Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік жағдайлар жасау туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1429 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашада Ялта қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік жағдайлар жасау туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы Ресей тарапын хабардар етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады