Телевизиялық жабдықты жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту бойынша қабылдауды келісу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1071 Қаулысы

      «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының теңгерімдік құны 235 825 504,72 (екі жүз отыз бес миллион сегіз жүз жиырма бес мың бес жүз төрт) теңге 72 тиын телевизиялық жабдықты республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады