"Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.06 № 1026 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.06 № 1026 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1508 қаулысымен  
бекітілген     

«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы
қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету
стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 N 348 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызметін 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжайы бойынша, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабының 3-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына және «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz;
      2) ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті орган ғимаратында орналасқан стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда;
      3) порталда орналастырылады.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты сall-орталығының 1414 немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны арқылы алуға болады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің (бұдан әрі – КЖ) техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Уәкілетті органға қағаз жеткізгіштегі қорытындыны алу үшін жүгінген жағдайда қорытынды электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, уәкілетті орган ведомствосының мөрімен расталады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушылар).
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
      2) құжаттарды тапсырғанға дейiн рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты – 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкілетті органда демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейiн. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттiк қызметті ұсыну орындарында қажеттi құжаттар тiзбесі және оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлер, мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпарат болады. Физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген, сондай-ақ отыратын орындар бар.
      Порталда мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінде» ұсынылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мыналарды ұсынады:
      уәкілетті органға:
      1) осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік;
      3) жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) КЖ функционалдық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің сипаттамасы;
      5) «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
      6) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, КЖ орнату және іске қосу жөніндегі нұсқаулық;
      7) КЖ құрамына кіретін және ақпараттық процеске (ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері») қатысатын фискалдық режимнің, фискалдық жадының техникалық және бағдарламалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сертификаты;
      8) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiнің функционалдық көшірмесін қамтитын электрондық ақпараттық жеткізгіш;
      9) алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжат.
      Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не куәлікті, өкілдікке өкілеттікті куәландыратын дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (нотариалды куәландырылған жағдайда) ұсыну онда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алуға болатын жағдайларда талап етілмейді;
      порталда:
      1) осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі сауалнама-өтініш;
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік;
      3) жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) КЖ функционалдық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің сипаттамасы;
      5) «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
      6) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, КЖ орнату және іске қосу жөніндегі нұсқаулық;
      7) КЖ құрамына кіретін және ақпараттық процеске (ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері») қатысатын фискалдық режимнің, фискалдық жадының техникалық және бағдарламалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сертификаты.
      Алушы банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiнің функционалдық көшірмесін қамтитын электрондық ақпараттық жеткізгішті уәкілетті органға пошта арқылы жібереді.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады.
      Осы тармақтың 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға немесе портал арқылы ұсыну осы стандартқа 3-қосымшада белгіленген мәліметтер нысаны түрінде жүзеге асырылады.
      12. Осы стандарттың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген өтiнiш-сауалнама бланкiлерi уәкілетті органның стендінде немесе Министрліктің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz орналастырылады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы сұрау салу толтырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кіреберіс, 746-кабинет мекенжайы бойынша уәкілетті органның кеңсесiне пошта арқылы жіберіледі не қолма-қол ұсынылады.
      Порталға жүгінген кезде электрондық сұрау салу жіберуді мемлекеттік қызметті алушы «жеке кабинетінен» жүзеге асырады. Сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес адресатқа – мемлекеттік органға автоматты түрде жіберіледі.
      14. Құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне қолма-қол тапсырылған жағдайда, лауазымды тұлға мемлекеттік қызметті алушының iлеспе хатының көшiрмесiне қабылдаған күнiн және мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнiн көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы мөр қояды. Құжаттарды пошта арқылы жіберген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың қарауға қабылданғаны және мемлекеттік қызметті алу күні туралы уәкілетті органның кеңсесінен 8 (7172) 74-03-64 телефоны арқылы бiле алады.
      Портал арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетке» алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі алушыға:
      1) уәкілетті органда – 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжайы бойынша қолма-қол (алушының не өкілдің өзі келуі), алушының «жеке кабинетіне» немесе мәлімдей отырып, тапсырыс хатпен пошта арқылы;
      2) порталда – алушының «жеке кабинетіне» жеткізіледі.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) құжаттарды ресімдеуде қателердің анықталуы;
      2) құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
      3) компьютер жүйесінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысымен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларында белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмеуі туралы актінің берілуі;
      4) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер бойынша.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік міндеттерді атқару кезінде заңдылықты сақтау, сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкілетті органның немесе Министрлiктің қызметкері 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кiреберiс, 746-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 74-03-64, факс: 8 (7172) 74-03-64 бойынша уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін беріледі.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым уәкілетті органның уәкiлеттi лауазымды адамына: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кіреберіс, 757-кабинет, электрондық мекенжайы: m.k.smagulov@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Уәкілетті органның жұмыс кестесi: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейiн.
      23. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым жазбаша түрде еркін нысанда жасалады.
      25. Шағымды қабылдау кезінде оның көшірмесіне жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетіле отырып мөр қойылады.
      26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрлiктiң интернет-ресурсынан: www.mtc.gov.kz алуға болады.

«Бақылау-касса машиналарының  
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесiнің техникалық 
талаптарға сәйкестігі туралы  
қорытындылар беру» мемлекеттiк 
қызмет көрсету стандартына   
1-қосымша            

Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы
қорытынды

Астана қ.                                  201__ ж. «___» ___________

1. Өтініш беруші ____________________________________________________
2. Өтініш берушінің орналасқан жері _________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ облысы _______________________ қаласы
____________________ ауданы _______________________ көшесі _______ үй
Телефоны _____________________________ Факс _________________________
3. _________________________________________________________________,
                              (КЖ атауы)
Нұсқасы ____________________, әзірленген күні ______________________,
Әзірлеуші ___________________________________________________________
Әзірлеушінің орналасқан жері ________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________ облысы ______________________ қаласы
____________________ ауданы _______________________ көшесі _______ үй
Телефоны _____________________________ Факс _________________________
      Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесінiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды
беру қағидаларында көзделген техникалық талаптарға сәйкес келеді.

      Уәкілетті орган
      ведомствосының басшысы
      ______________________
              (қолы)

      М.О.

«Бақылау-касса машиналарының  
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесiнің техникалық 
талаптарға сәйкестігі туралы  
қорытындылар беру» мемлекеттiк 
қызмет көрсету стандартына   
2-қосымша            

Сауалнама – өтініш

Өтініш берушінің атауы ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

ЖСН/БСН













Өтініш берушінің орналасқан жері _________ облысы ____________ қаласы
______________________ ауданы ____________________ көшесі ________ үй
Компьютер жүйесінің (бұдан әрі – КЖ) атауы __________________________
_____________________________________________________________________
КЖ әзірлеушісі ______________________________________________________
Нұсқасы ____________________ КЖ әзірленген күн ______________________
Инсталляция пакетінің көлемі ________________________________________
Инсталляция пакеті жасалған күн _____________________________________
КЖ әзірлеушісі орналасқан жер
______________________________ облысы ________________________ қаласы
_______________________ ауданы ______________________ көшесі _____ үй
      Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-нің мынадай талаптарға сәйкес
екенін растайды:
      нақты тіркелген КЖ-да фискалдау режимін сипаттау жүзеге
асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___________
_____________________________________________________________________
      серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе (ОЖ)
деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз
етіледі), атап айтқанда _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      КЖ пайдаланушыларын сәйкестендіру дерекқорын басқару жүйесі
(ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен
қамтамасыз етіледі) _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      парольді таңдаған жағдайда серверге қол жеткізуді бұғаттау
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
Парольдің қолданылу мерзімі (күндер саны):
      пайдаланушының ____________________________ 8 белгіден кем емес
_____________________________________________________________________
жүйе әкімшісі _______________________________________________________
      дерекқор әкімшісі _____________________________________________
      Парольдің ең төменгі ұзындығы (нышандар саны):
      пайдаланушы үшін ______________________________________________
      жүйе әкімшісі үшін ____________________________________________
      дерекқор әкімшісі үшін ________________________________________
      КЖ-да парольдің күрделілігін тексеру (цифрлар мен арнайы
нышандарды міндетті пайдалану) (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз
етіледі) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      КЖ парольдің ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      КЖ бірдей есептік жазбамен екі және одан көп пайдаланушының
серверлік және клиенттік қосымшасына қосылу мүмкіндігін болдырмайды
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      қосымшаларды пайдаланушылардың КЖ-ға қосымшаның өзінен айырмасы бар құралдармен қосылудың мүмкін болмауы (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      пайдаланушылардың КЖ-дағы ақпаратқа ДҚБЖ құралдарымен қол
жеткізу құқықтарын шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз
етіледі) ____________________________________________________________
      әрбір операция пайдаланушы, күні мен уақыты бойынша
сәйкестендіріледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___
_____________________________________________________________________
      әрбір операция бірізді бірегей нөмірмен бірмәнді айқындалады
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      КЖ мынадай құрылымды білдіреді:
      клиент-сервер, хост-терминал (керектісін сызу қажет)
      кез келген ақпарат КЖ-ға тек қосымшаның көмегімен енгізіледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________
_____________________________________________________________________
      КЖ-ға енгізілген және клиенттік тарапта орналасқан ақпаратты
операция басталғаннан кейін әртүрлі құралдармен түзету мүмкіндігінің
болмауы (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
_____________________________________________________________________
      қате енгізілген операция «масақ» операциясын жүзеге асыру
жолымен түзетіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
_____________________________________________________________________
      соңғы пайдаланушы өзі орындайтын функциялар шеңберінде ғана
КЖ-ға қол жеткізу құқығына ие (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз
етіледі) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      қосымша әкімшілері, ДҚБЖ және операциялық жүйелерінің
әкімшілері арасында құқықтарды бөлу (әкімшілердің әрекетін
регламенттейтін актілерді көрсету қажет) ____________________________
_____________________________________________________________________
      аудит журналдары әкімшілік құқықтармен және пайдаланушылық
құқықтармен пайдаланушылардың барлық әрекетін автоматты түрде
белгілейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) __________
_____________________________________________________________________
      аудит журналдары пайдаланушылардың барлық әрекетін автоматты
түрде белгілейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      белгілі уақыт ішінде іркіліс болған жағдайда клиенттік
қосымшаны КЖ-дан сөндіру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз
етіледі, уақыт аралығы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      уақыт бойынша КЖ-мен жұмыс істеу кезінде клиенттік қосымшаның
әрекетін шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт
аралығы) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      ОЖ құралдарымен авторланбаған қол жеткізе алатын (guest,
anonymous және басқалар) есептік жазбаларды бұғаттау (иә/жоқ, қандай
құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт аралығы) ______________________
_____________________________________________________________________
      Компьютерлік жүйе, электрлік қоректендіру және басқалар
іркілген жағдайда деректерді резервтеу жөніндегі шаралар:

Деректерді резервтеу жөніндегі шаралар

Иә

Жоқ

қосарланушы серверді пайдалану,
«кластерлік» жүйені пайдалану
серверлерде әртүрлі деңгейдегі (1-5)
RAID кіші жүйелерін қолдану
транзакциялар мен дерекқор журналдарының
резервтік көшірмелерін жасау



Басқа (көрсету қажет) _______________________________________________

      КЖ мен транзакциялардың жүйелік журналының резервтік
көшірмелерін жасау:


КЖ үшін

Транзакциялар журналы үшін

резервтік көшірмелерді жасау мерзімділігі
(айына, жылына/бір)
резервтік көшірмелер саны (дана)
резервтік көшірмелерді сақтау мерзімі (жыл)
резервтік көшірмелерді сақтау орны
(резервтік орталық/сейф және т.б.)



жүйені толық қалпына келтіру уақыты _________________________________
КЖ резервтік көшірмелерін қалпына келтіру журналының болуы (иә/жоқ)
____________________________________________________________________;
«Салық инспекторының жұмыс орны» модулінің болуы (иә/жоқ) ___________
____________________________________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі
құжаттамада компьютерлік жүйені фискалдау жөніндегі толық
рәсімдерінің болуы (иә/жоқ) ________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулінде КЖ фискалдық режимін
іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
____________________________________________________________________;
      фискалдық деректерге қол жеткізу үшін криптографиялық кілттер
қалыптастыру режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдер мен
стандарттар пайдаланылады) _________________________________________;
      фискалдық есептерді әрі қарай дайындау үшін ауысым жабылған
уақытта деректерді сақтау кезінде криптографиялық функцияларды КЖ-да
іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдер мен стандарттар пайдаланылады)
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулінде фискалдық есептер
қалыптастыруды іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз
етіледі) ____________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі
құжаттаманың болуы (иә/жоқ) ________________________________________;

_________________________________________________  __________________
(Өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә.)          Қолы

М.О.

«Бақылау-касса машиналарының  
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесiнің техникалық 
талаптарға сәйкестігі туралы  
қорытындылар беру» мемлекеттiк 
қызмет көрсету стандартына   
3-қосымша            

Мәлімет нысаны

1. Жалпы ақпарат

1. Өтініш беруші ____________________________________________________
2. ЖСН/БСН __________________________________________________________
3. Атауы ____________________________________________________________
4. Ұсынылған құжаттар: ______________________________________________
«Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі
нұсқаулық
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесін
орнату және іске қосу жөніндегі нұсқаулық
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Уәкілетті орган ведомствосының кіріс хатының нөмірі
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Уәкілетті орган ведомствосының кіріс хатының күні
____________________________________________________________ (иә/жоқ)

2. КЖ сипаттамасы

5. КЖ атауы
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Нұсқасы
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
КЖ әзірленген күн
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Инсталляция пакетінің көлемі
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Инсталляция пакетінің жасалған күні
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Тіркеу күні
____________________________________________________________ (иә/жоқ)
Мәліметтердің өзгеру күні
____________________________________________________________ (иә/жоқ)

3. Сәйкестік сертификаты

6. Аккредиттелген сынақ зертханасының сынақ хаттамасының нөмірі
_____________________________________________________________________
Аккредиттелген сынақ зертханасының сынақ хаттамасының күні
_____________________________________________________________________
Сынақ зертханасының атауы
_____________________________________________________________________
Сертификаттың нөмірі
_____________________________________________________________________
Сертификаттың берілген күні
_____________________________________________________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімінің аяқталатын күні
_____________________________________________________________________
КЖ №
_____________________________________________________________________

«Бақылау-касса машиналарының  
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесiнің техникалық 
талаптарға сәйкестігі туралы  
қорытындылар беру» мемлекеттiк 
қызмет көрсету стандартына   
4-қосымша            

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткiшiнiң мәндері

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылда нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызметті белгiленген мерзiмде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3. Қолжетiмдiлігі

3.1. Қызметті ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердің %-ы (үлесi)




4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады