Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге («Шымкент - Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы Қарыз туралы келісімге («Шымкент - Ташкент» жолының
учаскесін реконструкциялау) қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің («Шымкент — Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге («Шымкент - Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы № Жарлығыме
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
(№ 43271 операция)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
2012 жылғы ____________
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
«Шымкент - Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау
МАЗМҰНЫ
I БАП - СТАНДАРТТЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01-бөлім. Стандартты ережелер мен шарттарды енгізу
1.02-бөлім. Анықтамалар
1.03-бөлім. Түсіндіру
ІІ БАП - ҚАРЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
2.01-бөлім. Сома және валюта
2.02-бөлім. Қарыздың өзге қаржылық шарттары
2.03-бөлім. Қаражатты алу
III БАП - ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ
3.01-бөлім. Мақұлданған өзге де жобалық міндеттемелер
3.02-бөлім. Жобаны іске асыру тобы
3.03-бөлім. Сатып алу
3.04-бөлім. Экологиялық және әлеуметтік сәйкестік шарттары
3.05-бөлім. Консультанттар
3.06-бөлім. Есептілікті ұсыну мерзімділігі және оған қойылатын талаптар
ІV БАП - ТОҚТАТА ТҰРУ; ЖЕДЕЛДЕТУ
4.01-бөлім. Тоқтата тұру
4.02-бөлім. Өтеу мерзімін қысқарту
V БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ
5.01-бөлім. Күшіне енуі алдындағы шарттар
5.02-бөлім. Заңдық қорытындылар
5.03-бөлім. Келісімнің күшіне енбеуі бойынша қолданылуын тоқтатуы
VІ БАП - ӘРТҮРЛІ
6.01-бөлім. Хабарламалар
1-ҚОСЫМША - ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2-ҚОСЫМША - ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫНЫҢ САНАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ АЛУ
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ
ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы _______________ КЕЛІСІМ КІРІСПЕ
Банк көп партиялы демократияның, плюрализм мен нарықтық экономиканың және оларды өмірге енгізудің қағидаларын ұстанған Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ жеке және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға ықпал ететін нақты жобаларға қаржы беру үшін ҚҰРЫЛҒАНДЫҚТАН;
Қарыз алушы Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» шекарасын кесіп өтетін халықаралық пункт пен Шымкент - Ташкент жолының 742 км бекеті арасындағы ұзындығы 62 км жол учаскесін реконструкциялауда қарыз алушыға көмек көрсетуге арналған 1-қосымшада сипатталғандай жобаны. («Жоба») іске асыруға НИЕТІ БОЛҒАНДЫҚТАН;
Қарыз алушы банкке жобаның бір бөлігін қаржыландыруға жәрдем көрсету туралы өтініш ЖАСАҒАНДЫҚТАН;
Банк қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерін бағалауды іске асыруға қарыз алушыға ықпал ету үшін өтеусіз негізде техникалық ынтымақтастық қаражатын беруге КЕЛІСКЕНДІКТЕН;
Қарыз алушы «Шымкент - Ташкент» жолының 742 км және 705 км бекеті арасында ұзындығы 36,7 км жол учаскесін қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Азия Даму Банкінің қарызын тартуға НИЕТ БІЛДІРГЕНДІКТЕН;
Қарыз алушы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жобаны іске асыруға қаржылық және басқа да жәрдем көрсетуге КЕЛІСКЕНДІКТЕН;
Банк, сонымен қатар, жоғарыда аталғандардың негізінде қарыз алушыға осы Келісімде айтылған немесе ескерілген ережелерге және талаптарға сәйкес бір жүз қырық екі миллион АҚШ доллары (142,000,000 АҚШ доллары) мөлшерінде қарыз беруге КЕЛІСІМ БЕРГЕНДІКТЕН; және
Қарыз алушы жоғарыда айтылғандарға қосымша 2009 жылғы 30 наурыздағы банк пен қарыз алушы арасындағы («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі) «Оңтүстік - Батыс» дәлізі жолының жобасына қатысты Қарыз туралы келісім («Қолданыстағы Қарыз туралы келісім») шеңберінде үнемделген қаражатты қолданыстағы Қарыз туралы келісімге қосымша Келісімде белгіленетін шарттар мен ережелерге сәйкес қайта бөлу жолымен елу төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары (54,500,000 АҚШ доллары) мөлшерінде жоба үшін қосымша қаржыландыру беру өтінішін ЖАСАҒАНДЫҚТАН,
ОСЫЛАЙША, тараптар мыналар туралы келісті:
I БАП - СТАНДАРТТЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР;
АНЫҚТАМАЛАР
1.01-бөлім. Стандартты ережелер мен шарттарды енгізу
Банктің 2007 жылғы 1 қазандағы барлық стандартты ережелері мен шарттары осы Келісімге қосылады және оған қолданылады және олар осы құжатта толығымен жазылғандағыдай қолданыста және күші болады (бұдан әрі мұндай баптар «Стандартты ережелер мен шарттар» деп аталады).
1.02-бөлім. Анықтамалар
Кіріспеде айқындалған және осы Келісімнің кез келген бөлігінде (кіріспе мен қосымшаларды қоса алғанда) пайдаланылатын терминдердің егер олардың өзгеше түсінігі жеке айтылмаса немесе түпмәтін бойынша талап етілмесе, тиісінше сонда берілген мәні болады, стандартты ережелер мен шарттарда айқындалған терминдердің тиісінше сонда берілген мәні болады, ал төменде келтірілген терминдердің мынадай мәні болады:
«Қарыз алушының Қарыз алушының Қаржы министрін білдіреді.
уәкілетті өкілі»
«Жобаларды іске Банктің Директорлар кеңесі 2008 жылғы
асыруға көзделген 12 мамырда мақұлдаған және 2008 жылғы
талаптар» 12 қарашадан бастап қолданыста болатын банктің
экологиялық және әлеуметтік саясатына
байланысты 1-ден бастап 8-ді қоса алғанда және
10 (немесе түпмәтіннің талаптарына қарай
жобаларды іске асыруға қойылатын осындай
талаптардың кез келгені) жобаларды іске асыруға
қойылатын талаптарды білдіреді.
«Экологиялық Банктің экология жөніндегі консультанты,
және әлеуметтік іс- қазақстандық «СаsріЕсоlоgy» жауапкершілігі
шаралар жоспары» шектеулі серіктестігі дайындаған және атқарушы
агенттік мақұлдаған ________ экологиялық және
әлеуметтік басқару және жетілдіру жоспарын
білдіреді, бұл ретте мұндай жоспар банктің
алдын ала жазбаша келісімімен ара-тұра өзгеруі
мүмкін.
«Экология және Мынаған:
қоғамдық мүдделерді (а) ақпаратқа және шешімдер қабылдауға қатысуға
қорғау саласындағы ашық қол жеткізуге қатысты сабақтас заңдарды
заңнама» немесе қағидаларды қоса алғанда, қоршаған
ортаның ластануына немесе оны қорғауға;
(b) еңбек жағдайларына және жұмыспен қамтуға;
(с) еңбек гигиенасына және қауіпсіздікке;
(d) қоғамның денсаулығына, қауіпсіздікке және
қорғауға;
(е) жергілікті тұрғындарға;
(f) мәдени мұраға; немесе
(g) адамдардың қоныс аударуына немесе
экономикалық ұтымды орын ауыстыруына қатысты кез
келген қолданылатын ұлттық құқықты немесе
қағиданы білдіреді.
«Экологиялық кез келген экологиялық және әлеуметтік заңның,
және әлеуметтік кез келген жобаларды іске асыруға көзделген
мәселелер» талаптардың, экологиялық және әлеуметтік
іс-шаралар жоспарының немесе қоныс аудару
жоспарының әрекетіне ұшырайтын кез келген
мәселені білдіреді.
«Қаржы жылы» әр жылдың 1 қаңтарынан басталатын қарыз алушының
қаржы жылын білдіреді.
«Атқарушы Қарыз алушының Көлік және коммуникация
агенттік» министрлігін және Көлік және коммуникация
министрлігінің Автомобиль жолдары комитетін
білдіреді.
«Қоныс Банктің экология жөніндегі консультанты,
аудару жоспары» қазақстандық «СаsріЕсоlоgy» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі жобаларды іске асыруға
көзделген 5-талапқа сәйкес дайындаған және
атқарушы агенттік мақұлдаған _____ жоба
жөніндегі қоныс аудару жоспарын білдіреді, бұл
ретте мұндай жоспар банктің алдын ала жазбаша
келісімімен ара-тұра өзгеруі мүмкін.
1.03-бөлім. Түсіндіру
Осы Келісімде белгілі бір бапқа, бөлімге немесе қосымшаға сілтеме, осы Келісімде көрсетілген жекелеген жағдайларды қоспағанда, осы белгілі бір бапқа, бөлімге немесе осы Келісімге қосымшаға сілтеме ретінде түсіндіріледі.
II БАП - ҚАРЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
2.01-бөлім. Сома және валюта
Банк қарыз алушыға бір жүз қырық екі миллион АҚШ доллары ($ 142,000,000) мөлшерінде осы Келісімде айтылған немесе ескерілген ережелер мен шарттарға сәйкес қарыз беруге келіседі.
2.02-бөлім. Қарыздың өзге қаржылық шарттары
(а) Қаражатты алудың ең аз сомасы екі жүз мың АҚШ долларын ($ 200,000) құрайды.
(b) Мерзімінен бұрын өтеудің ең аз сомасы он миллион АҚШ долларын ($ 10,000,000) құрайды.
(с) Жойылатын соманың ең азы бес миллион АҚШ долларын ($ 5,000,000) құрайды.
(d) Пайыздарды төлеу күндері әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі болады.
(е) (1) Қарыз алушы қарызды бірдей (немесе қаншалықты мүмкін болса, соншалықты бірдей) 28 жарты жылдық төлемдермен әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесінде өтеп отырады, бұл ретте қарызды өтеудің бірінші күні 2017 жылдың 15 қаңтары және қарызды өтеудің соңғы күні 2030 жылдың 15 шілдесі болады.
(2) Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер (і) қарыз алушы қарыздың толық сомасын осы 2.02 (е) (1) белімде көрсетілген қарызды өтеудің бірінші күні басталғанға дейін игермесе және (іі) банк 2.02 (f) бөлімде көрсетілген қарызды пайдаланудың соңғы күнін қарызды өтеудің осындай бірінші күні басталғаннан кейінгі күнге дейінгі төмен ұзартқан жағдайда, қарызды өтеудің бірінші күні немесе одан кейін жасалған әрбір алу сомасы қарызды өтеудің бірнеше күні ішінде тең үлеспен өтеу үшін бөлінетін болады, олар осындай алу күнінен кейін басталады (бұл ретте банк осындай бөлу сомаларын әр жағдайда тұтас сан болатындай етіп қажетіне қарай түзетеді). Банк ара-тұра қарыз алушыны мұндай бөлулер туралы хабардар етіп отырады.
(f) Қарызды пайдаланудың соңғы күні 2018 жылдың 10 қаңтары немесе банк өз қалауынша белгілей алатын және ол туралы қарыз алушыны хабардар ететін неғұрлым кейінірек күн болады.
(g) Міндеттеме үшін комиссия мөлшерлемесі жылдық 5 %-ды құрайды.
(h) Қарыз құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге негізделеді.
2.03-бөлім. Қаражатты алу
(а) Қолжетімді сома уақыт өте келе 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес жоба үшін талап етілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің ақылға қонымды құнына қатысты жүргізілген (немесе банктің келісімімен жүргізілетін) шығындарды жабу үшін игерілуі мүмкін.
(b) Стандартты ережелер мен шарттардың 3.05 (с) бөлімінің ережелеріне қарамастан, қарыз алушы біржолғы комиссияны қолжетімді сома қаражатынан емес, меншікті ресурстары есебінен төлеуді жөн көреді. Қарыз алушының біржолғы комиссияны төлеуі стандартты ережелер мен талаптардың 3.05 (d) бөліміне сәйкес жүргізілетін болады.
III БАП - ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ
3.01-бөлім. Мақұлданған өзге де жобалық міндеттемелер
Егер банк өзгеге келіспесе, стандартты ережелер мен шарттардың IV бабында айтылған жалпы міндеттемелерге қосымша:
(а) Қарыз алушы:
(1) жобаны аяқтау үшін жеткілікті қаражатты қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды;
(2) жобаның мақсаттарына қол жеткізу және осы Келісімнің ережелерін орындау үшін қажетті немесе тиісті барлық шараларды қабылдайды немесе қабылдануын қамтамасыз етеді;
(3) өзінің жобаға байланысты жасасқан кез келген қелісімшарт бойынша туындайтын барлық міндеттемелерін орындайды.
(b) Қарыз алушы егер банкпен өзгеше келісілмесе:
(1) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей, үздік өнеркәсіптік іс-тәжірибеге сәйкес автожол саласындағы құрылыс жұмыстарына арналған нормативтерді және үлгілік техникалық ерекшеліктерді шолуды аяқтауын;
(2) атқарушы агенттіктің 2015 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей автожол саласындағы құрылыс жұмыстарына арналған тиісті нормативтерді және үлгілік техникалық ерекшеліктерді қабылдауын;
(3) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей атқарушы агенттіктің әлеуетін егжей-тегжей бағалауды аяқтауын және тәуелсіз жол агенттігінің (республикалық автомобиль жолдары желісін басқару үшін құрылған мамандандырылған жол ұйымы) жұмыс істеуіне қатысты егжей-тегжейлі ұсыныстар әзірлеуін, мұндай ұсыныстарды іске асыру үшін іс-қимылдар жоспарын және қолданыстағы заңнамаға түзетулердің тиісті жобасын дайындауын;
(4) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей қарыз алушы Үкіметін қарауына ұсынылып отырған реформаларды іске асыруға мүмкіндік беретін заңнамаға енгізілетін түзетулер жобасын қамтитын тәуелсіз жол агенттігін құруға қатысты іс-қимыл жоспарын ұсынуын;
(5) атқарушы агенттіктің 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей атқарушы агенттіктің сатып алу функцияларының әлеуетін бағалауды аяқтауын және 1-қосымшада айқындалғандай және атқарушы агенттікпен келісілгендей, жобаның С бөлігінің шеңберінде үздік тәжірибеге сәйкес ұсынымдар әзірлеуін;
(6) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей жоғарыдағы (5) тармақшада көрсетілген ұсынымдарды қолдануын және қолданылатын заңнамаға сәйкес атқарушы агенттіктің сатып алу саласындағы функцияларын жетілдіруді аяқтауын;
(7) атқарушы агенттіктің 2015 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей жол агенттігі құрылған жағдайда жоғарыдағы (5) тармақшада көрсетілген ұсынымдарға сәйкес жол агенттігінің сатып алу саласындағы тиісті функцияларды іске асыруын;
(8) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей жеке сектордың дайындығын және мемлекеттік сектордың нәтижелікке негізделген техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттарға тендер өткізу мүмкіндігін бағалайтын зерттеуді аяқтауын;
(9) атқарушы агенттіктің 2015 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей регламентті техникалық қызмет көрсетуге арналған көпжылдық келісімшарты үшін тендерлік құжаттама дайындауын және осындай тендерді жариялауын;
(10) атқарушы агенттіктің 2013 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей қарыз алушы Үкіметінің қарауына концессиялар туралы заңнамаға жобаларды МЖӘ үлгісі бойынша іске асыруды қамтамасыз етуге тараптар үшін қолайлы түзетулердің тиісті жобасын ұсынуын;
(11) атқарушы агенттіктің 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей қарыз алушының қолданылатын заңнамасына сәйкес пилоттық концессиялық жоба үшін барлық қажетті тендерлік құжаттарды дайындауын және банкпен келісілген кестеге сәйкес көрсетілген тендерді жариялауын; және
(12) қарыз қаражаты есебінен реконструкцияланатын автожол учаскесінің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін және қарызды соңғы төлеуге дейін жобаның өміршең циклі ішінде 1b санатты деп жіктелуін қамтамасыз етеді.
3.02-бөлім. Жобаны іске асыру тобы
Жоба бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық аспектілерін үйлестіру, басқару, мониторингілеу және бағалау мақсатында қарыз алушы атқарушы агенттік арқылы, егер банкпен өзгеше келісілмесе, жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде жобаны іске асыру бойынша тепе-тең ресурстары мен атқарушы агенттіктің жеткілікті білікті персоналы бар тобының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
3.03-бөлім. Сатып алу
Стандартты ережелер мен шарттардың 4.03-белімінің мақсаттары үшін, егер банк өзгеге келіспесе, жоба үшін талап етілетін және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылуға тиіс тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды мынадай ережелер реттейді:
(а) тауарлар, жұмыстар және қызметтер (3.03 (с) бөліміне енгізілген консультанттың қызметтерін қоспағанда) ашық сауда-саттық арқылы сатып алынады.
(b) (3.03 (а) бөлімінің мақсаттары үшін ашық сауда-саттықты жүргізу рәсімдері ЕҚДБ сатып алу қағидаларының 3-тарауында жазылған.
(с) жобаны іске асыруға жәрдем көрсету үшін қарыз алушы тартатын консультанттар ЕҚДБ сатып алу ережесінің 5-тарауында жазылған рәсімдерге сәйкес іріктеледі.
(d) барлық келісімшарттар ЕҚДБ сатып алу ережесінде жазылған қарау рәсімдеріне жатады.
3.04-бөлім. Экологиялық және әлеуметтік сәйкестік
шарттары
Қарыз алушы стандартты ережелер мен шарттардың 4.02 (а), 4.04 (а) (ііі) және 5.02 (с) (ііі) бөлімдерінің жалпыға бірдей қолданылатын сипатына зиян келтірместен егер банк өзгеге келіспесе, мыналарды:
(а) қарыз алушы экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жобаны орындайды және жобаны іске асыруға көзделген талаптарға сәйкес кез келген мердігердің орындауын қамтамасыз етуді;
(b) қарыз алушы жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылатын сипатына зиян келтірместен, экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын мұқият іске асыру мен сақтауға және бақылауды қамтамасыз етуге жататын және осындай жоспарларда қамтылатын ережелерге сәйкес осындай жоспарлардың іске асырылуын бақылауға міндеттенеді.
(с) қарыз алушы мен банк жобаның немесе қарыз алушының қалыптасқан ахуалындағы өзгерістерге, күтпеген оқиғаларға және бақылау нәтижелеріне жауап ретінде экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарына және қоныс аудару жоспарына ара-тұра түзетулер енгізуге келісе алады. Жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылатын сипатына зиян келтірместен,
(1) егер қандай да бір қолайсыз экологиялық немесе әлеуметтік әсер немесе күтілмеген немесе экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында толығымен не оның маңыздылық дәрежесіне дейін көзделген мәселе болса,
(2) егер экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында айтылған әсерді азайту жөніндегі қандай да бір шара кез келген экологиялық немесе әлеуметтік әсерді жою немесе экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында және қоныс аудару жоспарында айтылған уақыт кезеңі ішінде жобаны іске асыруға тиісті көзделген талаптармен болжанатын деңгейге дейін азайту үшін жеткіліксіз болса немесе
(3) егер экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын немесе қандай да бір экологиялық және әлеуметтік заңды қандай да бір елеулі түрде сақтамауды қандай да бір бақылаушы органның инспекциясы немесе билік органы немесе 3.04 (d) бөліміне сәйкес жүргізілетін аудит анықтаса,
Қарыз алушы ақылға қонымды қысқа мерзімде және банктің келісіміне қарай осындай қосымша немесе жұмсарту жағына қарай қайта қаралған жобаны іске асыруға көзделген талаптардың және әрбір жағдайда банк үшін қанағаттанарлық шамада экология және қоғамдық мүддені қорғау саласындағы қолданылатын заңнаманың орындалуына қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін шараларды әзірлейді және экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарына және қоныс аудару жоспарына енгізеді.
3.05-бөлім. Консультанттар
(а) Жобаны іске асыруда жәрдем көрсету үшін қарыз алушы егер банк өзгеше ескертпесе, қажет болған кезде біліктілігі мен тәжірибесі, сондай-ақ техникалық тапсырмасы банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын консультанттарды тартады немесе тартуды және пайдалануды қамтамасыз етеді.
(b) Қарыз алушы атқарушы агенттік арқылы жобаға немесе қарыз алушының жұмысына қатысты іс-шараларға жәрдемдесу үшін тартылған кез келген консультанттарды олардың функцияларын орындау үшін қажетті барлық жағдаймен және қолдаумен, сондай-ақ барлық құжаттармен, материалдармен және олардың жұмыстарына қатысы болуы мүмкін басқа да мәліметтермен тегін қамтамасыз етеді.
3.06-бөлім. Есептілікті ұсыну мерзімділігі және оған
қойылатын талаптар
(а) Қарыз сомасы күшіне енген күнінен бастап және толық өтелуіне немесе жойылуына дейін қарыз алушы банкке атқарушы агенттік арқылы есепті жыл аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде қарыз алушыға немесе жобаға қатысты туындайтын экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша жыл сайынғы есептерді ұсынып отырады. Мұндай есептер мынадай нақты мәселелер туралы ақпаратты қамтиды:
(1) қарыз алушының 3.04 (а) бөлімде сипатталғандай, жобаны іске асыруға көзделген талаптарды сақтауы және экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын іске асыру туралы ақпарат;
(2) қарыз алушының жобаны іске асыруға көзделген талаптарды және экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын жобамен айналысатын кез келген мердігерлердің сақтағанын қалай бақылағаны туралы ақпарат және осындай мердігерлердің жобаны іске асыруға көзделген талаптарды және экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын кез келген елеулі сақтамаушылығының және осындай сақтамаушылықты түзеу үшін қабылданған кез келген шараларының мәліметтері;
(3) кез келген алынған шағымдардың мәліметтерін және мұндай шағымдардың қалай шешілгенін қоса алғанда, 10-жобаны іске асыруға көзделген шарттарда талап етілетін мүдделі тараптарды тарту жоспарын орындау туралы ақпарат;
(4) жоба үшін қажетті кез келген рұқсаттардың мәртебесін қоса алғанда, қарыз алушының жобаға қатысты экологиялық және әлеуметтік заңдарды сақтауы туралы ақпарат, қандай да бір реттеуші органдар жүргізген инспекциялардың нәтижелері, қолданылатын заңдарды, қағидаларды немесе нормаларды кез келген бұзушылықтар және жою жөнінде олармен байланысты кез келген іс-шаралар немесе кез келген осындай бұзушылықтар үшін салынған кез келген айыппұлдар және жобаға қатысты кез келген реттеуші органдарға берілген экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі кез келген маңызды хабарламалардың, есептердің және өзге хабарлаулардың мәліметтері;
(5) жазатайым оқиғалардың, еңбекке уақытша қабілетсіздікке әкеп соқтырған жазатайым оқиғалардың және қақтығыстардың санын қоса алғанда, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі менеджмент және жоба бойынша қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат, қарыз алушы қабылдаған немесе жоспарлап отырған кез келген профилактикалық немесе жұмсарту шаралары, кадрларды еңбек пен денсаулықты қорғау бойынша кез келген даярлау және қарыз алушы іске асырған немесе жоспарлайтын денсаулықты сақтау және қауіпсіздік бойынша менеджмент мәселелері жөніндегі кез келген басқа бастамалар;
(6) жобаға елеулі әсер етуі мүмкін экологиялық және әлеуметтік заңдардағы кез келген өзгерістердің мәліметтері; және
(7) қарыз алушы акционерлерге немесе жұртшылыққа мерзімді ұсынатын экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі кез келген ақпарат көшірмелері.
(b) Қарыз алушы күшіне енген күнінен бастап атқарушы агенттік арқылы жобаның орындалуы туралы стандартты ережелер мен талаптардың 4.04 (а) (іv) бөлімінде көрсетілген мерзімдік есептерді тоқсандық негізде есепті кезең аяқталғаннан кейін 30 күннен кешіктірмей, жоба аяқталғанша, ұсынып отырады. Мұндай есептер мынадай нақты деректерді қамтуға тиіс:
(1) Мынадай жалпы ақпарат:
(А) есеп жасалған күні және есепті кезең ішінде жобаны іске асыру кезінде қол жеткізілген физикалық прогресс;
(В) жобаны іске асырудағы нақты немесе күтілетін қиыншылықтар немесе іркілістер және олардың іске асыру кестесіне әсері, сондай-ақ қиындықтарды жеңу және іркілістерді болдырмау үшін қабылданған немесе жоспарланған нақты шаралар;
(С) жобаның аяқталу күні күтілетін өзгерістер;
(D) жобаны іске асыру тобы персоналының, консультанттардың немесе мердігерлердің негізгі құрамын өзгерту;
(Е) жобаның құнына әсер етуі мүмкін мәселелер; және
(F) жобаның қандай да бір бөлігінің экономикалық жүзеге асырылуына әсер ету мүмкіндігі бар кез келген оқиға немесе қызмет.
(2) Жобаның іске асырылу кестесі негізінде және нақты және жоспарланатын шығындарды қоса алғанда, жобаның әрбір бөлігі бойынша қол жеткізілген прогресті көрсете отырып, жобаның іске асырылу барысының гистограммасы.
(3) Жобаның әрбір бөлігі шеңберінде келтірілген шығындар мен қарыз қаражатын алу егжей-тегжейлі көрсетілген, мыналарды:
(А) бастапқы сметалық құнын;
(В) мұндайлар болған кезде, өзгерістерге байланысты қайта қаралған сметалық құнын;
(С) бастапқы болжамды шығыстарды және осы күнге іс жүзіндегі шығыстарды;
(D) осы күнге шығыстардың бастапқы сметасынан осы күнге нақты шығыстардың іс жүзінде ауытқу себептерін; және
(Е) жылдың қалған тоқсандарына болжамды шығыстарды көрсететін есеппен қоса қаржылық есептілік.
(4) осы Келісімде қамтылған шарттардың әрқайсысының орындалу мәртебесінің қысқаша сипаттамасы.
(с) Қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе қауіпсіздікке елеулі жағымсыз әсер етуі мүмкін жобаға байланысты кез келген инцидент немесе жазатайым оқиға туындасымен, қарыз алушы бұл туралы банкті инцидент пен жазатайым оқиғаны және оларды жою үшін қарыз алушы немесе атқарушы агенттік қолданған кез келген қадамның сипатын көрсете отырып, факсимильдік хабарламамен немесе телекс бойынша хабардар етеді. Жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылу сипатына зиян тигізбестен,
(1) инцидент немесе жазатайым оқиға, егер ол жоба үшін пайдаланылатын қандай да бір учаскеде орын алса немесе егер ол жоба үшін немесе оған қатысты өндірістік ғимараттарда, жабдықтарда, көлік құралдарында немесе кемелерде орын алса (олар жобаның қандай да бір аумағында пайдаланылатындығына қарамастан немесе оларды уәкілетті немесе бөгде адамдардың пайдалануына қарамастан) жобаға жатқызылатын болады;
(2) инцидент немесе жазатайым оқиға егер:
(А) кез келген қолданылатын заң мұндай инцидент немесе жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органға хабарлауды талап етсе,
(В) осындай инцидент немесе жазатайым оқиға кез келген адамның өліміне әкеп соқтырса (бұл адамды қарыз алушының жалдауына, жалдамауына қарамастан),
(С) бірнеше адам (бұл адамдарды қарыз алушының жалдауына, жалдамауына қарамастан) ауруханаға жатқызуды талап ететін ауыр жарақаттар алса, немесе
(D) осындай инцидент немесе жазатайым оқиға жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де жолдармен белгілі болса немесе белгілі болатындығы ықтимал болса, қоршаған ортаға, жұртшылыққа немесе еңбек гигиенасына немесе қауіпсіздік техникасына елеулі кері әсері бар деп саналады.
(d) Қарыз алушыға немесе жобаға бағытталған немесе оған қатысты және одан қарыз алушыға немесе жобаға елеулі кері әсер тигізетін немесе жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге жолдармен белгілі болған немесе белгілі болуы ықтимал жұмысшылардың немесе жұртшылық мүшелерінің кез келген елеулі наразылығына қатысты қарыз алушы банкті дереу хабардар етеді. Қарыз алушы кез келген осындай хабарламадан кейін он күн ішінде қарыз алушының осындай наразылықты зерттеу нәтижесін және наразылықта көтерілген мәселелерді шешу үшін қарыз алушы қабылдаған немесе қабылдауды ұсынатын кез келген қадамдарды айқындайтын банк үшін қанағаттанарлық есепті ұсынады.
IV БАП - ТОҚТАТА ТҰРУ; ЖЕДЕЛДЕТУ
4.01-бөлім. Тоқтата тұру
Стандартты ережелер мен шарттардың 7.01 (а) (хvіі) бөлімінің мақсаттары үшін төмендегідей:
(а) қарыз алушының аумағында автожол саласында қолданылатын заңнамалық және нормативтік құқықтық база қарыз алушының қаржылық жағдайына немесе жобаны іске асыру бойынша оның мүмкіндігіне немесе осы Келісім шеңберінде оның кез келген міндеттемелерін орындауға елеулі және кері әсер ететіндей, өзгертілгені, тоқтатыла тұрғаны, қысқартылғаны, жойылғаны немесе қабылданғанын ескертіледі.
4.02-бөлім. Өтеу мерзімін қысқарту
Стандартты ережелер мен шарттардың 7.06 (f) бөлімінің мақсаттары үшін мыналар: 4.01-бөлімде сипатталған кез келген оқиғалардың басталуы және қарыз алушыға банк хабарлама бергеннен кейін отыз күн бойы жалғасуы ескертіледі.
V БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ
5.01-бөлім. Күшіне енуі алдындағы шарттар
Осы Келісім күшіне ену үшін қосымша шарттар ретінде стандартты ережелер мен шарттардың 9.02 (с) бөлімінің мақсаттары үшін мынадай шарттар:
(а) атқарушы агенттіктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын пилоттық негізде жеке секторға беруіне қатысты жұмыс жоспарын қабылдауды көрсететін банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша банкке куәлік ұсынылуы.
(b) регламенттік техникалық қызмет көрсетудің орташа шығыстарын тым болмағанда, қарыз алушының бір саласында тым болмағанда, 50 пайызға ұлғайта отырып, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу және оларға регламенттік техникалық қызмет көрсету үшін қаржыландыру нормативтерін қабылдауды көрсететін банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн жөнінде банкке куәлік ұсынуы;
(с) банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын және қоныс аудару жоспарын банктің алу қажеттігі ескертіледі.
5.02-бөлім. Заңдық қорытындылар
Стандартты ережелер мен шарттардың 9.03 (а) бөлімінің мақсаттары үшін заң консультантының қорытындысын немесе қорытындыларын қарыз алушының атынан Әділет министрлігі ұсынады және банкке берілетін қорытындыға немесе қорытындыларға енгізілуге тиіс қосымша мәселелер ретінде мыналар келісіледі: қарыз алушының Парламенті осы Келісімді ратификациялады.
5.03-бөлім. Келісімнің күшіне енбеуі бойынша қолданылуын
тоқтатуы
Стандартты ережелер мен шарттардың 9.04-бөлімінің мақсаттары үшін осы Келісім жасасқан күннен кейін 120 күн өткеннен кейінгі күн ескертіледі.
VI БАП - ӘРТҮРЛІ
6.01-бөлім. Хабарламалар
Стандартты ережелер мен шарттардың 10.01-бөлімінің мақсаттары үшін мына мекенжайлар беріледі:
Қарыз алушы үшін:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Астана 010000
Жеңіс даңғылы, 11-үй
Қаржы министрінің назарына:
Факс:+7 7172 717762
Банк үшін:
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі
One Exchange Square
Лондон ЕС2А 2JN
Ұлыбритания
Операцияларды басқару бөлімінің назарына:
Факс: +44-20-7338-6100
Тиісті түрде өздерінің уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ететін осы Келісімнің тараптары МҰНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ ағылшын тілінде терт данада жасалған және Қазақстан Республикасы Астана қаласына 2012 жылғы __________ жеткізілген осы Келісімге қол қоюды қамтамасыз етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
________________________
Аты-жөні:
Лауазымы: Қаржы министрі
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
________________________
Аты-жөні:
Лауазымы:
1-ҚОСЫМША - ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Жобаның мақсаты - қарыз алушы Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» шекарасын кесіп өтетін халықаралық пункт пен мен Шымкент - Ташкент жолының 742 км бекеті арасындағы ұзындығы 62 км жол учаскесін реконструкциялауда қарыз алушыға көмек көрсету болып табылады. Жоба Еуропаны Қытаймен байланыстыратын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін жаңғыртудың бір бөлігі болып табылады.
2. Жоба банк пен қарыз алушы ара-тұра уағдаласа алатын өзгерістер енгізілуге тиіс мынадай бөліктерден тұрады:
(А) қарыз қаражатынан қолданыстағы Қарыз туралы келісімге қосымша Келісім шеңберіндегі сияқты бірлесіп қаржыландырылатын ұзынды 62 км жол учаскесін реконструкциялау жөніндегі құрылыс жұмыстары1 былайша:
- Қарыз қаражаты қолданыстағы екі жолақты қозғалыстағы І-b санатындағы жолға және қолданыстағы көлденең тасжолға техникалық қызмет көрсете отырып, 804,2 км өзбекстандық шекараны 742 км автожолдағы пунктпен қосатын ұзындығы 62 км қолданыстағы жол учаскесін реконструкциялауды қаржыландыруға пайдаланылатын болады. Жолдың қолданыстағы учаскесі техникалық қызмет көрсетуде болғандықтан, жолды қандай да бір кеңейту талап етілмейді.
- Қолданыстағы стандартты III санатты бір жолақты жолдан стандартты І-b санатты екі жолақты қозғалысты жолға дейін шамамен 799 км айрықтан 804,2 км «Жібек жолы» шекарасын кесіп өтетін халықаралық пунктке дейін жол учаскесін реконструкциялау. Бұл 15 метрге дейін жолды кеңейтуді талап етеді. Шекараның қиылысу пунктіне кіреберісте ені 6 м уақытша жолдар жергілікті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін екі жақтан қосылатын болады.
- Жергілікті уақытша жолдар тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан жердегі жолдармен және көптеген шағын қиылыстармен қатар үш орналасу орнымен қамтамасыз етілетін болады. Осы уақытша жолдар негізгі қиылыстарға жергілікті қозғалысты жүзеге асыратын болады және М39 бас тасжолға бүйірден жиі қосылу қажеттігінен құтқарады.
- Жолды жайластыруды, жол таңбасын және жол белгілерін қамтитын жолдардағы жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды енгізу.
(В) Құрылыс жұмыстары үшін жобаны қадағалау және басқару жөніндегі консультант:
Қарыз қаражаты консультанттарды қаржыландыруға пайдаланылатын болады, олар жобаның А бөлігінің шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын болады және жобаны басқару жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
(С) Автожол саласын басқаруды реформалауға арналған консультациялық қызметтер:
Қарыз қаражаты Көлік және коммуникация министрлігіне және Автомобиль жолдары комитетіне (і) сатып алу функцияларын күшейту және сатып алуға арналған күрделі келісімшарттарды басқару үшін әлеуетті ұлғайту үшін, (іі) жол саласын тәуелсіз жол агенттіктері басқаратын елдердің тәжірибесін талдауда және болашақта тәуелсіз жол агенттігін құруды қолдауда, (ііі) техникалық стандарттарды жан-жақты шолуда және жаңартуда және (іv) нәтижелікке негізделген техникалық қызмет көрсетуге арналған келісімшарттарға конкурс жариялауға жеке сектордың дайындығын бағалауға жәрдем көрсету үшін консультанттарды қаржыландыруға пайдаланылатын болады.
3. Жоба 2016 жылғы 31 желтоқсанға қарай аяқталады деп күтілуде.
___________________
1 Жоғарыда көрсетілгенге қосымша қарыз алушы қолданыстағы Қарыз алу туралы келісім шеңберінде қарыздың үнемделген қаражатын қайта бөлу жолымен елу төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары (54,500,000 АҚШ доллары) шеңберінде жоба үшін қосымша қаржыландыру беру туралы өтінішпен банкке жүгінді.
2-ҚОСЫМША - ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫНЫҢ САНАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ АЛУ
1. Осы қосымшаға қосылған кестеде әрбір санатқа бөлінетін қарыз сомасы, сондай-ақ әрбір санатта қаржыландырылуға тиіс шығындардың үлесі жазылады.
2. Жоғарыда көрсетілген 1-тармақтың ережесіне қарамастан, қарыз қаражатын алу мыналарға:
(а) Қарыз туралы келісімге қол қойылған күнге дейін келтірілген шығындарға;
(b) жобаның В бөлігінде көрсетілген жобаны қадағалау және басқару жөніндегі консультант тиісінше тағайындалғанға дейін 1-санат шеңберіндегі шығындарға қатысты жүргізілмеуге тиіс.
2-қосымшаға толықтыру
Санаты |
Қарыз валютасында бөлінген қарыз сомасы |
Қаржыландырылуға тиіс шығындар үлесі |
(1) Жобаның А бөлігі шеңберіндегі жұмыстар2 |
136,136,000.00 |
қандай да болмасын салықтарды есептемегенде, келісімшарттың 100 % құны |
(2) Жобаны басқару жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, жобаның С бөлігі үшін консультациялық қызметтерді алып тастағанда, құрылысты қадағалау жөніндегі қызметтер |
4,740,000.00 |
қандай да болмасын салықтарды есептемегенде, келісімшарттың 100 % құны |
(3) Жобаның С бөлігі үшін консультациялық қызметтер |
1,124,000.00 |
қандай да болмасын салықтарды есептемегенде, келісімшарттың 100 % құны |
Барлығы |
142,000,000.000 |
2 Жоғарыда көрсетілгенге қосымша қарыз алушы қолданыстағы Қарыз алу туралы келісім шеңберінде қарыздың үнемделген қаражатын қайта бөлу жолымен елу төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары (54,500,000 АҚШ доллары) шеңберінде жоба үшін қосымша қаржыландыру беру туралы өтінішпен банкке жүгінді. жобаның жалпы бюджеті 196,500,000 АҚШ долларын құрайды.