"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1533 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж. № 13, 231-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары;»;
      мынадай мазмұндағы 3.2-2-бөліммен толықтырылсын:
      «3.2.-2 Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары
      15-7. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және құқықтық негіздері жаңғыртуды талап ететін негізгі қызмет бағыттарын (салаларын) айқындайды.
      15-8. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі орта мерзімді кезеңге (5 жылға) әзірлейді.
      15-9. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      15-10. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымның жұмыс кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жыл сайынғы ағымдағы жоспарлары әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 827 "О Системе государственного планирования в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1533

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 827 «О Системе государственного планирования в Республике Казахстан».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             С. Ахметов

О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан
от 18 июня 2009 года № 827 «О Системе государственного
планирования в Республике Казахстан»

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 827 «О Системе государственного планирования в Республике Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 30, ст. 259; 2010 г., № 20-21, ст. 150; 2012 г., № 13, ст. 231) следующие дополнения:
      в Системе государственного планирования в Республике Казахстан, утвержденной вышеназванным Указом:
      пункт 4 дополнить подпунктом 2-2) следующего содержания:
      «2-2) Концептуальный план законотворческой работы на период работы очередного созыва Парламента Республики Казахстан;»;
      дополнить разделом 3.2.-2 следующего содержания:
      «3.2.-2. Концептуальный план законотворческой работы на период работы очередного созыва Парламента Республики Казахстан
      15-7. Концептуальный план законотворческой работы на период работы очередного созыва Парламента Республики Казахстан разрабатывается в целях реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года, Стратегического плана развития Республики Казахстан и определяет основные направления (сферы) деятельности, правовые основы которых требуют модернизации.
      15-8. Концептуальный план законотворческой работы на период работы очередного созыва Парламента Республики Казахстан разрабатывается на среднесрочный (на 5 лет) период Министерством юстиции Республики Казахстан по согласованию с аппаратами палат Парламента Республики Казахстан.
      15-9. Концептуальный план законотворческой работы на период работы очередного созыва Парламента Республики Казахстан утверждается Президентом Республики Казахстан.
      15-10. Для реализации Концептуального плана законотворческой работы на период работы очередного созыва Парламента Республики Казахстан разрабатываются ежегодные текущие планы законопроектных работ Правительства Республики Казахстан и утверждаются Правительством Республики Казахстан по согласованию с Президентом Республики Казахстан.».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев