Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашада Ялта қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік жағдайлар жасау туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы Ресей тарапын хабардар етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов