Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж. № 13, 231-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары;»;
мынадай мазмұндағы 3.2-2-бөліммен толықтырылсын:
«3.2.-2 Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары
15-7. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және құқықтық негіздері жаңғыртуды талап ететін негізгі қызмет бағыттарын (салаларын) айқындайды.
15-8. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі орта мерзімді кезеңге (5 жылға) әзірлейді.
15-9. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
15-10. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жыл сайынғы ағымдағы жоспарлары әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев