Соответствует техническим требованиям, предусмотренным Правилами выдачи заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин.

      Руководитель ведомства
      уполномоченного органа                            _____________
                                                          (подпись)
                                                            М.П.

Приложение 2        
к стандарту государственной услуги
«Выдача заключений о соответствии
компьютерной системы техническим
требованиям для включения в
государственный реестр контрольно-
кассовых машин»        

Анкета-заявление

      Наименование заявителя ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      РНН (ИИН, БИН)
      Местонахождение заявителя
      Область ____________________________ город ____________________
      Район ______________________ Улица ____________________ Дом ___
      Название компьютерной системы (далее – КС) ____________________
_____________________________________________________________________
      Разработчик КС ________________________________________________
      Версия ______________________ Дата разработки КС ______________
      Размер инсталляционного пакета ________________________________
      Дата создания инсталляционного пакета _________________________
      Местонахождение разработчика КС
      Область ________________________________ город ________________
      Район ______________________ Улица __________________ Дом _____
      Заявитель подтверждает, что вышеназванная КС соответствует следующим требованиям:
      в конкретной регистрируемой КС осуществляется описание режима фискализации (да/нет какими средствами обеспечивается) ______________
_____________________________________________________________________
      идентификация пользователя сервера осуществляется на уровне операционной системы (ОС) (да/нет, какими средствами обеспечивается) какими именно _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      идентификация пользователей КС осуществляется на уровне системы управления базой данных (далее – СУБД) (да/нет, какими средствами обеспечивается)______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      блокировка доступа к серверу средствами СУБД, в случае подбора пароля (да/нет, какими средствами обеспечивается) ___________________
_____________________________________________________________________
      Срок действия пароля (кол-во дней):
      пользователя ____________________ не менее 8-ми знаков
_____________________________________________________________________
      администратор системы _________________________________________
      администратор базы данных _____________________________________
      Минимальная длина пароля (кол-во символов):
      для пользователя ______________________________________________
      для администратора системы ____________________________________
      для администратора базы данных ________________________________
      проверка сложности пароля в КС (обязательное использование цифр и специальных символов) (да/нет, какими средствами обеспечивается) __
_____________________________________________________________________
      КС обеспечивает автоматический контроль длины пароля (да/нет, какими средствами обеспечивается)____________________________________
_____________________________________________________________________
      КС исключает возможность подключения к серверному и клиентскому приложению двух и более пользователей под одной учетной записью (да/нет, какими средствами обеспечивается) __________________________
_____________________________________________________________________
      невозможность подключения пользователей приложения к КС средствами, отличными от самого приложения (да/нет, какими средствами обеспечивается) _____________________________________________________
      разграничение прав доступа пользователей к информации в КС средствами СУБД (да/нет, какими средствами обеспечивается) __________
_____________________________________________________________________
       каждая операция идентифицируется по пользователю, дате и времени (да/нет, какими средствами обеспечивается) __________________
      каждая операция однозначно определяется последовательным уникальным номером (да/нет, какими средствами обеспечивается) _______
_____________________________________________________________________
      КС представляет собой архитектуру:
      клиент-сервер, хост-терминал (нужное подчеркнуть)
      любая информация вносится в КС только с помощью приложения (да/нет, какими средствами обеспечивается) __________________________
_____________________________________________________________________
      невозможность корректировки внесенной в КС и находящейся на клиентской стороне информации различными средствами после начала операции (да/нет, какими средствами обеспечивается) _________________
_____________________________________________________________________
      ошибочно введенная операция исправляется путем осуществления операции «сторно» (да/нет, какими средствами обеспечивается) ________
_____________________________________________________________________
      конечный пользователь имеет права доступа к КС только в рамках выполняемых им функций (да/нет, какими средствами обеспечивается) ___
_____________________________________________________________________
      разделение прав между администраторами приложения, СУБД и операционной системы (указать акты, регламентирующие действия администраторов) ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      журналы аудита автоматически фиксируют все действия пользователей с административными правами и пользовательскими правами (да/нет, какими средствами обеспечивается) __________________________
_____________________________________________________________________
      журналы аудита автоматически фиксируют все действия пользователей (да/нет, какими средствами обеспечивается) ____________
_____________________________________________________________________
      отключение клиентского приложения от КС в случае простоя в течение определенного времени (да/нет, какими средствами обеспечивается, временной интервал) _________________________________
_____________________________________________________________________
      ограничение действий клиентского приложения при работе с КС по времени (да/нет, какими средствами обеспечивается, временной интервал) ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      блокировка учетных записей, имеющих доступ без авторизации (guest, anonymous и другие) средствами ОС (да/нет, какими средствами обеспечивается, временной интервал) _________________________________
_____________________________________________________________________
      Меры по резервированию данных в случае сбоев компьютерной системы, электропитания и других:

Меры по резервированию данных

Да

Нет

использование дублирующего сервера, использование
«кластерной» системы применение на серверах подсистемы RAID
разных уровней (1-5) создание резервных копий журналов
транзакций и базы данных



      Иное (указать) ________________________________________________

      Создание резервных копий КС и системного журнала транзакций:


для КС

Для журнала
транзакций

периодичность создания резервных копий (раз/месяц, год)
количество резервных копий (шт.) срок хранения резервных
копий (лет) место хранения резервных копий (резервный
центр/сейф и т.д.)



      время полного восстановления системы __________________________
      наличие журнала восстановления КС резервных копий (да/нет) ____
____________________________________________________________________;
      наличие модуля «Рабочее место налогового инспектора» (да/нет) _
____________________________________________________________________;
      наличие подробных процедур по фискализации компьютерной системы в документации по использованию «Рабочее место налогового инспектора» (да/нет) ___________________________________________________________;
      реализация в «Рабочее место налогового инспектора» фискального режима КС (да/нет, какими средствами обеспечивается) ________________
____________________________________________________________________;
      реализация режима формирования криптографических ключей для доступа к фискальным данным (да/нет, какие алгоритмы и стандарты используются) ______________________________________________________;
      реализация в КС криптографических функций при сохранении данных во время закрытия смены для последующей подготовки фискальных отчетов (да/нет, какие алгоритмы и стандарты используются) __________________
____________________________________________________________________;
      реализация в модуле «Рабочее место налогового инспектора» формирования фискальных отчетов (да/нет, какими средствами обеспечивается) ____________________________________________________;
      наличие документации по использованию модуля «Рабочее место налогового инспектора» (да/нет) ____________________________________;
___________________________________________ _________________________
    (Ф.И.О. заявителя или его руководителя)           подпись
      М.П.

Приложение 3         
к стандарту государственной услуги
«Выдача заключений о соответствии
компьютерной системы техническим
требованиям для включения в
государственный реестр контрольно-
кассовых машин»        

Таблица. Значения показателей качества и доступности

Показатели качества и
доступности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя в
последующем
году

Текущее значение
показателя в
отчетном году

1

2

3

4

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев предоставления
услуги в установленный срок с
момента сдачи документа




2. Качество

2.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством процесса
предоставления услуги




3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством и
информацией о порядке предоставления
услуги




3.2. % (доля) услуг, информация о
которых доступна через Интернет




4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных существующим
порядком обжалования




5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных вежливостью
персонала