Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Мекешұлы Жақсылықовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1810 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Украина Үкіметі,
2011 жылғы 23 қыркүйектегі Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 6-бабының 4-тармағына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспедегі 10-абзац алынып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағындағы «2012 жылғы 31 желтоқсан» деген сөздер мен сандар «2013 жылғы 30 маусым» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
3) Келісімге 1-қосымшада «7304110009» деген сандар «7304110003» деген сандармен ауыстырылсын, «7304499300» деген сандар «7304499301» деген сандармен ауыстырылсын, «7304499500» деген сандар «7304499501» деген сандармен ауыстырылсын, кестенің екінші бағанына «7304110003» деген сандардан кейін «7304110004» және «7304110008» деген сандар; «7304499301» деген сандардан кейін «7304499309» деген сандар, «7304499501» сандардан кейін «7304499509» деген сандар қосылсын.
4) Келісімге 2-қосымша мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде тауарларды жеткізу көлемі туралы
Тауар 2013 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде:
Беларусь Республикасының аумағына 35 мың тонна көлемінде,
Қазақстан Республикасының аумағына 16 мың тонна көлемінде,
Ресей Федерациясының аумағына 120 мың тонна көлемінде жеткізіледі.».
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.
3-бап
Қазақстан және Украина Тараптары үшін осы Хаттама 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Беларусь Тарапы үшін осы Хаттама 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады. Ресей Тарапы үшін осы Хаттама оған қол қойылған күнінен бастап 15 күн өткен соң уақытша қолданылады.
Беларусь және Ресей Тараптары үшін осы Хаттама Беларусь және Ресей Тараптары Тараптарға осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаларды жіберген күнінен бастап күшіне енеді.
2012 жылғы «___» желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде төрт данада жасалды.
Беларусь Қазақстан Ресей Украина
Республикасының Республикасының Федерациясының Үкіметі
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін үшін