Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1547 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 759 қаулысымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1547 қаулысымен
бекітілген

Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және
электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну
нормаларын бекіту қағидалары

      1. Осы Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерге тұтыну нормаларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекітудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) қызмет көрсетуші – тұтынушыларға жылу және (немесе) электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;

      3) өтінім – қызмет көрсетушінің уәкілетті органға есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы ресми өтініші (арызы).

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Қызмет көрсетуші уәкілетті органға есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекітуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ұсынады. Өтінімнің ілеспе хаты қызмет көрсетушінің ресми бланкісінде ұсынылатын құжаттардың тізбесін қамтиды.

      Өтінімге:

      1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын (бұдан әрі – тұтыну нормалары) бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;

      2) тұтыну нормаларының есебін негіздейтін материалдар;

      3) тұтыну нормаларының ұсынылып отырған деңгейін және бұрын бекітілген тұтыну нормаларының деңгейін қамтитын жиынтық кесте қоса беріледі.

      6. Ұсынылған құжаттардың әрбір парағы нөмірленеді және қызмет көрсетушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды (бірінші басшының міндетін жүктеу туралы қызмет көрсетуші бұйрығының көшірмесі қоса беріледі).

      7. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және қызмет көрсетуші құжаттарды осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарын бұза отырып тапсырған жағдайда, өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызмет көрсетушіні өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      8. Уәкілетті органның қызмет көрсетушінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуына:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе толық емес көлемде ұсыну;

      2) құжаттарды осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарын бұза отырып ұсыну негіз болып табылады.

      9. Уәкілетті орган өтінімді күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі оның уәкілетті органға түскен күнінен бастап есептеледі.

      10. Уәкілетті орган, қажет болған жағдайда қызмет көрсетушінің тиісті сұрау алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кем емес ұсыну мерзімін белгілей отырып, қызмет көрсетушіден өтінімді қарау үшін қажетті ақпарат сұратады. Бұл жағдайда өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады, ол туралы уәкілетті орган қызмет көрсетушіні жазбаша хабардар етеді.

      11. Уәкілетті орган ұсынылып отырған тұтыну нормаларының деңгейін қорытындылары ұсынымдық сипатта болатын тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып қарайды.

      12. Уәкілетті орган өтінімді қарау нәтижелері бойынша тұтыну нормаларын бекіту туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте Қызмет көрсетуші тұтыну нормаларының негізделмеген есебін ұсынған жағдайда, уәкілетті орган түзетулерді ескере отырып, тұтыну нормаларын бекіту туралы шешім қабылдайды.

      13. Уәкілетті органның тұтыну нормаларын бекіту туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді.

      14. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартылған себептерді жойған жағдайда, қызмет көрсетуші уәкілетті органға тұтыну нормаларын бекіту туралы өтінімді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта бере алады.

Об утверждении Правил утверждения норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1547. Утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2017 года № 759.

      Сноска. Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.11.2017 № 759.

      В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О естественных монополиях и регулируемых рынках" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила утверждения норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 4 декабря 2012 года № 1547

Правила
утверждения норм потребления коммунальных услуг по
теплоснабжению и электроснабжению для потребителей,
не имеющих приборов учета

      1. Настоящие Правила утверждения норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета (далее – Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О естественных монополиях и регулируемых рынках" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      2. Настоящие Правила определяют единый порядок утверждения норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках;

      2) услугодатель – энергоснабжающая организация, осуществляющая продажу потребителям тепловой и (или) электрической энергии;

      3) заявка – официальное обращение (заявление) услугодателя в уполномоченный орган об утверждении норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета.

      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      4. Расчет норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета, осуществляется в соответствии с Типовыми правилами расчета норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2012 года № 161.

      5. Услугодатель представляет в уполномоченный орган заявку на утверждение норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета (далее - заявка). Сопроводительное письмо заявки содержит перечень представляемых документов на официальном бланке услугодателя.

      К заявке прилагаются:

      1) пояснительная записка о необходимости утверждения норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению и электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета (далее – нормы потребления);

      2) материалы, обосновывающие расчет норм потребления;

      3) сводная таблица, включающая в себя предлагаемый уровень норм потребления и ранее утвержденный уровень норм потребления.

      6. Каждый лист представленных документов нумеруется и парафируется первым руководителем услугодателя либо лицом, исполняющим его обязанности (с приложением копии приказа услугодателя о возложении обязанности первого руководителя).

      7. Уполномоченный орган проверяет полноту представленных документов и, в случае представления услугодателем документов с нарушениями требований пунктов 5 и 6 настоящих Правил, не позднее пяти рабочих дней со дня получения заявки письменно уведомляет услугодателя об отказе в принятии заявки к рассмотрению.

      8. Основанием отказа уполномоченным органом в принятии к рассмотрению заявки услугодателя являются:

      1) непредставление или представление не в полном объеме документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил;

      2) представление документов с нарушением требований пункта 6 настоящих Правил.

      9. Заявка рассматривается уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней. Срок рассмотрения заявки исчисляется со дня ее поступления в уполномоченный орган.

      10. В случае необходимости, уполномоченный орган запрашивает у услугодателя необходимую информацию с установлением сроков представления не менее пяти рабочих дней со дня получения услугодателем соответствующего запроса. В этом случае срок рассмотрения заявки приостанавливается до получения запрашиваемой информации, о чем уполномоченный орган письменно уведомляет услугодателя.

      11. Уполномоченный орган рассматривает предлагаемый уровень норм потребления с привлечением независимых экспертов, представителей государственных органов, потребителей, общественных объединений, заключения которых имеют рекомендательный характер.

      12. По результатам рассмотрения заявки уполномоченный орган принимает решение об утверждении норм потребления. При этом, в случае представления услугодателем необоснованного расчета норм потребления, уполномоченный орган принимает решение об утверждении норм потребления с учетом корректировки.

      13. Решение уполномоченного органа об утверждении норм потребления оформляется приказом.

      14. При устранении причин отказа в принятии заявки к рассмотрению по основаниям, указанным в пункте 8 настоящих Правил, услугодатель повторно обращается в уполномоченный орган с заявкой об утверждении норм потребления в порядке, установленном настоящими Правилами.