Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 181 қаулысымен.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 тамыздағы
№ 1047 қаулысымен
бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі
1. Жалпы ережелер
1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі (бұдан әрі – тетік) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы тетікте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық аудит (энергия аудиті) - энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
2) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;
3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыретінің шегінде іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың қызметі бағалау объектісі болып табылады.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей осы тетікке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық тасығыштарда уәкілетті органға есеп береді.
5. Облыстың жергілікті атқарушы органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық тасығыштарда уәкілетті органға есеп береді.
6. Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметін бағалау үшiн уәкiлеттi орган ұсынылған есептерге мынадай өлшемдер бойынша талдау жүргізеді:
1) өз құзыреті шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру;
5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;
7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету;
8) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру.
7. Энергия үнемдеу мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қызметін бағалауды уәкілетті орган осы тетіктің 8-тармағына сәйкес өлшемдердің балдары бойынша 40 және 10-балдық шкалалық жүйе бойынша жүзеге асырады.
Әрбір өлшем бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиiстi балдар шығарылады.
8. Жергiлiктi атқарушы органның қызметін бағалау өлшемдерінің көрсеткiштері мыналар болып табылады:
1) аумақтарды дамыту бағдарламасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы нысаналы индикаторлар мен міндеттердің пайыздық орындалуы (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
2) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауын мониторингілеудің пайыздық қамтуы (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
3) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерде өткiзiлген энергия аудитінің жыл сайынғы саны (1-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
4) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерді терможаңғыртудың жыл сайынғы саны (1-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
5) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерге арналған орнатылған энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарының саны (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
6) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерге арналған жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің саны (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябаққа және көшеге жарық берудің үлесі (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
8) тұрғындарда пайдалануда болған, кәдеге жаратылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдардың үлесі (1-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл).
9. Жергiлiктi атқарушы органдардың қорытынды бағасы барлық өлшемдер бойынша алынған есеп нәтижелерін қосу арқылы анықталады.
Қорытынды баға:
1) балдардың жалпы санының 60 %-ынан төмен немесе соған тең болса «төмен»;
2) балдардың жалпы санының 60-85 % аралығында болса «орташа»;
3) балдардың жалпы санының 85 %-ға тең немесе одан жоғары болса «жоғары» болып саналады.
10. Бағалау нәтижесі бойынша уәкілетті орган жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 30 наурызынан кешіктірмей, осы тетіктің 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды әзірлейді.
11. Жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бағалау нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
1-қосымша
Есеп беру нысаны
___________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган атауы)
__________________
(есепті кезең)
р/с № |
Іс-шараның атауы |
**Нысаналы индикатор/ жалпы саны |
Оның ішінде |
Есепті кезең ішінде орындалған жұмыс туралы ақпарат |
|
Есепті кезең ішінде |
Барлығы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Аумақты дамыту бағдарламасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нысаналы индикаторлар мен міндеттерді және өз құзыреті шегінде белгіленген нысаналы индикаторлардан мемлекеттік саясатты орындауы |
||||
2 |
Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауын мониторингілеудің пайыздық қамтуы |
||||
3 |
Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерде өткiзiлген энергия аудитінің жыл сайынғы саны |
||||
4 |
Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерді терможаңғыртудың жыл сайынғы саны |
||||
5 |
Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерге арналған орнатылған энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарының саны |
||||
6 |
Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде, мемлекеттік мекемелерге арналған жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің саны |
||||
7 |
Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябаққа және көшеге жарық берудің үлесі |
||||
8 |
Тұрғындарда пайдалануда болған, кәдеге жаратылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдардың үлесі |
||||
Ескертпе: |
Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
2-қосымша
Есеп беру нысаны
___________________________________________________________________
(облыстың жергілікті атқарушы органының атауы)
__________________
(есепті кезең)
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Нысаналы индикатор/ жалпы саны |
Оның ішінде |
Есепті кезең ішінде орындалған жұмыс туралы ақпарат |
|
Есептік кезең ішінде |
Барлығы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Аумақты дамыту бағдарламасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нысаналы индикаторлар мен міндеттерді және өз құзыреті шегінде белгіленген нысаналы индикаторлардан мемлекеттік саясатты орындауы |
||||
2 |
Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауын мониторингілеудің пайыздық қамтуы |
Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
3-қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды
___________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есепті кезең)
Р/с |
Бағалау өлшемдері |
Әрбір өлшемді бағалау балдары |
1 |
Өз құзыреті шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру |
|
2 |
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру |
|
3 |
Мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру |
|
4 |
Мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру |
|
5 |
Мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату |
|
6 |
Мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату |
|
7 |
Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету |
|
8 |
Тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру |
|
Жалпы бағалау: |
||
Жалпы бағалаудың мәні: |
Бағалау өлшемдері бойынша жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін талдау: _________________________________________________
_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тұжырымдар мен ұсынымдар: _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік
органның басшысы ______________________ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
Мемлекеттiк органның
тиiстi құрылымдық
бөлiмшесiнің басшысы ________________ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
20___жылғы «____» ______________
Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
4-қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды
___________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есепті кезең)
№ |
Бағалау өлшемдері |
Әрбір өлшемді бағалау балдары |
1 |
Өз құзыреті шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру |
|
2 |
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру |
|
Жалпы бағалау: |
||
Жалпы бағалаудың мәні: |
Бағалау өлшемдері бойынша жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін талдау: ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________