Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
«Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
«Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат; № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат; № 13, 146-құжат; № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат; № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 32, 295-құжат; 2010 ж., № 31, 235-құжат; 2011 ж., № 44, 575-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен айқындалған Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Көшербаев - Қазақстан Республикасы
Қырымбек Елеуұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары
Әбденов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы даму және сауда министрі;
мына:
«Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Ныгметұлы Министрінің бірінші орынбасары,
төрағаның орынбасары»
«Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрі»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Ныгметұлы Министрі, төраға»
«Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрі»;
көрсетілген комиссия құрамынан К.Қ.Мәсімов, Г.Н.Әбдіқалықова, Б.Ә.Сағынтаев шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев