"Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 682 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын куәландыратын құжаттармен расталған (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат және көрсетілген үй-жайдың немесе ғимараттың қабаттық жоспары;»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын куәландыратын құжаттармен расталған (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат және көрсетілген үй-жайдың немесе ғимараттың қабаттық жоспары;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады