«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының теңгерімдік құны 235 825 504,72 (екі жүз отыз бес миллион сегіз жүз жиырма бес мың бес жүз төрт) теңге 72 тиын телевизиялық жабдықты республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов