Кепiлдiк беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1644 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 290 бұйрығын қараңыз.


      «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары;
      2) мына:
      тауар биржасының кепілдік беру қорының мөлшері – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшері;
      сақтандыру қорына тауар биржасы мүшесінің міндетті жарнасының мөлшері – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1644 қаулысымен    
бекітілген        

Кепiлдiк беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану қағидалары және олардың мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кепiлдiк беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кепiлдiк беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) тауар биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) клирингтік ұйым (клирингтік орталық) – тауар биржасына онымен жасалған шарт негізінде қызмет көрсететін тауар биржасынан тәуелсіз ұйым немесе тауар биржасы құрамындағы және фьючерстiк және опциондық мәмiлелер бойынша тараптардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындауды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыруды қоса алғанда биржалық мәмілелерге клирингті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылған құрылымдық бөлімше;
      3) сақтандыру қоры – биржада жасалған мәмiлелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы және (немесе) оның клирингтiк ұйымы тауар биржасы мүшелерiнiң мiндеттi жарналары есебiнен қалыптастыратын ақша қоры;
      4) кепiлдiк беру қоры – тауар биржасында жасалған мәмiлелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебiнен қалыптастыратын ақша қоры.
      3. Биржалық мәмілелердің орындалмау тәуекелін төмендету бойынша шаралар қабылдау мақсатында:
      1) тауар биржасы не (немесе) оның клирингтік ұйымы сақтандыру қорын құрады;
      2) тауар биржасы кепілдік беру қорын құрады.
      4. Сақтандыру және кепілдік беру қорларының қаражаттары тауар биржасының және (немесе) оның клирингтік орталығының балансында жеке шоттарда есепке алынады.

2. Кепілдік беру қорын қалыптастыру тәртібі

      5. Кепілдік беру қоры тауар биржасының және (немесе) оның мүшелерінің өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
      6. Кепілдік беру қорын қалыптастырудың көздері тауар биржасы акцияларына төлемдер және (немесе) тауар биржасының табысы және заңнамамен тыйым салынбаған басқа түсімдер есебінен келіп түскен ақша болып табылады.
      7. Тауар биржасының кепілдік беру қорының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      8. Кепілдік беру қорына аударымдарды тауар биржасы және (немесе) оның мүшелері жүзеге асырады.

3. Сақтандыру қорын қалыптастыру тәртібі

      9. Сақтандыру қорын тауар биржасы қалыптастырған жағдайда ол тауар биржасы мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастырылады.
      Сақтандыру қорын клирингтік ұйым қалыптастырған жағдайда ол тауар биржасының клирингтік ұйымымен клирингтік қызмет көрсету шарты бар тауар биржасы мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастырылады.
      10. Сақтандыру қоры ақшалай түрде қалыптастырылады және бөлек төмендетілмейтін қалдық түрінде тауар биржасының ағымдағы есебінде тұруы тиіс. Бұл ретте сақтандыру қоры тауар биржасы қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы ішінде калыптастырылады.
      11. Сақтандыру қорына тауар биржасы мүшесінің міндетті жарнасының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      12. Биржадан мүшеліктен шыққан жағдайда және биржа және (немесе) клирингтік ұйым алдында, сондай-ақ тауар биржасы және (немесе) клирингтік ұйымның қатысуымен орындалатын биржалық мәмілелер бойынша берешектері болмаған жағдайда сақтандыру қорындағы қаражат биржаның мүшелеріне олардың өтініші бойынша қайтарылуға жатады.

4. Кепілдік беру және сақтандыру қорларын пайдалану тәртібі

      13. Тауар биржасының кепілдік беру қоры және тауар биржасының және (немесе) оның клирингтік ұйымының сақтандыру қоры сауда-саттыққа қатысушылар жасаған биржалық мәмілелер бойынша өздерінің ақшалай міндеттемелерін орындамаған жағдайда тауар биржасы немесе оның клирингтік ұйымының өтімділігін жоғалту тәуекелінің орнын толтыруға арналған.
      14. Кепілдік беру және сақтандыру қорларының қаражаттары мынадай тәртіпте пайдалануға жатады:
      1) оларды жабу үшін құрылған кепілдік беру және сақтандыру қорларындағы тәуекелдер іске асырылған жағдайда биржаның атқарушы органы (клирингтік ұйымы) оларды пайдалану туралы шешім қабылдайды;
      2) қор қаражаты тауар биржасында жасалған мәміле бойынша тек зардап шеккен тарапқа залалдарды төлеу үшін (жіберілген пайданы қоспағанда) пайдаланыла алады;
      3) бір биржалық мәміле бойынша шығындарды жабу үшін пайдаланатын қор қаражатының мөлшері тауар биржасының (клирингтік ұйымның) ішкі ережелерімен белгіленген шамадан аса алмайды және кез келген жағдайда осы қордың жиынтық активінен аса алмайды.

5. Кепілдік беру және сақтандыру қорлары бойынша есептілік

      15. Тауар биржасы ай сайын кезекті есептік айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей тауар биржаларының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға есепті айдың соңғы күні бойынша кепілдік беру және сақтандыру қорларының мөлшері туралы есепті оған тауар биржасының банк шотындағы қаражат қалдықтарын растайтын банктік көшірмені қоса отырып, қағаз тасығышта ұсынады.
      16. Кепілдік беру және сақтандыру қорларының мөлшері туралы есеп тауар биржасының мөрімен міндетті бекітіле отырып, тауар биржасының бірінші басшысы (ол жоқ кезінде – оны алмастырушы тұлға) және оның бас бухгалтері қол қоюымен еркін нысанда беріледі.

Об утверждении Правил формирования и использования размеров гарантийного и страхового фондов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 1644. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1034

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.12.2015 № 1034 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 251. 
 

      В соответствии с подпунктом 6-2) статьи 3 Закона Республики Казахстан от 4 мая 2009 года «О товарных биржах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила формирования и использования гарантийного и страхового фондов;
      2) размеры:
      гарантийного фонда товарной биржи – десятитысячекратный размер месячного расчетного показателя, установленного законом Республики
Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;
      обязательного взноса члена товарной биржи в страховой фонд – трехсоткратный размер месячного расчетного показателя,
установленного законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на финансовый год.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С.Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 20 декабря 2012 года № 1644

Правила
формирования и использования гарантийного
и страхового фондов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и использования гарантийного и страхового фондов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6-2) статьи 3 Закона Республики Казахстан от 4 мая 2009 года «О товарных биржах» и устанавливают порядок формирования и использования гарантийного и страхового фондов.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия и определения:
      1) товарная биржа - юридическое лицо, созданное в организационно-правовой форме акционерного общества, осуществляющее организационное и техническое обеспечение торгов путем их непосредственного проведения с использованием торговой системы товарной биржи;
      2) клиринговая организация (клиринговый центр) - независимая от товарной биржи организация, обслуживающая товарную биржу на основании заключенного с нею договора, или специально организованное структурное подразделение в составе товарной биржи, и осуществляющая клиринг биржевых сделок, включая определение требований и (или) обязательств сторон по фьючерсным и опционным сделкам, организацию расчетов по ним;
      3) страховой фонд - денежный фонд, формируемый товарной биржей и (или) ее клиринговой организацией за счет обязательных взносов членов товарной биржи в целях обеспечения исполнения заключенных на бирже сделок;
      4) гарантийный фонд - денежный фонд, формируемый товарной биржей за счет собственных средств в целях обеспечения исполнения заключенных на товарной бирже сделок.
      3. В целях принятия мер по снижению рисков неисполнения биржевых сделок:
      1) товарная биржа и (или) ее клиринговая организация создают страховой фонд;
      2) товарная биржа создает гарантийный фонд.
      4. Средства страхового и гарантийного фондов учитываются на отдельных счетах на балансе товарной биржи и (или) ее клирингового центра.

2. Порядок формирования гарантийного фонда

      5. Гарантийный фонд формируется за счет собственных средств товарных бирж и (или) ее членов.
      6. Источниками формирования гарантийного фонда являются деньги, поступившие в качестве оплаты акций товарной биржи и (или) за счет прибыли товарной биржи и других поступлений, не запрещенных законодательством.
      7. Размер гарантийного фонда товарной биржи утверждается Правительством Республики Казахстан.
      8. Отчисления в гарантийный фонд осуществляются товарной биржей и (или) ее членами.

3. Порядок формирования страхового фонда

      9. В случае формирования страхового фонда товарной биржей, он формируется за счет обязательных взносов членов товарной биржи.
      В случае формирования страхового фонда клиринговой организацией, он формируется за счет обязательных взносов членов товарной биржи, имеющих договор на клиринговое обслуживание с клиринговой организацией товарной биржи.
      10. Страховой фонд формируется в денежном виде и должен находиться на текущем счете товарной биржи в виде отдельного неснижаемого остатка. При этом страховой фонд формируется в течение действия лицензии на право осуществления деятельности товарной биржи.
      11. Размер обязательного взноса члена товарной биржи в страховой фонд утверждается Правительством Республики Казахстан.
      12. Средства страхового фонда подлежат возврату членам биржи по их заявлению в случае их выхода из членов биржи и при условии отсутствия у них задолженности перед биржей и (или) клиринговой организацией, а также биржевым сделкам, исполняемым при участии товарной биржи и (или) клиринговой организации.

4. Порядок использования гарантийного и страхового фондов

      13. Гарантийный фонд товарной биржи и страховой фонд товарной биржи и (или) ее клиринговой организации призваны компенсировать риск потери товарной биржей или ее клиринговой организацией ликвидности при неисполнении участниками торгов своих денежных обязательств по заключенным биржевым сделкам.
      14. Средства гарантийного и страхового фондов подлежат использованию в следующем порядке:
      1) в случае реализации тех рисков, для покрытия которых созданы страховой и гарантийный фонды, исполнительным органом биржи (клиринговой организацией) принимается решение об их использовании;
      2) средства фонда могут быть использованы только для покрытия убытков (за исключением упущенной выгоды) пострадавшей стороне по сделке, заключенной на товарной бирже;
      3) объем средств фонда, используемых для покрытия убытков по одной биржевой сделке, не может превышать установленную внутренними положениями товарной биржи (клиринговой организации) величину и, в любом случае, не может превышать совокупные активы данного фонда.

5. Отчетность по гарантийному и страховому фондам

      15. Товарная биржа ежемесячно не позднее седьмого рабочего дня месяца, следующего за отчетным месяцем, представляет на бумажном носителе уполномоченному государственному органу по регулированию деятельности товарных бирж отчет о размере гарантийного и страхового фондов по состоянию на последнюю дату отчетного месяца с приложением к нему банковской выписки, подтверждающей указанные денежные остатки на банковском счете товарной биржи.
      16. Отчет о размере гарантийного и страхового фондов представляется в произвольной форме за подписью первого руководителя товарной биржи (на период его отсутствия – лицом его замещающим) и ее главного бухгалтера с обязательным заверением печатью товарной биржи.