Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1461 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 1461 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің инфекциялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 1224 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің инфекциялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бірінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар мамандарға Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың басқа да мүше мемлекеттерінде ұқсас қызметіне рұқсат беру тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 1235 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бірінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар мамандарға Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың басқа да мүше мемлекеттерінде ұқсас қызметіне рұқсат беру тәртібі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      3. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 1236 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      4. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің дәрілік заттардың (дәрілік препараттардың), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың (медициналық бұйымдардың) айналысы саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 1234 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің дәрілік заттардың (дәрілік препараттардың), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың (медициналық бұйымдардың) айналысы саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      5. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің медицина және фармацевтика кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, ғылым және медицина мамандарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 1233 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің медицина және фармацевтика кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, ғылым және медицина мамандарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      6. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келiсiмге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 991 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келiсiмге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      7. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастығындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың бағыттары туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 1237 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастығындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың бағыттары туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады