Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Нысаналы даму трансферттері» деген III-бөлімде:
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген 7 функционалдық тобында:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген 619 әкімшісі бойынша:
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген 012 бағдарламада:
«Ақмола облысы» деген жолдағы «832490» деген сандар «742608» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы облысы» деген жолдағы «1161499» деген сандар «1346928» деген сандармен ауыстырылсын;
«Атырау облысы» деген жолдағы «447762» деген сандар «352215» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов