Қазақстан Республикасының Премьер-министрі 2013 жылдың 13 наурызы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы бекіткен №234 қаулысын бекітті. Бұл құжат 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.
Үкіметтің қаулысы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою түрінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Аталған Үкіметтің қаулысын қабылдау теріс құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық зардаптар әкелмейді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті