"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 770 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 N 770 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 234 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы
мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық арнайы мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі – ҰҚК Орталық АрММ) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының арнайы мемлекеттік мұрағаттары (бұдан әрі – ҰҚКД АрММ) ұсынады.
      2. Ұсынылатын қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан (бұдан әрі – ҰҚК АрММ) шығатын анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz., «Маңызды сілтемелер» бөлігінде орналастырылады.
      5. Жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштері бойынша қағаз тасығыштарда апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін не жазбаша түрде қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.
      6. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою ҰҚК АрММ-ға тиісті өтінішпен келген барлық жеке және заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі – тұтынушылар) жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – 2 жұмыс күні ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 30 минут;
      3) апостиль қойылған құжаттарды алу кезінде кезек күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 30 минут.
      8. Ресми құжаттарға апостиль қойдыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік баж алынады.
      9. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 15.00 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның аумақтық органдарының (бұдан әрі – ҰҚКД) ғимараттарында жүргізіледі.
      Күту орындарында дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделеді, күту орындықтары мен ақпараттық стенділер орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу үшін тұтынушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) тұтынушы қандай да бір себептермен өзі келе алмайтын жағдайда, уәкілетті адамға берілген нотариус растаған сенімхат;
      3) заңды тұлғалардың өкілдері үшін – заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген басқа адамның қолы қойылған, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сол ұйымның мөрі басылған сенімхат;
      4) апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.
      12. Белгіленген өтініштің нысаны ҰҚК-нің www.knb.kz. ресми интернет-ресурсында, «Маңызды сілтемелер» бөлігінде орналастырылған. Тұтынушыларға өтініш бланкілерін ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінің қызметкерлері береді.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ҰҚК Орталық АрММ-ға ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы немесе ҰҚКД АрММ-ға осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтері арқылы тапсырылады.
      14. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда қабылданған өтініштің нөмірі мен күні, сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары, құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны, құжаттарды қабылдаған ҰҚК АрММ қызметкерінің тегі және аты-жөні көрсетіледі.
      15. Дайын құжаттарды тұтынушының жеке өзіне немесе оның уәкілетті тұлғасына беруді қолхатта көрсетілген мерзімде ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінде ҰҚК АрММ қызметкері жүзеге асырады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы не ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы – мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту үшін негіз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ҰҚК АрММ мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;
      2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықтың сақталуы;
      3) сыпайылық;
      4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
      5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қорғау және оның құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. ҰҚК АрММ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ҰҚК Төрағасының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі ҰҚК-нің www.knb.kz. ресми интернет-ресурсындағы, «Маңызды сілтемелер» бөлігінде, сондай-ақ ҰҚК қабылдау бөлмесі немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінің ғимараттарындағы ақпараттық стенділерде орналастырылған. ҰҚК қабылдау бөлмесі мен ҰҚКД кезекші қызметтерінің қызметкерлері шағымды дайындауда көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар мына сенім телефоны арқылы хабарласа алады: 8 (7172) 24-02-90.
      21. Тұтынушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қабылдау бөлмесі арқылы ҰҚК-ге мен ҰҚКД кезекші қызметтеріне шағымдана алады.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, тұтынушылар осы қызмет көрсетуші ұлттық қауіпсіздік органы басшысының атына шағымдана алады.
      23. Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағым беру кезінде тұтынушылардан ресми құжаттар көрсету талап етілмейді.
      25. Тұтынушылардың шағымын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шағым ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе ҰҚКД кезекші қызметінде тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
      Келіп түскен шағым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналына тіркеледі. Шағым иесіне өтініштің қабылданған  күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы оның иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Шағымның қаралу барысы туралы тұтынушы ҰҚК қабылдау бөлмесіне немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтеріне хабарласып біле алады.
      26. ҰҚК Орталық АрММ мен ҰҚКД АрММ-ның байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      ҰҚК қабылдау бөлмесінің және ҰҚКД кезекші қызметтерінің жұмыс кестесі:
      демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін.

«Қазақстан Республикасы        
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің    
арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 
1-қосымша               

Мемлекеттік қызметті көрсететін ҰҚК АрММ тізбесі

Р/с

АрММ атауы

Орналасу мекенжайы

1

2

3

1.

ҚР ҰҚК Орталық арнайы мемлекеттік мұрағаты

Астана қаласы, Сол жағалау, Түркістан көшесі, 8/1
ҰҚК қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 76-11-36

2.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 275-а
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (727) 375-93-75; 8 (727) 275-88-01

3.

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 155
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7162) 25-28-54

4.

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 68/70
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7282) 60-55-04; 8 (7282) 21-27-72

5.

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25
ҰҚКД кезекші қызметінің телефоны: 8 (7132) 21-91-91; 8 (7132) 93-40-07

6.

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 20 «А»
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7122) 27-12-76; 8 (7122) 99-51-90

7.

ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 15
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7232) 57-00-20; 8 (7232) 28-21-31

8.

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, 7
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7262) 45-74-83

9.

ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Орал қаласы, Сейфуллин көшесі, 24
ҰҚКД кезекші қызметінің телефоны: 8 (7112) 51-24-66; 8 (7112) 98-81-66

10.

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Қарағанды қаласы, Бұхар жырау даңғылы, 17
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7212) 41-04-48; 8 (7212) 49-84-02

11.

ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77
ҰҚКД кезекшісінің телефоны; 8 (7142) 52-01-00

12.

ҰҚК Қызылорда облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Қызылорда қаласы, Қонаев тұйық көшесі, 1
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7242) 27-01-45

13.

ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 3
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7292) 42-02-42; 8 (7292) 46-00-18

14.

ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі, 24
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7182) 55-38-08; 8 (7182) 39-16-67

15.

ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Петропавл қаласы, К. Сүтішев көшесі, 54
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7152) 46-34-03

16.

ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36
ҰҚКД кезекшісінің телефоны: 8 (7252) 55-04-10

«Қазақстан Республикасы       
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің   
арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша               

Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап, қызметті көрсетуді белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электрондық форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2013 года № 234. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2015 года № 770

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.09.2015 № 770 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      В соответствии со статьей 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утвержден       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 13 марта 2013 года № 234

Стандарт государственной услуги
«Апостилирование архивных справок и копий архивных документов,
исходящих из специального государственного архива
Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга предоставляется Центральным специальным государственным архивом Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее - Центральный СГА КНБ) и специальными государственными архивами территориальных органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее - СГА ДКНБ), указанными в приложении 1 к настоящему стандарту.
      2. Форма предоставляемой услуги - не автоматизированная.
      3. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее - СГА КНБ), осуществляется на основании Закона Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года «О присоединении Республики Казахстан к Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов», постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 «О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требования легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)».
      4. Полная информация о порядке апостилирования архивных справок и копий архивных документов располагается на официальном интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан: www.knb.kz в разделе «Важные ссылки».
      5. Формой завершения государственной услуги являются выдача физическим и юридическим лицам по их обращениям на бумажных носителях апостилированных архивных справок, копий архивных документов либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги в письменном виде.
      6. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов осуществляется для всех физических и юридических лиц (далее - потребители), обратившихся в СГА КНБ с соответствующим обращением.
      7. Сроки оказания государственной услуги:
      1) с момента сдачи потребителем необходимых документов, определенных в пункте 11 настоящего стандарта, - в течение 2 рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов - 30 минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении апостилированных документов - 30 минут.
      8. За проставление апостиля на официальных документах взимается государственная пошлина в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)».
      9. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов осуществляется ежедневно, за исключением выходных и праздничных дней, с 9.00 до 19.00 часов с перерывом на обед с 13.00 до 15.00 часов, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      10. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов производится в зданиях Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее - КНБ) и его территориальных органов (далее - ДКНБ), указанных в приложении 1 к настоящему стандарту.
      В местах ожидания предусматриваются условия для людей с ограниченными физическими возможностями, располагаются кресла ожидания и информационные стенды.

2. Порядок оказания государственной услуги

      11. Для получения апостилированных архивных справок и копий архивных документов потребитель (его уполномоченный представитель) предъявляет документ, удостоверяющий его личность, а также представляет следующие документы:
      1) заявление;
      2) удостоверенную нотариусом доверенность на уполномоченное лицо, в случае если потребитель по каким-либо причинам не может обратиться лично;
      3) для представителей юридических лиц - доверенность от имени юридического лица за подписью его руководителя или иного лица, уполномоченного на это его учредительными документами, заверенную печатью этой организации в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года;
      4) квитанцию об оплате государственной пошлины за проставление апостиля.
      12. Форма установленного заявления размещена на официальном интернет-ресурсе КНБ: www.knb.kz в разделе «Важные ссылки». Бланки заявлений потребителям выдаются сотрудниками приемной КНБ или дежурных служб ДКНБ, указанных в приложении 1 к настоящему стандарту.
      13. Документы, указанные в пункте 11 настоящего стандарта, сдаются в Центральный СГА КНБ - через приемную КНБ или в СГА ДКНБ - через дежурные службы ДКНБ, указанные в приложении 1 к настоящему стандарту.
      14. Потребителю выдается расписка в приеме соответствующих документов с указанием номера и даты приема заявления, вида запрашиваемой государственной услуги, количества и названия приложенных документов, даты (времени) и места выдачи документов, фамилии и инициалов сотрудника СГА КНБ, принявшего документы.
      15. Выдача готовых документов лично потребителю или его уполномоченному лицу осуществляется сотрудником СГА КНБ в срок, указанный в расписке, в приемной КНБ или дежурных службах ДКНБ, указанных в приложении 1 к настоящему стандарту.
      16. Основанием для приостановления оказания государственной услуги или отказа в предоставлении государственной услуги являются непредставление документов, указанных в пункте 11 настоящего стандарта, либо установление недостоверности представленных документов.

3. Принципы работы

      17. СГА КНБ при оказании государственной услуги руководствуются следующими принципами:
      1) соблюдение конституционных прав и свобод человека;
      2) соблюдение законности при исполнении служебного долга;
      3) вежливость;
      4) представление исчерпывающей и полной информации;
      5) защита и конфиденциальность документов физических и юридических лиц.

4. Результаты работы

      18. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением 2 к настоящему стандарту.
      19. Целевые значения показателей качества и доступности государственной услуги, по которой оценивается работа СГА КНБ, ежегодно утверждаются соответствующим приказом Председателя КНБ.

5. Порядок обжалования

      20. Порядок обжалования действия (бездействия) уполномоченных должностных лиц размещен на официальном интернет-ресурсе КНБ www.knb.kz в разделе «Важные ссылки», а также на информационных стендах в зданиях приемной КНБ и дежурных служб ДКНБ, указанных в приложении 1 к настоящему стандарту. Содействие в подготовке жалобы оказывают сотрудники приемной КНБ и дежурных служб ДКНБ. Потребители по вопросам предоставления государственной услуги могут обратиться по телефону доверия: 8 (7172) 24-02-90.
      21. В случае несогласия с результатами оказания государственной услуги, потребители могут обращаться с жалобой в КНБ через его приемную или дежурные службы ДКНБ.
      22. В случае некорректного обслуживания должностными лицами, оказывающими государственную услугу, потребители могут обратиться с жалобой, адресованной руководителю органа национальной безопасности, оказывающего данную услугу.
      23. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, потребитель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством порядке.
      24. При подаче жалобы потребителям предъявлять официальные документы не требуется.
      25. Прием и рассмотрение жалоб потребителей осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Жалоба рассматривается в течение пятнадцати календарных дней со дня регистрации в приемной КНБ или дежурной службе ДКНБ.
      Поступившая жалоба регистрируется в журналах учета обращений физических и юридических лиц. Заявителю выдается талон с указанием даты и времени, фамилии и инициалов лица, принявшего обращение.
      О результатах рассмотрения жалобы заявителю сообщается в письменном виде по почте. О ходе рассмотрения жалобы потребитель может узнать, обратившись в приемную КНБ или дежурные службы ДКНБ, указанные в приложении 1 к настоящему стандарту.
      26. Контактные данные Центрального СГА КНБ и СГА ДКНБ указаны в  приложении 1 к настоящему стандарту.
      График работы приемной КНБ и дежурных служб ДКНБ:
      с 9.00 до 19.00 часов ежедневно, с перерывом на обед с 13.00 до 15.00 часов, кроме выходных и праздничных дней.

Приложение 1          
к стандарту государственной услуги
«Апостилирование архивных справок и
копий архивных документов, исходящих из
специального государственного архива
Комитета национальной безопасности
Республики Казахстан»     

          Перечень СГА КНБ, оказывающих государственную услугу

№ п/п

Наименование СГА

Адрес расположения

1

2

3

1.

Центральный специальный государственный архив КНБ РК

г. Астана, Левый берег,
ул. Туркестан, 8/1
телефон приемной КНБ:
8 (7172) 76-11-36

2.

Специальный государственный архив ДКНБ по г. Алматы

г. Алматы, ул. Байзакова, 275а
телефон дежурного ДКНБ:
8 (727) 375-93-75; 8(727)275-88-01

3.

Специальный государственный архив ДКНБ по Акмолинской области

г. Кокшетау, ул. Ауэзова, 155
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7162) 25-28-54

4.

Специальный государственный архив ДКНБ по Алматинской области

г. Талдыкорган, ул. Жансугурова, 68/70
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7282) 60-55-04; 8(7282)21-27-72

5.

Специальный государственный архив ДКНБ по Актюбинской области

г. Актобе, ул. Айтеке би, 25
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7132) 21-91-91; 8(7132)93-40-07

6.

Специальный государственный архив ДКНБ по Атырауской области

г. Атырау, ул. Сатпаева, 20 «А»
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7122) 27-12-76; 8(7122)99-51-90

7.

Специальный государственный архив ДКНБ по Восточно-Казахстанской области

г. Усть-Каменогорск, ул. Пермитина, 15
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7232) 57-00-20; 8(7232)28-21-31

8.

Специальный государственный архив ДКНБ по Жамбылской области

г. Тараз, ул. Кошек батыра, 7
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7262) 45-74-83

9.

Специальный государственный архив ДКНБ по Западно-Казахстанской области

г. Уральск, ул. Сейфуллина, 24
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7112) 51-24-66; 8(7112)98-81-66

10.

Специальный государственный архив ДКНБ по Карагандинской области

г. Караганда, пр. Бухар жырау, 17
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7212) 41-04-48; 8(7212)49-84-02

11.

Специальный государственный архив ДКНБ по Костанайской области

г. Костанай, ул. Гоголя, 77
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7142) 52-01-00

12.

Специальный государственный архив ДКНБ по Кызылординской области

г. Кызылорда, пер. Кунаева, 1
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7242) 27-01-45

13.

Специальный государственный архив ДКНБ по Мангистауской области

г. Актау, мкр. 24, д.З
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7292) 42-02-42: 8(7292)46-00-18

14.

Специальный государственный архив ДКНБ по Павлодарской области

г. Павлодар, ул. Академика Бектурова, 24
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7182) 55-38-08: 8(7182)39-16-67

15.

Специальный государственный архив ДКНБ но Северо-Казахстанской области

г. Петропавловск, ул. К. Сутюшева, 54
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7152) 46-34-03

16.

Специальный государственный архив ДКНБ по Южно-Казахстанской области

г. Шымкент, ул. Казыбек би, 36
телефон дежурного ДКНБ:
8 (7252) 55-04-10

Приложение 2         
к стандарту государственной услуги
«Апостилирование архивных справок и
копий архивных документов, исходящих из
специального государственного архива
Комитета национальной безопасности
Республики Казахстан»     

            Значения показателей качества и эффективности

Показатели качества и эффективности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя в
последующем
году

Текущее
значение
показателя в
отчетном
году

1

2

3

4

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев предоставления услуги в установленный срок с момента сдачи документа

-

-

-

2. Качество

2.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных качеством процесса предоставления услуги

-

-

-

3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных качеством и информацией о порядке предоставления услуги

-

-

-

3.2. % (доля) услуг информации, которые доступны в электронном формате

-

-

-

4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных существующим порядком обжалования

-

-

-

5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных вежливостью персонала

-

-

-