"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкiмiне өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1277 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

«Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      «Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат; № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат; № 13, 146-құжат; № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат; № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 32, 295-құжат; 2010 ж., № 31, 235-құжат; 2011 ж., № 44, 575-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен айқындалған Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Көшербаев              - Қазақстан Республикасы
Қырымбек Елеуұлы         Премьер-Министрінің орынбасары,
                         төрағаның орынбасары

Әбденов                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы        халықты әлеуметтік қорғау министрі

Досаев                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы      даму және сауда министрі;

      мына:

«Ахметов               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Ныгметұлы          Министрінің бірінші орынбасары,
                         төрағаның орынбасары»

«Исекешев              - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы          және жаңа технологиялар министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Ахметов               - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Ныгметұлы          Министрі, төраға»

«Исекешев              - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы          Премьер-Министрінің орынбасары –
                         Қазақстан Республикасының Индустрия
                         және жаңа технологиялар министрі»;
      көрсетілген комиссия құрамынан К.Қ.Мәсімов, Г.Н.Әбдіқалықова, Б.Ә.Сағынтаев шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.Назарбаев

О проекте распоряжения Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в распоряжение Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 537 "О составе Республиканской бюджетной комиссии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1277

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проектраспоряжения Президента Республики Казахстан «О внесении изменений в распоряжение Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 537 «О составе Республиканской бюджетной комиссии».

Премьер-Министр
Республики  Казахстан

С. Ахметов

О внесении изменений в распоряжение Президента Республики
Казахстан от 6 апреля 2005 года № 537 «О составе
Республиканской бюджетной комиссии»

      Внести в распоряжение Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 537 «О составе Республиканской бюджетной комиссии» САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 18, ст. 206; 2006 г., № 10, ст. 88; № 50, ст. 529; 2007 г., № 2, ст. 22; № 13, ст. 146; № 45, ст. 528; 2008 г., № 1,  ст. 1; № 28, ст. 263; 2009 г., № 21, ст. 186; № 27-28, ст. 234; № 32, ст. 295;  2010 г., № 31, ст. 235; 2011 г., № 44, ст. 575; 2012 г., № 31, ст. 404) следующие изменения:
      ввести в состав Республиканской бюджетной комиссии, определенный указанным распоряжением:

Кушербаева Крымбека Елеуовича

-

Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан, заместителем председателя

Абденова Серика Сакбалдиевича

-

Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Досаева Ерболата Аскарбековича

-

Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан;

      строки:

«Ахметов Серик Ныгметович

-

Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, заместитель председателя»

«Исекешев Асет Орентаевич

-

Министр индустрии и новых технологий Республики Казахстан»

     изложить в следующей редакции:

«Ахметов  Серик Ныгметулы

-

Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель»

«Исекешев Асет Орентаевич

-

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан - Министр индустрии и новых технологий Республики Казахстан»;

      вывести из состава указанной комиссии: Масимова К.К., Абдыкаликову Г.Н., Сагинтаева Б.А.

Президент
Республики Казахстан