Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы № Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ.
1.1. Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйін талдау
1.2. Туризм саласын дамыту аясындағы мемлекеттік қолдаудың озық әлемдік тәжірибесін талдау
1.3. Нарықтың ұзақ мерзімді негізгі үрдістерін талдау және олардың Қазақстандағы сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамытуға әсері
1.4. Қазақстанда туризм индустриясын дамытудың күшті және осал тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау
1.5. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық негіздемесі және пайымы
1.6. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың мақсаттары, міндеттері, кезеңдері және күтілетін нәтижелері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Туристік кластерлер
2.2. Туристік өнімдер
2.3. Туристік жобалар
2.4. Инфрақұрылым
2.5. Туристік саланы одан әрі дамыту жөніндегі шаралар
2.6. Институционалдық құрылым
2.7. Имидждік стратегия
2.8. Жылдам әсер шаралары
ҚОСЫМША
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тұжырымдама халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы туристік саласының қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жасау негізінде әзірленді және туризмді дамытудың стратегиялық пайымын, республиканың туристік саласын 2020 жылға дейінгі дамытудың негізгі қағидаттарын қамтиды, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін айқындайды.
2020 жылға дейін инвестицияларға қажеттілік шамамен 9 785, 3 млн. АҚШ долларын, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 4 367,7 АҚШ долларын құрайды. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін нақты қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2015–2020 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу сатысында мемлекеттік бюджет мүмкіндіктеріне қарай айқындалады. Тиісінше нысаналы индикаторлар түзетілетін болады.
Жүргізілген талдау нәтижесінде туристік нарықты дамытудың ұзақ мерзімді үрдістері, туризм түрлері, туристерді қабылдауға әзірлік және туристік тартымдылық деңгейі бойынша бөле отырып, негізгі туристік кластерлер, өнімдер мен объектілер айқындалды.
Тұжырымдама инфрақұрылым құру және жетілдіру, туристік бағыт ретінде оның тартымдылығын жоғарылату үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыру жолымен туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталған.
Тұжырымдама шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасының туризмін, Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын дамытудың жүйелі жоспарларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер–жоспарына сәйкес ұлттық деңгейде іске асыруға ұсынылатын ірі жобалар тізбесі қалыптасты.
Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе мен сала қажеттіліктері негізінде мемлекеттік реттеу мен ұлттық туристік өнімді ілгерілетудің тұжырымдамалық үлгісі айқындалды.
Сырттан келушілер туризмін дамыту үшін елдің тартымдылық деңгейін арттыру, инвесторларды тарту және туризм саласындағы ұлттық статистика жүйесін жақсарту, сондай-ақ, республиканың туристік өңірлеріндегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар әзірленді.
Тұжырымдама қазақстандық сарапшылар қоғамдастығына жан-жақты пысықтаудан және талқылаудан өтті. Бұл құжат Horwath HTL, Ecosign Mountain Resort Planners Ltd, THR, IPK Internationalірі халықаралық консалгтингтік компанияларының ұсыныстарын және 2012 жылы жүргізілген Қазақстандағы туристік әлеуетті зерттеулер нәтижелерін қамтиды.
1. ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ 1.1. Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйін талдау
Туристік ұсыныс. Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм саласы жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйым деректері бойынша туризм тауар мен қызмет көрсетулердің (7,4 %) әлемдік экспортында тек автокөлік, химия және отын өнімдерінінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленді.
Қазақстан бай туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге ие бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Туризм үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3 %-ды ғана құрайды. 2011 жылы туристік қызметтен кіріс көлемі 145,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 2 есе артық (77,6 млрд. теңге). Республика бюджетіне төленген салық 20,6 млрд. теңгені құрады, саладағы туристік қызметпен шұғылданатындар саны 158700 адамды құрады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте туристік қызметтен түскен кірістер көлемі 91,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 11,5 % (82,3 млрд. теңге) артық. Туристік ұйымдар мен орналастыру орындарында жұмыс істейтіндер саны 26 940 адамды құрады.
2011 жылы елде 1715 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 630,6 мың адамға қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,6 %-ға артық (2010 жылға 486,5 мың адам). Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 32,2 %, кіру туризмі – 5,7 %, сыртқа шығушылар туризмі – 62,1 % құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2010 жылғы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмінің 56,4 %-дан 62,1 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 35,4 %-дан 32,2 %-ға азайғаны байқалады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте елде 1 950 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 494,1 мың адамға қызмет көрсетті, бұл 2011 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 10,6 % (446,5 мың адам) артық. Туристік қызмет құрылымында ішкі туризм 18,6 %-ды, кіру туризмі – 31,4 %-ды, шығу туризмі – 50 %-ды құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмнің 43,7 %-дан 50 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 28 %-дан 18,6 %-ға азаюы байқалады.
Қазақстанға келетін туристік ағындарды талдау республиканың шетел туристері үшін тиісті деңгейде тартымды емес екенін көрсетеді, осыған байланысты елімізге келетін туристер саны дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден айтарлықтай артта қалып отыр.
Қазақстанның туристік өнімінің бірегейлігіне қарамастан, бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз және шетелдік аналогтарға қарағанда, қызмет көрсетудің қолжетімділігі, туристік қызметтердің деңгейі мен бағасы жағынан ұтылып отыр.
2011 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 1642 орналастыру орындарында 81015 төсек-орын болды, бұл 2010 жылға қарағанда 6,5 % төсек-орынға артық. Төсек орындарды жалпы орналастыру орындарының санының 63,5 %-ын қонақ үйлер құрады, олардың 27,0 %-ы – санаты бар қонақ үйлер және 36,5 % – санаты жоқ қонақ үйлер. Орналасу орындарының 40,5 % негізгі бөлігі Алматы – 17,1 %, Астана – 9,6 % қалаларында шоғырланған, сондай-ақ оларға жақын Алматы және Ақмола облыстары тиісінше 6,6 % және 7,2 %. Шығыс Қазақстан облысында 19,7 %, Қарағандыда – 11,7 %, Павлодарда – 6,2 % және республиканың басқа да облыстарында 21,9 % орналасу орындары шоғырланған.
Сыйымдылығы 29584 төсек-орын болатын 873 қонақ үйлер төсек-орындарының 57,5 %-ын құрайтыны және санаты жоқ екенін атап өткен жөн. Санаты бар, сыйымдылығы 213 қонақ үйде төсек-орындардың жалпы санынан 42,5 %-ын құрайтын 21 882 төсек-орын, олардың көпшілігі төсек-орындар 4* санатты – 35,6 %, 3* – 29,3 %, және 5* – 19,5 % қонақ үйде шоғырланған, қонақ үй төсек–орындарының 15,6 %-ы 2* және 1* санатты қонақ үйлерге тиесілі.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда сыйымдылығы 82 435 төсек-орын болатын 1 484 төсек-орындық орналастыру орны жұмыс істеді, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,4 % төсек-орынға артық. Төсек-орындардың жалпы санының 61,1 %-ын, 27,0 %-ы санаты бар қонақ үйлер және 34,1 %-ы санаты жоқ қонақ үйлер, ал 38,9 %-ын басқа да орналастыру орындары құрады.
Төмендегіні ескерсек, 2011 жылы Қазақстан Республикасында орналасу орындарында нөмірлік қор жүктемесінің орташа коэффициенті 24,0 %-ды құрады (2010 жылмен салыстырғанда 20,3 %):
қонақ үйлерде көрсеткіш 30,5 %-ды құрады. (39,0 %-ы –санатты қонақ үйлерде және 24,3 %-ы санаты жоқ қонақ үйде), бұл ретте толымдылықтың ең жоғарғы деңгейі 5* санатты қонақ үйлерде (49,5 %), ең төменгі деңгей 1* қонақ үйлерде - 21,9 % тіркелген;
басқа орналасу орындарында бұл көрсеткіш 12,5 %-ды құрады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыйымдылығы 28 140 төсек-орын болатын 838 қонақ үй қонақ үйлердегі жалпы төсек-орындар санының 34,1 %-ын құрады және олардың санаттары жоқ. Санаты бар, сыйымдылығы 22 199 төсек-орындық, қонақ үйдегі төсек-орындардың жалпы санының 27 %-ын құрайтын 214 қонақ үй бар, олардың көпшілігі 4 * санатты қонақ үйлерге - 32,5 %, 3 * санатты - 31,3 %, және 5 * санатты қонақ үйлерге - 19,2 % шоғырландырылған. 2* және 1* санатты қонақ үйлерге қонақ үйдегі жалпы төсек-орындар санының 17 %-ы тиесілі.
Нөмірлік қор жүктемесінің жоғарғы коэффициенті Маңғыстау – 88,4 % және Атырау облыстарында - 47,8 %-ды құрайды. Ең төменгі коэффициент Солтүстік Қазақстан - 11,6 %-ды және Алматы облыстарында - 8,4 %-ды құрайды. Астана және Алматы қалаларында тіркелген нөмірлік қор жүктемесінің орташа деңгейі тиісінше 31,1 %-ды және 26,8 %-ды құрайды.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында орналасу орындарында нөмірлік қор жүктемесінің коэффициенті 26,1 %-ды құрады (2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 22,0 %-бен салыстырғанда), оның ішінде:
қонақ үйлердегі көрсеткіш 36,6 % (38,1 %-ы санаты бар қонақ үйлерде, және 29,0 %-ы санатсыз қонақ үйлерде), бұл ретте толымдылықтың ең жоғары деңгейі 5* санатты қонақ үйлерде (48,1 %), ең төменгі деңгей 1* санатты қонақ үйлерде (29,2 %) тіркелді;
басқа орналасу орындарында бұл көрсеткіш 14,0 %-ды құрады.
Астана және Алматы қалалары ең маңызды туристік орталықтар болып табылады, онда халықаралық стандарттарға сай келетін орналастыру орындарының неғұрлым көпшілігі шоғырланған. Аталған қалалардан тысқары орналасқан орналастыру орындары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмейді және негізінен қазақстандық туристерге бағытталған. Ірі қалаларда 3* және 4* санаттағы қонақ үйлер тапшы.
Қазақстандық туристік нарықта халықаралық қонақ үй брендтерінің қатысу деңгейінің төмен екені байқалады. Барлық халықаралық қонақ үй компаниялары төрт бизнес-дестинацияларда: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.
Қонақ үйлер қызметтерінің деңгейі жоғары орналасу орындарында тұру бағасы өзге елдердегі жетекші туристік дестинацияларға ұқсас қонақ үйлердегілерге қарағанда, айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларында 5* санатты халықаралық бренд қонақ үйлерінде нөмірдің құны Еуропаға қарағанда 2-3 есе жоғары. Басқа орналасу орындарындағы қызмет бағалары – пансионатта, туристік базаларда, кемпингте, келушілерге арналған жатақханаларда және басқаларында айтарлықтай төмен.
Жоғарылатылған бағалар орналастыру орындарының төмен толтырылуына, бәсекелес ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерден күшті тәуелділікке байланысты. Ұсынылатын қонақ үйлер қызметтерін қоса алғанда, туристік қызметтер шектеулі сервиспен ұсынылады және әлсіз реттелген.
Тұру және әуе билеттеріне жоғары бағалар Қазақстанға тур бағасын едәуір арттыратынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.
Орналастыру орындарының, оның ішінде қонақ үйлердің, пансионаттардың, үйлердің және демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай-курорттық мекемелердің материалдық базасы физикалық тозуының жоғары деңгейімен сипатталады. Бүгінгі күні көптеген қонақ үйлерде санаттың болмауына байланысты туристер үшін тұратын орындарында ұсынылатын қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.
Туристік ұсыныстардың жалпы деңгейі төмен күйінде қалып отыр, бұл туристік өнімдер дамуының жеткіліксіз деңгейіне және туристерге арналған мамандандырылған қызметтердің және жайлы жағдайлардың жетіспеуіне байланысты. Бұл визит-орталықтарының болуына, туристік дестинациялардағы белгілер мен көрсеткіштерді орнатуға және т.б. қатысты.
Қазақстандағы ішкі және сырттан келуші туризміне сұраныстың артуы 2000 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңде қарқынды түрде өсті, кейіннен экономикалық дағдарысқа байланысты 2008 және 2009 жылдары төмендеуі байқалды. Экономиканың қайта қалпына келуімен туризмге сұраныстың 2010 жылы жаңғыртылды және 2011 жылы туристік келудің саны 11,7 %-ға артып рекордтық деңгейге жетті, түнеу саны 2010 жылға қарағанда 25,9 %-ға артты:
2000 жылғы 43 298 келушіден 2011 жылы 2 845 832 келушіге дейін өсті, жылдық өсу қарқыны 17 %;
2000 жылғы 1 250649 түнеулер санынан 2011 жылы 7 085 020-ға дейін көтерілді, жылдық өсу қарқыны 25,9 %.
Ішкі туризм нарығында бүгінде қалыптасқан жағдайды төмендегі факторлар сипаттайды: Қазақстанда туристік қызмет көрсетулерге арналған сұраныс азаматтардың материалдық мүмкіндіктерімен шектеледі, жайлылықтың жеткілікті деңгейін қамтитын демалыс базалары санының аздығы. Ішкі нарық туроператорлары мен еліміздің шипажай-курорттық кешені кәсіпорындарының қарым-қатынасында мүдделердің келіспеушілігі қазақстандық азаматтар қажеттіліктерін қанағаттандырмауға әкеп соқтырады.
2011 жылы туристік келу құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталды:
орналасу объектілерінің типтері бойынша: келушілердің 88,1 %-ы қонақ үйлерге, (келушілердің 45,8 %-ы санатты қонақ үйлерге және 42,3 %-ы санатсыз қонақ үйлерге) және келушілердің 11,9 %-ы басқа жерлерге орналасқан;
өңірлер бойынша: тіркелген келушілердің 46,1 %-ы, оның ішінде Астана 18,0 % және Алматы қалаларында 17,6 %, сондай-ақ 5,7 % Ақмола, 4,8 % Алматы облыстарында тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында - 12,5 %, Қарағанды - 7,8 %, Атырау - 7,5 %, Маңғыстау - 5,2 % және басқа да облыстарда 20,9 % келуші тіркелген;
шыққан елдер бойынша: 79,5 %-ы қазақстандық келушілер, 4,8 %-ы Ресей Федерациясынан келушілер, 2,4 %-ы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен келушілер, 1,6 %-ы Америка Құрама Штаттарынан келушілер, 1,4 %-ы Түркия Республикасынан келушілер, 1,3 %-ы Италия Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Қытай Халық Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Германия Федеративтік Республикасынан келушілер, 0,8 %-ы Нидерланд Корольдігінен келушілер және басқа елдерден келушілер саны 6,4 %;
сапарға шығу мақсаттары бойынша: іскерлік және кәсіптік – 69,6 %, демалыс, бос уақыт және рекреация – 25,0 %, достары мен туыстарына бару – 3,0 %, басқа мақсаттарда – 2,4 %. Қазақстандық келушілердің (30,7 %) демалыс және рекреация мақсатында саяхатқа шыққанын, ал бұл уақытта шетелдік келушілер республикаға тек іскерлік және кәсіптік мақсаттарда (93,2 %) келгенін атап өту қажет.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, Қазақстандағы туризм негізінен жергілікті халыққа, сондай-ақ, шетелдік резиденттердің іскерлік және кәсіптік іссапарларына сүйенеді.
2011 жылы Қазақстанға келген барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 5 685 132-ні құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 20,6 %-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (34,0 %), Қырғыз Республикасынан (27,1 %) және Ресей Федерациясынан (23,7 %) келген. Олардың келуінің негізгі себебі жеке (76,9 %) және транзиттік сапарлар (17,0 %), ал іскерлік туризм мен бос уақыт және рекреакция мақсатында 6,1 %-ы ғана келген. Республикаға шет елден келушілердің көпшілігі отбасыларында немесе достарында тоқтайды, бір күнге де келіп кетеді (бір күндік келушілер). Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасынан келетіндердің көпшілігі еңбек мигранттары болып табылады.
Сыртқа шығушылар туризмі бойынша келушілер саны 2011 жылы 8 020 400 құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 8,2 %-ға көп. Сыртқа шығушылар туризмінің мұндай көлемі елдің төлем балансында теріс туристік сальдоның қалыптасуына ықпал етеді (422 млн. АҚШ долларынан көп). Қазақстан Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд сияқты елдерге «туристік донор» болып қалып отыр, бұларда туризм индустриясы қарқынды даму, жаңа жұмыс орындарын құру және төлемдік баланс құрылымы жақсарып, халықтың әл-ауқаты арту үстінде.
Қазақстандық туристердің сыртқа шығушылар туризміне сұранысы Қазақстандағы туристік дестинациялар мен орналастыру объектілерінің бизнес үлесін жоғалтуды білдіреді. Сондықтан, республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы қазір шетелде демалып жатқан жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге жұмсалатын шығындарды ел шегінде қалдыра отырып, қазақстандық туристік дестинацияларды таңдайды деп болжауға болады.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті дамыған туристік индустрияны құру, мемлекет кірісінің тұрақты өсуін және сырттан келушілер және ішкі туризмнің көлемдерін ұлғайту есебінен халықтың да кірісін көбейту тиісті инвестицияларсыз мүмкін емес.
Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар 2010 жылы 143,7 млрд. теңгені, 2011 жылы 178,9 млрд. теңгені құрады. Салалардағы негізгі капиталға инвестициялардың, тауарлар өндіретін және көрсететін қызметтердің өсу үрдісі бар екенін атап өткен жөн.
Туризм дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, Қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланың дамуы туристік қызметтегі қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көліктік-логистикалық жүйенің қажетті инфрақұрылымын, оның ішінде, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін (автомобильдік, авиациялық, теміржол) қайта жөндеуден өткізуді ескере отырып, кең мүмкіндікті қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құруға тікелей байланысты. Туристік кешенді құру еліміздің экономикасының дамуына – бюджетке салықтық түсім есебінен едәуір үлес қосады, шетелдік валютаның құйылуы, жұмыс орындары санының артуы есебінен, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуын және оны тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді.
1.2. Туризм саласын дамыту аясындағы мемлекеттік қолдаудың озық әлемдік тәжірибесін талдау
Туризмді мемлекеттік қолдау – саланы орнықты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Халықаралық тәжірибе туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке меншік инвесторларды тарту, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты туристік саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуы мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер өз азаматтарын сапалы туристік қызметпен қамтамасыз ете отырып, бюджет қаражатының едәуір көлемін ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын айғақтап отыр.
Туризмді экономиканың басым бағыты ретінде қарастыратын елдердің халықаралық тәжірибесін талдау туристік қызметті мемлекеттік қолдаудың бірқатар басым шараларын айқындап берді:
1) кереғар артықшылықтарды қоса атқару үшін елдің басшылығы жағынан жылдар бойы келе жатқан тура саяси ерік және қолдау.
Марокко Корольдігі. 2000 жылдардың басында Марокко королі Мохаммед VI экономиканың стратегиялық секторы ретінде туризм мәртебесін бекітті. Марокко Үкіметі «Пайымдау-2010» туризмді дамыту стратегиясын әзірледі. Осы стратегияның маңызды элементі алты жағалаудағы курорттық аймақты «нөлден» салу бойынша жоспар болып табылады (Азур жоспары). Осы Жоспарды іске асыру үшін 2007 жылы бірнеше мемлекеттік кәсіпорындар базасында SMIT (Марокко туризм инжирингі қоғамы) – туризм инфрақұрылымында инвестициялау бойынша жаңа ұлттық компаниясын құру жөнінде шешім қабылданған болатын. SMIT мынадай міндеттерді іске асырады: жаңа жағалаудағы курорттық аймақты салуға жер учаскелерін бөлу; шебер-жоспарларын және осы аймақтарды салуға арналған ТЭН әзірлеу, жер учаскелерін сату және сатып алу, инфрақұрылымды салу және жеке инвесторларын тарту. Сондай-ақ, «Пайымдау-2010» стратегиясын іске асыру кезінде ЕО-пен ашық әуе кеңістігі туралы 2006 жылғы екіжақтық шарт аясында әуе бағыттарын либерализациялау елдің туристік саласын дамыту үшін зор мәнге ие болды.
Әуе бағытын либерализациялау жаңа әуе желілерінің әуе тасымалдаушыларын және еуропалық аз бюджетті әуе тасымалдаушыларды отырғызу құқығымен; AtlasBlue және Jet4You жаңа ұлттық аз бюджетті әуе тасымалдаушыларын және жаңа әуе бағыттарын құрудан тұрады. Осы шаралар әуе билеттеріне бағалардың айтарлықтай төмендеуіне және халықаралық жолаушылар (туристер) ағынының жалпы ұлғаюына әкелді.
Малайзия. 90-жылдардан бастап туризм Малайзияны дамытудың бесжылдық экономикалық жоспарларында маңызды орын алып келеді. Осы жоспарлар аясында салық жеңілдіктерін беру (түсімге салықтан босату немесе қонақ үйлерді және басқа туристік объектілерді кеңейту және жетілдіруге арналған кері инвестицияландырудағы жеңілдіктер; импорттық баждардан толық босату) арқылы ауылшаруашылық, экологиялық, круиздік және туризмнің басқа да түрлерін дамыту үшін стратегия қалыптастырылды.
2) мамандандырылған агенттіктерді, қорларды және ұлттық компанияларды құру арқылы ірі курорттық аймақтарды дамытуда мемлекеттің тікелей қаржылық қатысуы.
Мексика Құрама Штаттары. 70-жылдары Үкіметпен туризмді дамытудың ұлттық қоры – INFRATUR құрылған болатын, ол туризм инфрақұрылымын дамыту қоры FONATUR және туризмге кепіл беру және қозғалту қоры FOGATUR қорларын біріктіру базасында құрылды. FONATUR-дың негізгі міндеті Канкун, Инкара, Лос-Кабос, Хаутулько және Лорето сияқты бес ірі жағалау курорттық аймағын «нөлден» бастап дамыту болып табылды. Аталған курорттарды дамыту мақсатында FONATUR қарыз қаражаттарын және жеке инвесторларды тарту, қала салу және өңірлік жоспарлау мәселелерінде ғана емес, сонымен қатар жер меншігі мен меншік нарығының мәселелерінде де басшылық рөлді өзіне алады. Қазіргі кезде FONATUR алынған нәтижелерін есепке ала отырып өзіне курорттарды дамыту үрдісіндегі жанама рөлді қабылдады және негізгі жігерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға бағыттады.
Испания Корольдігі. 60-жылдары ENTURSA мемлекеттік компаниясы құрылған болатын, ол жаппай жағажай демалысына арналған қонақ үйлерді салумен және басқарумен айналысты. Нәтижесінде осы қонақ үйлердің көпшілігі жекешелендірілді.
3) туристік объектілерге инвестициялауды қолдау тетіктері және қаржылық жеңілдіктер.
Түркия Республикасы. 80-жылдарда «Туризмді қолдау туралы» Заң қабылданды. Аталған заң аясында салықтардың, алымдардың және баждардың белгілі түрлеріне қатысты, сондай-ақ ұзақ мерзімді несиелерге қатысты бірқатар салықтық жеңілдіктер ұсынылды. Бұдан басқа, мемлекеттік жерлер жеке инвесторларға 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді жалға берілді, сонымен қатар, инвесторлар жерді өзінің қарауы бойынша пайдалануға – мемлекеттік органдардың келісімінсіз үшінші тұлғаларға жер учаскелерін салуға немесе сатуға құқығы болған.
4) индустрияның өсуіне қарай мемлекеттік бастама арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке жоспарлы шығу.
Египет Араб Республикасы. 70-жылдары еркін экономикалық аймақтарды құру және мемлекеттік компаниялар мен шетелдік инвесторлардың біріккен кәсіпорындарын құруға рұқсат беру туралы Заң қабылданды. Заң аясында шетелдік инвесторлар біріккен кәсіпорындардың кіші серіктесі ретінде инвестицияларды салу құқығын алды; он бес жылға дейін мерзімге салықтар төлеуден босатылды; мемлекет тарапынан жер телімдеріне арналған меншік құқығына қатысты кепілдік алды.
Шетелдік инвесторлар да капиталға қатысты мемлекет кепілдіктерін алды, шетелдік қатысуы бар жергілікті компаниялар секілді алынған кірістерді шетелге шығару құқығына ие болды.
5) туризмнің инженерлік-коммуникациялық, көліктік және «жұмсақ» инфрақұрылымын құруды тікелей мемлекеттік қаржыландыру (білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету), сондай-ақ туристік индустрияда анағұрлым маңызды жобалар құру.
Біріккен Араб Әмірліктері. 2006 жылы Туризмдегі даму және инвестициялар жөніндегі компания құрылды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі гранттар түрінде 3 млрд. жуық АҚШ долларын бөлді, оның негізінде компания шетелде қомақты қарыз қаражатын тартты. Негізгі жоба Саадият жасанды аралын салу болып табылады.
Түркия Республикасы. 70-жылдары Түркия Республикасының Үкіметі туризмді дамыту жобаларының өңірлік жоспарларын әзірлеп, индустрия үшін инфрақұрылымды дамыту жобаларына бастамашылық етті.
Осылайша, халықаралық тәжірибе туризмді дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуде атқарушы биліктің белсенді рөлі сәттіліктің елеулі факторларының бірі болып табылады. Туризмді дамытуды мемлекеттік қолдаудың түрлері сан алуан, алайда, бірқатар белгілері бойынша Қазақстанның қазіргі жағдайына сәйкес келетін кейбір мысалдарды бөлуге болады:
экономикаға тікелей қатысу арқылы елді жаңғыртудағы мемлекеттің белсенді рөлі;
шалғай орналасуынан, инфрақұрылымның жоқ болуынан және туризмнің осы түрі бойынша ішкі нарықтың дамымағандығынан курорттық аймақтардың өздігінен дамуының болмауы. Осындай жағдайлардағы мысалдарда мемлекет «нөлден бастап» курортты орталықтан дамыту, инфрақұрылым мен туристік объектілерді салу арқылы туризмдегі жаңа ұсыныстарды белсенді жасады. Осы курорттардағы коммерциялық объектілер не мемлекеттік қаражаты есебінен, не жеке меншік инвестицияларды тарту арқылы салынды. Әдетте, мемлекет осы мақсаттар үшін қызметі квази-коммерциялық сипатта болатын ұлттық компанияны құрды. Осы мысалдардың барлығын елде туристік саланы дамыту үшін күшті серпін тұрғысынан, сондай-ақ мемлекеттік инвестицияларды қайтару есебінен сәтті деп атауға болады.
1.3. Нарықтың негізгі ұзақ мерзімді үрдістерін талдау және олардың Қазақстандағы кіру және ішкі туризмді дамытуға әсері.
Қазақстандағы кіру және ішкі туризм нарығын дамыту нарықтық үрдістерінің бірқатарына - жалпы туризмдегі, экономикаға, демографияға, экологияға, технологияға, басқа да салаларға байланысты болады.
Туризмнің жалпы негізгі ұзақ мерзімді үрдістері мыналар болып табылады:
Қазақстандағы туризм индустриясын дамыту үшін жалпы жағымды нарықтық негізді қамтамасыз ететін халықаралық туризмнен түсетін кірістер мен халықаралық келушілер санын кейіннен арттыра отырып халықаралық туризмді тұрақты дамыту.
Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамушы сыртқы нарықтарда артып келе жатқан туристік сұраныс. Бұл елдердің географиялық орналасуы аталған нарықтар үшін туристік өнімдерді әзірлеу және оларды Қазақстанға аумақтық жақындығынан салыстырмалы түрде жеңіл іске асыруға мүмкіндігін ұсынады;
Қазақстанға осы нарықтарда өзінің тартымды және бірегей туристік өнімдерін іске асыруға мүмкіндік беретін Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтардағы едәуір жоғары және тұрақты сұраныс;
болашақта Қазақстанның туристік ұсынысына ықтимал дамытуға бәсекелес ретінде Әзірбайжан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Қырғыз Республикасы, Монғолия, Ресей Федерациясы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы сияқты дамушы дестинациялардан артып келе жатқан туристік ұсыныс;
дамыған, сол сияқты, дамушы келе жатқан туристік дестинациялар арасындағы жоғары, дамушы және белсенді бәсекелестік, бұл қазақстандық аналогтардан осы нарықта ұтымды орын тебудің, сонымен бірге оның ажырамас өзгертпелі жағдайларына қалыптасу қабілетін талап етеді.
Негізгі ұзақ мерзімді экономикалық үрдістер:
қолайлы экономикалық перспективалар және ЖІӨ-нің өсуі, табыстар мен Қазақстан ішіндегі және Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамушы сыртқы нарықтардағы тұтынушылар арасында саяхаттарға қызығушылықтың күтілетін өсуі, бұл туристік өнімдерді дамушы ішкі және сыртқы, әсіресе, Қазақстанға жақын орналасқан нарықтарда дамытуды және жүзеге асыруды ұсынады; тұтынушылардың бағаға деген сезімталдығының артуына алып келетін Еуропа және Америка Құрама Штаттары секілді дамыған нарықтардың экономикалық тұрақсыздығы өз кезегінде өте қымбат туристік өнімдерге өзінің қауіпін төндіреді, дей тұрғанмен, қолжетімді сапалы туристік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Негізгі ұзақ мерзімді демографиялық үрдістер мыналар болып табылады:
әсіресе, Еуропа сияқты дамыған нарықтарда орта жастағы және зейнет жасындағы адамдардың санының артуы, бұл неғұрлым есейген шақтағы тұтынушыларға туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру мүмкіндігін ұсынады: маусымнан тыс саяхаттар, мәдени саяхаттар, сауықтыру саяхаттары, СПА-саяхаттары және т.б.;
жыл бойы демалысқа арналған қысқа мерзімді үзілістер санының көбеюіне алып келетін жұмыс істейтін халықтың бос уақыты санының қысқаруы;
қызық оқиғалы саяхаттарды дайындау және оны іске асыру мүмкіндігін беретін жас адамдар арасында белсенді демалысқа деген қызығушылықтың артуы;
барлық жастағы адамдардың жүріс-тұрысында (немесе өмір салтында) «космополиттілікке» деген бейімділіктің артуы – әлем бойынша саяхат жасауға талпыну, өзге мәдениет пен ландшафтылармен танысу, ал бұл бірнеше саяхаттарды дайындауға және іске асыруға, сондай-ақ Қазақстанды бірегей туристік өнімдері бар жаңа туристік дестинация ретінде тұрпаттандыруға мүмкіндік береді;
«креативті» туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру үшін мүмкіндіктер ұсынатын әсіресе, Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтағы тұтынушылар арасында өзін-өзі дамытуға және/немесе «өзін өзі шақыру» ұмтылысының артуы.
Негізгі ұзақ мерзімді экологиялық үрдістер мыналар болып табылады:
«табиғат аясындағы» туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру мүмкіндіктерін ұсынатын қоршаған ортаны сақтау және қорғау саласындағы қоғамдық сананың артуы, экологиялық тұрақты болып табылатын: жаяу туризм, велотуризм, салты атты серуендеу және құстарды бақылау;
қызметтерді жергілікті жеткізушілердің, туроператорлардың және көлік компанияларының климаттың өзгеруіне байланысты туындаған ел экономикасындағы өзгерістер жаңа жағдайларға икемделу қажеттілігін туындатады.
Технологиялар саласындағы негізгі ұзақ мерзімді үрдістер мыналар:
өз кезегінде туристерді көптеп тарта отырып, осындай технологияларды енгізетін объектілер имиджіне оң ықпал ететін объектілердің құрылысы және оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіз және энергия үнемдеуші технологиялар мен процестерді пайдаланудың артуы;
жаңа маршруттарды енгізу, жаңа (бюджеттік) әуе тасымалдаушыларын құру, қолданыстағы әуежайларды жаңарту және жаңа әуежайлардың құрылысын жүргізу арқылы әуе қатынасын қарқынды дамыту, бұл сонымен қатар Интернетті қолданудың өсуі мен жиынтықта сапарлар санын арттырады;
жарнама үшін де, сол сияқты туристік өнімдерді сату үшін де компаниялардың Интернет–қатысуы болуының қажеттілігіне негізделген туристік өнімдерді іздеуде және сатып алуда Интернетті пайдаланудың артуы;
туризммен байланысты барлық секторларда әртүрлі технологиялық қосымшаларды – туризм мен қонақ үй бизнесімен байланысты смартфондарға арналған қосымшаларды, автомобильдерге арналған GPS және т.б. пайдаланудың артуы.
Басқа салалардағы негізгі ұзақ мерзімді үрдістер мыналар болып табылады:
денсаулық, қауіпсіздік және салауаттылықпен байланысты барлық мәселелерде жоғары сапа стандарттарын бекіту мен қолдау қажеттілігін білдіретін өз кезегінде кейбір туристік дестинацияларды өзгелерден тартымды ететін денсаулық, жеке қауіпсіздік және салауаттылықты сақтауға деген үрдістің өсуі;
Визасыз немесе жеңілдетілген визалық режимі бар елдерге шетелдік туристердің көп санын тартуға мүмкіндік беретін кірме туристер үшін визалық талаптарды алып тастайтын немесе жеңілдететін дестинациялар санының өсуі.
1.4. Қазақстанда туризм индустриясын дамытудың күшті және осал тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау.
Қазақстанның әлсіз тұстарының саны мен көріну деңгейі оның күшті жақтарының саны мен көріну деңгейіне қарағанда жоғары, бұл Қазақстан тәрізді мықты және бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамыту процесіндегі елге тән. Алайда, мүмкіндіктердің саны мен көріну деңгейі қауіптер саны мен көріну деңгейіне қарағанда жоғары, бұл республиканың ағымдағы әлемдік процестерді пайдалануға және өзінің туризм индустриясын дамыту үшін бәсекелес артықшылық құруға қабілетті екенін білдіреді.
Күшті жақтары
Елдің табиғи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық сипаттамалары:
Тиімді географиялық орналасуы;
табиғи ресурстардың әртүрлілігі;
материалдық және материалдық емес мәдени мұра ескерткіштерінің сан алуандығы;
тұрақты саяси және мемлекетішілік ахуал;
еңбек нарығының жай-күйі;
өсімі жылдам жалпы ішкі өнім;
мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндігі;
электр энергиясы мен құрылыс құнының төмендігі.
Мүдделі тұлғалар мен серіктестер:
мүдделі тұлғалардың ынтымақтастыққа әзірлігі;
мемлекеттік-жеке меншік кәсіорындар құруға әзірлік;
ұлттық туристік/қонақ үй қауымдастықтарының болуы.
Әлсіз жақтары
Елдің табиғи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық сипаттамалары:
Халық тығыздығының төмендігі – ішкі туризмнің дамуына, оның ішінде ел ішіндегі туристік өнімдерге деген сұраныстың төмен деңгейі арқылы кері әсерін тигізуі мүмкін;
тарихи және мәдени ескерткіштерді туристік маршруттарға енгізудің жеткіліксіз деңгейі – мәдени, патриоттық тәрбиелеу, сондай-ақ жекелей алынған өңір экономикасын дамыту үшін олардың едәуір әлеуетін толық көлемде пайдаланбау, оның ішінде елдегі ірі тарихи және мәдени ескерткіштерге түсетін едәуір туристік жүктеме, аз танымал мәдени ескерткіштерді әлсіз ілгерілету;
туризм саласындағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі – оның ішінде білімнің академиялық сипаты, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарынан, өндіріс қажеттіліктерінен, жұмыс берушілер күтулерінен және т.б. біршама алшақ болуы;
сыртқы қаржыландырудың жеткіліксіздігі: туризм саласына сыртқы (мемлекеттік, сол сияқты жеке) инвестициялардың жеткіліксіз саны;
одан әрі жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қолдау құралдары, оның ішінде салықтық қолдау шараларын енгізу, кіру шарттылықтарын (визалық, көші-қон режимі) оңайлату, жер пайдалану режимін жетілдіру және т.б. арқылы саланың дамуын ынталандыру;
туристік бизнестің дамуына ықтимал кедергілер, оның ішінде әкімшілік кедергілердің болуы, одан әрі жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қолдау құралдарының болуы;
инфрақұрылымның (көлік, коммуналдық желілер, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттері, жолдардың жай-күйі, елді мекендер арасындағы едәуір арақашықтық және т.б.) жеткіліксіз дамуы, оның ішінде туристік индустрияның көптеген объектілерінің елеулі физикалық және моральдық тозуы, туристік сыныптағы қонақ үйлердің жетіспеушілігі, туризм орындарында инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, туристік объектілерге қол жеткізудің қиындығы, туристер демалатын орындардағы қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, жол маңындағы инфрақұрылым объектілерінің жеткіліксіз саны және сервис сапасының төмендігі;
әуебилеттеріне жоғары бағалар, ұлттық аз бюджетті әуе тасымалдаушыларының жоқтығы, туристердің әлеуетті ағынын қамтамасыз ететін елдерден жаңа кіру әуе маршруттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың кластерлік үлгісінде болып айқындалған басты туристік дестинациялар бағытындағы ішкі әуемаршруттар санының аздығы.
Туризмнің жұмыс істеуі, қызметтер көрсету мен даму:
орналастыру орындарын айқындаудың, сондай-ақ белгілі бір орналастыру орындары түрлеріне қолданылатын стандарттардың болмауы бөлігінде, туризм индустриясын және қонақ үй бизнесін нормативтік реттеудің жеткіліксіз деңгейі, заңнамада қызметкерлер мен жұмыс берушілерге қатысты қолданылатын әлеуметтік туризмді реттеу қағидаларының болмауы (туристік ваучерлер/сертификаттар жүйелерінің болмауы), туристік саланы салықтық ынталандыру шараларының болмауы;
туристік жобаларды дамытуға, сондай-ақ туристік дестинацияларды ілгерілету бөлігінде өңірлік және жергілікті билік тарапынан туризмді дамытуды қолдау жеткіліксіз;
халықаралық нарықта Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпараттың болмауы.
Туризм индустриясын және әріптестікті дамытуға мүдделі тұлғалар:
мүдделі тұлғаларға қолжетімділіктің жеткіліксіздігі, дәлірек айтқанда мүдделі тұлғалардың ақпаратына шектеулі қолжетімділік;
жұмылдырылған тараптардың, оның ішінде сабақтас салалар мемлекеттік органдарының, сондай-ақ туристік сала жеке секторының сектораралық ынтымақтастығының төмен деңгейі;
халықаралық туризм нарығында қолданылатын тәжірибе мен практикалық білімдердің жеткіліксіздігі, туристік жобаларды дамытудағы ноу-хаудың болмауы;
ынтымақтастық саласындағы төмен өнімділік;
туристік инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыру процесінде кәсіпкерлердің төмен белсенділігі.
Мүмкіндіктер
Индустрия үрдістері:
дербес туризм;
экологиялық және табиғи туризм;
мәдени туризм;
арнайы/ қызық оқиғалы туристік өнімдерге сұраныс;
неғұрлым жиі және неғұрлым қысқа демалыс кезеңдері;
белсенді, сауықтыру және спорттық демалыс;
өңір бойынша аз бюджетті сапарлар;
турпакеттерді интернет арқылы іске асыру (электрондық сауда).
Бәсекелестер:
туристік қызметтер көрсету нарығына қолжетімдік (бастапқы ұстаным);
бәсекелестерден өзгеше туристік дестинациялардың бірегей жергілікті брендтерін әзірлеу;
шағын және орта бизнесті дамыту әлеуеті;
өңір елдерімен, соның ішінде шекара бойындағы туризмді дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық;
Экономика, экология және технологиялар:
Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінің инфрақұрылымын қамтитын туристік, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды мемлекеттік қаржыландыру және инвестициялау;
UNWTO-ға мүшелік;
қоршаған ортаны, табиғат пен мәдениетті қорғау туралы хабардар етілгендік;
қоршаған орта сапасына қойылатын талаптарды арттыру;
қоршаған ортаға негізделген арнайы әсерлер («тәжірибе») жүйесін күшейту;
көліктік технологиялар;
коммуникация және таратып бөлу саласында инновациялық технологияларды енгізу.
Қауіптер
Индустрия үрдістері:
сапаға қойылатын талаптардың артуы;
ұзақ мерзімді саяхаттар мен қысқа мерзімді демалыс үшін Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде бақылау рәсімдерінен өту;
үлкен ара қашықтыққа арналған саяхаттардың жоғары құны;
саяхаттар нарығын фрагменттеу;
бәсекелестерді бөлудің жаңа арналарына қолжетімділік.
Бәсекелестер:
басқа өңірлердің ұқсас туристік өнімдері;
тиімді уәждеу құралдары және ойын-сауық құрылымы;
іскерлік сапарлар көлеміне күшті тәуелділік;
көліктік қатынастың (әуе, жер үсті) баяу дамуы.
Экономика, экология және технология:
жаңа әлемдік және өңірлік дағдарыстар;
ұлттық қаржыландырудан күшті тәуелділік;
валютаның тұрақсыздығы және инфляцияның жоғары деңгейі.
1.5. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық негіздемесі және пайымы
Туризмді Қазақстан Республикасындағы дамудың ұлттық басымдықтарының бірі ретінде қарастыру үшін бес негізгі экономикалық және әлеуметтік мүдделер бар:
туризм саласында 250 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету мүмкіндігі, оның ішінде дәстүрлі ауылдық өмір салтынан қол үзбей, ауылдық және шалғайдағы аудандар халқы мен жастарды;
отбасылар, кіші және орта кәсіпорындар үшін бизнес мүмкіндіктерін жасай отырып, халықтың қалың санаттары арасында кәсіпкерлік қызметтің мәдениетін дамытуға ықпал ету;
Қазақстан Республикасының өңірлері мен ауылдық пункттерінің аудандарын дамытуға үлес қосу, оның ішінде шалғай аудандардағы инженерлік-көліктік инфрақұрылымды, Мемлекеттік шекарадан өткізу инфрақұрылымын дамыту;
ауыл шаруашылығын, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, өндірістік емес секторды қоса алғанда, экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастыққа ықпал ету және мүмкіндіктер жасау;
ұлттық және мемлекетаралық өзара түсіністікті ілгерлетуге ықпал ететін оң және өнімді мәдениетаралық қатынастарды құруға ықпал ету.
Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық пайымдауы - бұл 2020 жылға қарай Қазақстанды жаһандық туристік дестинация ретінде бекіту.
Экономиканы әртараптандырудың және Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқаты мен өмір сапасының деңгейін арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының туризм индустриясы, туризмнің ішкі және халықаралық нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын, туризмнің кәсіби мамандары шұғылданатын бәсекеге қабілетті туристік бизнесі бар белгілі бір туристік кластерлерде дамуы тиіс. Осы бағыттағы даму барлық жұмылдырылған мүдделі тараптар - мемлекет, бизнес және қызметкерлер үшін туристік қызметтен түсетін кірістердің қуатты және тұрақты өсуіне ықпал етуі тиіс.
1.6. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудың мақсаттары, міндеттері, кезеңдері және күтілетін нәтижелер
Мақсаттар мен міндеттер
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:
Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік саланың мемлекет экономикасына үлесінің артуы;
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының едәуір арту әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;
туризм индустриясы мен экономиканың сабақтас салаларында жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі;
кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың ілеспес салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы республика және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту;
«жасыл экономика» қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына ықпал ету болып табылады.
Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланың даму шарттарын қамтамасыз ету үшін экономиканың басымдықты секторларының бірі ретінде қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру және қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру қажет.
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың басты міндеттері:
туристік дестинация ретінде бүкіл әлемге танымал Қазақстан бейнесі;
қажетті инновациялық, энергия тиімді инфрақұрылымды;
жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйесін жасау және халықаралық өнімдер мен жергілікті және шетелдік туристерге арналған бәсекеге қабілетті қызметтер әзірлеу;
туризм саласын кәсіби басқару және реттеу жүйесі;
Қазақстанға және ел ішінде оңайлатылған жолдарға қолжетімділікті ұсыну болып табылады.
Даму кезеңдері
Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанда туризмді дамытудың мынадай кезеңдері ұсынылады:
1-кезең 2013 – 2015 жылдар;
2-кезең 2016 – 2018 жылдар;
3-кезең 2019 – 2020 жылдар.
1-кезең аса маңызды болып табылады, өйткені одан кейінгі кезеңдердің сәттілігі 1-кезең аясында жұмыстардың орындалуға байланысты: қолданыстағыларын бейімдеу және жаңа құқықтық шаралар мен институционалдық тетіктерді құру, оның басым көпшілігі 2013 жылы дайын болуы тиіс.
Аталған кезең сондай-ақ дамудың алғашқы сатысы болып табылады, оның аясында барлық ұлттық (ірі) туристік жобалар дайындалу және олардың құрылысына бастамашылық ету, басқа (кіші) туристік жобаларды әзірлеуге ынталандыру, жалпы инфрақұрылым мен адами ресурстарға инвестициялау, маркетинг, ұлттық туризм бредингі және өзге де ілеспе қызмет түрлері жүйесін айқындау және енгізу, сондай-ақ жылдам нәтижелер алуға бағытталған шараларды қабылдау қажет. 1-кезең аясында 2013 жылдан 2020 жылға дейін кезеңде жалпы инвестициялардың 25,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.
2-кезең дамудың жалғасы болып табылады. Инвестициялау тұрғысынан алғанда, негізгі құрылыс жұмыстарын, атап айтқанда, ұлттық туристік жобаларды дамыту шеңберінде туристік инфрақұрылымның орналастыру орындары мен объектілерін, оның ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде орындау мүмкіндігі бар жобаларды орындау ұсынылады. Аталған кезең уақытында инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, адами ресурстар әлеуетін нығайту және маркетинг саласындағы әртүрлі жұмыстарды орындау маңызды болып табылады. 2-кезең аясында 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде жалпы инвестициялардың 45,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.
3-кезең дамудың қорытынды сатысы болып табылады, мұнда, бүкіл ел бойынша туристік жобаларды дамыту үшін туристік ұсыныстарды әртараптандырумен және 2-кезеңнің аясында орындалатын іс-шараларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына елеулі қолдау көрсетумен жалғастырылатын болады. 3-кезең шеңберінде 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін кезеңде жалпы инвестициялардың 30,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.
Күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлу жағдайында, инвестициялар тарту жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің мынадай өсіміне алып келеді:
туристерді орналастыру орындары: 2011 жылғы 81 015 төсек-орыннан 2020 жылғы 199,0 мың төсек-орынға дейін (2,5 есе өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 10,5 %);
туристік келу саны (түнеумен келетін ішкі, сол сияқты шетелдік келушілер): 2011 жылы 2 845 832-ден 2020 жылғы 8,19 млн. туристік келуге дейін (2,9 есеге өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 12,5 %);
туристер түнеулері саны (ішкі, сол сияқты шетелдік): 2011 жылғы 7 085 020 туристік түнеуден, 2020 жылғы 32,74 млн. туристік түнеуге дейін (4,6 есеге, өсу жылдық жиынтық өсу қарқыны 18,5 %);
туристің орташа болу ұзақтығы: 2011 жылғы бір реттік келуге 2,5 түнеуден, 2020 жылғы (1,6 есеге өсу) бір реттік 4,0 түнеуге дейін;
орналастыру орындарының толықтырылуы: нөмірлік қорды толтыру жүктемесінің коэффиценті 2011 жылғы 24,0 %-дан, 2020 жылы 45,0 %-ға дейін (1,9 есеге өсу);
туризм саласындағы жұмыспен қамту: 2011 жылғы 158,7 мың қызметкерлерден 2020 жылғы 269,9 мыңға дейін, оның ішінде 111, 2 мың жаңа құрылған жұмыс орындары (1,7 есеге өсу).
Туристік сұраныстың күтілетін өсімі негізінен жаңа туристік ұсыныстарды дамыту (төсек-орындар саны) және оларды кәсіби коммерциялау есебінен болады. Жалпы туристік келу санының құрылымы 2020 жылы:
қолданыстағы орналастыру орындарының сыйымдылығына сәйкес 3,77 млн. туристік келу (46,1 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда туристік сапармен келушілер санының 924 мыңға немесе 32,5 %-ға өскенін көрсетеді;
алдағы сегіз жылда 4,42 млн туристік келулер үшін жаңа орналастыру орындары салынады (53,9 %), бұл ретте, туристердің жартысына жуығы Алматы (25,2 %) және Батыс Қазақстан (23,3 %) кластерлеріне келетін болады, бұл уақытта қалған жартысы Астана (13,4 %), Шығыс Қазақстан (12,6 %), Оңтүстік Қазақстан (9,1 %) және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының (16,4 %) кластерлеріне шоғырланатын болады.
2020 жылға қарай Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдер қатарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы – 4,46 млн. туристік келу (54,4 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,0 есеге арту болып табылады.
Ресей Федерациясы – 13 млн. туристік келу (13,8 %) бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8,3 есеге арту болып табылады;
Еуропа (Германия Федеративтік Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция Республикасы, Нидерланды Корольдігі және т.б.) – 745 мың туристік келу (9,1 %), бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге арту болып табылады;
Қытай Халық Республикасы – 473 мың туристік келу (5,8 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 18,1 есеге арту болып табылады;
өңір елдері (Өзбекстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан және т.б.) – 464 мың туристік келу (5,7 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 11,9 есеге арту болып табылады;
Таяу Шығыс (Иран Ислам Республикасы, Түркия Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль Мемлекеті және т.б.) – 324 мың туристік келу (4,0 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 6,0 есеге арту болып табылады;
Үндістан Республикасы – 219 мың туристік келу (2,7 %), 2011 жылмен салыстырғанда 17,1 есеге арту болып табылады;
басқа нарықтар (Америка Құрама Штаттары, Индонезия Республикасы, Жапония, Корея Республикасы, Канада, Аустралия Одағы және т.б.) – 371 мың туристік келу (4,5 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге арту болып табылады.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Туристік кластерлер
Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ішкі және сыртқы келуші үшін анағұрлым тиімді туристік «тәжірибе» жүйесін құру мақсатында барлық туристік кәсіпорындар тарапынан Қазақстан Республикасының туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа қағидаттар мен тәсілдер әзірлеу қажет. Туристік өнімнің бірегейлігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық, байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) болмауы саяхаттан қанағаттану деңгейін төмендетеді, соның салдарынан туристік келу санының қысқаруына және аумақтың ішкі және әлемдік туристік нарықтарда бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендетуіне әкелетінін назарға алу керек.
Осыған байланысты әртүрлі аумақтық деңгейлерде (ел, облыс, аудан, қала) туризмді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет. Осындай әдістердің бірі кластерлік тәсіл болып табылады.
Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр.
Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.
Туристік кластерді құрудың мақсаты – синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:
кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;
инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.
Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Қазақстанда бес туристік кластерін құру мүмкіндігі бар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан.
Астана кластері – бұл Астана қаласын, Ақмола облысын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін, Павлодар облысының батыс бөлігін және Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын кластер. Астана қаласы кластердің орталығы болады, мұнда мынадай басты туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-мен қорғалатын Сарыарқа деп аталатын Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, аумақ бөлігі);
«Бурабай» МҰТП;
«Көкшетау» МҰТП;
«Бұйратау» МҰТП;
Қарағанды қаласы;
Қарқаралы МҰТП;
Баянауыл МҰТП.
Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толықтырылуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетінің жарқыншақ тастар қорғаны секілді туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орындарымен, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы).
Астана маңындағы жерлермен және Бурабай курорттық аймағымен көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер: MICE-туризм, мәдени туризм, турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс.
Алматы кластері - бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер. Алматы қаласы кластердің орталығы болады және онда мынадай басты туристік қызығушылық орындары айқындалған:
петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО нысаны).
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген «Алтынемел» МҰТП.
Шарын шатқалы.
Қапшағай су қоймасы.
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау МҰТП-мен Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары.
«Жаңа Іле» туристік орталығы.
Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосуы, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын – Балқаш көлі, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, Ыстықкөл қорғандары мен «Жібек жолы» Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) секілді жаңа орындарды ұсынуы мүмкін.
Алматы халықаралық тау шаңғысы туризмі және іскерлік туризмнің орталығы болады және «Қаладағы және таудағы ойын-сауық» кластері ретінде сипаталады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.
Шығыс Қазақстан кластері Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, мұнда 6 маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:
«Бұқтырма» су қоймасы;
Ертіс өзені – Зайсан көлі;
Қатонқарағай МҰТП;
Марқакөл көлі мен Қалжыр шатқалы;
Риддер – Анатау мен Иванов таулары;
Семей қаласы.
Болашақта бұл кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін, оның ішінде Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын қамти отырып кеңеюі мүмкін.
Шығыс Қазақстан кластері «Табиғаттың ғажайып әлемі» ретінде сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болады.
Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс жатады.
Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар Түркістан қаласы (ЮНЕСКО объектісі);
ортағасырлық Отырар қалашығының және ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;
Сауран археологиялық кешені;
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген палеолиттік бөліктері мен геоморфологиясы және Арпаөзен петроглифтері бар «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;
Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық паркі;
«Байқоңыр» ғарыш айлағы;
Қызылорда қаласы;
Сарыағаш қаласы;
Тараз қаласы.
Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Мерке, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Жеті асар алқабы, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.
Батыс Қазақстан
Бүкіл Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Бекет ата, Шопан ата және Қараман-Ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі;
Маңғыстау түбегіндегі қорымдар.
Шерқала тауы.
Қарақия-Қаракөл табиғат қорғау аймағы.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.
«Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені.
«Кендірлі» шипажайы.
Батыс Қазақстан кластері «Каспий Ривьерасы» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, мәдени туризм және турне жатады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін іске асыру аясында өңірлердің бірегей объектілері мен республиканың батыс және шығыс «шекара қақпаларындағы» тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым құру көзделеді.
Қазақстанның басқа бөліктері. Кластерге енбеген өңірлер үшін, сондай-ақ аудандық деңгейлерде ең алдымен ішкі туризмді дамыту үшін болашағы зор туристік өнімдерді айқындау қажет. Бұл жағдайда тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шағын жобаларды әзірлеу және іске асыру орынды.
Қазақстанның барлық өңірлері үшін неғұрлым тартымды турөнімдердің біріне туризмнің басым түрлерінің бірі болып табылатын экологиялық туризмді жатқызуға болады.
Елдің «жасыл» экономика қағидаттарына көшуіне белгіленген бағдарды ескере отырып, агротуризмді ауыл халқын баламалы жұмыспен қамтудың ұйытқысы ретінде ғана емес, өңірлердің экономикасына қаржылық қолдауды қамтамасыз етуде және экологиялық «таза» ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда үлгі етіп көрсетуге тұрарлық. Агротуризм қоршаған ортаны қорғау процесіне табиғатқа ұқыпты қарау экономикалық тиімді болатын жергілікті халықты тартуға жәрдемдесетін қуатты құрал болып табылады.
Қонақ үй желілерін жасау мәдениеттің сақталуына, соның ішінде, ауылдық жерлерде қолөнер кәсіпшілігін дамытуға, фольклорлық мерекелер мен фестивальдерді ұйымдастыруға ықпалын тигізеді.
Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл туризмін дамыту перспективалары зор болғандықтан, туризм жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қолданыстағыларды жаңғыртуы, ал қажеттілік кезінде жаңа көлік инфрақұрылымын жасауы, өңірде туризммен айналысатын ШОБ-ті қалыптастыру және дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін айқындауы қажет. Әдістемелік құралдарды әзірлеуді, қонақ үйлер ашатын кәсіпкерлерге консультативтік көмек көрсетуді, жергілікті және өңірлік деңгейлерде ақпараттық қолдау және қонақ үйлерді ілгерілету үшін пәрменді құралды айқындауды қамтамасыз етуі қажет. Ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасына кепілдік беру үшін ауылдық демалыс үйлерінің бірыңғай сыныптамасын әзірлеу жөніндегі мәселені шешу, осы сыныптаманың өлшемдерін айқындау және ауылдық қонақ үйлер үшін бірыңғай стандарттарды бөлу қажет.
Қазақстанның шекара маңы облыстары үшін де туризмді дамытудың үлкен болашағы бар. Халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен туристік бағыттарды, оның ішінде іргелес мемлекеттердің азаматтары үшін бір екі күндік экскурсияларды құру және дамыту, мәдениет фестивальдерін өткізу орынды.
Жалпы, жергілікті атқарушы органдар туризм саласындағы орталық уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды нығайтуы, қысқа мерзімді ұзақ мерзімді перспективаға арналған туризмді дамытудың өңір мастер- жоспарларын қайта қарау әзірлеу, жұмыс істеп тұрған туристік ұйымдар, типтері бойынша орналасу орындары бар инфрақұрылым объектілері, ойын-сауық және өзге объектілер тізбесін қамитын дерекқорды тұрақты жаңартуы қажет.
Туризм саласындағы, сондай-ақ сабақтас қызмет саласындағы кәсіпкерлермен жұмысты күшейту, жергілікті жерде мемлекеттік қолдау құралдарының пәрменді жұмысына жәрдемдесетін тетіктерді айқындау қажет. Өңірде туристік кадрларларды даярлауды басымдықтардың бірі ретінде айқындау, туризм кадрларын даярлауды жүзеге асыратын оқу орындарымен тығыз байланыс жасау.
Сондай-ақ барлық облыстар үшін қызметтің басым бағыттарының бірі халықтың белгілі бір санатының, оның ішінде егде жастағы азаматтар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ел ішіндегі туристік қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін әлеуметтік туризмді дамыту болып табылады. Жеке сектормен және салалық қауымдастықтармен әріптестікте интенсив-туризмді ілгерілету және ел ішіндегі демалыс үшін қызметкерлерді жолдамалармен көтермелеу тетіктерін енгізу қажет. Әлеуметтік туризмді дамыту жөніндегі шаралар әлеуметтік туризмді ұйымдастырушылар үшін экономикалық ынталандыруларды және туристік қызеттерді көрсету және алу, әлеуметтік туризм объектілерін құру, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде оның қатысушылары үшін жеңілдіктерді қамтитын болады.
2.2. Туристік өнімдер
Әрбір туристік кластер бірнеше туристік өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруы қажет, бірақ туристік өнімдерді таңдау және басымдықтар беру әр кластердегі әрбір өнімнің даму әлеуеттеріне байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасында туризмнің басты алты өнімін дамыту қажет:
«MICE-туризм», «Мәдени туризм және турне», «Белсенді және қызық оқиғалы демалыс», «Таулар мен көлдердегі демалыс», «Жағажай туризмі» және «Қысқа мерзімді демалыс».
MICE-туризм - бизнес-уәждерге байланысты ұйымдастырылатын сапарлар, іскерлік кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар, көрмелер, іс-шаралар, жұмыс топтарының отырыстары, семинарлар және іскерлік сапарлар кезіндегі бос уақытты ұйымдастыру секілді түріне жатады: Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай мен Ресей Федерациясы жатады.
Мәдени туризм және турне – мәдени ескерткіштер және тарихи мұра орындары бойынша ұйымдастырылған турлар және гид алып жүрмейтін турлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай, Ресей Федерациясы, Таяу Шығыс, Үндістан және өңір елдері жатады.
Белсенді және қызық оқиғалы туризм – қызметтің «жұмсақ» (кемпинг, жаяу жүру, велосипед тебу, толық жетектегі автомобильмен жүру, табиғатты зерттеу, салт атты серуендеу, құстарды бақылау, балық және аң аулау) және «қатты» түрлерін (каноэда есу, каякпен жүзу, спелеология, тау велосипедін тебу, қиылысқан жермен шаңғы тебу, альпинизм, парапланеризм, плоттармен түсу (рафтинг), тауға өрмелеу және джип-сафарилер) қоса алғандағы қызмет түрлері. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа жатады.
Таулар мен көлдердегі демалыс – жұптар, отбасылар мен балалар, үшін жазғы және қысқы демалысты өткізу, ресми демалыс күндері уақытындағы демалыс, таудағы белсенді қызмет түрлері және спортшылар дайындығы секілді демалыс пен рекреация саласындағы түрлі қызметтер бағдарламалар, сондай-ақ экологиялық туризм. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей, Қытай жатады.
Жағажай туризмі – жағажай аймақтарында сауығу және демалу мақсатарында келу, сондай-ақ судағы спорт түрлері, қайықпен және яхтамен жүзу (теңіздегі демалыс). Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуіді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей және өңір елдері жатады.
Қысқа мерзімді демалыс – демалыс күнгі турлар, қала және қала маңындағы, көрнекті орындарға бару, табиғатта демалу, мәдени ескерткіштер мен тарихи мұра орындарында болу, сондай-ақ ерекше жағдайлар үшін қысқа мерзімді үзілістер (мысалы, бал айы, Жаңа жыл демалыстары, жыл сайынғы жиындар т.б.) секілді әдетте бір күннен төрт күнге дейін созылатын қысқа мерзімді сапарлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа және Таяу Шығыс жатады.
Келесі төрт-алты жылда коммерцияландыру үшін толық дайын немесе салыстырмалы түрде оңай екенін ескерсек, алғашқы үш туристік өнім (MICE-туризм, мәдени туризм және турне, сондай-ақ белсенді және қызық оқиғалы туризм «жылдам әсер» жатады.
Қалған үш туристік өнім (таудағы және көлдердегі демалыс, жағажай туризмі және қысқа мерзімді демалыс) «стратегиялық өнімдер» болып табылады, өйткені оларды әзірлеу туризм саласындағы стратегиялық маңызы зор (ұлттық) жобалар арқылы едәуір инвестициялар талап етеді, бұл олардың жеті жылдан он екі жылға дейінгі аралықтағы маңыздылығын жобалайды.
Айтылған топтарға енгізбеген басқа туристік өнімдер - мәдени-танымдық туризм, қасиетті орындар бойынша сапарлар, әлеуметтік, балалар-жасөспірім, агроэкотуризм, геопарктерді дамыту, сондай-ақ ерекше қызығушылықтар бойынша бірқатар өнімдер.
Астана қаласында технологиялық жарақтандырылу деңгейі жоғары және кейбір медициналық қызметтер құны салыстырмалы түрде төмен болатын жоғары сапалы медициналық емханалар паркін құруды ескере отырып, Астана қаласының қазақстандықтарды ғана емес, сондай-ақ шетелдік азаматтарды да тарта отырып медициналық туризмді дамыту мүмкіндігі зор. Осы өнімдер Қазақстан үшін туризмнің бастапқы өнімдері ретінде қарастырылмайды, бірақ өте ерекше салаларда дамытудың нақты мүмкіндіктерін ұсына отырып, осы туристік бағыттарды дамытуға назар аудару қажет.
2.3 Туристік жобалар
Ұлттық туристік жобалар
Аталған туризм өнімдерін дамыту ұлттық маңызы бар жобаларды қоса алғанда, туризмнің түрлі жобаларын дамыту қажеттілігін болжайды. Ұлттық туристік жобаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен ірі жобалар жатады.
Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан ұлттық туристік жобалар – бұл Астана кластеріндегі Бурабай курорттық аймағы, Алматы кластеріндегі Оңтүстік Қаскелең тау шаңғысы курорты, Шығыс Қазақстан кластеріндегі Бұқтырма – Қатонқарағай және Батыс Қазақстан кластеріндегі Кендірлі.
Бурабай курорттық аймағы – бұл аумағында бірнеше көлдер, бос уақыт, қабылдау мен кездесулер, сауықтыру іс-шараларын, спа, спорттық сайыстарды, гольф, атпен серуендеу және қызметтің басқа да түрлерін өткізу объектілері орналасқан жоғары сапалы курорттарды дамыту. Бұл жоба жалпы саны 5020 төсек-орындық, 4552 резиденциялы 11 қонақ үйі (Rixos Hotel қоса алғанда) бар бес аймақты дамытуды көздейді.
Конференциялар мен іс-шаралар мен сауықтыру және спа-орталықтары ашық аспанда, жабық үй-жайларда өткізуге арналған, спорттық шаралар өткізуге арналған құрылыстар, гольфке арналған алаң, атпен серуендеуге арналған орталық, көл жағасындағы айлақ, киіз үй сияқты басқа объектілерді әзірлеуді болжайды.
Жобаның жалпы құны шамамен 1624 млн АҚШ долларына бағаланған, бұл қаржы 2014 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі аралықта кезең-кезеңімен инвестицияланады. «Бурабай» курорттық аймағының жобасы Ақмола облысының Бурабай курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
Қаскелең Оңтүстік – бұл әртүрлі қызмет түрлерін және қысқы және жазғы демалыс үшін үлкен халықаралық тау шаңғысы курортын әзірлеу және дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 28 600 төсек-орындық кенттер қонақ үйлер, апартаменттер, таунхаус пен шаледен тұратын 3 аймақты қамтитын туристік инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Сондай-ақ туристерге қызмет көрсетуге арналған 31 600 шаңғышы үшін 148 шақырымдық шаңғы жолы, 27 тау-шаңғы көтергіштерді және 4985 тұрақ орын объектілері.
Жобаның жалпы құны шамамен 3,18 млрд. АҚШ долларына бағаланған, ол келесі 20 жылда кезеңдер бойынша инвестицияланады. «Қаскелең Оңтүстік» жобасы Алматы қаласы тау шаңғысы аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
Көк Жайлау – бұл халықаралық стандарттарға сай жыл бойы жұмыс істейтін тау-шаңғы курортын әзірлеу және дамыту. Аталған жоба Алматы қаласының маңындағы халықаралық тау-шаңғы курортың құрылуын оның ішінде жолаушылық қанат жолдарын және курорттың негізгі объектілеріне инженерлік желілерді өткізуді қарастырады. Жеке инвестициялау шеңберінде халықаралық санаттағы қонақ үйлердің, шале, гольфқа арналған алаңдар және т.б. коммерциялық мүлік объектілерінің құрылысы жоспарланған. «Көк Жайлау» жобасы Алматы қаласында тау-шаңғы аймағын дамыту бойынша жүйелік жоспарында сипатталған.
Бұқтырма - Қатонқарағай:
«Песчанка» курорты – Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы демалыс үшін жоғары сапалы қызмет көрсететін курортты дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 8476 орындық 9 қонақ үйлер, виллалар, коттедждер мен таунхаустар, сондай-ақ яхталарға арналған айлақ, су паркі және спорттық құрылыстары бар бірнеше аймақты дамытуды көздейді.
Жобаның жалпы құны - шамамен 365 млн. АҚШ доллары (көлік инфрақұрылымы мен коммуналдық шаруашылықты есептемегенде), оның ішінде 2020 жылға дейінгі инвестициялар көлемі 274 млн. АҚШ долларын құрайды (2152 төсек-орынды және аралас тұрақ аймақтары, жолдар мен ландшафтылық дизайн үшін). «Песчанка» жобасы Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер жоспарында сипатталған.
«Шыңғыстай» курорты – бұл «Қатонқарағай» МҰТП аумағында қысқы және жазғы демалыс және қызметтің әр түріне арналған таулы курортты дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 3266 төсек-орындық 5 қонақ үйлер, виллалар, коттедждер мен аңшылық үйлерін салуды, тау шаңғысы, спорттық және туристерге қызмет көрсетуге арналған өзге ілеспе құрылыстар салуды көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 159 млн. АҚШ долларына бағаланған (тау шаңғысы объектілерін, көліктік инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты есептемегенде), оның ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 106 млн. АҚШ долларын құрайды (1364 төсек-орын және аралас тұрақ аймақтары, жолдар және ландшафтылық дизайны үшін).
«Шыңғыстай» жобасы Шығыс Қазақстан облысындағы туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында сипатталған.
Осы екі курорт Ертіс өзеніндегі круиз, Алтай турлар және т.б. сияқты туристік өнімдермен және Үлкен Нарындағы ортақ әуежаймен бірлесіп бір жүйеге біріктірілді.
Кендірлі – жағажай демалысын, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін қамтитын жаңа дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 60 000 төсек-орындық 22 қонақ үй мен (оның 40 000-ы туристер үшін, 20 000-ы қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін) 16 400 резиденция және келушілерге қызмет көрсететін қалалық бөлшек сауда орталықтары, жабық үй-жайлардағы және ашық аспандағы спорттық сайыстарға арналған құрылыстар, гольфке арналған 3 алаң, яхталарға арналған айлақ және жергілікті тұрғындарға арналған қоғамдық мақсаттағы түрлі құрылыстар әзірлеуді көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына бағаланады, оның ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 1,96 млрд. АҚШ долларын (36 382 төсек-орын үшін) құрайды. «Кендірлі» жобасы Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
ЭКСПО – 2017
ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі – бұл индустрияландырудың символы және техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын ірі халықаралық іс-шара.
ЭКСПО – 2017 өткізу Қазақстан Республикасы мен оның елордасының халықаралық деңгейде айтарлықтай ілгерілеуіне ықпал етеді. Алайда аталған көрмені ұйымдастырушы елдердің тәжірибесіне салыстырма талдау аталған оқиғаның іскерлік табысы көбінесе ішкі нарыққа байланысты екенін көрсетеді.
Астана қаласында толымдылық деңгейі орташа көрсеткіштен төмен 5 000-ға жуық қонақ үй нөмірлері бар екенін ескерсек, жаңа қонақ үй нөмірлерін енгізу жоба дамуына қарай қосымша айқындалатын болады.
ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға байланысты күш-жігер жеткіліксіз туристік инфрақұрылым құруға, өзгерістер енгізуге және Қазақстанның туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты негізгі міндеттерді шешуге: елге келу шарттылықтарын жеңілдету, туристік көліктік инфрақұрылымды құру, тартымды бағалармен қамтамасыз ету мүмкіндігі және дестинацияны басқару және т.б. бағытталуы тиіс.
Жүйелі жоспарлар мен мастер-жоспарда айқындалған жоғарыдағы төрт туристік жобалардан басқа, ойластырылған туристік өнімдерді болжамды дамыту ұлттық маңызы бар өзге туристік жобаларды дамыту қажеттілігін тұспалдайды.
Бұл Астана және Алматы қалаларына, Оңтүстік Қазақстан кластеріне қатысты, бұл өз кезегінде барлық үш аймақ үшін жүйелі жоспарлар әзірленуі тиіс екендігін білдіреді.
Басқа туристік жобалар
Ұлттық жобалардан басқа тізбесі жоспарлы түрде толықтырылып отыратын бірнеше жобалар топтары бар.
Бірінші топ – ірі жеке девелоперлер бастамашылық еткен, құрамында қомақты туристік өнімі бар ірі туристік жобалар немесе жылжымайтын мүліктің құрылысы жөніндегі ықпалдастырылған жобалар. Мұндай жобалардың құны 100 миллион АҚШ долларынан асып түседі. Туризм жөніндегі уәкілетті органның мұндай жобалар бойынша ұсынылатын рөлі – аталған жобаларды осы Тұжырымдамаға сәйкестігі мәніне дамытудың мастер-жоспары және тиісті кластерлерді дамыту стратегияларын келісу, туристік және көліктік инфрақұрылымды дамыту жоспарларымен үйлестіру, әкімшілік мәселелерді шешуде қолдау көрсету. Жобаға бастамашылары жасаушылар тарапынан тиісті сұрау салудың болуы кезіндегі ұлттық компанияның рөлі – жобаны қоса инвестициялау мүмкіндігін қарау.
Кез келген жағдайда мұндай жобалар Республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде қаралатын болады. Бүгінгі күні мұндай жобаларға Алматы облысындағы Жауынгер шатқалын дамытудың мастер-жоспарын, Алматы қаласында халықаралық ипподром салу және т.б. жатқызуға болады.
Екінші топ – өңірлік маңызы бар ірі курорттық аймақтар. Тиісті мастер-жоспарларын әзірлеуді қоса алғанда, аталған курорттардың тұжырымдамаларын ілгерілету әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қолдауымен облыстар әкімдіктерінің бастамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Туризм жөніндегі уәкілетті органның мұндай жобалар бойынша рөлі - анағұрлым басым өңірлік жобаларды анықтау үшін жобаларды бағалаудың бекітілген әдістемесі бойынша іріктеу, мастер-жоспарларын әзірлеуде әкімдіктерге әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ аталған курорттық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджет қаражатын алуға ықпал ету. Мұндай мысалдарға Көк Жайлау курорттық аймағын, Баянауыл, Қарқаралы, Балқаш маңы және т.б. жатқызуға болады.
Үшінші топ – қонақ үйлер, ірі және орта туристік нысандарды салу бойынша жеке жобалар. Аталған жобалар ұлттық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайда, онда олардың іріктелуі мен дамуына туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания жауапты болады. Қалған жобалар бойынша бұл рөлді туризм жөніндегі уәкілетті органның тиісті әдістемелік қолдаумен өңір әкімдіктері жүзеге асыруы тиіс.
Төртінші топ – келу және ішкі туризм мен жекелеген туристік өнімдерді дамыту жөніндегі ШОБ жобалары. Аталған жобалар тұжырымдамада ерекше басымдық болып табылады. Әрбір кластер және ұлттық жоба аясында осындай жобаларды құруға арналған текшелер тізбесі ұсынылатын болады, сондай-ақ шағын және орта бизнес тарапынан кез келген негізді бастамаларға әдестемелік көмек көрсетілетін болады.
Ұлттық жобалар бойынша ШОБ-тің дамуына туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания, ал өңірлер бойынша, оның ішінде жүйелі жоспарлар шеңберінде әзірленген ұсыныстарды ескере отырып, өңірлік әкімдіктер жанындағы тиісті өңірлік туризм басқармалары жауапты болады. Бизнесті қолдаудың барлық қолданылатын мемлекеттік бағдарламалары туристік объектілерді басымдықтар тізбесіне енгізуі тиіс.
Барлық өңірлерді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында негізгі туристік ресурстарды, ұлттық туристік кластерлерді, инфрақұрылымды дамыту жоспарларын қамтитын Қазақстан Республикасының туризмін кластерлік дамыту жөніндегі туристік картасын құру қажет.
2.4 Инфрақұрылым
Көліктік инфрақұрылым
Туризм индустриясының сәтті дамуы кластер ішіндегі және сыртындағы туристік қызығушылық орындарымен байланыстыратын жоғары сапалы және дамыған көліктік жүйенің болуымен сипатталады.
Әуе көлігі туризм индустриясын дамытуда маңызды рөл атқарады, өйткені ол кіру туризмі үшін көліктің негізгі түрі болып табылмақ.
Әуе көлігін дамыту үшін мынадай іс-шаралар ұсынылады:
қолданыстағыларын жетілдіру және жаңа (үлкен емес) әуежайлар мен Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін, сондай-ақ тікұшақ алаңдарын салу;
әуе тасымалына қолжетімді баға ұсыну есебінен қолданыстағы ішкі әуе маршруттарға арналған рейстерді толтыру және жаңа әуе маршруттарды іске қосуды арттыру.
Әуе көлігін дамыту жөніндегі жобалар мынадай іс-шараларды қамтиды, бірақ мұнымен шектеліп қалмайды:
өткізу қабілеттін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы әуежайларды кеңейту;
Өскемен және Ақтау қалаларындағы әуежайларды жетілдіру;
Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «Кендірлі» курорттық аймағында және Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Үлкен Нарын кентінде әуежайлар салу;
«Песчанка» курорты жанында және Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл көлі маңында гидроұшақтарға арналған қону орындарын салу;
Шарын шатқалында, Өскемен қаласында, «Қатонқарағай» МҰТП, Марқакөл көлінде, Риддер және Ақтау қалаларында, Шерқала тауында және «Кендірлі» курортында тікұшақ алаңдарын салу.
Теміржол көлігі елдің тауарлық нарығының жұмыс істеуі мен дамуында және туристер мен халықтың қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Теміржолдардың негізгі рөлі басты кластерлерден туристік орталықтарға дейін үлкен ара қашықтығымен тасымалдаулар айқындалады.
Жолаушы көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда теміржол көлігінің неғұрлым маңызды болып табылатын бірқатар басымдықтары бар:
жыл, тәулік уақыттарына және ауа райына қарамастан тасымалдаулардың жүйелілігі;
басқа көлік түрлерімен тасымалдау құнымен салыстырғанда тасымалдау құнының жоғары еместігі.
Теміржол көлігін дамыту үшін мынадай іс-шаралар ұсынылады:
қолданыстағыларын жетілдіру және жаңа теміржол желісінің құрылысы;
Астана, Алматы, Ақтау, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Шу, Шортанды, Қапшағай, Байқоңыр қалаларындағы, Жаңаөзен кентіндегі, сондай-ақ шекара станцияларының (Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінің) басқа кластерлік орталықтардағы және туристік қызығушылықтың басты орындарындағы қолданыстағы теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын жетілдіру;
қалалар арасындағы жол жүру уақытын қысқарту мақсатында жаңа (жоғары жылдамдықты) пойыздарды пайдалану.
алыс шет елдермен халықаралық қатынас ашуды қамтитын маршруттарды кеңейту.
Автомобиль көлігін дамыту үшін мынадай іс-шаралар ұсынылады;
қолданыстағыларын жақсарту және жаңа Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін, кластерлік орталықтарда және туристік қызығушылықтың басты орталықтарында автовокзалдар мен автобус аялдамаларын салу;
осы жолдарда демалуға арналған аялдамаларды қоса алғанда, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінен бастап кластерлік орталықтар мен туристік қызығушылықтың басты орындарын байланыстыратын қолданыстағы жетілдіру және жаңаларын республикалық және өңірлік маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғыртуға жататын автомобиль жолдарының алдын-ала тізімі 1-қосымшада.
Автомобиль көлігін дамыту жөніндегі жобалар мынадай іс-шараларды қамтиды, бірақ мұнымен шектеліп қалмайды:
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің, сондай-ақ жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын аяқтау;
Алматы қаласы маңындағы айналма автожол құрылысын аяқтау;
Бурабай кентіндегі, Шортанды, Қарағанды, Алматы, Қапшағай, Өскемен, Риддер, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Байқоңыр және Ақтау қалаларындағы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Песчанка» және «Шыңғыстай» курорттарындағы орталық автовокзалдардың инфрақұрылымын жетілдіру;
Қорғалжын, Тамғалы кенттеріндегі, «Алтынемел» МҰТП және Шарын шатқалындағы автобус аялдамаларын жетілдіру;
Су көлігін дамыту үшін қолданыстағы порттарды жетілдіру және жаңаларын салу, оның ішінде «Песчанка» курортындағы портты және Ертіс өзенінің бойындағы басқа да порттарды, сондай-ақ Ақтау қаласындағы портты жетілдіру ұсынылады.
Ішкі көлікті дамыту үшін мынадай іс-шаралар ұсынылады:
автобус аялдамаларын жаңғырту және Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент және Ақтау, Қарағанды, Семей, Қызылорда, Тараз және басқа қалаларды қазіргі заманға сай қалалық автобустармен қамтамасыз ету арқылы қолданыстағы жергілікті автобустық қызметтер көрсетуді жетілдіру;
Астана және Алматы қалаларында шолу экскурсияларына және шопинг-саяхаттарға арналған туристік автобус маршруттарын ашу;
такси тұруға арналған белгісі бар аялдамалармен қамтамасыз етуді ескеретін, жергілікті такси қызметтерінің көрсету сапасы стандарттарын айқындау және енгізу, такси белгісі бар жаңа автокөліктер, сондай-ақ басымды түрде Астана, Өскемен, Шымкент және Ақтау қалаларында, сонымен қатар такси қызметі бар/немесе ол талап етілетін туристік қызығушылықтың барлық басты орындарындағы сапа мен жол жүру бағаларының сәйкестігі.
Сондай-ақ қазіргі заманғы стандарттар негізінде (көрсеткіштер және маңдайша жазулар, тротуарлар, кіші сәулет нысандары, қоғамдық дәретханалар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін абаттандыру элементтері) ірі қалаларда, кластерлік орталықтарда,
сондай-ақ қолданыстағы курорттық аймақтарда көше инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеу (көрсеткіштер және маңдайша жазулар, тротуарлар, кіші сәулет нысандары, қоғамдық дәретханалар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін абаттандыру элементтері) ұсынылады. Осындай бағдарламаны әзірлеу ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық шеңберінде Астана қаласы үшін ерекше маңызды.
«Жұмсақ» инфрақұрылым
«Жұмсақ» инфрақұрылымға туристік дестинацияның туристік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, туристер мен инвесторларға жоғары сапалы ақпарат ұсынуды, туризм мен қонақжайлылық саласындағы мамандар даярлауды қамтитын жоғары білім деңгейін қамтамасыз ететін қымбат емес, бірақ маңызды жобалар мен іс-шаралар жатады:
Ақпараттық ортаға жататын жобалар мен іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектеліп қалмайды:
әсіресе әуежайларда, теміржол вокзалдарында, орталық автовокзалдарда, сондай-ақ автомагистральдар бойында тегін туристік ақпарат, брондау мүмкіндіктерін, кәдесыйлар, кітаптар мен карталар сатып алу мүмкіндіктерін ұсынатын визит-орталықтары;
визит-орталықтарымен салыстырғанда аз, негізінен ашық аспан аясында және туристік көрнекіліктің айқындалған орындарда ірі іс-шараларды өткізу уақытында тек туристік ақпарат ұсынатын ақпараттық бюро;
туристік көрнекіліктің негізгі орындарын, қонақ үйлердегі және басқа да орналастыру орындарындағы, әуежайлардағы, теміржол вокзалдарындағы, орталық автовокзалдардағы, порттардағы, сондай-ақ туристік қызығушылықтың басқа да орындарындағы туристік көрсеткіштер;
кепілдік берілген бағдарламалар – туристік дестинациялар ұсынатын мәдени, экскурсиялық және басқа да бағдарламалар;
туристік көрнекілік, дестинация қызметтері мен өнімдер топтамасын ұсынатын дестинация карталары;
дестинация сұранысын (мысалы, келушілердің қанағаттану деңгейі), ұсыныстарды (мысалы, қонақ үйдегі қызмет көрсету) бәсекелестерді, өнімдерді және т.б. зерттеу қызметі;
туристік индустрияны дамытуға тартылған қонақ үйлер және басқа да орналастыру орындары, туристік көрнекілік мейрамханалары, туроператорлар, әуе желілері, жергілікті атқарушы органдар, университеттер, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. сияқты мүдделі тараптар арасындағы әріптестік;
семинарлар, ақпараттық брошюралар және туризмді дамытудың оң нәтижелерін көрсететін басқа да іс-шаралардың көмегімен жергілікті халықтың туристерге деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытуға отандық, сол сияқты шетелдік инвесторларды тарту.
Тұжырымдамада ұсынылып отырған туризм саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жобалар мен іс-шаралар туризм саласындағы жоғары, техникалық және кәсіптік білімді, сондай-ақ тренингтерді одан әрі дамыту, кәсіби оқыту жүйелерін және туризм индустриясы мен қонақжайлылық мектептерін қолдау мүмкіндігін қарауды көздейді.
Туристік жобаларды іске асырған жағдайда кадрларға қосымша қажеттілікті кадрларды қысқа мерзімді даярлықтан өткізу оқу орталықтарында қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату есебінен, оның ішінде Астана қаласында ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық аясында толықтырған жөн.
2.5. Туристік саланы одан әрі дамыту жөніндегі шаралар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы саласында
а) республиканың табиғи-қорық қорын барынша сақтауды, жергілікті халықпен бірлесіп табиғи ресурстар мен генетикалық ресурстарды қорғауды ескере отырып, ЕҚТА мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді пайдалануға арналған басым туристік жобаларға (бұдан әрі – басым туристік жобалар) қойылатын туристік тартымдылық өлшемдерін (бұдан әрі – өлшемдер) әзірлеу;
б) өлшемдерге сәйкес орман отырғызу жобасы негізінде осындай аумақтардың инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын (бұдан әрі – бас жоспар) әзірлеу арқылы туристік әлеуеті бар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде туристік дамытуды жоспарлау;
в) ЕҚТА инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарында ЕҚТА учаскелерінде туризмді дамытуды жоспарлау (бұдан әрі – бас жоспар);
г) туризмді дамытуға қатысты бас жоспарды түзету жөнінде ұсыныстар енгізе алатын туризм жөніндегі уәкілетті органмен бас жоспарларды келісу, бұл ретте халықты сауықтыруға арналған бальнеологиялық мақсаттағы жобаларды және ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іске асыру үшін экологиялық туризмді жүзеге асыруға арналған объектілерді белгілеу;
д) ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде туристік жобалардың дамуын басқару мамандандырылған ұйымды белгілеу және/немесе құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
белгілі бір жер учаскелерін туристік мақсаттарда игеру үшін инвестициялық ағындарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жеке секторлардан әртүрлі деңгейдегі инвесторларды іздеу және тарту;
өлшемдерге және бас жоспарларға сәйкес басым туристік жобаларды таңдау, сондай-ақ ілеспе рұқсат беру және келісім беру рәсімдерін жүзеге асыру;
ұсынылатын жобаның оң экологиялық сараптамасы болған жағдайда басым туристік жобаларды іске асыру үшін ЕҚТА дирекциясына және жергілікті атқарушы органдарға инвесторларға жер учаскелерін бөлу және беру жөніндегі ұсыныстар енгізу;
инвесторлардың жобаларды инфрақұрылымның бас жоспарларына және экологиялық талаптарға сәйкес орындауын бақылау;
туристік жобаларды басқарудың өзге балама тетіктерін әзірлеу және туристік инфрақұрылымды дамыту мен басқаруда мемлекет пен жеке инвесторлардың өзара іс-қимыл жасауы.
е) туристік жобаларды іске асыру бойынша ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерін тұрақты пайдалану және басқару жағдайында мынадай шараларды қамтамасыз ету қажет:
ЕҚТА және мемлекеттік орман қорын пайдаланушылардың табиғи ортаға залал келтіргені үшін (заңсыз ағаш кесу, су қоймаларын ластау, жердің табиғи қабатын бүлдіру және т.б.) жауапкершілігін күшейту;
орман алқаптарының аумағын ұлғайту, табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіру кезінде табиғат пайдаланушыларды көтермелеу тетіктерін қарау.
Жер қатынастары саласында
Инвесторлардың жер әлеуетін барынша пайдалануы үшін ЕҚТА-да, сулы, мемлекеттік орман қоры жалпы пайдаланатын жерлерде қонақ үйлер және басқа да туристік инфрақұрылым құрылысы үшін жер телімдерін бөлу, мемлекеттің салымдар қауіпсіздігіне кепілдік беруі және тиісті инвестициялар үшін қаржылық ресурстарға инвесторлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мынадай баламалы тетіктермен қамтамасыз етілуі мүмкін:
а) ЕҚТА мен орман қоры жерін қоспағанда, туристік жобаларды дамыту мақсатында инвесторлардың жер учаскелерін жеке меншікке сатып алуының құқықтық құралдарын жасау;
б) мынадай ықтимал шаралар арқылы туристік жобаларды дамыту мақсатында ЕҚТА учаскелерін және орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдаланудың қолданыстағы институтын жетілдіру, оның ішінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер телімдерін ұзақ мерзімді ақылы қолдану/орманды пайдалану шартының (бұдан әрі – шарт) талаптарын жетілдіру:
жер телімдерін ұзақ мерзімді ақылы қолданудың/орманды пайдаланудың ең ұзақ мерзімін арттыру;
шартта автоматты түрде белгіленген мерзімге ұзартуды көздеу;
уәкілетті органның шартты біржақты тәртіппен бұзу құқығын шектеу, сонымен бірге инвестор тарапынан қандай да бір бұзушылықтар болмай, шарт мемлекет бастамасымен бұзылған жағдайда инвестор салымдарын қисынды ақтайтын көлемде өтемақы төлемдерін жүзеге асыру;
инвестор тарапынан шарт талаптарын айрықша бұзушылықтар болмаған жағдайда ескерту (шартты ұзартудан бас тарту туралы) мерзімін неғұрлым ұзақ мерзімге (5 жылдан 10 жылға дейін) арттыру, бұл ескерту бас тартудың негіздемесін қамтуы және жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге бастапқы қатысқандарды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс;
жобаны іске асыруды жалғастырған жағдайда үшінші тұлғаларға туристік жоба мақсаттары үшін орманды пайдалану құқықтары мен міндеттемелерін беру мүмкіндігін көздеу;
в) бұған қоса, жер учаскелерін пайдалануға немесе меншікке беру кезінде баламалы шара ретінде инвесторларға жер учаскесін пайдалануға/сатып алуға опцион беру ұсынылады.
г) ауыр құрылыс материалдарын пайдаланбай, су жолақтары бар жер уческелерінде маусымдық құрылыстар мен жеңіл архитектуралық нысандар (жағалаудағы дәмханалар) салуға рұқсат беру.
Арнайы туристік аймақтар (АТА) саласында
АТА-ға қатысты мынадай шараларды іске асыру ұсынылады:
а) ЕҚТА, орман қоры және басқа аумақтар туристік жобаларды іске асыру үшін қолданылатын ерекше құқықтық режимдегі арнайы белгілі бір аймақтар құру мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі мүмкін:
АТА ұғымын ерекше реттелетін немесе өзіндік тұжырымдамасы бар арнайы экономикалық аймақ түрі ретінде айқындау;
туристік жобаларды іске асыру, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға, туристік инфрақұрылым салу үшін жер телімдерін бөлуге рұқсат алу кезінде және т.б. оңайлатылған жеңілдікті тәртібін қамтитын жағдайларда АТА айрықша режимін айқындау;
жер телімдерін игеру, құрылыс салу және т.б. кезінде рұқсат беру рәсімдерінен өткуді және мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаттарын алуды оңайлату және тездету;
АТА тиімді басқару және «жалғыз терезе» қағидаты бойынша инвесторларға қызмет көрсету тетігін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік туризм саласында
Мемлекетті, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді ішінара субсидиялау тетігіне тарту арқылы туристік сертификаттарды әлеуметтік туризмді ынталандыратын құжаттар ретінде енгізу мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі мүмкін:
а) туристік сертификатты екі – бухгалтерлік және статистикалық функцияны (салық салынатын базаның дұрыс қалыптастырылуын бағалау үшін және туристік ағындарды бағалау, дестинациядағы туризмді болжау және жоспарлау) жүзеге асыратын қатаң есептілік құжаты ретінде құқықтық мәртебесін реттеуді оңтайландыру;
б) туристік сертификаттың тиісті нысанына және түріне және оны пайдалану қағидаларына қойылатын қойылатын талаптарды айқындау.
Салық салу саласында
туристік саланы, оның ішінде әлеуметтік туризм саласында салықтық көтермелеудің қосымша шараларын қолдану мүмкіндігін қарау.
Көші-қон бақылауы және визаларды ресімдеу рәсімдерін оңайлату саласында
Мынадай шараларды іске асыру ұсынылады:
а) елге туристер ағынын қамтамасыз ететін экономикалық жағынан тұрақты елдердің азаматтары үшін визалық тәртіпті алып тастау немесе оны оңайлату жөніндегі жалғастыру;
б) шетелдік азаматтарды тіркеу және есепке алу процесін оңайлату, оның ішінде шетелдік азаматтарды тіркеу және есепке алудың, онлайн тіркелуге өтінімді берудің және электрондық тіркеуді жүзеге асырудың оңайлатылған рәсімі үшін елдер тізбесін құру;
в) шетелдік азаматтарды міндетті тіркеу мерзімін бір айға дейін ұзарту, тіркелу орны ауысқан кезде олардың қайта тіркеуден міндетті өтуін алып тастау.
Шекаралық бақылау саласында
а) «Шекаралық бақылау» мемлекеттік қызметі стандартын әзірлеу және оның Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекіту;
б) шекара бойындағы, сондай-ақ іргелес мемлекеттер аумағы арқылы өтетін аумақтарда экологиялық туризмді дамыту мақсатында белгіленген тәртіппен ашылатын Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттері арқылы туристердің халықаралық маршруттарды өтуін ретке келтіру жөніндегі мәселені зерделеу.
Авиациялық кеңістік саласында
Азаматтық авиацияны дамыту стратегиясында ішкі әуе тасымалдары нарығын дамыту үшін бәсекелі жағдайлар жасауға, оның ішінде ішкі авиарейстерді субсидиялау бағдарламаларын одан әрі дамытуға бағытталған шараларды іске асыру мүмкіндігін қарау.
Туристік қызметтер саласында
Мынадай ықтимал шараларды жүргізу арқылы туризм саласындағы уәкілетті органның туристік, оның ішінде қонақ үй қызметтерін көрсету сапасын бақылауын қамтамасыз ету:
а) кіру және ішкі туризм саласында тікелей туристік қызметтер көрсететін туристік индустрия қызметкерлеріне (гидтер, туристік агенттіктер қызметкерлері, туризм индустриясындағы аудармашылар) қойылатын міндетті біліктілік талаптарын/стандарттарын әзірлеу;
б) кіру және ішкі туризм саласында, туристік қызметтердің тиісінше көрсетілуіне бақылау және мониторинг тетігін әзірлеу;
Жылжымайтын мүлікке құқық саласында
Инвесторлар үшін түсінікті кейіннен жалға беру мүмкіндігімен туристік жылжымайтын мүліктегі үлесті меншікке алуға немесе ұзақ мерзімді ақылы пайдалануға мүмкіндік беретін демалыс клубтық жүйесін реттеу рәсімін енгізу, бұл мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі мүмкін:
а) демалушылар үшін туристік объектілерде тұрудың қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету және шектелген үлес меншігі немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығында туристік объектілер үлесін кепілді иелену мақсатында туристік жылжымайтын мүлік үлесін ұзақ мерзімді немесе өмір бойы қолдануға құқық беретін жалпы үлес меншігінің шектелген түрі ретінде «тайм-шэр» институтын құру;
б) демалыс клубтарын басқарудың ұйымдық-құқықтық құрылымы мен жүйесін айқындау, бұған қатысу «тайм-шэр» ерекшелігі мен өзгешелігін ескере отырып, туристік жылжымайтын мүлік объектісінің үлесін ұзақ мерзімді және өмір бойы пайдалану және иелік ету құқығын береді;
в) «тайм-шэр» аясында қатысушылардың құқықтары мен шектеулері көлемін, үлгілік шарттар жағдайларын (сатып алу және өз үлесін кейін жалға беру шарттарын айқындау), сондай-ақ тиісті демалыс клубтарының басқарушылық құрылымдары тарапынан орындалмаған міндеттемелер бойынша үшінші тұлғалардың дәмеленуінен туристік жылжымайтын мүлік объектісінің үлесіне құқықтарды қорғау кепілділіктерін айқындау;
г) «туристік объект», «туристік жылжымайтын мүлік», «туристік жабдық» ұғымдарын және басқа сабақтас ұғымдарды айқындау.
2.6 Институционалдық құрылым
Тұжырымдамада қойылған міндеттерді орындау үшін қолданыстағы институционалдық құрылымды нығайту, сондай-ақ олардың туристік индустрияны және саланы дамытудағы жалпы өзара іс-қимыл жасау жүйесін күшейту ұсынылады. Осыған байланысты:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туризм жөніндегі кеңестің қызметін кеңейту.
2. Бес туристік кластерді дамытуды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы өңірлік туризм басқармаларының қызметін күшейту және кеңейту.
3. Ірі туристік жобаларды әзірлеу және іске асыру, жеке инвестициялар тарту үшін туризм саласындағы уәкілетті органның бақылауымен Туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания құру мүмкіндігін қарау.
Жоспарлау және басқару
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туризм жөніндегі кеңес
Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатын және қызметін орындаудың негізгі үйлестірушісі ретінде туризм саясатын әзірлеудегі жетекші рөлін сақтайды.
Қазіргі уақытта Туризм жөніндегі кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде жүзеге асырады (бұдан әрі – Кеңес). Қолданыстағы Кеңестің өкілеттіктерін оған әмірлік өкілеттіктер беру бөлігінде кеңейту ұсынылады.
Туризм саласындағы уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, туристік салаға инвестициялардың тартылуына, Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы өңірлік туризм басқармалары
Облыстардағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету және өңірлердегі бес туристік кластерді дамыту үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейлерде мемлекеттік басқару құрылымын одан әрі жетілдіру қажет, оның ішінде бекітілген үлгілік құрылымға өзгерістер енгізу және басқармаларға жүктелген функцияларды оңтайландыру арқылы олардың санын көбейту, оның ішінде:
өңірлік деңгейде ұсынылатын туристік өнімді жобалау және кәсіптік әзірлеу (ұзақ мерзімдік жоспарды);
өңірлік деңгейде туристік өнімді, жобаларды ілгерілету мен іске асыруға қолдау көрсету және жәрдемдесу;
дестинацияларды ілгерілету, оның ішінде бренд жасау және имиджді қалыптастыру;
туристік дестинацияларды үйлестіру және басқару;
туристік ақпараттық орталықтарын тұрақты қолдау, сондай-ақ олардың туристер үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету;
туризм саласындағы уәкілетті органмен туризмді ілгерілету жөніндегі жыл сайынғы жедел және маркетингтік жоспарларды келісу;
дестинацияларды дамыту және ілгерілету үшін арнайы іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу;
қонақ үй типіндегі орналастыру орындарына сертификат беру арқылы сыныптау іс-рәсімдерін жүзеге асыру, орналастыру орындарының туристік қызметтерді орындауын бақылауды қамтамасыз ету.
Бұған қоса облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және туризм саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимылын туризмге жетекшілік ететін өңірлік құрылымдардың туризм саласындағы уәкілетті органға тікелей бағынышты болуы арқылы күшейту ұсынылады.
Дамыту және ілгерілету
Туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания
Туризмді дамыту контексінде анағұрлым басым ұлттық туристік жобаларды ілгерілету үшін туризм саласындағы уәкілетті органның бақылауымен Туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компанияны құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Компанияның негізгі функцияларына мынадай өкілеттіктерді енгізу көзделеді:
ілеспе, оның ішінде құрылыс және негізгі инфрақұрылым саласындағы бағдарламаларды қолдау және іске асыру;
ұлттық жобаларға қатысуға басты туристік жобалар инвесторлары мен операторларын тарту, осындай жобаларды жоспарлау мен дамытуда негізгі рөлді орындау және сәйкесінше:
іске асыру үшін жер телімдерін инвесторлар мен операторларға пайдалануға/жеке меншікке беруді басқару және оны жүзеге асыру;
туристік жобалар инвесторлары мен операторларын мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және ұсыну.
Сондай-ақ компанияны мынадай функциялармен бөлеу орынды:
мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін кедергісіз беру құқығы, жер учаскелерін бөлу, оның ішінде жеке меншіктегі жер учаскелерін туризм объектілерін салу үшін берудегі мемлекет қолдауы;
жобаларды іске асырудан және қайта қаржыландырудан түсетін пайданы туристік жобаларды дамытуға алу құқығы; туризм саласындағы шетелдік мамандарды еркін тарту құқығы
2.7. Имидждік стратегия
Имидждік стратегияны дамыту шеңберінде мынадай шараларды шешу мүмкіндігін қарастыру:
халықаралық нарықтарда жұмыс үшін туристік бренд әзірлеу, сондай-ақ ақпаратты іздестіру маркетингі (SEM) орналастыруды қоса алғанда, мамандандырылған вебсайттардағы баннерлер, мобильді жарнама, Веб (Web) 2.0 құралдарын ілгерілету арқылы орналастыруды қоса алғандағы интернет-маркетинг, сондай-ақ Қазақстан бойынша барлық туристік ұсыныстарды көрсететін және онлайн-брондау қызметін ұсынатын мамандандырылған онлайн-тұғырнамалар құру;
негізгі нарықтарда Қазақстанның туристік өкілдіктерін ашу. Бірінші кезеңде Ресей Федерациясында, Гонконгте бір өкілдік және Батыс Еуропа елдері үшін біреуін ашу ұсынылады. Кейіннен азиялық нарықты анағұрлым толық қамту, сондай-ақ Еуропадағы өкілдіктер санын ұлғайту жоспарлануда;
қазақстандық туристік компаниялардың өз туристік өнімдерін халықаралық нарықта ілгерілетуіне қатысуын ынталандыру, оның ішінде халықаралық туристік көрмелерге қатысуын ішінара субсидиялау есебінен;
Қазақстанның туристік өнімдерін ақпараттандыру және ілгерілету мақсатында көшпелі іс-шараларды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туризм индустриясының шетелдік кәсіпқойлары үшін Қазақстан бойынша таныстыру турларын ұйымдастыру.
2.8 Жылдам әсер шаралары
Қазақстанда туристік саланы дамыту келесі екі жылда мынадай жағдайларды орындаған кезде елеулі коммерциялық нәтижелерге алып келуі мүмкін:
белгілі бір туристік өнімдерді тиісті жиынтықтау және коммерциялау;
Қазақстанның ішінде, сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдер арасында әуе қатынастарының көлемін арттыру және оның құнын қысқарту;
ілгерілету жөніндегі нақты іс-шараларды кәсіптік айқындау және іске асыру;
Жоғарыда көрсетілген өлшемдердің негізінде мынадай «жылдам нәтижелерге» қол жеткізуге болады:
халықаралық конференциялар мен ірі оқиғалар басымдығы жағдайында Астана және Алматы қалаларында MICE-туризм өнімдерін құру;
халықаралық кездесулер нарығында Астана мен Алматы қалаларының тиімді ілгерілеуін және өкілдік етуін, күзгі–қысқы кезеңде инфрақұрылымға жүктемені барабар бөлуді қамтамасыз ете отырып, қалалық билік пен бизнес арасындағы үйлестіруші және байланыстырушы буын болатын мемлекеттік мамандандырылған қала құрылымын (компанияны) Конференц-Бюроны құру;
сонымен қатар бір жыл ішінде күзгі-қысқы мезгілде жаңа шаралар тарту арқылы туристік инфрақұрылым қысымдарын дұрыс бөлу;
Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан кластерлерінде, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша бірнеше турлар әзірлеу;
ілгерілету жөніндегі онлайн іс-шаралар, оның ішінде Гугл Жер Планетасы және Трип Эдвайзор (Google Earth и TripAdvisor) сияқты жетекші Интернет-тұғырнамаларда және «Facebook» және «Twitter» секілді әлеуметтік желілердің көмегімен іс-шаралар өткізу.
Ірі туристік жобаларды іске асыру және құрылған инфрақұрылымдық объектілерді, туристік ресурстарды кейінгі басқару үшін жоғары буынды туризм мамандарына, туристік индустрия басқарушыларына қажеттілік туындайды. Осыған байланысты Назарбаев Университетімен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Бұдан басқа, 2013 жылы көрсетілетін қызметтер сапасы мен ішкі менеджмент жүйесін арттыру мақсатында туризм саласындағы туристік компаниялар мен орналастыру орындары объектілерінің басшылары үшін, оның ішінде Мемлекет басшысының Австрия Республикасына сапары барысында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған Австриялық WIFIINTERNATIONAL компаниясын тарта отырып, біліктілікті жоғарылату жөніндегі тренингтер мен курстар түрінде оқыту жүйесін енгізуді жүзеге асыру ұсынылады. Туристердің ағымдағы ағыны үшін ақпарат ұсыну мақсатында Астана және Алматы қалаларында пилоттық «визит-орталықтарын» іске қосу ұсынылады.
Сонымен бірге, елдегі туризмді дамытудың қазіргі қарқынын ескере отырып, сондай-ақ экономикаға мультипликативтік нәтижені оңтайлы арттыру мақсатында тиісті салалық бағдарламалар мен жоспарларға бір уақытта сабақтас секторларды басым дамытуды енгізу қажеттігі ұсынылады, оның ішінде:
1. Тамақ өнеркәсібі, оның ішінде Ұлттық өнімдер (азық-түлік өнімдері, сусындар өндірісі).
2. Қонақ үй және туристік объектілердің құрылысы жөніндегі жобалау және құрылыс салу қызметтері.
3. Ойын-сауық және демалыс индустриясы, оның ішінде киноиндустрия, ойын-сауыққа арналған бұйымдар, ойыншықтар өндіріс, ойын-сауық саласындағы қызмет және т.с.с.
4. Қолөнердің барлық түрлері, оның ішінде ұлттық кәдесый өнімдері.
5. Тамақтандыру индустриясы, оның ішінде қазіргі ұлттық аспаздық.
ҚОСЫМША
Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілер тізбесі
Тұжырымдама міндеттерін іске асыру мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етіледі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
3. Қазақстан Республикасының Кодекстері: Азаматтық, Жер, Су, Орман, Салық, Экологиялық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және т.б.;
4. Қазақстан Республикасының Заңдары: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» және т.б.;
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама;
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары: «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізімін бекіту туралы» 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074, «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілеріне пайдалануға рұқсат беру ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063, «Қазақстан Республикасына иммигранттардың келуі және тұруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен, Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған азаматтарды есепке алу ережелерін бекіту туралы» 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 және басқа;
8. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары.
Қысқартылған сөздер тізімі:
Институттар мен компаниялар:
SMIT – Туризмдегі Морокко инжирингтік қоғамы
ХЖТБ – Халықаралық жастар туризм бюросы
САҚ – Сыртқы экономикалық акционерлік қоғамы
КОБОК – Кәсіптік одақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі
ҚҚМА – Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы
ҚТА – Қазақстандық туристік қауымдастығы
ҰТӘ – Ұлттық туристік әкімшілік
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҰҚК ШҚ – Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі
ТЭОК – Туризм және экскурсия жөніндегі орталық кеңес
UNWTO – Бүкіләлемдік туристік ұйым
ЮНЕСКО (ағылш.UNESCO) – Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар ұйымы
Елдер мен аймақтар:
EО – Еуропалық Одақ
БАӘ – Біріккен Араб Әмірліктері
Басқа да пайдаланылатын терминдер мен қысқартулар:
MICE – кездесулер, көтермелеу саяхаттары, конференциялар/форумдар және көрмелер/оқиғалар
SEM (ағылш.searchengineemarketing) – іздеу маркетингі
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
МҰТП – мемлекеттік ұлттық табиғи парк
МТҚ – мемлекеттік табиғи қорық
ШОБ – шағын және орта бизнес
ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ
ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме
Дестинация (ағылш. destination) – орналасқан жері – тағайындалған орын, ел, қала немесе басқа әкімшілік-аумақтық орналасу орны.
Туристік «тәжірибе» – демалу процесінде туристердің ұмытылмас әсерлері мен эмоциялар.
Турне – саяхат, шеңберлі бағыт бойынша жол жүру.
1*, 2*, 3*, 4*, 5* санаттар – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қонақ үйлерді жұлдыздар бойынша жіктеу жүйесі санаттары.
Киіз үй – қазақтардың дәстүрлі көшпелі баспанасы.
Конференц-Бюро (ағылш. Convention Bureau) – MICE-туризмді сәтті дамыту үшін құрылған кәсіби қалалық (өңірлік) құрылымдар.
«Жасыл экономика» – экологиялық жүктемелер мен тәуекелдерді едәуір азайтатын, табиғи ресурстарға негізделген экономика.
«Тайм-шэр» (ағылш. timeshare) – жекелеген меншік иелерінің тұрғын үй–жайдың немесе тұрғын үйдің тұрғын бірліктерін квази-жеке меншік құқығында үлестік, фракциялық иеленуі, бұл ретте квази меншіктің осындай құқығы шектеулі болатындығын білдіреді; тұрғын үй жайға немесе тұрғын үйге (отель, қонақ баспанасы) меншік құқығын тікелей жүзеге асыратын бастапқы меншік иесі қонақ үй нөмірлерін/тұрғын үй бірліктерін/фракцияларды сатуды немесе ұзақ мерзімге жалдауды (жалдау мерзімі ұзақ болуы тиіс, мысалы 99 жыл) жүзеге асыруды білдіреді, бұл ретте, сатып алушылар квази-меншік иелері ретінде шыға отырып, осындай фракцияларды жалға беру құқығы болады.