Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 18-02/937 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің       
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1589 қаулысымен  
бекітілген       

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) орман тұқымы плантациялары (бұдан әрі - ОТП) - тұқым қуалаушылық қасиеттері құнды тұқымдар алуға арналған екпелер селекциясының әртүрлі әдістерін қолдану негізінде жасанды жолмен құрылатын плантациялар;
      2) тұрақты орман тұқым учаскелері (ТОТУ) - ұзақ уақыт кезеңі бойына қалыпты және жақсартылған тұқымдар алу үшін арнайы қалыптастырылған аналық екпелер. ТОТУ шығу тегі табиғи (жасандыдан сирек) жоғары өнімді, жоғары сапалы екпелерде отырғызылады;
      3) артықшылығы бар екпелер - орман өсірудің белгілі бір жағдайларына арналған жоғары өнімді және тұрақты екпелер;
      4) аналық плантациялар - оларды көптеп көбейту және ұластырған шабыққа кейіннен ұластыру үшін сап дайындау мақсатында артықшылығы бар ағаштардың вегетативтік тұқымын пайдалану арқылы құрылатын плантациялар;
      5) клондық ОТП - артықшылығы бар немесе элиталық ағаштардың вегетативтік ұрпағын (клондарын) пайдаланып құрылатын ОТП;
      6) тұқымдас ОТП - артықшылығы бар ағаштардың тұқымдарынан өсірілген көшеттерді немесе екпе көшеттерді отырғызумен құрылған ОТП;
      7) вегетациялық кезең - өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
      8) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау тәртібі

      3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауды осы салада маманданған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.21 № 1472 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Мамандандырылған ұйымы бірінші басшысының бұйрығымен мынадай құрамда аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады:
      1) мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      2) мамандандырылған ұйымның мамандары;
      3) уәкілетті органның аумақтық органының өкілі;
      4) аумағынан селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер анықталған орман иеленушінің өкілі.
      5. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау:
      1) анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің дайындығына қарай кез келген уақытта вегетациялық кезеңде өткізіледі;
      2) осы Қағидалардың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді алдын ала есепке алу және іріктеу бойынша материалдар болған жағдайда жүзеге асырылады.
      6. Комиссия селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым өкілдерінің және мемлекеттік орман иеленуші өкілдерінің қатысуымен олардың нысаналы мақсатына сәйкес келуін орынға барып айқындайды.
      7. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындысы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тексеру нәтижелері және орман иеленушіге беру-қабылдау актісінде (бұдан әрі - акт) көрсетіледі. Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда Комиссия актіге қол қойғаннан кейін күнтізбелік үш күн өткен соң селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект аттестацияланған болып есептеледі.
      8. Анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер өздерінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия теріс қорытынды береді.
      9. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді орман иеленушіге беру актіге қол қою кезінде бір мезгілде жүзеге асырылады.
      10. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге Комиссия осы Қағидалардың 5, 6, 7-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша паспорттарды толтырады. Паспорттарға орамдық желіге немесе басқа тұрақты бағдарларға байланыстырылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің орналасуының сызбалық жоспарлары қоса тіркеледі.
      11. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге паспорттар алты данада: біріншісі - мемлекеттік орман иеленуші; екіншісі - мемлекеттік орман иеленуші қарауында болатын мемлекеттік орган; үшіншісі - уәкілетті органның аумақтық органы, төртіншісі - мамандандырылған ұйым, бесіншісі - уәкілетті орган және алтыншысы - селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым үшін толтырылады.
      12. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер:
      1) жергілікті жерде арнайы белгілерімен шектеледі, оларға осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген орман шаруашылығы таңбалары басылады;
      2) осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомосқа енгізіледі. Жиынтық ведомості мамандандырылған ұйым толтырады және жүргізеді.

3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді есепке алу тәртібі

      13. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді есепке алу, олардың жай-күйіне және нысаналы пайдаланылу дәрежесіне талдау жасау үшін мамандандырылған ұйым уәкілетті органның аумақтық органдарының және орман иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп жыл сайын оларды тексеріп отырады.
      14. Вегетациялық кезеңде табиғи күйін көзбен шолып тексеруге барлық аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер жатады.
      15. Тексеру көлемі олардың алқабына байланысты және осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес анықталады.
      16. Әрбір селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект бойынша оның қаз-қалпында ресімделуі (шекаралық белгілердің және оларда жазбалардың болуы), оның жай-күйі (ағаштарды зиянкестердің бүлдіру және ауруға шалдығу, механикалық және басқа да зақымдар нышандарының болуы, ұшарбаста кеуіп бара жатқан бұтақтардың сипаты және болуы, екінші қабаттың өсуі, ағаш астында өсімдіктердің өсуі), нысаналы пайдаланылуы (бүрлер, жемістер, тұқымдар, қалемшелер дайындау), сондай-ақ паспорттағы немесе жиынтық ведомостағы жазбалардың нақты деректерге сәйкестігі айқындалады.
      17. Мамандандырылған ұйым материалдарды қорытып, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі жайында осы Қағидалардың 11 және 12-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша уәкілетті орган мен олардың аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жыл сайын ақпарат беріп отырады соларды одан әрі пайдалану, қорғауды жақсарту, қаз-қалпында ресімдеу, қайта жаңарту (қалпына келтіру) немесе есептен шығару жөнінде уәкілетті органға енгізеді.
      18. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы олардың жай-күйі туралы ақпаратты қарағаннан кейін уәкілетті орган олардың жай-күйін одан әрі жақсарту мен пайдалану немесе есептен шығару жөніндегі шаралар туралы уәкілетті органның бұйрық нысанындағы шешімін қабылдайды.
      19. Уәкілетті органның шешімі негізінде мамандандырылған ұйым селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің жиынтық ведомостары мен паспорттарына өзгерістер енгізеді және орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалану үшін оларды мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жеткізеді.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 
селекциялық-тұқым шаруашылығы    
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына    
1-қосымша                

Нысан

ОТП-ны (аналық, клондық, тұқымдас) есепке алу
№ карточкасы

Тұқымы _____________________________________________________________
1. Облысы __________________________________________________________
2. Мемлекеттік орман иеленуші _____________орманшылық_______________
орам _________________телім_________________________________________
3. Ауданы, гектар___________________________________________________
4. Өсу орны жағдайларының типі______________________________________
5. Отырғызу жылы____________________________________________________
6. Отырғызу әдісі (вегетативтік, тұқымдық)__________________________
7. Клондар (тұқымдастар) саны_______________________________________
8. Клондағы ағаштардың саны –дан -дейін ____________________________
9. Ағаштардың орналасуы, метр_______________________________________
10. Орташа биіктігі, метр___________________________________________
11. Ұшарбасының орташа ені, метр____________________________________
12. Қалемшелерді мүмкіндігінше дайындау көлемі, дана________________
13. Ағаштардың жай-күйі_____________________________________________
14. Отырғызу объектісінің сәйкестігі және одан әрі пайдалану режимі туралы комиссияның қорытындысы _____________________________________
15. Клон сортқа үміткерлерді бөліп алу мүмкіндігі туралы ұсыныстар
(№№ клондар, сорттар,
будандар)___________________________________________________________
16. Объектілерді күтіп ұстауға және жағдайын жақсарту жөнінде ұсынылатын іс-шаралар _____________________________________________________________________

Плантациядағы ағаштарды қайта есепке алу ведомосы

Артықшылығы бар ағаштың мемлекеттік тізілімі бойынша №, буданның, сорттың атауы

Ағаштардың сақталуы

Орташа биіктігі, метр

Ұшарбасының орташа ені, метр

Ағаштардың жай-күйі

дана

%

1

2

3

4

5

6







Учаске
бойынша барлығы:






Карточканы жасаған мүшелері (лауазымы, қолы) _______________________
20__ жылғы "_"____________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы     
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына     
2-қосымша                

Нысан

Артықшылығы бар екпені алдын ала іріктеу
карточкасы № _____

Басым тұқымның түр атауы ___________________________________________
1. Облысы __________________________________________________________
2. Әкімшілік ауданы ________________________________________________
3. Мемлекеттік орман иеленуші ______________________________________
4. Орманшылық ______________________________________________________
5. Орам № __________________________________________________________
6. Телім № _________________________________________________________
7. Аудан, гектар____________________________________________________
8. Екпе жасы, класс/жас_____________________________________________
9. Екпе құрамы _____________________________________________________
10. Орман түрі (орман өсу жағдайлары) ______________________________
11. Санитарлық және лесопатологиялық жағдайы________________________
12. Бонитет класы __________________________________________________
13. Орташа толымдылығы, метр _______________________________________
14. Орташа биіктігі, метр __________________________________________
15. Орташа диаметрі, сантиметр______________________________________
16. Екпелердегі: артықшылығы бар ағаштар __________________%
      қалыпты ағаштар __________________________%
                    (сынақ алаңшасында анықталады)
      кемістігі бар ағаштар _____________________%
17. Еңіс, бөктердің экспозициясы ___________________________________
18. Теңіз деңгейінен биіктігі __________________ метр
19. Нысаналы мақсаты бойынша іріктелетін екпені сипаттайтын
көрсеткіштер (шайыр өнімділігі, мол тұқым беруі, тұқым сапасы, сүрек
құрылымы және) _____________________
Артықшылығы бар екпенің орам мен телімдегі орналасу схемасы және
координаты _______
____________________________________________________________________

Карточканы толтырған (лауазымы, қолы) ______________________________

20___ жылғы "__" ______________
Ескерту:
      1. Екпенің таксациялық көрсеткіштері орман орналастыру материалдары бойынша енгізіледі.
      2. Артықшылығы бар екпенің алдын ала іріктеу карточкасы оны қаз қалпында аралап көргеннен кейін жасалады (периметрі мен диагоналды жүру жолдары бойынша).

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 
селекциялық-тұқым шаруашылығы    
мақсатындағы объектілерді аттестаттау 
мен есепке алу қағидаларына   
3-қосымша               

Нысан

ТОТУ-ды алдын ала іріктеу карточкасы
№ _____

Қазақстан Республикасы
Облыс ______________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші _________________________________________
Ағаш тұқымының түр атауы ___________________________________________

Отырғызу жылы ______________ Учаске көлемі, гектар__________________
Алынатын тұқым санаты (жақсартылған, қалыпты) ______________________
1. Учаскенің орналасқан жері:
Орманшылық _________________________________________________________
Орам № _________ Телім № ___________________________________________
Орамда ТОТУ-дың орналасуы (схемасы тіркеледі)
2. Телім сипаттамасы:
Рельефі ____________________________________________________________
Экспозициясы және бөктердің тіктігі, теңіз деңгейінен биіктігі, метр
__________________
Орман өсіру жағдайының типі ________________________________________
Топырақ және топырақ құрайтын тұқым ________________________________
Екпе құрамы ________________________________________________________
Басты тұқымның бонитет класы _______________________________________
Бас тұқымның басым нысаны (фенологиялық, морфологиялық)
____________________________________________________________________
Санитарлық және орман патологиялық жағдайы _________________________
3. Қоршаған екпелердің қысқаша сипаттамасы (басты тұқым орман типі,
жасы, орташа биіктігі, орташа диаметрі, бонитет класы, алқа
ағаштардың селекциялық санаты: артықшылығы бар, жақсы, кемістігі
бар): ________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Іріктеуге арналған учаскедегі екпелердің таксациялық сипаттамасы

Тексеру күні

Құрамы

Шығу тегі

(табиғи немесе екпе)

Жасы

Орташа

Бонитет
класы

Тұқымдық ағаштардың орналасуы және бір-бірінен орташа қашықтығы, метр

Тұқымдық ағаштардың ұшар басының орташа ені, метр

Басты тұқым ағаштарының саны 1 гектар, дана

Тірі ұшар басына дейінгі орташа қашықтық, метр

Тұқымдық ағаштардың

жай-күйі мен сапасы

Н, метр

D, сантиметр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























Ескертпе:
Орман дақылдары үшін "Шығу тегі" деген бағанда тұқымның шығу тегі
қосымша көрсетіледі.

Карточканы толтырған (лауазымы, қолы) ______________________________

20 ___ жылғы "__"_______________

Ескертпе:
1. Екпелердің таксация көрсеткіштері орман орналастыру материалдары бойынша енгізіледі.
2. ТОТУ-ды алдын ала іріктеу карточкасын өсіп тұрған екпелерді (периметрі және диагоналдық сызықтары бойынша) көзбен шолып қарағаннан кейін толтырады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы    
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына  
4-қосымша              

Нысан

    ____________________мемлекеттік орман қоры аумағындағы
     орман иеленушінің атауы
селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тексеру
және оларды орман иеленушіге қабылдау-беру нәтижелерінің актісі

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2012.11.21 № 1472 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

___________________________________________________________________
_________________________________________ бұйрығына сәйкес мына құрамдағы (мамандандырылған ұйымының атауы) аттестаттау комиссиясы
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) аттестаттау (есептен шығару, есепке алу) мақсатында селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тексерді.
      Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің
нысаналы мақсатын ескере отырып, олардың аттестацияланып, ақаулы деп,
есептеп шығарылып отырған себептер баяндалады. Бұл орайда әрбір
cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектінің алқабы немесе
олардың саны (ағаштар үшін), түр атауы, орманшылық, орам, телім
көрсетіледі.
      Cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер құруды
жақсарту немесе оларды оны қайта жаңарту мақсатында белгілі бір орман
шаруашылығы және өзге де іс-шараларды атқару қажет болған жағдайда
олардың тізбесін келтіреді.
      Комиссия тізбеге сәйкес бөліп алынған, құрылған, қалыптасқан
селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауға
және оларды қорғау әрі нысаналы мақсатында пайдалану үшін орман
иеленушіге (орман пайдаланушыға) беруге болады деп есептейді.
      Аттестацияланбаған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы
объектілер беруге-қабылдауға жатпайды.
      Аттестацияланған және мемлекеттік орман иеленушіге берілетін
селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің тізбесі

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Комиссия мүшелерінің қолы: (тегі, қолы)             (тегі, қолы)
                                                    (тегі, қолы)
                                                    (тегі, қолы)

Аттестацияланған cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тапсырдым

_________________________________
(мамандандырылған ұйымның өкілі)

Аттестацияланған cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді қабылдап алдым

_____________________________________
(мемлекеттік орман иеленушінің өкілі)

М.О.                                 М.О.
20 __ жылғы "___"____________       20 __ жылғы "___"__________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы    
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына   
5-қосымша              

Нысан

Қазақстан Республикасы
Облысы _____________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші__________________________________________
Ағаш тұқымының түр атауы (түр тармағы, экотүрі, нысаны)_____________

ОТП (аналық, клондық, тұқымдастық) паспорты № ________

Отырғызылған жылы __________________________________________________
Плантация танабының көлемі, гектар__________________________________
Мақсаты (селекция мақсаттары бойынша: орман тұқымы, аналық, клондық,
тұқымдық) __________________________________________________________
ОТП реті (бірінші, генетикалық құндылығы жоғары немесе екінші) _____
Алынатын тұқымның санаты, (сортты, жақсартылған): __________________

1. Плантацияның орналасқан жері:
Орманшылық _________________________________________________________
Орам № ________________ Телім № ____________________________________
Плантацияның орамда орналасуы (схемасы тіркеледі)
2. Плантация орналасқан учаскенің сипаттамасы:
Учаске санаты ______________________________________________________
Рельеф, тіктігі мен бөктердің экспозициясы _________________________
Орман өсіру жағдайларының типі _____________________________________
Топырақ және топырақ құратын тұқым _________________________________
Шөп жамылғысы және дәндену деңгейі _________________________________
Сол тұқымның жақын алқа ағаштарға дейінгі қашықтығы, __________ метр
Сол тұқымның кемістігі бар алқа ағаштарға дейінгі қашықтығы, ___ метр
Қоршаған екпелердің қысқаша сипаттамасы_____________________________
____________________________________________________________________
3. Плантацияны құру тәсілі:
ұластырылған көшеттерді отырғызу;
тамырланған қалемшелерді ұластырыла егілетін екпелерге ұластыру
(фенологиялық нысаны мен екпенің жасын көрсету);
артықшылығы бар ағаштардың тұқымынан өсірілген өскіндерде
(көшеттерді) отырғызу (өсімдік жасын көрсету);
себу _______________________________________________________________

№____ ОТП-да (аналық) өсетін
артықшылығы бар ағаштардың сипаттамасы

Тізілім бойынша артықшылығы бар ағаштың нөмірі

Ағаштың орналасқан жері (облысы, орманшылығы, орамы, телімі)

Ағаштың аттестация кезеңіндег і жасы, жыл

Орман типі

Таксациялық көрсеткіштер

Ескерту (артықшылығ ы бар ағаштың селекцияла- натын белгілері)

D,сантиметр

Н,
метр

1

2

3

4

5

6

7


















































Учаскенің дайындау және топырақты өңдеу агротехникасы_______________
____________________________________________________________________
Отырғызу (себу) схемасы: қатардағы және қатарлар арасындағы (отырғызу
орындары орталықтарының арасындағы) қашықтық, алаңшалардың мөлшері, 1
(бір) гектарға отығызылатын орын саны, отырғызылатын орындағы
өсімдіктер саны (алаңшада, қатар кесіндісінде)
_____________________________________________________________________
Бастапқы материалдық шығу тегі (қалемшелер, артықшылығы бар
ағаштардың тұқымдары) және дайындау мерзімі _________________________
Ұластыру әдісі және мерзімі__________________________________________
Плантация танабындағы (блогындағы) өскіндер (тұқымдастар) саны
__________________
Клондардың (тұқымдастардың) орналасу схемасы паспортқа тіркеледі.

4. Плантациядағы тұқымдық ағаштардың жерсінуі мен сақталуы

Есепке
алу
күні

Көшеттер (екпелер, отырғызу орындары, ұластыру) бастапқы саны, дана/гектар

Жерсінген ұласулар, сақталған көшеттер (өскіндер), отырғызылатын орындар саны, дана/гектар

Жерсінуі (сақталуы), %

Клондардың (тұқымдастардың)сақталуы, схема бойынша көзделген саны/%

1

2

3

4

5






Ескертпе:
1. Кестені отырғызылған жылы, отырғызылғаннан кейін 3 (үш) жыл және 5
(бес) жыл өткен соң және аттестаттау болған жылы толтырады.
2. Аттестаттау кезінде клондар (тұқымдастар) арасындағы өсімдіктер
санындағы айырмашылықтары туралы деректер енгізіледі, %.

      
5. Плантацияны күтіп-баптау жөніндегі іс-шаралар

Жыл

Күн

Іс-шараның атауы және қысқаша сипаттамасы (толықтыру, сирету, топырақты күтіп баптау, тыңайтқыштар шашу; шашу дозалары мен мөлшері, тұқымдық ағаштардың ұшарбасын күтіп-баптау, зиянкестермен және саңырауқұлақ ауруларымен күрес, тамырдан тыс қоректендіру және)

Жазбаны толтырған (қызметі, тегі, қолы)

1

2

3

4









6. Плантацияда алынған тұқымдарды дайындау және пайдалану туралы деректер

Дайындау мерзімі

Тұқымдану балы

Дайындалған тұқым, бүр, килограмм

Алынған тұқым, килогра мм шығым %

Тұқым сапасы: өнгіштік класы %

Тұқым сақтау

Тұқымды пайдалану туралы деректер

Жазбаны енгізген (қызметі, тегі, қолы)

орны мен тәсілі

күні

басталу

аяқталу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















Ескертпе:
1. 5 және 6-бөлімдер бойынша жазбаны мемлекеттік орман иеленушінің мамандары толтырады
2. 6-бөлімде аналық плантациялар үшін қалемшелердің дайындалғаны және пайдаланылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

ОТП-ны (аналық) мына құрамдағы Комиссия тексеріп, тұрақты орман тұқымы базасының құрамына енгізді:

Комиссия мүшелері:                        __________________________
                                               (ұйым, тегі, қолы)

                                          __________________________
                                                (ұйым, тегі, қолы)
                                          __________________________
                                               (ұйым, тегі,, қолы)

20__ жылғы "__ " __________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы    
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына    
6-қосымша              

Нысан

Қазақстан Республикасы
Облыс ______________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші__________________________________________
Ағаш тұқымының түрлік атауы ________________________________________

ТОТУ паспорты № _____

Отырғызу жылы ______________ Учаске көлемі, гектар__________________
Алынатын тұқым санаты (жақсартылған, қалыпты) ______________________
1. Учаскенің орналасқан жері:
Орманшылық _________________________________________________________
Орам № _________ Телім № ___________________________________________
Орамда ТОТУ-дың орналасуы (схемасы тіркеледі)
2. Телім сипаттамасы:
Рельефі ____________________________________________________________
Экспозициясы және бөктердің тіктігі, теңіз деңгейінен биіктігі,
метр_____________
Орман өсіру жағдайының типі_________________________________________
Топырақ және топырақ құрайтын тұқым_________________________________
Екпе құрамы ________________________________________________________
Басты тұқымның бонитет класы _______________________________________
Бас тұқымның басым нысаны (фенологиялық, морфологиялық)
____________________________________________________________________
Санитарлық және орман патологиялық жағдайы _________________________
3. Қоршаған екпелердің қысқаша сипаттамасы (басты тұқым орман типі,
жасы, орташа биіктігі, орташа диаметрі, бонитет класы, алқа
ағаштардың селекциялық санаты: артықшылығы бар, қалыпты, кемістігі
бар):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. ТОТУ-ды құру әдісі: алқа ағаштарды немесе екпелерді сирету,
селекциялық жақсартылған материалды отырғызу немесе себу (керегін
сызыңыз).
5. ТОТУ екпелерінің таксациялық сипаттамасы

Тексеру күні

Құрамы

Шығу тегі (табиғи немесе екпе)

Жасы

Орташа

Бонитет
класы

Тұқымдық ағаштардың орналасуы және бір-бірінен орташа қашықтығы, метр

Тұқымдық ағаштардың ұшарбасының орташа ені, метр

Басты тұқым ағашта рының саны 1 га, дана

Тірі ұшар басына дейінгі орташа қашықтық, метр

Тұқымдық ағашта рдың жай-күйі мен сапасы

Н, метр

D, сант иметр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





















































































Ескертпе: Орман дақылдары үшін "Шығу тегі" бағанында тұқымның шығу
тегі қосымша көрсетіледі.
6. Селекциялық жақсартылған материалды отырғызу (себу) арқылы
құрылған ТОТУ-дың сипаттамасы:
Учаскені дайындау және топырақты өңдеу агротехникасы _______________
Отырғызу (себу) схемасы: қатардағы және қатарлар арасындағы қашықтық
(алаңдар орталықтары арасындағы), алаңшалардың мөлшері, 1 (бір)
гектар отырғызылатын орын саны, отырғызылатын орындағы (алаңда, қатар
кесіндісінде және) өсімдіктер саны__________________________________
Тұқымның шығу тегі ____________, сапа класы ________________________
Сапа туралы құжаттың № және күні ___________________________________
Өскіндер (көшеттер) жасы ___________________________________________
Тұрақты орман тұқымы учаскесін тексеріп, тұрақты орман тұқым
базасының құрамына енгізген комиссияның құрамы:
Ұйым, аты-жөні, қолы _______________________________
20__ жылғы "___"___________________

7. ТОТУ-ды күтіп-баптау жөніндегі іс-шаралар

Жылы

Күні

Іс-шаралардың атауы және қысқаша сипаттамасы (сиретулер, тыңайтқыштар шашу: тыңайтқыш түрі, шашу мөлшері мен тәсілдері, зиянкестермен және саңырауқұлақ ауруларымен күрес, тамырдан тыс қоректендіру)

Жазбаны толтырған (қызметі, аты-жөні, қолы)

1

2

3

4









8. ТОТУ-да алынған тұқымдарды дайындау және оны пайдалану туралы деректер

Дайындау мерзімі

Тұқымдану балы

Дайынд алған тұқым, бүр, ки лограмм

Алынған тұқым, килограм шығым, %

Тұқым сапасы өнгішті к класы, %

Тұқым сақтау

Тұқымды пайдалан у туралы мәлімет

Жазбаны толтырыл ған (қызметі аты-жөні , қолы)

Орны мен әдісі

күні

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10









































Ескертпе:
7 және 8-бөлімдер бойынша жазбаны мемлекеттік орман иеленушінің мамандары толтырады.

Комиссия мүшелері:                                __________________
                                                  (ұйым, тегі, қолы)
                                                  __________________
                                                  (ұйым, тегі, қолы)
                                                  __________________
                                                  (ұйым, тегі, қолы)

20___жылғы "__"___________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы    
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына   
7-қосымша              

Нысан

Қазақстан Республикасы
Облыс ______________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші _________________________________________
Ағаш тұқымының түрлік атауы_________________________________________

Артықшылығы бар екпенің паспорты №____

1. Артықшылығы бар екпенің орналасқан жері:

Орманшылық _________________________________________________________
Орам № __________________ Телім №___________________________________
Екпенің алқабы, гектар______________________________________________
Алдын ала іріктелген карточка бойынша учаске № _____________________
Артықшылығы бар екпелердің орамда орналасуы (схемасы қоса тіркеледі)
2. Артықшылығы бар екпелердің сипаттамасы:
Рельеф, бөктердің экспозициясы және көлбеулігі _____________________
Теңіз деңгейінен биіктігі, метр_____________________________________
Топырақ-топырақасты жағдайлары (топырақ түрі, механикалық құрамы,
жерасты)
_____________________________________________________________________
Алқа ағаштың шығу тегі - табиғи (тұқымдық, өскіндік) немесе дақылдық
____________________________________________________________________
Қабат бойынша құрамы _______________________________________________
Тұқым бойынша жасы, жыл_____________________________________________
Басты тұқым ағаштарының орташа биіктігі және диаметрі: Н____ метр,
D ___ сантиметр_______
Орман түрі _________________________________________________________
Орман өсу жағдайларының түрі________________________________________
Бонитет сыныбы _____________________________________________________
Қабаттың толымдылығы________________________________________________
Қабаттағы екпелер қоры текше метр/1 (бір) гектар

________________________________________________
Тұқымдар бойынша бүкіл алқаптың жалпы қоры, текше метр______________
Екпелердің санитарлық және орман патологиялық жай күйі______________
Өскіні _____________________________________________________________
Орман астары _______________________________________________________
Басты тұқымның ұшарбасының басым нысаны_____________________________
Басты тұқым ағашының ұшарбасының орташа ұзындығы, метр______________
Басты тұқым ағашының бұтақсыз бөлігінің орташа ұзындығы, метр_______
Басты тұқым ағашының сүйекті бұтақтарының жуандығы _________________
Басты тұқымның басым нысаны (морфологиялық, фенологиялық)___________
В.Г.Каппер шәкілі бойынша жеміс беру балы (соңғы 5 (бес) жылда
орташа)
Ағаштардың екпелердегі селекциялық санаттары бойынша бөлінуі:
артықшылығы бар,%___________________________________________________
қалыпты, % _________________________________________________________
кемістігі бар, %____________________________________________________
Артықшылығы бар екпелерді нысаналы мақсаты бойынша сипаттамайтын
көрсеткіштер (шайыр өнімділігі, мол тұқым беруі, тұқым сапасы, сүрек құрылымы және)__________________________________

3. Артықшылығы бар екпеге жанасатын сүрекдіңдердің сипаттамасы

Орам № телім №

Екпелер құрамы

Жасы, сыныбы/жыл

Орташа

Толымдылығы

Қоры текше метр/ге ктар

Орман түрі/бонитет сыныбы

Екпелердің селекциялық санаты

Н, метр

D,сантиметр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











4. Сол тұқымның кемістігі бар екпесіне дейінгі қашықтығы:
ең жақыны, метр ____________________________________________________
гүлдеген кезде жел соғатын жақтағы ең жақыны, метр _________________

5. Артықшылығы бар екпелерді күтіп-баптау

Күні

Өткізілген іс-шаралардың атаулары

Жазбаны енгізген (лауазымы, тегі, қолы)

1

2

3

6. Артықшылығы бар екпелерде тұқым дайындау

Тұқым дайындау күні (бүр, жеміс)

Дайындалған тұқым көлемі (бүр, жеміс), килограм м

Бүрден (жемістен) алынған тұқым килограмм, шығымы %

Тұқымды пайдалану туралы деректер

Жазбаны енгізген (лауазымы, тегі, қолы)

1

2

3

4

5

Ескертпе:
Паспорттағы 5 және 6-бөлімдердің жазбаларын мемлекеттік орман иеленушілер толтырады.

Комиссия мүшелері:                                __________________
                                                  (ұйым, тегі, қолы)
                                                  __________________
                                                   (ұйым, тегі, қолы)
                                                  __________________
                                                  (ұйым, тегі, қолы)

20__ жылғы "_____ " ____________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы   
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына   
8-қосымша              

Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді
жер бойынша шектейтін орман шаруашылығы белгілері

Р/с №

Объектілер

Жазба шифрлары

Белгілер

1.

Орман тұқымдары плантациясы (ССТ 56-84-80)

67-2
ОТП-76
2,5

Орам нөмірі - телім нөмірі
Атауы – отырғызу жылы
Алқабы, гектар

2.

Артықшылығы бар екпе

26-18
ПЛА-01
52,3

Орам нөмірі – телім нөмірі
Атауы – отырғызу жылы
Алқабы, гектар

3.

Тұрақты орман тұқымдары учаскесі (ССТ 56-84-80)

67-4
ТОТУ–77
5,5

Орам нөмірі - телім нөмірі
Атауы - отырғызу жылы
Алқабы, гектар

Ескертпе:
      1. Бағаналар алқаптарды шектейтін сызықтардың қиылысына (бұрыштарда) орнатылады. Бағанның жазуы бар беттері учаске жаққа, ал қырлары учаскенің ортасына бағытталады.
      2. Жазбалар трафареттер бойынша және 56-8480 ССТ-ға сәйкес жазылуы тиіс.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы     
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына   
9-қосымша               

Нысан

_____________________________________ бойынша
(облысы) ОТУ (аналық, клондық, тұқымдас), артықшылығы бар екпелердің, ТОТУ
жиынтық ведомосы

Р/с №

Объектінің атауы және ағаш тұқымының түрлік атауы

Алқабы, гектар

Орналасқан жері

Паспорт бойынша нөмірі

Отырғызу уақыты

Отырғызу әдісі

Ескерту

Мемлекетті к орман иеленуші, орманшылық

Орам нөмірі

Телім нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Ескертпе:
      10-бағанда аналық плантациялар үшін нысаналы мақсаты (аналық, клондық, тұқымдас), ОТП үшін – тұқым беру кезеңіне кіру уақыты көрсетіледі.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы   
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына     
10-қосымша                   

Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді
тексеру көлемін анықтау

Р/с №

Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер орналасқан алқап

Тексеруге жататын алқап

1

2

3

1.

5 га дейін

Барлық алқап

2.

6-дан 50 га дейін

Жалпы қөлемінің 20 %

3.

51-ден 100 га дейін

Жалпы қөлемінің 15 %

4.

100 га көп

Жалпы қөлемінің 5 %

      Ескертпе: Егер объект алқабында орман өрті болса, оның бүкіл алқабы тексерілуге тиіс.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы   
мақсатындағы объектілерді аттестаттау 
мен есепке алу қағидаларына    
11-қосымша               

Нысан

_______________облысы бойынша 20 __жылғы жағдай бойынша
селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы
объектілерінің бар-жоғы және олардың жай-күйі

Р/с

Мемлекеттік орман иеленуші, объектінің атауы

Осының алдындағы есепке алу деректері,
гектар/дана

20___ жыл деректері , гектар/да на

Тұқым атауы

Объектілердің орналасқан жері

Ескерту (объектілерд е ұсынылатын іс-шаралар, есептен шығару себептері)

орман  шылық

орам

телім

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









2.









3.










Облыс бойынша жиыны:









оның ішінде:









тұқымдар бойынша:








1.









2.









3.









Уәкілетті органның мамандандырылған ұйымының басшысы _______________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
селекциялық-тұқым шаруашылығы     
мақсатындағы объектілерді аттестаттау
мен есепке алу қағидаларына      
12-қосымша                

Нысан

20__жылғы ___________жағдай бойынша Қазақстан Республикасы
селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерінің жиынтық ведомосы

      Ескерту. 12-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2012.11.21 № 1472 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с №

Тұқым

ОТУ, гектар

ТОТУ, гектар

Артықшылығы бар екпелер, гектар

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1.

Орман иеленуші бойынша Барлығы,






оның ішінде тұқымдар бойынша:





1.1.






1.2






1.3







Республика бойынша барлығы






оның ішінде тұқымдар бойынша:





1.






2.






3.






Мамандандырылған ұйымның басшысы _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады