Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру
және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгеріс
енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
5-бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қордың активтерiн орналастыру шетелдiк қаржы нарықтарында айналымдағы және Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiне қосылған қаржы құралдарына жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте шектеулер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімімен қабылданған, Ұлттық қор активтерінің құрылымында ескерілетін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев