Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен   
бекітілген       

Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Медициналық қызмет үшін

1

меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


2

мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар (қажет болған жағдайда)

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысы бекіткен тізім


3

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты

ұйым басшысы бекіткен штат кестесі;


осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медицина ұйымының медицина қызметкерлері туралы мәлімет


4

мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі

жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


5

мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін жоғарылатудың басқа түрлері

қайта даярлаудан өткендігі туралы куәліктің немесе біліктілігін жоғарылатудан өткендігі туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


6

жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


7

санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда маманның тиісті сертификаты

біліктілік санатын беретін немесе біліктілік санатын бермейтін маман сертификатының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


Фармацевтикалық қызмет үшін

1

меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариаттық куәландырылған), ұйым басшысы бекіткен үй-жай жоспары


2

нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтары бар автомобиль көлігі

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысы бекіткен тізім


3

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріханаларында дайындалған дәрілік препараттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жай

ұйым басшысы бекіткен үй-жай жоспары


4

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлердің штаты

ұйым басшысы бекіткен штат кестесі;
осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәлімет


5

мәлімделген фармацевтикалық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ұйымдар үшін:
- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының техникалық білімі;
- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің техникалық білімі;
- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарудың технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі;
2) дәрілік препараттарды дайындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындайтын дәріхана) үшін:
- дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
3) дәріханалар үшін:
- дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың басшысында орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандардың жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
4) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:
- дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Дәріханалары жоқ шалғай ауылдық елді мекендерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады;
5) дәріхана қоймасы үшін:
- дәріхана қоймасы басшысының және дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәріхана қоймасы бөлімдері басшыларының және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
6) дәріханалары жоқ шалғай ауылдық елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін:
- жылжымалы дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, фармацевтикалық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


6

мәлімделетін фармацевтикалық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін жоғарылатудың басқа түрлері

қайта даярлаудан өткендігі туралы куәліктің немесе біліктілігін арттырудан өткендігі туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


7

айналысуға үміткер жеке тұлғалар үшін жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, фармацевтикалық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған)


Медициналық және фармацевтикалық
қызметті лицензиялау кезінде  
қойылатын біліктілік талаптарына
1-қосымша            

нысан

Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, аппаратуралар мен құрал-саймандардың, аспаптардың, жиhаздардың, мүкәммалдың, көлік және басқа құралдардың тізімі

________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
(20__жылғы «__» ________ жағдай бойынша)

Р/с №

Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, аппаратуралар мен құрал-саймандардың, аспаптардың, жиhаздардың, мүкәммалдың, көлік және басқа құралдардың (паспорт бойынша) атауы

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Шығарылған жылы, жай-күйі (жұмыс істейді/ жұмыс істемейді)





















Басшы ____________________________
             (қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.
      Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) ________________
                                                     (қолы, Т.А.Ә.)

Медициналық қызметті  
лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптарына  
2-қосымша         

нысан

Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері туралы мәлімет
________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
(20__жылғы «__» ________ жағдай бойынша)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Атқаратын лауазымы

Білімі

Мамандығы бойынша өтілі

Соңғы бес жылдың ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжат

Біліктілік санаты берілмеген немесе біліктілік санаты берілген маман сертификатының болуы

1

2

3

4

5

6

7

      Басшы ____________________________
                 (қолы, Т.А.Ә.)
      М.О.
      Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) ________________
                                                     (қолы, Т.А.Ә.)

Фармацевтикалық қызметті 
лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптарына   
3-қосымша           

нысан

Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының
мамандары туралы мәлімет ________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
(20__жылғы «__» ________ жағдай бойынша)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Атқаратын лауазымы

Білімі, мамандығы

Мамандығы бойынша өтілі

Соңғы бес жылдың ішінде біліктілігін арттыру туралы құжат

1

2

3

4

5

6

      Басшы ____________________________
                 (қолы, Т.А.Ә.)
      М.О.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 71 қаулысына     
1-қосымша       

Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға
лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 71 қаулысына   
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 51-құжат).
      2. «Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 109-құжат).
      3. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 712-құжат).

О некоторых вопросах лицензирования медицинской и фармацевтической деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2013 года № 71. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июля 2015 года № 592

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.07.2015 № 592 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года «О лицензировании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления медицинской и фармацевтической деятельности.
      2. Исключен постановлением Правительства РК от 26.02.2015 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 января 2013 года № 71

Квалификационные требования и перечень документов,
подтверждающих соответствие им, для осуществления медицинской и
фармацевтической деятельности

№ п/п

Квалификационные требования включают наличие:

Документы, подтверждающие квалификационные требования

Примечание

1

2

3

4

Для медицинской деятельности

1

помещения или здания на праве собственности или аренды или доверительного управления государственным имуществом

копии документов, удостоверяющих право собственности или аренды или доверительного управления государственным имуществом на помещение или здание (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


2

медицинского и (или) специального оборудования, аппаратуры и инструментария, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств (при необходимости), согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности

список, утвержденный руководителем организации, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям


3

штата медицинских работников, который подтверждается сведениями о медицинских работниках, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

штатное расписание, утвержденное руководителем организации;


сведения о медицинских работниках медицинской организации по форме согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям


4

соответствующего образования согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности

копия диплома о высшем или среднем медицинском образовании (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


5

специализации или усовершенствования и других видов повышения квалификации за последние 5 лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности

копия удостоверения о прохождении переподготовки или свидетельства о прохождении повышения квалификации (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


6

у физических лиц - стажа работы по специальности не менее 5 лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности

копии документов, подтверждающих трудовую деятельность работника, согласно заявляемым подвидам деятельности в соответствии со статьей 34 Трудового кодекса Республики Казахстан (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


7

соответствующего сертификата специалиста, за исключением специалистов санитарно-эпидемиологического профиля

копия сертификата специалиста с присвоением квалификационной категории или без присвоения категории (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


Для фармацевтической деятельности

1

помещения или здания на праве собственности или аренды или доверительного управления государственным имуществом

копии документов, удостоверяющих право собственности или аренды или доверительного управления государственным имуществом на помещение или здание (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки), план помещения, утвержденный руководителем организации


2

оборудования и мебели, инвентаря, приборов и аппаратуры для обеспечения контроля качества и соблюдения условий производства, изготовления, хранения и реализации лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники в соответствии с нормативными правовыми актами, в том числе типовыми положениями объектов в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, утвержденными Правительством Республики Казахстан; автомобильного транспортного средства с соответствующими шкафами и холодильным оборудованием, обеспечивающими соблюдение условий хранения и реализации лекарственных средств и изделий медицинского назначения для передвижного аптечного пункта для отдаленных сельских местностей

список, утвержденный руководителем организации, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям


3

приемно-экспедиционного помещения для распределения изготовленных лекарственных препаратов структурным подразделениям в аптеках государственных организаций здравоохранения, осуществляющих изготовление лекарственных препаратов

план помещения, утвержденный руководителем организации


4

штата работников, который подтверждается сведениями о специалистах, согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям

штатное расписание, утвержденное руководителем организации; сведения о специалистах организаций здравоохранения, осуществляющих фармацевтическую деятельность, согласно приложению 3 к настоящим квалификационным требованиям


5

соответствующего образования согласно заявляемым подвидам фармацевтической деятельности:
1) для организаций по производству лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники:
- высшего фармацевтического или химико-технологического, химического образования и стажа работы по специальности не менее трех лет у руководителей подразделений, непосредственно занятых на производстве лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, или технического у руководителей подразделений, непосредственно занятых на производстве изделий медицинского назначения и медицинской техники;
- высшего фармацевтического или химического, биологического образования у работников, осуществляющих контроль качества лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, или технического у работников, осуществляющих контроль качества изделий медицинского назначения и медицинской техники;
- технического образования у специалиста по обслуживанию оборудования, используемого в технологическом процессе производства лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники;
2) для субъектов в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, осуществляющих изготовление лекарственных препаратов (далее - аптека, осуществляющая изготовление лекарственных препаратов):
- высшего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет по специальности у руководителя аптекой, осуществляющей изготовление лекарственных препаратов, и ее производственных отделов, а также работников, осуществляющих контроль качества лекарственных препаратов и изделий медицинского назначения;
- высшего или среднего фармацевтического образования у работников, осуществляющих непосредственное изготовление лекарственных препаратов и отпуск изготовленных лекарственных препаратов;
- среднего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет работы у руководителя аптекой и ее производственных отделов при отсутствии специалистов с высшим фармацевтическим образованием в районном центре и сельской местности;
3) для аптек:
- высшего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет у руководителя аптекой или ее отделов;
- среднего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет работы у руководителя аптекой при отсутствии специалистов с высшим фармацевтическим образованием в районном центре и сельской местности;
- высшего или среднего фармацевтического образования у специалистов, осуществляющих реализацию лекарственных средств и изделий медицинского назначения;
4) для аптечного пункта в организациях здравоохранения, оказывающих первичную медико-санитарную, консультативно-диагностическую помощь (далее - аптечный пункт):
- высшего или среднего фармацевтического образования у заведующего аптечным пунктом, а также работников, осуществляющих реализацию лекарственных средств и изделий медицинского назначения. В аптечных пунктах для отдаленных сельских местностей, где отсутствуют аптеки, в случае отсутствия специалистов с фармацевтическим образованием, реализацию лекарственных средств и изделий медицинского назначения осуществляют специалисты с медицинским образованием, аттестованные в порядке, определенном уполномоченным органом в области здравоохранения;
5) для аптечного склада:
- высшего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет у руководителя аптечного склада и работника, осуществляющего реализацию лекарственных средств и изделий медицинского назначения;
- высшего или среднего фармацевтического образования у руководителей отделов аптечного склада и работников, осуществляющих приемку, хранение и отпуск лекарственных средств и изделий медицинского назначения;
6) для передвижного аптечного пункта для отдаленных сельских местностей (далее - передвижной аптечный пункт), где отсутствуют аптеки:
- высшего или среднего фармацевтического образования у заведующего передвижным аптечным пунктом, а также работников, осуществляющих реализацию лекарственных средств и изделий медицинского назначения. В случае отсутствия специалистов с фармацевтическим образованием, реализацию лекарственных средств и изделий медицинского назначения в передвижных аптечных пунктах осуществляют специалисты с медицинским образованием, аттестованные в порядке, определенном уполномоченным органом в области здравоохранения

копия диплома о высшем или среднем фармацевтическом образовании, согласно заявляемым подвидам фармацевтической деятельности, копии документов, подтверждающие трудовую деятельность работника, согласно заявляемым подвидам деятельности в соответствии со статьей 34 Трудового кодекса Республики Казахстан (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


6

специализации или усовершенствования и других видов повышения квалификации за последние 5 лет по заявляемым подвидам фармацевтической деятельности

копия удостоверения о прохождения переподготовки или свидетельства о прохождении повышения квалификации (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


7

для физических лиц, претендующих на занятие фармацевтической деятельностью без образования юридического лица, высшего или среднего фармацевтического образования и стажа работы по специальности не менее трех лет

копия диплома о высшем или среднем фармацевтическом образовании, копии документов, подтверждающих трудовую деятельность работника, согласно заявляемым подвидам деятельности в соответствии со статьей 34 Трудового кодекса Республики Казахстан (нотариально засвидетельствованные в случае непредставления оригинала для сверки)


Приложение 1             
к квалификационным требованиям,  
предъявляемым при лицензировании   
медицинской и фармацевтической деятельности

форма

Список медицинского оборудования медицинского и (или)
специального оборудования, аппаратуры и инструментария,
приборов, мебели,
инвентаря, транспортных и других средств

________________________________________________
(наименование субъекта здравоохранения)
(по состоянию на «__» ______ 20___ года)

№ п/п

Наименование медицинского оборудования медицинского и (или) специального оборудования, аппаратуры и инструментария, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств (по паспорту)

Страна – производитель

Единица измерения

Год выпуска, состояние (рабочее/не рабочее)











Руководитель ____________________________
               (подпись, Ф.И.О.)

      М.П.
      Начальник отдела кадров (специалист по кадрам) ________________
                                                    (подпись, Ф.И.О.)

Приложение 2      
к квалификационным требованиям,
предъявляемым при лицензировании
медицинской деятельности

форма

Сведения о медицинских работниках медицинских организаций
________________________________________________
(наименование субъекта здравоохранения)
(по состоянию на «__» ______ 20___ года)

№ п/п

Фамилия, имя, отчество

Занимаемая должность

Образование

Стаж по специальности

Документ о повышении квалификации за последние пять лет

Наличие сертификата специалиста без присвоения квалификационной категории или с присвоением квалификационной категории

1

2

3

4

5

6

7

Руководитель ____________________________
               (подпись, Ф.И.О.)

      М.П.
      Начальник отдела кадров (специалист по кадрам) ________________
                                                  (подпись, Ф.И.О.)

Приложение 3      
к квалификационным требованиям,
предъявляемым при лицензировании
фармацевтической деятельности

форма

Сведения о специалистах
организаций здравоохранения, осуществляющих
фармацевтическую деятельность

________________________________________________
(наименование субъекта здравоохранения)
(по состоянию на «__» ______ 20___ года)

№ п/п

Фамилия, имя, отчество

Занимаемая должность

Образование, специальность

Стаж по специальности

Документ о повышении квалификации за последние пять лет

1

2

3

4

5

6

Руководитель ____________________________
               (подпись, Ф.И.О.)

      М.П.

Приложение 1       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 31 января 2013 года № 71

Государственные органы, согласующие выдачу лицензии на
осуществление медицинской и фармацевтической деятельности

      Сноска. Приложение 1 исключено постановлением Правительства РК от 26.02.2015 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Приложение 2    
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 31 января 2013 года № 71

Перечень утративших силу
некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2301 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании медицинской и фармацевтической деятельности» (САПП Республики Казахстан, 2010 год, № 4, ст. 51).
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2011 года № 1452 «О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2301 «Об утверждении квалификационных требований и Правил лицензирования медицинской и фармацевтической деятельности и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1894» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 5, ст. 109).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2012 года № 682 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2301 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании медицинской и фармацевтической деятельности» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 52, ст. 712).