Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1817 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 943 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау саласындағы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Агенттіктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.
10. Толық атауы - «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Агенттік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттік функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Агенттіктің миссиясы:
1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;
2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар, реттелетін нарық субъектілері арасындағы мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу.
15. Міндеттері:
1) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мен бақылау;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарлар мен қызметтерге бағаларды реттеу;
3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
4) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) тұтынушылар мен қызмет берушілер арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету;
5) табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
7) бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу.
16. Агенттіктің функциялары:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
2) өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
3) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
5) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
6) табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы сала шеңберінде реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне талдау жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін әзірлеу;
8) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларымен жасалатын үлгі шарттарды әзірлеу;
9) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеу, бекіту және қолдану;
10) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау және, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
11) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігінің мониторингі;
12) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекіту;
13) белгілі бір қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының және оларды лицензиялау қағидаларының жобаларын әзірлеу;
14) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеу, бекіту және қолдану;
15) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізу;
16) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту;
17) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;
18) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекіту;
19) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;
20) табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту;
21) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
22) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;
23) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту;
24) табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту;
25) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерін бекіту;
26) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізу;
27) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субъектілері және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен үлестес табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестелерін келісу;
28) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен үлестес табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу;
29) табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметасын келісу;
30) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау;
31) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялау;
32) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға төлемақы алу мөлшері мен тетігін келісу;
33) табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісу;
34) тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалту жоспарын келісу;
35) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу әдістемесін келісу;
36) табиғи монополия субъектісінің есепке алу саясатын келісу;
37) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын бекіту;
38) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;
39) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеу;
40) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарт жасасу;
41) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарға жеке тарифтерді бекіту;
42) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін ресми интернет-ресурста жүргізу, орналастыру және он күн сайын жаңартып отыру;
43) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;
44) лицензиялардың тізілімін жүргізу;
45) өз құзыретінің шегінде жұмылдыру жұмыстарын және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
46) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;
47) қуаттылығы аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілерінің инвестициялық бағдарламаларын келісу;
48) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес белгілеу;
49) қосарлас (шунттаушы) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салуды және меншік нысанына қарамастан электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;
50) егер табиғи монополия субъектісінің иелігінен айыратын мүліктің немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берік байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама ұсынатын қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкін иеліктен айыруға және (немесе) оның мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісу;
51) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тасымалдайтын немесе өзіне берілетін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуын келісу;
52) мүлікті жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берік байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайыздан астам болатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуына келісуді;
53) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген өзге де қызметті жүзеге асыруын келісу;
54) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;
55) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің қайта ұйымдастырылуын және таратылуын келісу;
56) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам пайызын сатып алуын келісу;
57) магистральдық темір жол желілерінің операторы магистральдық және станциялық жолдармен кірме жолдарды жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау;
58) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің Қазақстан
Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылау;
59) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу;
60) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану;
61) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда нұсқамалар шығару;
62) лицензиялық бақылау;
63) энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының көзделген талаптарды сақтауын өз құзыреті шегінде бақылау;
64) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеуін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді және мемлекеттік реттеу енгізілген белгіленген бағаларды сақтауын бақылау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу, оның ішінде мемлекет реттейтін бағаларды енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар мен қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
2) монополияға қарсы органға реттелетін нарықтарда қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері анықталғаны туралы ақпаратты немесе материалдарды ұсынады;
3) монополияға қарсы органмен бірлесе отырып, нарық субъектілері Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге қатысады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген
коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан,өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан және жеке тұлғалардан сұратады
және алады;
5) реттелетін нарық субъектісіне:
бағаны көтеруге тыйым салу туралы;
қолданыстағы немесе жобаланған бағаны баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды шығарады;
6) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асырады;
7) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттейді;
8) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарға сәйкес келуіне қоршаған органы қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік пен мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органдарға сауалдар жолдайды;
9) табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда
тұтынушылармен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне арналған шарттарды жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға міндетті нұсқамалар шығарады,
10) табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлікті иеліктен айыру туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
11) реттелетін нарық субъектілерінің «Табиғи монополиялар және
реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелерді орындауы туралы оларға орындауға міндетті нұсқамаларды енгізеді;
12) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық етеді;
13) сотқа жүгінеді;
14) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, қызметтеріне) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) қолданыс мерзімін белгілейді;
15) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық
ысыраптарды төмендету мерзімдерін және шамасын белгілейді;
16) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге төлемақы мөлшерін бекітеді;
17) қалалардың, аудандардың және облыстардың жылу, электр, газ
таратушы желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келіседі;
18) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізеді, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
19) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
20) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрады;
21) тексерулер мен сараптамалар жүргізу үшін басқа да ұйымдардан мамандарды тартады;
22) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
23) прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдайды;
24) өз құзыретінің шегінде табиғи монополиялар салаларындағы
бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарын болдырмау туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша шешімдер қабылдайды;
25) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға береді.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікті басқаруды оның бірінші басшысы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
Агенттіктің бірінші басшысы - Агенттік төрағасы болып табылады.
19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Агенттіктің төрағасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Агенттік төрағасының өкілеттілігі:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы
(аяларындағы) реттеу мен бақылау жөніндегі басым мақсаттарды және
міндеттерді айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына
сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Агенттік туралы ережені бекітуге ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық, үйлестіруді қамтамасыз етеді;
5) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-әрекеттерге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
6) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
7) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік
органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді,
9) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
10) Агенттіктің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады;
11) Агенттік өз құзыретіне байланысты мүдделі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға қол қояды;
12) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде өзінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін
қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Агенттікті басқарудың алқалы органы жеті адамнан тұратын басқарма болып табылады.
Агенттіктің басқармасын Агенттіктің төрағасы басқарады.
Агенттік басқармасының құрамына Агенттіктің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері кіреді.
Агенттік басқармасының Қазақстан Республикасы Үкіметінен мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.
Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:
1) мынадай шешімдер қабылдау:
табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітусіз әдістемелерін бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту;
уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы;
2) бағаларды реттеу мәселелерін қарау:
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды өзгертуге хабарламаларды қарау; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура
бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу мәселелерін қарау;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жолданатын Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау;
Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібі Агенттік регламентінде айқындалады.
Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.
Агенттіктің басқармасы жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Басқарманың шешімдері басқарма мүшелерінің, оның ішінде Агенттіктің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға болуға тиісті жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда басқарма мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады.
Басқарма отырысында қабылданған шешімдер Агенттік басқармасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдерін қабылдауға негіз болып табылады.
Дауыстар тең болған жағдайда басқарма төрағасының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
24. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Агенттік төрағасы басқарады.
4. Агенттіктің мүлкі
25. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ Агенттіктің теңгеріміндегі құны көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.
26. Агенттікте бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттік қайта ұйымдастыру және тарату
28. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.
5.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
13.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.