Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бірінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар мамандарға Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың басқа да мүше мемлекеттерінде ұқсас қызметіне рұқсат беру тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бірінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар мамандарға Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың басқа да мүше мемлекеттерінде ұқсас қызметіне рұқсат беру тәртібі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.19 № 1461 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1235 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің
бірінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар мамандарға Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
басқа да мүше мемлекеттерінде ұқсас қызметіне рұқсат беру
тәртібі туралы
КЕЛІСІМ
Одан әрі - Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (одан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттерінің Үкіметтері,
ынтымақтастықты дамыту мақсатында және халық денсаулығын сақтау саласында өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға көмек көрсету мақсатында,
медициналық және фармацевтикалық қызметке мамандарды өзара жіберуді оңайлату қажеттілігін сезініп,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Медициналық және фармацевтикалық білімі бар және медициналық және фармацевтикалық қызметке ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің бірінде бекітілген тәртіппен жіберілген тұлғалар мамандық номенклатурасын есепке ала отырып, ЕурАзЭҚ басқа мүше мемлекеттерге ұқсас қызметке жіберіледі. Бұл ретте, орнату кезінде олардың алған медициналық және фармацевтикалық білімі жұмысқа орналасу мақсатында маман өзі сұранған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі және медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығын беретін құжат алумен аяқталады
2-бап
Медициналық және фармацевтикалық білім алған эквиваленттілікті орнату рәсімін өткеннен кейін, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің мамандарына медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығын беретін құжатты тапсыру тәртібін әр Тарап өз бетінше әзірлейді.
3-бап
Осы Келісімді іске асуға жауапты құзыретті органдар:
Беларусь Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі;
Қырғыз Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі;
Ресей Федерациясынан - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
Тәжікстан Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.
4-бап
Осы Келісімнің ережелерін талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар келіссөздер және консультациялар жүргізу арқылы шешіледі.
Егер Тараптардың бірі екінші Тарапқа жолдаған консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күнінен бастап алты ай ішінде Тараптар консультациялар және келіссөздер арқылы дауды реттемесе, онда дау Тараптар арасында оны шешудің тәсіліне қатысты өзге де келіссөздер болмаған кезде, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына бере алады.
5-бап
Осы Келісім әр Тараптың басқа да халықаралық шарттарынан туындаған құқықтар мен міндеттерді қозғамайды.
6-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізіледі, олар жеке хаттамалармен рәсімделеді.
7-бап
Осы Келісім Тараптар оның күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
8-бап
Осы Келісім оған ЕурАзЭҚ-қа мүше болған басқа мемлекеттер қосылу үшін ашық.
Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады. Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
9-бап
Әрбір Тарап депозитарийді жазбаша хабарлай отырып, осы Келісімнен шығуына болады. Осы Келісімнің қолданысы депозитарий тиісті хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткеннен кейін осы Тарапқа қатысты тоқтатылады.
__________ қаласында 20__ жылғы «____» _________ орыс тілінде бір түпнұсқада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірме жолдайтын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдастық комитетінде сақталады.
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін