Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
2. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 568 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
"Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де
мерекелер туралы" «Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер және
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні – 17 мамыр»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Журналистер мен полиграфистер күні – 28 маусым»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Ана күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Мұғалім күні – 5 қазан».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев