Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
11-тармақта:
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау;»;
мынадай мазмұндағы 117-1) тармақшамен толықтырылсын:
«117-1) Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, талап етушіге берілген құжаттандырылған бағалы қағаздарды, қаржы мониторингіне жататын вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;»;
213) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«213) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі ілеспе жүкқұжаттар мен декларациялар арқылы мұнай өнімдерінің айналымын бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 230-1) тармақшамен толықтырылсын:
«230-1) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру;»;
231) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«231) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты деп жорамалдауға негіздер болған кезде, олардың құзыреттеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауға арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жіберу үшін ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов