Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай және газ бойынша үкіметаралық кеңесті тарату жөніндегі хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Мұнай және газ бойынша үкіметаралық кеңесті тарату жөніндегі хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1243 қаулысымен
мақұлданған
Мұнай және газ бойынша үкіметаралық кеңесті тарату
жөніндегі хаттама
1993 жылғы 2 наурыздағы Мұнай және газ бойынша үкіметаралық кеңесті құру жөнінде келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері (бұдан әрі – Тараптар)
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Мұнай және газ бойынша үкіметаралық кеңес таратылсын.
2-бап
1993 жылғы 2 наурыздағы Мұнай және газ бойынша үкіметаралық кеңес құру жөніндегі келісімнің қолданысы тоқтатылды деп есептелсін.
3-бап
Мұнай-газ саласы бойынша ынтымақтастық мәселелері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Өнеркәсіп саясаты жөніндегі кеңестің шеңберінде қарастырылсын.
4-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2012 жылғы « » Ялта қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке оның расталған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Түркіменстан Үкіметі
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін