"Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1201 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiнде:
      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде»;
      7-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2012 года № 1201. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1034

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.12.2015 № 1034 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248 «Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 12, ст. 113) следующие изменения:
      в Правилах субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, утвержденных указанным постановлением:
      абзац первый пункта 6 изложить в следующей редакции:
      «6. Размер выделяемых субсидий на 1 (один) кубометр поданной питьевой воды для вододателей в разрезе групповых водопроводов и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, одобренных Республиканской бюджетной комиссией на соответствующие финансовые годы, определяется как разница между тарифом на услуги по подаче питьевой воды, утвержденным уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, за оказанные услуги по подаче питьевой воды гарантированного качества в пределах установленного лимита за минусом»;
      подпункт 3) пункта 7 исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов