Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы N 207-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      Мәскеуде 2009 жылғы 9 маусымда қол қойылған Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев

Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау
ережесі туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді іске асыру мақсатында,
      Тараптардың үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда режимін белгілеу жөніндегі ниетін назарға ала отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Қолданылу саласы

      Осы Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде кеден одағына қатысушы мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге арналған тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - бірыңғай тізбе) енгізілген үшінші елдермен саудадағы тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
      Осы Келісімнің әрекеті экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына, қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ өзге де әскери мақсаттағы өнімнің экспорты мен импортына қолданылмайды.

2-бап
Негізгі ұғымдар

      Осы Келісімде 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 1-бабында айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      "бас лицензия" - Тараптардың шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санда лицензияланатын жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
      "ерекше лицензия" - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
      "бір жолғы лицензия" - мәні лицензияланатын тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмілесі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және осы тауардың белгілі бір сандағы экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
      "рұқсат" - мәні оған қатысты белгілі бір сандағы экспортқа және (немесе) импортқа бақылау белгіленген тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмілесінің негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін рұқсат беру құжаты;
      "өтініш беруші" - лицензияны немесе рұқсатты ресімдеу мақсатында Тарап мемлекеті атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органына құжаттар ұсынатын сыртқы сауда қызметіне қатысушы;
      "лицензияны орындау" - қатысты берілген лицензия негізінде кедендік ресімдеу жүргізілген үшінші елдерден Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтарына тауарларды нақты әкелу немесе тауарларды Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтарынан үшінші елдерге әкету.

3-бап
Лицензиялар беру шарттары және тәртібі

      1. Тараптар мемлекеттерінің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) лицензиялардың мынадай түрлерін береді:
      бір жолғы;
      бас;
      ерекше.
      Уәкілетті органның бас және ерекше лицензияларды беруі Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Бір жолғы лицензияның қолданылу кезеңі ол қолданыла басталған күннен бастап 1 жылдан аса алмайды. Бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісім-шартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
      Оларға қатысты сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылы аяқталады.
      Бас лицензияның қолданылу мерзімі ол қолданыла басталған күнінен бастап бір жылдан аса алмайды, ал оларға қатысты сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін, егер Комиссия шешімінде өзгеше ескертілмесе, квота белгіленген күнтізбелік жылы аяқталады.
      Ерекше лицензияның қолданылу мерзімі әрбір нақты жағдайда Комиссия шешімімен белгіленеді.
      3. лицензияны ресімдеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
      1-қосымшаға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
      Комиссия әзірлеген және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар өтеусіз негізде берілетін бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен жасалған, Комиссия бекіткен форматтағы өтініштің электрондық көшірмесі. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы өтініштің Комиссия бекіткен форматқа қатаң сәйкестіктегі электрондық көшірмесін қалыптастыратын өз бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана алады;
      сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) көшірмесі, қосымшасы және (немесе) оған толықтыру (бір жолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
      салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі;
      егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты бірыңғай кедендік аумақта лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
      егер оның негізінде бұл тауарға лицензиялау енгізілген Комиссия шешімімен айқындалса, өзге де құжаттар.
      Құжаттардың берілген көшірмелерінің әрбір парағы өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуға тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілуге әрі өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуға тиіс.
      Өтініш беруші ұсынған құжаттар уәкілетті органда тіркелуге тиіс.
      Өтініш беруші лицензия бергені үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бажды (лицензиялық алымды) төлегенін растайтын құжатты бергеннен кейін лицензия беріледі.
      4. Комиссия шешімінде көзделген жағдайларда өтініш беруші өтінішті уәкілетті органға ұсынбастан бұрын Комиссия шешімінің негізінде Тарап айқындаған Тарап мемлекетінің атқарушы билігінің тиісті органына келісуге жібереді.
      5. Лицензия беруді немесе оны беруден бас тартуды уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар негізінде құжаттар берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      6. Мыналар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынатын құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
      осы Келісімнің 3 және 5-баптарында көзделген талаптардың сақталмауы;
      лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданылуының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
      оны іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісім-шартты) орындау салдары туындауы мүмкін Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
      квотаның бітуі (лицензиялар квоталанатын тауарларға ресімделген жағдайда).
      Лицензия беруден бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс және өтініш берушіге жазбаша нысанда ұсынылады.
      7. Уәкілетті орган өтініш берушіге берілетін лицензияның түпнұсқасын ресімдейді. Өтініш беруші тауарлар кедендік рәсімделгенге дейін лицензияның түпнұсқасын тиісті кеден органына ұсынады, ол лицензияны бақылауға қою кезінде өтініш берушіге кеден органының бақылауға қою туралы белгісі бар оның көшірмесін береді.
      Лицензияның болмауы Тараптар мемлекеттері кеден органдарының тауарларды кедендік ресімдеуден бас тартуы үшін негіз болып табылады.
      8. Берілген лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      9. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілсе (ұйымдық-құқықтық нысанның, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің паспорттық деректері өзгерсе өтініш беруші өтініш пен көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензия ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
      10. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы:
      өтініш беруші жазбаша өтініш бергенде;
      заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілгенде (ұйымдық-құқықтық нысанның, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің паспорттық деректері өзгергенде;
      лицензия алу мақсатында өтініш беруші ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталғанда;
      оның негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуы тоқтатылғанда немесе тоқтатыла тұрғанда;
      оның негізінде лицензия берілген шартты (келісім-шартты) орындау Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелер бұзғанда;
      егер қызметтің мұндай түрі оларға қатысты лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға арналған лицензия қайтарып алынғанда;
      белгіленген тәртіпті сақтаған кезде берілуге болмайтын лицензияны беруге алып келген лицензияны беру кезінде жіберілген жолсыздықтар анықталғанда;
      лицензияның иесі халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе Тараптар мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамағанда;
      лицензияның иесі осы баптың 12-тармағын орындамағанда.
      Лицензияның қолданылуы уәкілетті орган тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
      Тоқтатыла тұрған лицензияның қолданылуын уәкілетті орган оның қолданылуын тоқтата тұруға әкелген себептерді жойғаннан кейін қайта қалпына келтіруі мүмкін. Бұл ретте лицензияның қолданылуын тоқтата тұру оны ұзарту үшін негіз болып табылмайды.
      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін Комиссия айқындайды.
      11. Лицензия жоғалған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баж (лицензиялық алым) төленгеннен кейін түпнұсқаға ұқсас ресімделген және "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
      Лицензияны жоғалтудың себептері мен жағдаяттары түсіндірілетін өтініш еркін нысанда жасалады.
      Лицензияның телнұсқасын уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде береді.
      12. Бас және ерекше лицензиялардың иелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін уәкілетті органға лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынуға міндетті.
      Бір жолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті.
      13. Тарап мемлекетінің тиісті кеден органы лицензияны бақылаудан алған кезде өтініш берушіге оның жазбаша өтініші негізінде 5 жұмыс күні ішінде лицензияны орындау туралы анықтама береді. Анықтама беру нысаны мен тәртібін Комиссия айқындайды.

4-бап
Рұқсаттар беру шарттары мен тәртібі

      1. Рұқсаттар барлық өтініш берушілерге шектеусіз беріледі.
      2. Рұқсаттың жобасын және рұқсатты ресімдеу 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған рұқсат жобасын ресімдеу және осындай рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға Комиссия әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен жасалған, Комиссия бекіткен нысандағы және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға өтеусіз негізде берілетін рұқсаттың жобасын қағаз жеткізгіште және рұқсат жобасының электрондық көшірмесін 1 данада береді. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы Комиссия бекіткен форматқа қатаң сәйкестікте рұқсат жобасының электрондық көшірмесін қалыптастыратын өз бағдарламалық қамтамасыз етуні пайдалана алады.
      Рұқсат алу үшін рұқсаттың жобасы мен оның электрондық көшірмесінен басқа, өзге де құжаттарды беруді талап етуге жол берілмейді.
      4. Рұқсат жобасын берген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.
      5. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
      6. Берілген рұқсатқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      7. Уәкілетті орган өтініш берушіге немесе оны алуға өкілеттіктерді жазбаша растауы бар оның өкіліне берілетін рұқсаттың түпнұсқасын ресімдейді. Өтініш беруші тауарларды кедендік ресімдегенге дейін рұқсатты бақылауға қою кезінде өтініш берушіге бақылауға қою туралы кеден органының белгісі бар оның көшірмесін беретін тиісті кеден органына рұқсаттың түпнұсқасын береді.
      8. Берілген рұқсаттар басқа өтініш берушілерге қайта ресімдеуге жатпайды.
      9. Берілген рұқсат жоғалған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша түпнұсқаға ұқсас ресімделетін және "Телнұсқа" деген жазуы бар рұқсаттың телнұсқасын бере алады. Бұл ретте өтініште рұқсатты жоғалтудың себептері мен жағдаяттары түсіндірілуі тиіс. Өтініш еркін нысанда жасалады.
      10. Қадағалау енгізілген экспортқа және (немесе) импортқа қатысты тауарларды кедендік ресімдеу кезінде өтініш беруші кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттардан басқа, кеден органдарына рұқсаттың түпнұсқасын көрсетеді.
       Рұқсаттың болмауы кеден органдарының тауарларды кедендік ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

5-бап
Жалпы ережелер

      1. Өтінішті қарау, лицензия беру және лицензияның бар екенін құжатты қайта ресімдеу үшін уәкілетті орган Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баж (лицензиялық алым) алады. Мемлекеттік баж мөлшері көрсетілетін қызметтердің құнына сәйкес келуі тиіс.
      2. Лицензиялар мен рұқсаттар оларға қатысты лицензиялау немесе қадағалау енгізілген Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін әрбір тауарға беріледі.
      3. Лицензиялар мен рұқсаттарға қол қою құқығы берілген уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары қолдарының үлгілері, сондай-ақ уәкілетті органдардың мөрлері бедерлерінің үлгілері Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарына хабарлау үшін Комиссияға жіберіледі.
      4. Лицензияны немесе рұқсатты ресімдеу үшін берілген құжаттар, сондай-ақ лицензияның орындалуын растайтын құжаттар лицензияның немесе рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін не лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейін 3 жыл ішінде уәкілетті органдарда сақталуға тиіс.
      Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін құжаттар лицензия немесе рұқсат берілген Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады.
      5. Уәкілетті органдар берілген лицензиялар мен рұқсаттар туралы дерекқор жүргізуді жүзеге асырады және көрсетілген ақпаратты Комиссия белгілеген тәртіппен және мерзімде Комиссияға береді. Комиссия Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарына берілген лицензиялар туралы деректерді береді.
      6. Комиссияға үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шараларын, тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық мүдделерін ескере отырып енгізілетін шараларды, сондай-ақ тауарлардың сыртқы саудасына тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану жөніндегі тиісті өкілеттіктер берілген күннен бастап Комиссияға осы Келісімге 1 және 2-қосымшаларда көзделген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру және лицензияны ресімдеу туралы өтінішті ресімдеу туралы нұсқаулыққа және тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат жобасын ресімдеу және осындай рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізуге құқық беріледі.

6-бап
Дауларды шешу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар келіссөздер және консультациялар жүргізу жолымен шешіледі.
      2. Егер дау бір Тараптың екінші Тарапқа жіберген оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші күнінен бастап 6 айдың ішінде консультациялар мен келіссөздер жолымен реттелмейтін болса, онда оны шешу тәсіліне қатысты Тараптардың арасында өзге уағдаластық болмаған жағдайда Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына береді.

7-бап
Өзгерістер

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

8-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамада айқындалады.
      2009 жылғы 9 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір  түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы оның депозитарийі болып табыла отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Комиссияда сақталады.

      Беларусь            Қазақстан                 Ресей
  Республикасының      Республикасының          Федерациясының
   Үкіметі үшін          Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

Тауарлардың сыртқы саудасы
саласындағы лицензиялау 
ережесі туралы келісімге 
N 1-ҚОСЫМША      

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және осындай
лицензияны ресімдеу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензия беру туралы өтінішті (бұдан әрі тиісінше - өтініш, лицензия) ресімдеу және Тараптар мемлекеттері атқарушы билігінің уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) беретін лицензияны ресімдеу тәртібін айқындайды.
      2. Жекелеген деректемелерге кодталған ақпаратты енгізген кезде кодтарды көрсету үшін кедендік ресімдеу мақсаты үшін пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпараттың жіктеуіштері (бұдан әрі - жіктеуіштер) қолданылады.
      3. Осы нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген ақпарат кодтары аралары "|" (тік сызық) белгімен бөлінген деректеме алаңының оң жақ жоғары бұрышында орналасуға тиіс.

Өтінішті ресімдеу тәртібі

      4. Өтінішті өтініш беруші қағаз жеткізгіште ресімдейді және осы нұсқаулыққа N 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баспа құрылғыда толтырылады.
      5. Өтініштің деректемелері мынадай түрде толтырылады:
      1-деректеме. " N өтініш".
      Өтініштің нөмірі 13 белгіден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
      1 және 2-белгілер - өтінішті тіркеген кеден одағына мүше мемлекеттің (Беларусь Республикасы - ВҮ, Қазақстан Республикасы - KZ, Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
      3 және 4-белгілер - жылдың соңғы 2 саны;
      5 - 7-белгілер - өтінішті тіркеуші уәкілетті орган мөрінің (кодының) нөмірі;
      8 - 13-белгілер — өтінішке өсу тәртібімен алты таңбалы тіркеу нөмірін беру жолымен арнайы журналда уәкілетті орган беретін өтініштің реттік нөмірі. Деректемені өтінішті тіркейтін уәкілетті орган толтырады;
      2-деректеме. "Қолданылу кезеңі".
      Өтініш беруші сұрау салған мынадай түрде ресімделетін лицензияның қолданылу кезеңі көрсетіледі:
      ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне,
      ЖЖЖЖ - жылы;
      КК - күні;
      АА - айы.
      Символдар бір-бірінен нүктелер арқылы ажыратылады (мысалы, 2008.01.01-ден бастап 2008.31.12 кезеңіне);
      3-деректеме. "Лицензияның типі".
      Сұралатын лицензия типі үшін лицензияның түрі және тауарды тасымалдау бағыты көрсетіледі мұнда:
      а) лицензия түрі (деректеменің сол жақ бөлігі):
      бас - бас лицензияны ресімдеу үшін;
      бір жолғы - бір жолғы лицензияны ресімдеу үшін;
      айрықша - айрықша лицензияны ресімдеу үшін;
      б) тауарды тасымалдау бағыты (деректеменің оң жақ бөлігі):
      экспорт - экспорттық лицензияны ресімдеу үшін;
      импорт - импорттық лицензияны ресімдеу үшін.
      Деректеменің сол және оң жақ бөліктері бір-бірінен "|" (тік сызық) белгімен бөлінеді.
      4-деректеме. "Келісім-шарт".
      Келісім-шарттың (шарттың) нөмірі, оған қол қойылған күн көрсетіледі.
      Күні осы бөлімнің 2-деректемесінде көзделген талаптарға сәйкес көрсетіледі.
      Өтінішті бас және айрықша лицензияларға ресімдеген жағдайда 4-деректеме толтырылмайды;
      5-деректеме. "Өтініш беруші".
      Өтініш беруші туралы мәлімет көрсетіледі:
      заңды тұлғалар үшін - толық ресми атауы және заңды мекенжайы. Оң жақ жоғары бұрышында салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
      дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты және паспорттық деректері (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді, тұрғылықты жері). Оң жақ жоғары бұрышында салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
      6-деректеме.
      "Сатып алушы" - экспорттық лицензияны ресімдеу үшін.
      "Сатушы" - импорттық лицензияны ресімдеу үшін.
      Шартта (келісім-шартта) көрсетілген тауарға құқық беруді көздейтін шарт (келісім-шарт) бойынша өтініш берушінің контрагенті болып табылатын шетелдік әріптестің толық ресми атауы және толық мекенжайы көрсетіледі.
      Бұл ретте сатып алушы ретінде өтініш берушіден тауарға құқық алатын шетелдік әріптес, ал сатушы ретінде өтініш берушіге осындай құқықтар беретін шетелдік әріптес көрсетіледі.
      Бас және айрықша лицензияларды ресімдеген жағдайда "келісім-шарт(тар) (шарт(тар) талаптарына сәйкес" деген жазба жасалады;
      7-деректеме.
      "Тағайындалған елі" - экспорттық лицензияны ресімдеу үшін.
      "Жөнелтуші ел" - импорттық лицензияны ресімдеу үшін.
      "Әлем елдері және аумақтар" деген жіктеуішке сәйкес тағайындалған елдің (экспорт кезінде) және жөнелтуші елдің (импорт кезінде) атауы және елдің 2 альфа коды көрсетіледі.
      Егер келісім-шартта (шартта) бірнеше тағайындалған (жөнелтілетін) ел көзделген немесе бас және айрықша лицензияларды ресімдеген жағдайда "Келісім-шарт (шарт) талаптарына сәйкес" жазба жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді. Егер бұл бірнеше елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын болса "ЕО елдері" деп жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді.
      8-деректеме.
      "Сатып алушының елі" - экспорттық лицензияны ресімдеу үшін.
      "Сатушының елі" - импорттық лицензияны ресімдеу үшін.
      "Әлем елдері және аумақтар" деген жіктеуішке сәйкес сатып алушы (сатушы) елдің атауы және елдің 2 альфа коды көрсетіледі.
      Бас және айрықша лицензияларды ресімдеген жағдайда "Келісім-шарт (тар) (шарт (тар)) талаптарына сәйкес" деген жазба жасалады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді;
      9-деректеме. "Келісім-шарт валютасы".
      "Әлем валютасы" жіктеуішіне сәйкес келісім-шарт (шарт) валютасының қысқаша атауы және оның коды көрсетіледі.
      Бас немесе айрықша лицензияларды ресімдеген жағдайда "Келісім-шарт (тар) (шарт (тар) талаптарына сәйкес" деген жазба жасалады және валюта коды көрсетілмейді;
      10-деректеме. "Құны".
      Тауардың келісім-шарт (шарт) валютасындағы құны көрсетіледі.
      Егер құны бөлшек бірліктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелері бойынша толық шамаға дейін дөңгелектенеді.
      Бас және айрықша лицензияларды ресімдеген жағдайда құны көрсетілмейді;
      11-деректеме. "Статистикалық құны".
      Тауардың құны шартқа (келісім-шартқа) сәйкес АҚШ долларымен көрсетіледі.
      АҚШ долларынан ерекшеленетін валютада көрсетілген тауардың құнын АҚШ долларына қайта есептеу валюта тепе-теңдігіне сәйкес жүргізіледі (келісім-шартта көрсетілген валютаның Тараптардың Ұлттық банкі келісім-шартқа (шартқа) қол қойған күні белгілеген бағам бойынша АҚШ долларына құндық ара қатынасы).
      Егер құны бөлшек бірліктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелері бойынша толық шамаға дейін дөңгелектенеді;
      Бас және айрықша лицензиялар үшін болжамды құны көрсетіледі;
      12-деректеме. "Шығарылған елі".
      "Әлем елдері және аумақтар" жіктеуішіне сәйкес шығарылған елінің атауы және елдің 2 альфа коды көрсетіледі.
      Егер келісім-шартта (шартта) бірнеше шығарылған елі көзделген немесе бас және айрықша лицензиялар ресімделген жағдайда "Келісім-шарт (шарт) талаптарына сәйкес" жазба жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді. Егер бұл бірнеше елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын болса "ЕО елдері" деп жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді.
      Шығарылған елі ретінде тауар толығымен шығарылған немесе жеткілікті түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел түсініледі;
      13-деректеме. "Саны".
      14-деректемеде көзделген тауардың саны өлшем бірліктермен көрсетіледі (салмақтық бірліктер үшін - таза салмағы).
      Таза салмағы ретінде техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен басқа да заңнамалық актілерге сәйкес айқындалатын тауардың орамсыз салмағы түсініледі.
      14-деректеме. "Өлшем бірлігі".
      "Өлшем бірлігі" жіктеуішіне сәйкес Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына (СЭҚ БТН) сәйкес тауардың өлшем бірлігінің (негізгі және қосымша) қысқартылған атауы көрсетіледі.
      2 өлшем бірлігі болған кезде тауар санын көрсету - жолма жол.
      15-деректеме. "СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы".
      СЭҚ БТН-ға сәйкес тауардың және оның кодының сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың сипаттамасы тауарды СЭҚ БТН бойынша бір 10 таңбалы жіктеуіштік кодқа сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс. Тауардың сипаттамасы оның атауын (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атауын) қамтуға тиіс.
      Егер барлық ақпарат 15-деректеменің жолына сыймайтын болса, оның бөлігі 16-деректеменің жолына ауыстырылуы мүмкін;
      Егер өтінішке осы нұсқаулыққа N 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша қоса берілетін болса 15-деректеменің жолында тауарды СЭҚ БТН бойынша бір 10 таңбалы жіктеуіштік кодқа сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауардың сипаттамасы көрсетіледі және мынадай жазба жасалады "(... парақ қосымшаны қараңыз)";
      16-деректеме. "Қосымша ақпарат".
      Қажеттілігіне қарай пайдаланылады. Бұл деректеменің жолына 7, 8, 12, 13 және 14-деректемелерді нақтылау және ашып көрсету қажеттілігіне байланысты мәліметтер, сондай-ақ өтінішті ресімдеген күні қол қойылған келісім-шартқа (шартқа) енгізілген барлық өзгерістердің нөмірлері мен күндері жазылуы мүмкін;
      17-деректеме. "Лицензия беру үшін негіздеме".
      Мыналар көрсетіледі:
      Комиссия шешімдерінің нөмірлері мен күндері, лицензия беру үшін (мұндай шешімдер қабылданған жағдайда) негіздеме болып табылатын Тараптардың немесе уәкілетті халықаралық органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нөмірлері мен күндері;
      өтініш беруші мен өндіруші немесе егер өтініш беруші ретінде делдал қатысатын болса тауарды тұтынушы арасындағы келісім-шарттардың (шарттардың) нөмірлері мен күндері;
      квота бөлуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні (квоталанатын тауарға лицензия ресімделген жағдайда);
      18-деректеме. "Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы".
      5-деректемеде көзделген өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен өтініш ресімдеген күн көрсетіледі.

Лицензияны ресімдеу тәртібі

      6. Уәкілетті органдар кеден одағы комиссиясы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, қолдан жасаудан арнайы қорғалған қағазда осы нұсқаулыққа N 3 қосымшаға сәйкес лицензияны бір ізге түсірілген нысан бойынша ресімдейді.
      Бұл ретте лицензияның деректемелері мынадай түрде толтырылады:
      1-деректеме. " N лицензия".
      Лицензияның нөмірі көрсетіледі.
      Нөмір 16 белгіден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
      1 - 3-белгілер - оның негізінде өтінішті ресімдеу тәртібі айқындалатын тауар тізімінің (санатының) нөмірі;
      4 және 5-белгілер - өтінішті тіркейтін кеден одағына мүше мемлекеттің (Беларусь Республикасы - ВҮ, Қазақстан Республикасы - КZ, Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
      6 және 7-белгілер - жылдың соңғы 2 саны;
      8 - 10-белгілер - өтінішті тіркеуші уәкілетті орган мөрінің (кодының) нөмірі;
      11 - 16-белгілер - өтініштерді арнайы тіркеу журналында уәкілетті орган берген өтініштің реттік нөмірі;
      2-деректеме. "Қолданылу кезеңі".
      Лицензияның қолдану кезеңі көрсетіледі (осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 2-деректемесіне ұқсас толтырылады);
      3-деректеме. "Лицензияның типі".
      Лицензия түрі және тауарды тасымалдау бағыты көрсетіледі (деректеме осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 3-деректемесіне ұқсас толтырылады);
      4 - 14 және 16-деректемелер осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 4-14 және 16-деректемелеріне ұқсас толтырылады.
      15-деректеме. "СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы".
      Тауардың сипаттамасы және оның СЭҚ БТН-ға сәйкес коды көрсетіледі (деректеме осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 15-деректемесіне ұқсас толтырылады);
      Егер лицензияға осы нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша қоса берілетін болса 15-деректеменің жолында тауарды СЭҚ БТН бойынша бір 10 таңбалы жіктеуіштік кодқа сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауардың сипаттамасы көрсетіледі және мынадай жазба жасалады "(... парақ қосымшаны қараңыз)";
      17-деректеме. "Лицензия беру үшін негіздеме".
      Мыналар көрсетіледі:
      комиссия шешімдерінің нөмірлері мен күндері, лицензия беру үшін (мұндай шешімдер қабылданған жағдайда) негіздеме болып табылатын Тараптардың немесе уәкілетті халықаралық органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нөмірлері мен күндері;
      өтініш беруші мен өндіруші немесе егер өтініш беруші ретінде делдал қатысатын болса тауарды тұтынушы арасындағы келісім-шарттардың (шарттардың) нөмірлері мен күндері;
      квота бөлуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні (квоталанатын тауарға лицензия ресімделген жағдайда);
      лицензия беруді негіздейтін басқа қажетті ақпарат;
      18-деректеме. "Уәкілетті тұлға".
      Лицензияға қол қоюға өкілеттік берілген уәкілетті органның лауазымды тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен қол қойған күні көрсетіледі.
      7. Қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында лицензия бланкісінің төменгі жағына толтырылған бағандардан тысқары жерге лицензияның негізгі деректемелерінде көзделген деректерді қамтитын штрих код орналасуы мүмкін.

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны 
ресімдеу туралы нұсқаулыққа       
N 1 ҚОСЫМША               

(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру
туралы өтініш

1.N өтініш

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне |

3. Лицензияның типі

|ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
           жылғы ____ N ___

5. Өтініш беруші|

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі|

8. Сатып алушының елі|

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі    Күні

(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру
туралы өтініш

1.N өтініш

2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне |

3. Лицензияның типі
          | ИМПОРТ

4. Келісім-шарт
           жылғы ____ N ___

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жөнелту елі

8. Сатушының елі

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығыралған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы

Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі    Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны  
ресімдеу туралы нұсқаулыққа      
2-қосымша               

(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе
импортына лицензия беру туралы өтінішке қосымша

жылғы N лицензияға қосымша

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ N     парақ

18. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөрі    Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы 
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны  
ресімдеу туралы нұсқаулыққа        
3-қосымша                 

(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1.N лицензия

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне|

3. Лицензияның типі
          |ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
           жылғы ____ N ___

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі |

8. Сатып алушының елі |

9 Келісім-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15 СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16 Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөрі    Күні

(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1.N өтініш

2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне |

3. Лицензияның типі
           | ИМПОРТ

4. Келісім-шарт
           жылғы ____ N ___

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелтуші ел |

8. Сатушының елі |

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөрі    Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны  
ресімдеу туралы нұсқаулыққа     
4-қосымша              

(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензияға қосымша

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы N лицензияға қосымша

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


Барлығы парақ N   парақ

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Қолы және мөрі    Күні

Тауарлармен сыртқы сауда  
саласындағы лицензиялау ережесі
туралы келісімге      
N 2 қосымша        

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына рұқсат жобасын ресімдеу және осы рұқсатты
ресімдеу туралы нұсқаулық

      1. Осы нұсқаулық тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат жобасын ресімдеу және Тараптар мемлекеттері атқарушы билігінің уәкілетті органдары беретін осы рұқсатты (бұдан әрі тиісінше - рұқсат, уәкілетті органдар) ресімдеу тәртібін айқындайды.
      2. Кодталған ақпаратты жекелеген деректемелерге енгізген кезде кодтарды көрсету үшін кедендік ресімдеу мақсаты үшін пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпараттың жіктеуіші (бұдан әрі - жіктеуіштер) қолданылады.
      3. Осы нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген ақпарат кодтары аралары "|" (тік сызық) белгімен бөлінген деректеме алаңының оң жақ жоғары бұрышында орналасуға тиіс.
      4. Рұқсат жобасын өтініш беруші қағаз жеткізгіште ресімдейді, осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша баспа құрылғыда толтырылады.
      5. Уәкілетті органдар Кеден одағының комиссиясы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, рұқсатты осы нұсқаулыққа қосымшада көзделген нысан бойынша қолдан жасаудан қорғалған арнайы қағазда ресімдейді.
      6. Рұқсаттың деректемелері мынадай түрде толтырылады:
      1-деректеме. "N рұқсат".
      Рұқсаттың нөмірі 12 белгіден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
      1 және 2-белгілер - өтінішті тіркеген кеден одағына мүше мемлекеттің (Беларусь Республикасы - ВҮ, Қазақстан Республикасы - КZ,, Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
      3 және 4-белгілер жылдың соңғы 2 саны;
      5 - 7-белгілер рұқсатты тіркеуші уәкілетті орган мөрінің (кодының) нөмірі;
      8 - 12-белгілер рұқсатқа өсу тәртібімен 5 таңбалы тіркеу нөмірін беру жолымен арнайы журналда уәкілетті орган берген рұқсаттың реттік нөмірі.
      Рұқсаттың нөмірін күнтізбелік жылдың басынан бастап өсу тәртібімен 5 таңбалы тіркеу нөмірін беру жолымен арнайы журналда рұқсат жобасын тіркегеннен кейін уәкілетті орган толтырады (мысалы, 00001);
      2-деректеме. "Қолданылу кезеңі".
      Өтініш беруші сұрау салған, мынадай түрде ресімделетін рұқсаттың қолданылу кезеңі көрсетіледі:
      ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне,
      мұнда:
      ЖЖЖЖ - жылы;
      КК - күні;
      АА - айы.
      Символдар бір-бірінен нүктелер арқылы ажыратылады (мысалы, 2008.01.01-дан бастап 2008.31.12 кезеңіне);
      3-деректеме. "Рұқсаттың типі".
      Тауардың орнын ауыстыру бағыты көрсетіледі:
      ЭКСПОРТ - тауардың экспортына рұқсатты ресімдеу үшін;
      ИМПОРТ - тауардың импортына рұқсатты ресімдеу үшін;
      4-деректеме. "Келісім-шарт".
      Келісім-шарттың (шарттың) нөмірі және оған қол қойылған күн көрсетіледі.
      Күні 2-деректемеде көзделген талаптарға сәйкес көрсетіледі.
      5-деректеме. "Өтініш беруші".
      Өтініш беруші туралы мәліметтер көрсетіледі:
      заңды тұлғалар үшін - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы. Оң жақ жоғары бұрышында салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) көрсетіледі;
      дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, паспорттық деректері (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді, тұрғылықты жері). Оң жақ жоғары бұрышында ССН көрсетіледі;
      6-деректеме.
      "Сатып алушы" - экспорттық рұқсатты ресімдеу үшін;
      "Сатушы" - импорттық рұқсатты ресімдеу үшін.
      Шарттың (келісім-шарттың) тілін сақтай отырып, шартта (келісім-шартта) көрсетілген тауарға арналған құқықтарды беруді көздейтін шарт (келісім-шарт) бойынша өтініш берушінің контрагенті болып табылатын шетелдік әріптестің толық ресми атауы және толық мекен-жайы көрсетіледі.
      Бұл ретте "Сатып алушы" ретінде өтініш берушіден тауарға құқық алатын "Сатушы" ретінде өтініш берушіге осындай құқық беретін шетелдік әріптес көрсетіледі;
      7-деректеме.
      "Тағайындалған елі" - экспорттық рұқсатты ресімдеу үшін;
      "Жөнелтуші ел" - импорттық рұқсатты ресімдеу үшін.
      "Әлем елдері және аумақтар" деген анықтамалыққа сәйкес тағайындалған (экспорттау кезінде) немесе жөнелтуші елдің (импорттау кезінде) атауы  және елдің 2 альфа коды көрсетіледі.
      Егер келісім-шартта (шартта) бірнеше тағайындалған (жіберуші) ел көзделген болса "Келісім-шарттар (шарттар) талаптарына сәйкес" деген жазба жазылады, елдің 2 альфа коды көрсетілмейді. Егер бұл бірнеше елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын болса "ЕО елдері" деп жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді;
      8-деректеме.
      "Сатып алушының елі" - экспорттық рұқсатты ресімдеу үшін.
      "Сатушының елі" - импорттық рұқсатты ресімдеу үшін.
      Жіктеуішке сәйкес сатып алушы (сатушы) елдің атауы мен елдің альфа 2 коды көрсетіледі;
      9-деректеме. "Келісім-шарт валютасы".
      Валюта жіктеуішіне сәйкес келісім-шарт (шарт) валютасының қысқаша атауы және оның коды көрсетіледі;
      10-деректеме. "Құны".
      Тауардың келісім-шарт (шарт) валютасындағы тауардың құны
көрсетіледі.
      Егер құны бөлшек бірліктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелері бойынша толық шамаға дейін дөңгелектенеді;
      11-деректеме. "Статистикалық құны"
      Тауардың құны шартқа (келісім-шартқа) сәйкес АҚШ долларымен көрсетіледі.
      АҚШ долларынан ерекшеленетін валютада көрсетілген тауардың құнын АҚШ долларына қайта есептеу валюта тепе-теңдігіне сәйкес жүргізіледі (келісім-шартта көрсетілген валютаның Тараптар мемлекетінің Ұлттық банкі келісім-шартқа (шартқа) қол қойылған күні белгілеген бағам бойынша АҚШ долларына құндық ара қатынасы).
      Егер құны бөлшек бірліктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелері бойынша толық шамаға дейін дөңгелектенеді;
      12-деректеме. "Шығарылған елі".
      "Әлем елдері және аумақтар" деген анықтамалыққа сәйкес шығарылған елінің атауы және елдің 2 альфа коды көрсетіледі.
      Егер келісім-шартта (шартта) бірнеше шығарылған елі көзделген болса "Келісім-шарт (шарт) талаптарына сәйкес" жазба жазылады, елдің 2 альфа коды көрсетілмейді. Егер бұл бірнеше елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын болса "ЕО елдері" деп жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді.
      Шығарылған елі ретінде тауар толығымен шығарылған немесе жеткілікті түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел түсініледі;
      13-деректеме. "Саны".
      14-деректемеде көзделген тауардың саны өлшем бірліктермен көрсетіледі (салмақтық бірліктер үшін - таза салмағы).
      Таза салмағы ретінде техникалық регламенттерге және/немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен басқа да заңнамалық актілерге сәйкес айқындалатын тауардың орамсыз салмағы түсініледі;
      14-деректеме. "Өлшем бірлігі".
      Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына (СЭҚ БТН) сәйкес тауардың өлшем бірлігінің (негізгі және қосымша) қысқаша атауы көрсетіледі.
      2 өлшем бірлігі болған кезде тауар санын көрсету - жолма жол;
      15-деректеме. "СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы".
      СЭҚ БТН-ға сәйкес тауардың және оның кодының сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың сипаттамасы тауарды СЭҚ БТН бойынша бір 10 таңбалы жіктеуіштік кодқа сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс. Тауардың сипаттамасы оның атауын (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атауын) қамтуға тиіс.
      Егер барлық ақпарат 15-деректеменің жолына сыймайтын болса, оның бір бөлігі 16-деректеменің жолына ауыстырылуы мүмкін;
      16-деректеме. "Қосымша ақпарат".
      Қажеттілігіне қарай пайдаланылады. Бұл деректеменің жолына 7, 8, 12, 13 және 14-деректемелерді нақтылау және ашып көрсету қажеттілігіне байланысты мәліметтер енгізіледі, сондай-ақ рұқсат жобасын ресімдеген сәтте қол қойылған келісім-шартқа (шартқа) енгізілген барлық өзгерістердің нөмірлері мен күндері енгізіледі;
      17-деректеме. "Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы".
      5-деректемеде көрсетілген өтініш берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен рұқсат жобасын ресімдеу күні көрсетіледі.
      Рұқсатты ресімдеу кезінде өтініш беруші уәкілетті тұлғасының тегі, аты-жөні, лауазымы, рұқсат жобасын ресімдеу күні көрсетіледі, сондай-ақ "қолы және мөрі бар" деп жазылады.
      18-деректеме. "Уәкілетті тұлға".
      Уәкілетті органның рұқсатқа қол қоюға өкілеттік берілген лауазымды тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен қол қойған күні көрсетіледі.
      7. Қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында лицензия бланкісінің астында толтырылған бағандардан тысқары жерде лицензиялардың негізгі деректемелерінде көрсетілген деректерден тұратын штрих код орналасуы мүмкін.

Тауарлардың жекелеген түрлерінің 
экспортына және (немесе) импортына
рұқсат жобасын ресімдеу және осындай
рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа
ҚОСЫМША             

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына рұқсаттың
жобасы және оларды экспорттауға рұқсат

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1.N рұқсат

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне |

3. Рұқсаттың типі
         |ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
           жылғы ____ N ___

5. Өтініш беруші

6. Сатып алушы

7 Тағайындалған елі |

8. Сатып алушының елі |

9 Келісім-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12 Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16 Қосымша ақпарат

17. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі    Күні

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
 
 
 
 
Қолы және мөрі    Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына рұқсаттың жобасы
оларды импорттауға рұқсат

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1.N рұқсат

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне |

3. Рұқсаттың типі
         | ИМПОРТ

4. Келісім-шарт
           жылғы ____ N ___

5. Өтініш беруші|

6. Сатушы

7. Жөнелтуші ел |

8. Сатушының елі |

9. Келісім-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12 Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Тауардың СЭҚ ЕТН және оның сипаты бойынша коды |

16 Қосымша ақпарат

17. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефон
Қолы және мөрі    Күні

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
 
 
 
 
Қолы және мөрі    Күні

      2009 жылғы 9 маусымда Мәскеу қаласында қол қойылған Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімнің мемлекеттік тілдегі аудармасы дұрыс екендігін растаймын.

      Әкімшілік департаменті
      Мемлекеттік тілді дамыту
      басқармасының бастығы                          Ж. Жұмбергенов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады