«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ 434 700,0 тонна көлеміндегі шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ҚО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу 2013 жылы Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне кедендік баж төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындарға не әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген кәсіпорындармен келісім-шарт негізінде шикі қант жеткізушілерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімде бекітілген нысан бойынша рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қант импортын кедендік декларациялау мен одан кедендік баж алуды:
1) кедендік әкелу бажының нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін рұқсаттар негізінде:
2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми хабарланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 170 қаулысына
қосымша
Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*
р/с № |
Қант өндіретін кәсіпорын атауы |
1 |
«Орталық Азия Қант корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
* Кәсіпорындардың тізбесі кәсіпорындарды шикі қант құрағынан қант өндіретін зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылады:
1) кәсіпорынның шикі қант құрағын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
2) шикі қант құрағынан ақ қанттың сериялық өндірісінің болуы;
3) кәсіпорынның алдағы күнтізбелік жылға арналған жобалық қуаты.