"Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1586 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 703-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы.»;
      қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
      Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртібін айқындайды.»;
      3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар немесе арнайы біліктілікті талап ететін жұмыстарды орындайтын адамдарына диплом берілуі тиіс, сондай-ақ олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.»;
      үшінші бөлік алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) жоғарғы немесе орта техникалық білімінің;
      2) жүзу өтілін растайтын құжаттың;
      3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы тиісті медициналық комиссияның қорытындысының болуын қамтиды.»;
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Қағидалардың 7-тармағында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруіне рұқсат етіледі.»;
      8-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді өткізу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі — аумақтық бөлімше) күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
      1011-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда дипломдар және кемелердің тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берілетін және аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілетін, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешімі жазылады.
      11. Нысаны ішкі су көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) бекітілетін дипломдар және аттестаттаудан ету туралы анықтамалар беру аумақтық бөлімшелерде жүзеге асырылады, сондай-ақ беру журналында тіркеледі.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Кемелердің командалық құрамы адамдарының дипломы жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүлінуі) иесі командалық құрам адамдарының дипломын берген комиссия төрағасының атына жоғалуы және бүлінуі жағдайы мен себептерін жаза отырып, өтініш береді. Сонымен қатар, дипломының иесі өз есебінен жергілікті баспа басылымдары арқылы құжаттың жоғалғаны туралы көрсете отырып, хабарландыру береді. Егер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде құжат табылмаса, өтініш келіп түскен комиссия жоғалған құжатты жарамсыз деп таниды және өтініш берушіге жеті жұмыс күні ішінде телнұсқа береді. Өтініш беруші телнұсқа берілгенге дейін комиссиядан жоғалған құжатты уақытша алмастыратын анықтама алады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Диплом беру мақсаты үшін өздігінен жүретін кемелер олардың қозғалысын қамтамасыз ететін қозғалтқыштардың тиімді қуатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
      1) 1 топқа дейін — 55-тен 110 кВт дейін (75-149 ат күші);
      2) 1 топ - 110-нан 330 кВт дейін (150-450 ат күші);
      3) 2 топ - 331-ден 550 кВт дейін (451-750 ат күші);
      4) 3 топ - 551-ден 850 кВт дейін (751-1 150 ат күші);
      5) 4 топ - 581-ден 1 620 кВт дейін (1 151-2 200 ат күші);
      6) 5 топ - 1 621-ден және одан астам кВт (2 201 және одан көп ат күші).»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Диплом беруден өткен адамдарға берілген дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі.»;
      21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге - жоғарғы немесе орта техникалық білімі бар, сондай-ақ осы кемелерді басқару бойынша бір айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар.».
      23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кемелердің, олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бір рет өткізілетін кезекті;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысына    
қосымша          

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 915 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша
біліктілік комиссиялары туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегі адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір кейінгі бес жыл аяқталғанда жүргізіледі;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына біліктілік деңгейін анықтау жөнінде жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша дипломдар беріледі.
      3. Осы Ереже Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.

2. Біліктілік комиссияларын құру

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тұрақты негізде құрылады.
      5. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының ішкі су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде құзыреттілігін айқындау болып табылады.
      6. Комиссия өз қызметін осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының су көлігі саласындағы заңнама нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырады.
      7. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан құралады, аумақтық бөлімше басшысының орынбасары (комиссия төрағасы) төрағалық етеді және су көлігінде қауіпсіздікке бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкерлерінен, сондай-ақ су көлігі саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар тәжірибелі мамандардан (капитандар, командирлер, кеме жүргізушілері, механик-тәлімгерлер, механиктер, электрмеханиктер және кеме иесінің өкілдері) (келісім бойынша) тұратын комиссия мүшелері қатысады.
      8. Комиссияның құрамы аумақтық бөлімше басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      9. Хаттаманы жасау үшін комиссияның отырысына комиссия мүшесі болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы қатысады.
      10. Комиссияның хатшысы диплом беру және аттестаттауды дайындау бойынша мынадай ұйымдастырушылық іс-шараларды:
      1) кандидаттарға қажетті құжаттарды дайындауды;
      2) кандидаттардың тізімін дайындауды;
      3) диплом беру және аттестаттауды жүргізу кестелерін әзірлеуді;
      4) диплом беру және аттестаттауды жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды;
      5) кандидаттармен диплом беру және аттестаттау жүргізу мерзімі мен орнын келісуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкері болып табылады.

3. Біліктілік комиссияларының функциялары

      11. Комиссия өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдары лауазымдарына үміткер адамдарды ішкі су көлігі мәселелері бойынша тыңдайды.
      12. Аумақтық бөлімшенің басшысы комиссия хатшысы ұсынылған құжаттар пакеттерінің негізінде үміткерлер тізімін бекітеді, диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі мен орнын белгілейді.
      13. Комиссия хатшысы кандидаттарды жазбаша түрде пошта арқылы диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі туралы оның басталуына дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабарлайды.
      14. Комиссия шешімі, егер отырысқа комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса және ол үшін олардың елу пайыздан артығы дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 915 "Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава и других членов экипажей судов и Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава и других членов экипажей судов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2012 года № 1586. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 622

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 622 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 915 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава и других членов экипажей судов и Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава и других членов экипажей судов» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 51, ст. 703) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава судов и Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые:
      1) Положение о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан;
      2) Правила дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан.»;
      Положение о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава и других членов экипажей судов, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению;
      в Правилах дипломирования и аттестации лиц командного состава и других членов экипажей судов, утвержденных указанным постановлением:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Правила дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан.»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Настоящие Правила дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан (далее — Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 10) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 6 июля 2004 года «О внутреннем водном транспорте» и определяют порядок дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, эксплуатируемых на внутренних водных путях.»;
      в пункте 3:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      «3. Лица командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, занимающие должности или выполняющие работы, которые требуют специальной квалификации, подлежат дипломированию, а также аттестации по истечении каждых последующих пяти лет.»;
      часть третью исключить;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Квалификационные требования, предъявляемые к дипломированию лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, включают наличие:
      1) образования - высшее или среднее техническое;
      2) документа, подтверждающего стаж плавания;
      3) заключения соответствующей медицинской комиссии о пригодности к работе на судне.»;
      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Дипломирование и аттестация лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан.»;
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      «6. К дипломированию лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, допускаются лица, имеющие соответствующее образование, указанное в пункте 21 настоящих Правил, с представлением в комиссию документов, перечисленных в пункте 7 настоящих Правил.»;
      пункт 8 исключить;
      часть первую пункта 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Заявление о проведении дипломирования лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, рассматривается территориальным подразделением Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - территориальное подразделение) в течение тридцати календарных дней.»;
      пункты 10 и 11 изложить в следующей редакции:
      «10. Каждое заседание комиссии оформляется протоколом, в котором записывается решение комиссии о выдаче дипломов и справок о прохождении аттестации с указанием группы и мощности судов, а также должности, на которых использованы дипломируемые и аттестуемые кандидаты.
      11. Выдача дипломов и справок о прохождении аттестации, форма которых утверждается центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство в сфере внутреннего водного транспорта (далее - центральный исполнительный орган), осуществляется в территориальных подразделениях, а также регистрируется в журнале выдачи.»;
      пункт 16 изложить в следующей редакции:
      «16. В случае утери диплома лиц командного состава судов или прихода его в негодность (физический износ, порча), владельцем подается заявление на имя председателя комиссии, выдавшей диплом лиц командного состава судов, с изложением обстоятельств и причин утери или порчи. Одновременно владельцем утраченного диплома за свой счет через местные печатные издания дается объявление об утере документа. Если в течение тридцати календарных дней со дня публикации объявления документ не будет найден, комиссия, куда поступило заявление, признает утерянный документ не действительным и выдает заявителю дубликат в течение семи рабочих дней. До выдачи дубликата заявитель получает от комиссии справку, временно заменяющую утерянный документ.»;
      пункт 18 изложить в следующей редакции:
      «18. Самоходные суда для целей дипломирования, в зависимости от эффективной мощности двигателей, обеспечивающих их движение, подразделяются на следующие группы:
      1) до 1-ой группы от 55 до 110 кВт (75 - 149 лошадиных сил);
      2) 1-я группа от 110 до 330 кВт (150 - 450 лошадиных сил);
      3) 2-я группа от 331 до 550 кВт (451 - 750 лошадиных сил);
      4) 3-я группа от 551 до 850 кВт (751 - 1 150 лошадиных сил);
      5) 4-я группа от 581 до 1 620 кВт (1 151 - 2 200 лошадиных сил);
      6) 5-я группа от 1 621 и более кВт (2 201 и более лошадиных сил).»;
      пункт 20 изложить в следующей редакции:
      «20. В дипломе, выдаваемом лицам, прошедшим дипломирование, указываются группа судна и должность, которую они могут занимать.»;
      подпункт 4) пункта 21 изложить в следующей редакции:
      «4) на суда мощностью от 55 до 110 кВт (75-149 лошадиных сил) - лица, имеющие высшее или среднее техническое образование, а также прошедшие стажировку по управлению этими судами продолжительностью не менее одного месяца.»;
      подпункт 1) пункта 23 изложить в следующей редакции:
      «1) очередная, проводимая один раз в пять лет у всех лиц командного состава судов, независимо от их ведомственной принадлежности;».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 13 декабря 2012 года № 1586

Утверждено         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 5 августа 2011 года № 915

Положение о квалификационных комиссиях по дипломированию и
аттестации лиц командного состава судов, подлежащих
государственной регистрации в Государственном судовом реестре
Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан (далее — Положение), разработано в соответствии с подпунктом 10) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 6 июля 2004 года «О внутреннем водном транспорте» и определяет порядок образования квалификационных комиссий по дипломированию и аттестации лиц командного состава судов, эксплуатируемых на внутренних водных путях.
      2. В настоящем Положении применяются следующие понятия:
      1) аттестация лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, - осуществляемая процедура для определения уровня знаний командного состава, необходимых для управления судном, в том числе судовождения и дноуглубления, принятия мер по обеспечению безопасности плавания судов по внутренним водным путям Республики Казахстан, поддержания порядка на судне, защиты окружающей среды, предотвращения причинения вреда судну, находящимся на судне людям, багажу и грузу, которая проводится по истечении каждых последующих пяти лет;»;
      2) дипломирование лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, - осуществляемая процедура по определению уровня квалификации лиц командного состава, по итогам которой выдаются дипломы.
      3. Настоящее Положение распространяется на экипажи судов, эксплуатируемых на внутренних водных путях Республики Казахстан, зарегистрированных в Государственном судовом реестре и Реестре арендованных иностранных судов.

2. Образование квалификационных комиссий

      4. Квалификационные комиссии по дипломированию и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан (далее - комиссия), образовывается на постоянной основе в территориальных подразделениях Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - территориальное подразделение).
      5. Целью деятельности комиссии является определение компетентности командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, в обеспечении безопасной эксплуатации судов внутреннего водного транспорта.
      6. Комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с настоящим Положением и с соблюдением норм законодательства в области водного транспорта Республики Казахстан.
      7. Состав комиссии составляет не менее пяти человек под председательством - заместителя руководителя территориального подразделения (председатель комиссии) и с участием членов комиссии, состоящей из: работников территориального подразделения, осуществляющих контроль за безопасностью на водном транспорте, а также опытных специалистов в области водного транспорта со стажем работы не менее пяти лет (капитаны, командиры, судоводители, механики-наставники, механики, электромеханики и представители судовладельца) (по согласованию).
      8. Состав комиссии утверждается приказом руководителя территориального подразделения.
      9. Для составления протокола на заседании комиссии участвует секретарь комиссии, который не является членом комиссии и не имеет права голоса.
      10. Секретарем комиссии является работник территориального подразделения, осуществляющий проведение следующих организационных мероприятий по дипломированию и подготовке аттестации:
      1) подготовку необходимых документов на кандидатов;
      2) подготовку списка кандидатов;
      3) разработку графиков проведения дипломирования и аттестации;
      4) организацию разъяснительной работы о целях и порядке проведения дипломирования и аттестации;
      5) согласование сроков и места проведения дипломирования и аттестации с кандидатами.

3. Функции квалификационных комиссий

      11. Комиссия в пределах своей компетенции заслушивает лиц, претендующих на занятие должности лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Pecпублики Казахстан, по вопросам внутреннего водного транспорта.
      12. Руководитель территориального подразделения на основании представленных пакетов документов секретарем комиссии утверждает список кандидатов, устанавливает сроки и место проведения дипломирования и аттестации.
      13. Секретарь комиссии письменно по почте уведомляет кандидатов о сроках проведения дипломирования и аттестации не позднее, чем за десять рабочих дней до начала их проведения.
      14. Решение комиссии считается принятым, если в заседании участвовали не менее 2/3 от общего числа членов комиссии, и за него проголосовало больше пятидесяти процентов из них.