"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1288 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
      «21) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және т.б.) арнайы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын жауап алу рәсімі.»;
      2) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшiн міндетті түрде әскери-дәрiгерлiк комиссияларда медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Ақпараттың дұрыстығын анықтау жөніндегі арнайы техникалық құралдарда полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О правоохранительной службе"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2012 года № 1288

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан «О правоохранительной службе».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан
«О правоохранительной службе»

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О правоохранительной службе» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2011 г., № 1, ст. 4; № 19, ст. 145; 2012 г., № 3, ст. 26; № 5, ст. 41; № 8, ст. 64) следующие изменение и дополнения:
      1) статью 1 дополнить подпунктом 21) следующего содержания:
      «21) полиграфологическое исследование – процедура опроса, заключающаяся в регистрации с помощью специальных датчиков отдельных физиологических реакций человека (дыхания, сердцебиения, сопротивления кожи и т.д.).»;
      2) в статье 6:
      пункт 2 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      «2-1) не прошедшие психофизиологическое или медицинское освидетельствование в военно-врачебных комиссиях или полиграфологическое исследование для определения пригодности к службе;»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Принимаемые на службу в правоохранительные органы граждане в обязательном порядке проходят медицинское освидетельствование в военно-врачебных комиссиях, а также полиграфологическое исследование для определения пригодности к службе.»;
      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:
      «5-1. Порядок прохождения полиграфологического исследования на специальных технических средствах по определению достоверности информации определяется Правительством Республики Казахстан.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан