Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмi:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 255-1, 353-1, 353-2, 353-3, 353-4, 353-5 және 472-1-жолдармен толықтырылсын:
«
255-1 |
Кеден одағының аумағы шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге арналған рұқсат |
Жеке және заңды тұлғалар |
ИЖТМ |
ИЖТМ |
ИЖТМ-ның аумақтық бөлімшелері |
Қағаз түрінде (рұқсат) |
»;
«
353-1 |
Преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауардың шыққан елін айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау |
Жеке және заңды тұлғалар |
Қаржымині |
Қаржымині |
Қаржыминінің Кедендік бақылау комитеті |
Қағаз түрінде (шешім) |
353-2 |
Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау |
Жеке және заңды тұлғалар |
Қаржымині |
Қаржымині |
Қаржыминінің Кедендік бақылау комитеті |
Қағаз түрінде (шешім) |
353-3 |
Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларының болуын растау |
Жеке және заңды тұлғалар |
Қаржымині |
Қаржымині |
Кедендік бақылау және Кеден департаменттері |
Қағаз түрінде (растау) |
353-4 |
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
Қаржымині |
Қаржымині |
Кедендік бақылау және Кеден департаменттері |
Қағаз түрінде (салыстыру актісі) |
353-5 |
Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру |
Заңды тұлғалар |
Қаржымині |
Қаржымині |
Қаржыминінің Кедендік бақылау комитеті |
Қағаз түрінде (шешім) |
»;
«
472-1 |
Жарылыс жұмыстарын немесе жарылыс материалдарымен жұмыс жүргізуге рұқсат беру |
Заңды тұлғалар |
ТЖМ |
ТЖМ |
ТЖМ-ның аумақтық бөлімшелері |
Қағаз түрінде (рұқсат) |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов