Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 187-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауды осы салада маманданған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) жүзеге асырады.».
көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасының бірінші абзацы мынадай
редакцияда жазылсын:
«______________________________________________________________
_________________________________________ бұйрығына сәйкес мына құрамдағы (мамандандырылған ұйымының атауы) аттестаттау комиссиясы
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) аттестаттау (есептен шығару, есепке алу) мақсатында селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тексерді.».
көрсетілген Қағидалардың 12-қосымшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мамандандырылған ұйымның басшысы __________________».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов