Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
кестенің 3-бағанында:
«Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға» деген жолдағы «1400» деген сандар «1300» деген сандармен ауыстырылсын;
«Оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Түрік Республикасынан, басқа түркі тілдес республикалардан студенттерді оқытуға» деген жолдағы «100» деген сандар «200» деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Магистратураға қабылдау» деген кестеде:
Атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңгемен) |
|
2012 жылғы 4 айға |
2013 жылғы 8 айға |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
Ұлттық ЖОО, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттар технологиялары университеті |
4214 |
215,4 |
430,9 |
Басқа ЖОО |
2490 |
132,0 |
264,0 |
Назарбаев университеті |
100 |
2023,2 |
3339,0 |
Өнер ЖОО |
55 |
X |
X |
Ауғанстан азаматтары |
30 |
215,4 |
430,9 |
Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы |
20 |
375,6 |
751,2 |
Барлығы |
6909 |
«деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңгемен) |
|
2012 жылғы 4 айға |
2013 жылғы 8 айға |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
Ұлттық ЖОО, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттар технологиялары университеті |
3341 |
215,4 |
430,9 |
Басқа ЖОО |
3378 |
132,0 |
264,0 |
Өнер ЖОО |
55 |
Х |
Х |
Ауғанстан азаматтары |
15 |
215,4 |
430,9 |
Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы |
20 |
375,6 |
751,2 |
Барлығы |
6809 |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов