Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1633 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2017 № 208 қаулысымен.

      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметі
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк саласындағы қызметті үйлестiру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге нормативтiк құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестiң негiзгi міндеттері және құқықтары

      3. Кеңестiң негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті дамытуда жөніндегі қысқа мерзiмдi, орта мерзімді және ұзақ мерзiмдi міндеттер бойынша ұсыныстар қалыптастыру;

      2) мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк жобаларын жоспарлау, дайындау, іске асыру, мониторингілеу мен бағалау және мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті, оның ішінде халықаралық құқық және практика нормаларына сәйкес дамыту саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

      3) мемлекеттің мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкке қатысу нысандары және шарттары туралы ұсыныстар әзірлеу;

      4) мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті дамытуға қатысты проблемалы мәселелерді талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды шешу, оның ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк бойынша даму мен қызметтегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық және ұйымдастырушылық кедергілерді жою;

      5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті дамытуға бағытталған өзге сұрақтар бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

      4. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін өз құзыреті шегінде:

      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуге;

      2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрііптестікті қолдау мен дамыту саласында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3) Кеңес құзыретіне жататын мәселелерді өз отырысында қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға;

      4) тиісті ұсыныстар енгізуге және заңдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімдері мен қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерін кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша Кеңес отырыстарына шақыруға;

      6) мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк жобаларын іріктеудегі проблемалы мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды қажеттілігіне қарай тартуға;

      7) Кеңестің міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқылы.

3. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      6. Кеңеске төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басшылық етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       7. Кеңес төрағасы Кеңес қызметіне жалпы басшылық жасайды, Кеңес мүшелері мен келісім бойынша мәжілістің күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін орны мен уақытын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       9. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.

      Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       10. Егер өзге мерзімдерді Кеңес төрағасы айқындамаған болса, Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына екі рет өткізіледі. Отырыстардың күн тәртібін және оларды өткізу тәртібін Кеңес төрағасы айқындайды. Кеңес отырысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса заңды деп саналады.

      11. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      12. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      14. Кеңес мүшелері отырыста қарастырылатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтар иеленеді.

      15. Кеңес жұмысына қажет болған кезде оның құрамына кірмейтін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін.

      16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

      17. Дауыс беру парақтарымен қоса Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

О создании Координационного совета по государственно-частному партнерству при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 1633. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2017 года № 208

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.04.2017 № 208.

      В целях выработки предложений и рекомендаций по вопросу развития государственно-частного партнерства Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Координационный совет по государственно-частному партнерству при Правительстве Республики Казахстан (далее – Совет) в составе согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Совете.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 20 декабря 2012 года № 1633

Состав
Координационного совета по государственно-частному партнерству
при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

       Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель

      Министр национальной экономики Республики Казахстан, заместитель председателя

      директор Департамента Министерства национальной экономики Республики Казахстан, секретарь

      Министр финансов Республики Казахстан

      Министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      первый вице-министр национальной экономики Республики Казахстан

      вице-министр финансов Республики Казахстан

      вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      вице-министр здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      председатель правления акционерного общества "Казахстанский центр государственно-частного партнерства" (по согласованию)

      заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан (по согласованию)

      заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию)

      руководитель Департамента по обеспечению деятельности судов (Аппарата Верховного Суда) (по согласованию)

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 декабря 2012 года № 1633

Положение
о Координационном совете по государственно-частному
партнерству при Правительстве Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Координационный совет по государственно-частному партнерству при Правительстве Республики Казахстан (далее – Совет) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан, созданным с целью координации деятельности в сфере государственно-частного партнерства в Республике Казахстан.

      2. Совет в своей деятельности руководствуется Конституцией и законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Основные задачи и права Совета

      3. Основными задачами Совета являются:

      1) формирование предложений по краткосрочным, среднесрочным и долгосрочным задачам по развитию государственно-частного партнерства в Республике Казахстан;

      2) выработка рекомендаций и предложений по совершенствованию законодательства Республики Казахстан в области планирования, подготовки, реализации, мониторинга и оценки проектов государственно-частного партнерства и развития государственно-частного партнерства, в том числе в соответствии с нормами международного права и практики;

      3) разработка предложений о формах и условиях участия государства в государственно-частном партнерстве;

      4) осуществление анализа проблемных вопросов, связанных с развитием государственно-частного партнерства, а также выработка предложений по их решению, в том числе устранению правовых, административных, экономических и организационных препятствий в развитии и деятельности по государственно-частному партнерству в Республике Казахстан;

      5) выработка предложений по иным вопросам, связанным с развитием государственно-частного партнерства в Республике Казахстан.

      4. Совет в пределах своей компетенции для реализации поставленных перед ним задач имеет право:

      1) разрабатывать предложения по приоритетным направлениям развития государственной политики в области государственно-частного партнерства в Республике Казахстан;

      2) вносить предложения по совершенствованию нормативной правовой базы Республики Казахстан в области поддержки и развития государственно-частного партнерства в Республике Казахстан;

      3) рассматривать на своих заседаниях вопросы, относящиеся к компетенции Совета, и принимать по ним решения;

      4) вносить соответствующие предложения и участвовать в разработке проектов законов, распоряжений и постановлений Правительства Республики Казахстан;

      5) приглашать на заседания Совета представителей государственных органов и организаций Республики Казахстан по вопросам, входящим в компетенцию Совета;

      6) привлекать по мере необходимости специалистов, экспертов и ученых для анализа и изучения проблемных вопросов отбора проектов государственно-частного партнерства;

      7) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных и других организаций материалы, необходимые для реализации задач Совета.

3. Организация деятельности Совета

      5. Состав Совета утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан.

      6. Совет возглавляет председатель - Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

       7. Председатель Совета осуществляет общее руководство деятельностью Совета, по согласованию с членами Совета определяет и уточняет повестку дня заседаний, а также место и время их проведения, мероприятия, направленные на повышение качества и эффективности принимаемых решений, координирует взаимодействие государственных органов и организаций, осуществляет общий контроль над реализацией решений. Во время отсутствия председателя его функции выполняет его заместитель.

      8. Рабочим органом Совета является Министерство национальной экономики Республики Казахстан.

      Рабочий орган осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Совета, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Совета, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Совета за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.

      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

       9. После проведения заседания Совета секретарь Совета оформляет протокол.

      Секретарь не является членом Совета.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

       10. Заседания Совета проводятся по мере необходимости, но не реже двух раз в месяц, если иные сроки не определены председателем Совета. Повестку дня заседаний и порядок их проведения определяет председатель Совета. Заседание Совета считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов Совета.

      11. Решения Совета принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Совета. Голосование проводится путем заполнения на заседании Совета листа голосования по форме согласно приложению к настоящей Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Члены Совета имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Совета, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.

      По результатам проведения заседаний Совета и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Совета направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Совета для согласования.

      Члены Совета после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.

      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      12. Исключен постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      13. Исключен постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      14. Члены Совета обладают равными правами при обсуждении рассматриваемых на заседании вопросов.

      15. В работе Совета при необходимости могут принимать участие представители государственных органов, органов местного самоуправления и общественных организаций, не входящие в его состав.

      16. Совет прекращает свою деятельность на основании решения Правительства Республики Казахстан.

      17. Учет и хранение материалов и протокольных решений Совета с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Совета.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 17 в соответствии с постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.