Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b)) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b)) ратификациялау туралы
2012 жылғы 10 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b)) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ арасындағы Қарыз туралы келісім
«Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b))
Күні 10 Қазан 2012
Қарыз туралы келісім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы 2012 жылғы 10 қазандағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
I БАП — ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда анықталған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда оларға бекітілген мағыналарына ие болады.
II БАП — ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде жазылған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің («Қарыз») 2.07 бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын бір миллиард алпыс сегіз миллион (1 068 000 000) АҚШ долларына тең соманы береді,
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы комиссияны Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең үшін төлеуі тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге ауыспалы спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін конверсиялау кезінде осындай сомаға конверсиялау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы Шарттардың ІV-бабының ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күн ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы Шарттардың 3.02(d) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
2.05. Әр жылдың 15 ақпаны және 15 тамызы төлем күндері болып табылады.
2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
2.07.(а) Қарыз алушы кез келген уақытта борыштың ұтымды басқарылуын қамтамасыз ету үшін Қарыз шартының мынадай конверсияларының кез келгенін жүргізуді сұрата алады: (і) мақұлданған валютаға алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін өзгерту; (іі) пайыздық мөлшерлеме базисінің мыналарға: (А) Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге және керісінше, немесе (В) өзгермелі мелшерлемеден референттік мөлшерлемеге негізделген Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе ішінара бөлігіне және өзгермелі спрэдті тіркелген референттік мөлшерлеме мен өзгермелі спрэд негізінде өзгермелі мөлшерлемеге немесе керісінше, немесе (С) Қарыздың алынған және өтелмеген барлық негізгі сомасына, өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге қолданылатын; (ііі) өзгермелі мөлшерлеме немесе референттік мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе ішінара бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің немесе референттік мөлшерлеменің шектерін анықтау.
b) Осы тармақтың (а) тармақшасына сәйкес сұратылған Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы шарттарда айқындалғандай, «Конверсия» болып саналады және Жалпы шарттардың IV бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
ІІІ БАП - ЖОБА
3.01. Қарыз алушы Жоба мақсаттарын өзінің жақтайтыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жобаны Жалпы шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі арқылы жүзеге асырады.
3.02. Осы Келісімнің 3.01-тармағы ережелері үшін шектелмей және егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ
4.01. Мыналар күшіне енудің қосымша шарттары болып табылады:
(а) ККМ арқылы Қарыз алушы Банкті қанағаттандыратын техникалық тапсырмаға сәйкес қаржылық басқару жөніндегі консультантты және сатып алу жөніндегі консультантты таңдауға міндетті;
(b) Жоба бойынша Банкті қанағаттандыратын, барабар кіріктірілген бақылау құралдары бар, Жоба бойынша ресурстар мен шығыстарды қадағалап отыруға және қаржылық есептерді, оның ішінде аралық қаржылық есептерді (АҚЕ) жасауға қабілетті бухгалтерлік есеп жүйесі орнатылатын болады;
(с) Қарыз алушы Банкті қанағаттандыратын Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауды қабылдайтын болады;
4.02. Осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім осы Келісімге қол қойылған күннен кейін (180) бір жүз сексен күн өткен соң басталатын күн болып табылады.
V БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕНЖАЙЛАР
5.01. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қарыз
алушының өкілі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
010000, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (ҒІLN) (7)(7172)717785
5.03. Банктің мекенжайы:
Іntеrnatіоnаl Ваnк Fоr Reconstruction and Devolopment
1818 H Street,N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(МСІ) немесе 1-202-477-6391
Washington D.С. 64145(МСІ)
Қазақстан Республикасы Астана қаласында, жоғарыда көрсетілген
күні және жылы КЕЛІСІЛДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ үшін
Қол қойған:
_________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:
_________________________________
Лауазымы:
_________________________________
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКІ үшін
Қол қойған:
_________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:
_________________________________
Лауазымы:
_________________________________
1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы
Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің Алматы облысының шегіндегі учаскесінде тасымалдау тиімділігін арттыру және Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің учаскелерінде автожолдарды басқаруды жетілдіру осы Жобаның мақсаты болып табылады.
Жоба мынадай құрауыштардан тұратын болады:
1-құрауыш: Алматы облысының шегіндегі автожол учаскелерін
реконструкциялау және салу
(а) Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожол дәлізінің құрамында Алматы облысының шегіндегі Алматы - Қорғас учаскесінде оның ішінде ілеспе айналма жолдар, көпірлер, көлік айрықтары мен қосалқы құрылыстар реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыстарды орындау; және
(b) Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын басқару және қадағалау жөніндегі консультанттардың қызметтерін ұсыну.
2-құрауыш: Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожол дәлізінің
учаскелеріндегі автожолдарды басқаруды жетілдіру
(а) Пилоттық пайдалану және күтіп ұстау схемаларын қолдау үшін автомобиль дәлізінің Сапа хартиясы негізінде ШБАДЖ-мен қамтылған учаскелеріне тауарлар мен консультациялық қызметтерді ұсыну.
(b) Жобаның 1(а)-құрауышына қатысты төлемақы жинау бойынша кешенді стратегия әзірлеу жөнінде консультанттардың қызметтерін ұсыну.
(с) институционалдық реформаны іске асыру бойынша АЖСРК іс-шараларын қолдау үшін консультанттардың қызметтерін ұсыну.
2-ҚОСЫМША
Жобаны орындау
I бөлім. Іске асыру тетіктері
А. Институционалдық тетіктер
Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес жүзеге асырады:
1. Қарыз алушы Жобаны іске асыруды Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда, ЖБСЖҚІ іс-шаралар жоспарында, ҚНС мен ҚОӘБ-де көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастыру тетіктері мен операциялық рәсімдерге сәйкес ККМ арқылы жүзеге асырады және Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулықтың, ЖБСЖҚІ бойынша іс-шаралар жоспарының, ҚНС мен ҚОӘБ-нің қандай да болмасын ережелерін бере, өзгерістер енгізе, күшін жоя немесе бас тарта алмайды.
2. ККМ құрамындағы Автомобиль жолдары комитеті жоғарыда А.1-тармағында жазылған талаптарға сәйкес Жобаны іске асыру бойынша күнделікті іс-шараларды жүзеге асыратын болады.
3. Қарыз алушы ККМ арқылы Жоба іске асырылатын уақытта 2012 жылғы 15 желтоқсаннан бастап, әр күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей келесі күнтізбелік жылға арналған автожол дәлізін пайдалануға және күтіп ұстауға ұсынылатын бюджетті Банкке жіберуге міндетті және Жобаның 2 (а) құрауышын іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың келесі күнтізбелік жылға арналған кестесін Банкпен келісуге міндетті.
4. Қарыз алушы ККМ-ге (і) 2013 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей Жобаның 2 (а) Құрауышында көзделген жолдарды пайдалану мен күтіп ұстаудың пилоттық схемалары үшін Сапа хартиясы үлгі нысанының әзірленуі мен келісілуін қамтамасыз етуді; (іі) Сапа хартиясы нысаны негізінде әзірленген әрбір Сапа хартиясында пайдалану және күтіп ұстау стандарттарының сәйкес болуын қамтамасыз етуді тапсырады.
5. Қарыз алушы ШБАДЖ шеңберінде Автожол дәлізінің әрбір кіші учаскесі көлік қозғалысы үшін ашылғаннан кейін 3 ай өткен соң кешіктірмей және Сапа хартиясына сәйкес Жобаның 2 (а) құрауышындағы пилоттық іс-шаралар шеңберінде анықталғандай және Сапа хартиясына сәйкес ККМ-нің жоғарыда көрсетілген кіші учаскені пайдалануды және күтіп ұстауды бастауын қамтамасыз етеді.
6. Қарыз алушы ККМ арқылы 2015 жылғы 30 қаңтардан кешіктірмей Банкке бағалау күнінен бастап кемінде 15 жыл кезеңіне Автожол дәлізін пайдалану және күтіп ұстау қажеттіліктерінің оны қанағаттандыратын, бүкіл Автожол дәлізі бойындағы қызметтердің қанағаттандырарлық деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті, жетіспейтін жұмыстарды қаржыландырудың ықтимал мүмкіндіктерін жарыққа шығаратын бағасын ұсынады.
7. Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде Қарыз алушы Банктің оларды беру тәсілі мен жүйелілігі жөніндегі талаптарына сәйкес, бірақ кемінде тоқсан сайын бір рет жобаның сол тоқсанға арналған іс-шараларын қаржыландырумен байланысты күтілетін шығыстарды төлеуге жеткілікті қаржы қаражатын қамтамасыз ету үшін қажетті бюджеттік ресурстарды ұсынады.
8. Қарыз алушы ККМ арқылы оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын (1) АЖСРК мен АЖСРК тобының; және (2) оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын Автожолдарды басқару тобының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
В. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Қарыз алушы:
(а) Жобаны іске асыру мақсаттары үшін орындалатын барлық жұмыстар Банкті қанағаттандыратын экологиялық стандарттар мен талаптарға сәйкес болуына кепілдік береді;
(b) Жоба ҚОӘБ-нің және барлық қолданылатын ҚОҚЖ ережелеріне сәйкес іске асырылуына кепілдік береді; және
(с) ҚОҚЖ-ның, оның ішінде Жобаның іске асыру себебінен болған кез келген экологиялық келеңсіз әсерді барынша азайту және жеңілдету бойынша барлық қажетті шаралардың Банк үшін қолайлы тәсілмен толық іске асырылуына кепілдік береді.
2. Қарыз алушы:
(а) ККМ-нің АЖК арқылы төмендегі 3(b) тармақта талап етілетін барлық ҚІЖ-лерді ҚНС-ға сәйкес әзірлеуіне кепілдік береді;
(b) мыналардың: ҚІЕ-ні іске асырумен байланысты туындайтын барлық шағымдардың қоныс аударған (осы терминнің ҚІЖ-де анықталғанындай) тұлғалар тарапынан ҚСН-ге сәйкес әділ түрде қаралуы және барлық қолданылатын ҚІЖ-лер үшін қолданыстағы шағымдарды қарау рәсімдерінің сақталуына және жариялануына немесе ККМ-нің АЖК арқылы сақтауына немесе АЖК-нің жариялауына және осындай шағымдарды қарау рәсімдерінде көзделген іс-қимылдардың іске асырылуы бойынша қажетті барлық шаралардың қабылдануына кепілдік береді;
(с) ККМ арқылы әрбір осындай шолу нәтижелері бойынша одан әрі іс-қимылдарға қатысты тұжырымдар мен ұсынымдарды Банкке уақтылы жібереді; және
(d) ККМ арқылы Банкпен келісілетін осындай одан әрі іс-қимыл ұсынымдарының барлығын іске асырады.
3. Қарыз алушы ККМ арқылы:
(а) егер де толығымен шешілмеген жағдайлар үшін ҚІЕ-де анықталған және ҚІЕ-ге сәйкес Банкті осылайша қанағаттанатын осындай учаскелерде іске асырылып жатқан барлық шараларды Банк пен Қарыз алушы келісіп алмаса, Жоба бойынша қызметті іске асыру мақсаттары үшін Қарыз алушы осы Келісім күніне дейін жерлерді сатып алу жүзеге асырылған жобалау аумағындағы учаскелерде кез келген жұмыстарды бастай алмайды;
(b) Қоныс аудару бойынша негіздемелік саясатқа сәйкес Банкті қанағаттандыратын Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарларын (ҚІЖ) дайындамастан қажет болған, осы Келісімге қол қойылатын кезде жер сатып алу көзделмеген жобалау аумағындағы учаскелерде Жоба бойынша кез келген жұмыстарды бастай алмайды; және жерлерді осындай сатып алу Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді.
(с) (і) Жобаны ҚІЖ-ге немесе Қоныс аудару бойынша тиісті іс-шаралар жоспарларына сәйкес іске асырады; және (іі) Банкпен алдын ала келіспестен ҚІЕ-нің немесе Қоныс аудару бойынша тиісті іс-шаралар жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне өзгерістер енгізбейді, тоқтатпайды немесе күшін жоймайды.
4. Қарыз алушы ККМ арқылы:
(а) ҚОӘБ-ге сәйкес Банкті қанағаттандыратын Қоршаған ортаны қорғау жоспарларын Жоба бойынша кез келген жұмыстар басталғанға дейін дайындайды;
(b) Жобаны осындай Қоршаған ортаны қорғау жоспарларына сәйкес іске асыратын болады; және
(с) Банкпен алдын ала келіспестен, тиісті Қоршаған ортаны қорғау жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне өзгерістер енгізуіне, тоқтатуына немесе күшін жоюына болмайды.
С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар
Қарыз алушы Жобаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық пен Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шаралар жоспарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
ІІ бөлім. Жобаның мониторингі бойынша есептілік және оны бағалау
А. Жоба бойынша есептер
1. Қарыз алушы Жобаның мониторингін жүзеге асырады оның іске асырылу барысын бағалайды және Жалпы Шарттардың 5.08-Бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша Есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтиды және осы есеппен қамтылған кезең аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей Банкке ұсынылатын болады.
2. Қарыз алушы 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей және кейіннен жыл сайын Банкпен бірлесіп ККМ арқылы Жобаны іске асыру барысына жыл сайынғы шолулар жүргізіп отырады. Жыл сайынғы шолуларға басқалармен қатар мыналар кіруі тиіс:
(а) Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеушілік;
(b) тұтас алғанда Жобаның тиімділік индикаторларына сәйкес Жобаның тиімділігі; және
(с) негіздемелік іс-шараларды іске асырудағы қол жеткізілген ілгерілеушілік.
3. Жыл сайынғы шолуға дейін кемінде 4 (төрт) апта бұрын Қарыз алушы ККМ арқылы Банкке Жобаның әрбір Құрауышын іске асырудың жай-күйін сипаттай отырып, жекелеген есепті және тұтас алғанда Жобаны іске асыру туралы жиынтық есепті ұсынады.
В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит
1. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың 5.09 Бөлімінің ережелеріне
сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуге немесе оның
жүргізілуін тексеруге міндетті.
2. Қарыз алушы, Жоба бойынша, Банк үшін нысаны мен мазмұны бойынша қанағаттанарлық аралық аудиттелмеген қаржылық есептерді тоқсанға осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелерін шектеместен дайындайды және әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейінгі 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей Банкке ұсынады.
3. Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігінің аудитін Жалпы Шарттардың 5.09 Бөлімнің (b) ережелеріне сәйкес жүргізеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының 1 (бір) қаржы жылы кезеңін қамтиды. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік Банкке әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейінгі алты айдан (6) кешіктірмей ұсынылады.
III бөлім Сатып алу
А. Жалпы ережелер
1. Тауарлар, жұмыстар және консультациялық емес қызметтер. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I Бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтыған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2. Консультанттар қызметтері. Консультанттардың Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтері «Дүниежүзілік Банктің Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаулығының» (Консультанттар жөніндегі нұсқаулық) I және IV Бөлімдерінде қамтылған немесе оларға жасалған сілтемелер қамтыған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. Осы Бөлімде сатып алудың белгілі бір әдістерін немесе банктің белгілі бір келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде пайдаланылған, бас әріппен басталатын терминдер нақты жағдайларға қарай Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың II және III бөлімдерінде немесе Консультанттарды жалдау жөніндегі нұсқаулықтың ІІ, ІІІ, IV және V бөлімдерінде сипатталған анықтамаларға сәйкес келеді.
B. Тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес
қызметтерді сатып алудың ерекше әдістері
1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмеген болса, тауарларды, жұмыстарды және консультациялық қызметтерді сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Оларда қандай да осы өзге әдіс қолданылатын жағдайларды көрсете отырып, Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар үшін тауарларды, жұмыстарды және консультациялық қызметтерді сатып алуға қолданылуы мүмкін Халықаралық конкурстық сауда-саттықты қоспағанда, төмендегі кестедегі сатып алу әдістері ұсынылған.
Сатып алу әдісі |
(а) осы 2-қосымшаға Толықтыруда көзделген қосымша талаптардың болуы шартымен ұлттық конкурстық сауда-саттық |
(b) Шопинг |
(с) Келісімшарттарды тікелей жасасу |
С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше
әдістері
1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта
өзгеше көзделмеген болса, консультациялық қызметтерді сатып алу
Сапа және құн негізінде іріктеу рәсімдеріне сәйкес
тағайындалған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да
әдістері. Төмендегі кестеде Сапа және құн негізінде іріктеуді
қоспағанда, Консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде
қолданылуы мүмкін болатын сатып алу әдістері ұсынылған. Сатып
алу жоспарында қандай да бір әдіс қолданылған мән-жайлар
қамтылуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
(а) Сапа негізінде іріктеу |
(b) Тіркелген бюджет кезінде іріктеу |
(с) Құны неғұрлым төмен болған кездегі реттеу |
(d) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу |
(е) Бір көзден сатып алу |
(f) Жеке консультанттарды іріктеу |
D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы
Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар тізбесі көрсетіледі. Барлық басқа келісімшарттар Банктің кейіннен қарау мәні болып табылады.
IV бөлім. Шоттан Қарыз қаражатын алу
А. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын Жалпы Шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және төмендегі 2-тармақтағы кестеге сәйкес Банк Қарыз алушыға заңды шығыстарды қаржыландыруға арналған хабарламасында көрсететін сол қосымша нұсқаулықтардың (2006 жылғы мамырдағы, Банк кезең-кезеңімен қайта қарайтын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын «Дүниежүзілік банктің жобалардың қаражатын игеру жөніндегі нұсқаулығын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес ала алады.
2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін заңды шығыстардың санаттары («Санат»), әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомасы мен әрбір Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталған.
Санаты |
Қарыздың бөлінген сомасы (долларлық баламада) |
Шығыстардың қаржыландыруға жататын үлесі (салықтарды қоса алғанда) |
(1) Жоба бойынша тауарлар, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер және консультанттардың қызметтері |
1,068,000,000 |
85 % |
ЖАЛПЫ СОМА |
1,068,000,000 |
В. Алу шарттары; алу кезеңі
1. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:
(а) Қарыз шотынан, қарыз қаражатын резервке қойғаны үшін комиссия Банкке толық көлемде төленбей тұрып; не
(b) осы Келісім күніне дейін жасалған төлемдер бойынша алынуы мүмкін емес.
2. Жабылу күні - 2017 жылғы 30 маусым.
2-ҚОСЫМШАҒА
Толықтыру
Ұлттық конкурстық сауда-саттық өткізу рәсімдері Мемлекеттік сатып алу туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV («МСЗ») Қазақстан Республикасының Заңында жазылған талаптарға сәйкес, алайда, мұндай рәсім «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына ұсынылатын грант қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды, консультациялық емес қызмет көрсетулерді сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың» (2011 жылғы қаңтар) («Сатып алу жөніндегі нұсқаулық) 1-бөліміне және 3.3 және 3.4 тармақтарына және төмендегі қосымша ережелерге сәйкес болуы шартымен:
1. Сатып алатын мекемелер үнемдеу, тиімділік, ашықтық қағидаттары мен Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I бөлімінің ережелеріне жалпы сәйкестікті сақтай отырып дайындалатын Банк үшін қолайлы үлгі конкурстық құжаттаманы пайдаланады.
2. Конкурсқа қатысушыларға рұқсат беру Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың І бөліміне сәйкес анықталады; тиісінше, бір де бір қатысушы немесе тендердің ықтимал қатысушысы Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I бөлімінде жазылғаннан басқа, өзге себептер бойынша Банк қаржыландыратын келісімшарттар бойынша заңсыз деп танылуы мүмкін емес.
3. Конкурстық сауда-саттыққа қатысу үшін заңдылығына қатысты бастапқы эмбаргодан туындайтын шектеулерді қоспағанда, тендерге қатысушының азаматтығына және/немесе тауарлардың шыққан жеріне байланысты ешқандай шектеулер қойылуы мүмкін емес.
4. Шетелдік қатысушыларға мемлекеттік конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне қатысуға ешқандай да шектеусіз рұқсат берілуі мүмкін.
5. Отандық қатысушылардың және/немесе ел ішінде өндірілген тауарлардың қандай да бір артықшылықтары болмайды.
6. Алдын ала тіркелген компаниялар үшін конкурстық сауда-саттықта қатысу шектелмейді және қатысушы - шетелдік компанияларға қатысты жергілікті органдарда тіркеу жөнінде талап өтінім беру шарты ретінде қойылуы мүмкін емес.
7. Шетелдік компанияларға өтінімді бірлескен кәсіпорын сияқты
беру үшін жергілікті әріптестерімен бірігу талабы қойылуы мүмкін емес, ал бірлескен кәсіпорындарға кіретін әріптестер өздерінің міндеттемелері үшін субсидиарлық және жеке жауаптылықта болуға міндетті.
8. Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындары, егер олар өзінің заңды және қаржылық тәуелсіздігін, коммерциялық қызмет туралы заңнамаға сәйкес жұмыс істеуге қабілетті екенін және Қарыз алушыдан немесе Қосалқы қарыз алушыдан тәуелсіз болып табылатынын растай алған жағдайда ғана сауда-саттыққа қатысуға құқылы болады. Мұндай кәсіпорындар тендердің басқа да қатысушылары сияқты өтінім кепілдігін беру және тиісінше орындау бойынша талаптарды орындайтын болады.
9. Осы ережелерді орындау шартымен сатып алу «МСЗ-да» белгіленген «Конкурстық сауда-саттықты жүргізу әдістерінің» рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі.
10. Сатып алу мақсаттары үшін шығыстар сметасы құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттықтың ықтимал қатысушыларына ашылуға жатпайды.
11. Банк үшін қолайлы біліктілік алдындағы рәсімдер үлкен, кешенді және/немесе мамандандырылған жобалар үшін пайдаланылады.
12. Өтінімдерді дайындау және ұсыну үшін қайсысы кешірек болуына қарай сауда-саттыққа қатысуға шақыру күнінен немесе конкурстық құжаттамаға рұқсат берілген күннен бастап сауда-саттықтың қатысушыларына отыз (30) күндік ең аз мерзім беріледі.
13. Өтінімдер бір конвертте берілуге жатады.
14. Ерекше жағдайлар түріндегі жеткілікті негіздеме болған кезде өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуды мерзім өткенге дейін және келісімшартты бағалау немесе тағайындауды аяқтау үшін қажетті ең аз, бірақ отыз (30) күннен аспайтын мерзімге жазбаша нысанда барлық қатысушылардан сұратып алынуы мүмкін. Оған Банк алдын ала келісім берместен, ешқандай басқа ұзартуды сұрату мүмкін емес.
15. Өтінімдер конкурстық құжаттамада белгіленген рәсімдерге сәйкес, өтінімдерді беру күні аяқталғаннан кейін барлығының тікелей қатысумен ашылады. Кешігу жағдайларын қоспағанда, өтінімдер ашылу кезінде бір де бір өтінім кері қайтарылуы мүмкін емес.
16. Өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада көрсетілген критерийлерге қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Біліктілік өлшемдері бойынша өтінімдерді бағалау «өтеді/өтпейді» деген қағидат бойынша жүргізіледі. Бағасынан басқа бағалау критерийлері құндық мәнде есептеледі.
17. Көпшілік бөлігі техникалық ерекшеліктерге, келісімшарттың талаптарына немесе конкурстық құжаттаманың басқа сындарлы талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер кері қайтарылуға жатады.
18. Өтінімдерді бағалау құпия рәсім болып табылатын болады, ал тендерлік комитеттің отырыстары сауда-саттық қатысушылары және/немесе олардың өкілдері үшін ашық болуы мүмкін емес.
19. Біліктіліктен кейінгі талаптар тек бұрын орындалған келісімшарттарға қатысты, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың қаржылық және техникалық әлеуетіне қатысты қолданылады.
20. Келісімшарт, өтінімнің бағасы мен мазмұнына қатысты келіссөздер жүргізбестен, алдын ала анықталған және ашылған бағалау өлшемдеріне сәйкес келісімшартты орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар ретінде анықталған, талаптарға сәйкес бағаланған құны ең төмен өтінімді ұсынған тендер қатысушысына беріледі.
21. Егер сатып алушы мекеме өтінімінің құны ең төмен бағаланған тендер қатысушысымен келісімшарт жасаса алмаса, келісімшарт тізім бойынша келесі, біріншіден кейінгі балл санын неғұрлым көп жинаған және талаптардың негізгі бөлігіне сәйкес келетін қатысушыға берілуі мүмкін.
22. Оған Банктің оған алдын ала келісімі болмастан бір де бір өтінім (немесе егер бір ғана өтінім алынған болса, жалғыз өтінім) кері қайтарылуы мүмкін емес, сатып алу процесі жойылуы және жаңа өтінімдер сұратылуы мүмкін емес.
23. Қатысушыларға келісімшартты орындау кепілдігін беруге келісімшарт беру туралы хабарламаны алған кезден бастап, жиырма сегіз (28) күндік ең аз мерзім беріледі.
24. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын конкурстық құжаттаманың әрбір пакеті және әрбір келісімшарт Банктің Сатып алу жөніндегі нұсқаулығында анықталғандай, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар фирмалар мен жеке тұлғаларға қолданылатын санкцияларға қатысты саясат туралы ережені қамтиды. Банк белгіленген немесе белгіленбеген уақыт ішінде осындай компанияның немесе жеке тұлғаның заңсыздығын көпшілікке жариялау сияқты шараларды қоса алғанда санкциялар туралы банктің қолданыстағы рәсімдеріне сәйкес, компанияға немесе жеке тұлғаға кез келген уақытта шара қолдануға: (а) Банк қаржыландыратын келісімшарттарды алуға; және (б) қосалқы мердігер, консультант, өндіруші немесе жеткізуші, сондай-ақ, Банк қаржыландыратын келісімшарт берілген басқа заңды компания үшін қызметтердің провайдері етіп тағайындауға құқылы.
25. Сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын конкурстық құжаттаманың әрбір пакеті және әрбір келісімшарт сауда-саттыққа қатысушылар, өнім берушілер мен мердігерлер, сондай-ақ, олардың қосалқы мердігерлері агенттері, қызметкерлері, консультанттары қызметтердің провайдерлері немесе өнім берушілері өздерінің шоттарын, Банкке конкурстық өтінімді беру мен келісімшарттарды орындауға жататын есепке алу және басқа да құжаттамасын тексеруге, сондай ақ Банк тағайындаған аудиторларға олардың аудитін жүргізуге рұқсат беруі туралы ережелерді қамтиды. Сатып алу жөніндегі нұсқаулықта көзделген тексерулер мен аудитті жүргізу кезінде Банк үшін айтарлықтай қиыншылықтар туғызуға бағытталған іс-қимылдар Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың анықтамасына сәйкес кедергі келтіру болып табылады.
26. Сатып алу процесіне қатысты шағымдар Сатып алу жөнінде нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес қаралады.
Е. Тендерлік рәсімнің күшін жою
Тендерді өтпеді деп тану және жаңа тендер өткізу Банктің алдын алу келісімімен ғана мүмкін болады.
Ғ. Жекелеген өтінімдерді кері қайтару
Жекелеген өтінімдер мынадай жағдайларда ғана:
(а) қатысушының тиісті біліктіліктері болмаса;
(b) қатысушы өзінің өтініміндегі сатып алушы мекеменің тендерлік комиссиясы тапқан арифметикалық қателерді түзетумен келіспесе; және
(с) қатысушы тендерлік құжаттардың талаптарына сай болмаса кері қайтарылуы мүмкін.
3-ҚОСЫМША Өтеу кестесі
1. Келесі кестеде негізгі борышты өтеу күндері мен негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтелуі тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының («Өтеу үлесі») пайызы түріндегі үлесі көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынған болса, онда Қарыз алушының негізгі борышты әрбір осындай өтеу күнінде өтелуі тиіс болатын Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде алынған Қарыз сомасын және (b) негізгі борышты әрбір осындай өтеу күніне төлемнің өтелетін үлесін көбейту жолымен анықтайды. Төленуі тиіс осы сома қажеттігіне қарай, Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валюта конверсиясына қолданылатын соманы шегеру мақсатында түзетілетін болады.
Қарыздың негізгі сомасын өтеу күні |
Кезекті жарна (пайызбен) |
2017 жылы 15 тамыздан бастап 2030 жылғы 15 тамызға дейін жыл сайын 15 ақпанда және 15 тамызда |
3,57 % |
2031 жылғы 15 ақпан |
3,61 % |
2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнін толығымен алынбаса, онда негізгі борышты әрбір осындай өтеу күніне Қарыз алушы өтеуі тиіс болатын Қарыздың негізгі сомасы былайша айқындалатын болады:
(а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күніне алынған Қарыздың қаражатының кез келген шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнге алынған Қарыз сомасын өтеуі тиіс.
(b) Негізгі борышты («Төлемді өтеу үлесінің Бастапқы сомасы») өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез-келген сома негізгі борышты өтеудің осы күніне, осындай алу күнінен кейін, осы Қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы алымы, ал бөлімі төлемдерді өтеу үлесінің негізгі борышты өтеудің осындай күніне немесе одан кейін қалған бүкіл бастапқы сомаларының жиынтығы болып табылатын осындай әрбір алынған соманы бөліндіге көбейту жолымен Банк анықтаған сомада негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтелуі тиіс. Төлеуге жататын осы сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және оларға валюта конверсиясы қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.
3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде алынған Қарыз сомалары негізгі борышты өтеудің кез келген күніне жататын негізгі борыш сомасын есептеу мақсаты үшін айрықша алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінде алынған және өтелмеген болып есептелетін және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтеуге жататын болады.
(b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды ұсыну жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды ұсынудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, мақұлданған валютаға қарыздың бүкіл немесе кез келген бөлігінің валюта конверсиясы кезіндегі кезеңі ішінде басталатын негізгі борышты өтеудің кез келген күнінде өтеуге жататын, мақұлданған валютаға осылайша айырбасталған сома тікелей айырбастау алдындағы оның қайта номиналдану валютасына осындай соманы: (і) конверсияға жататын валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банк төлеуі тиіс мақұлданған валютадағы негізгі борыш сомасын көрсететін айырбастау бағамына; немесе (іі) егер Банк конверсия бойынша нұсқаулыққа сәйкес мұндай шешімді қабылдаса, экранды мөлшерлеменің валюталық құрауышына көбейту жолымен анықталатын болады.
5. Егер қарыз, бір Қарыз валютасынан аса номиналданған болса, ондай жағдайда осы кестенің ережелері қарыз валюталарының әрқайсысының номиналданған сомаларына жекелеп, сондай-ақ сомалардың әрқайсысы үшін жекелеген өтеу кестелерінің есептеулері үшін қолданылады.
ТОЛЫҚТЫРУ
І бөлім. Анықтамалар
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық» 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ-ның кредиттері мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықты» және олардың 2011 жылғы қаңтардағы жаңартуларын білдіреді.
2. «Санат» осы Келісімге 4-қосымшаның IV Бөлімінің кестесінде сипатталған санатты білдіреді.
3. «Автомобиль жолдары комитеті» немесе АЖК «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтарда ККМ құрамында құрылған және Жобаның ағымдағы іске асырылуына жауап беретін автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ведомствоны, оның ішінде оның барлық құқық мирасқорлары немесе құқық мирасқорын білдіреді.
4. «Консультант таңдау жөніндегі нұсқаулық» 2011 жылғы қаңтарда шығарылған «ХҚДБ қарыздары мен ХДҚ кредиттері және Дүниежүзілік Банкінің гранттары шеңберінде Қарыз алушылардың консультанттарды іріктеуі және жолдауы жөніндегі нұсқаулықты» білдіреді.
5. «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» немесе «ҚОӘБ» Қарыз алушының 2011 жылғы 13 желтоқсанда дайындаған және жариялаған, Банкпен келісілген, басқалар арасында: (1) Жобаның іс-шаралары іске асырылатын объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы; (2) жоғарыдағы (1) тармақта сипатталған іс-шаралардың әлеуетті және нақты келеңсіз экологиялық және әлеуметтік әсері; және (3) Жоба шеңберінде келеңсіз экологиялық әсерді жұмсартуға, жоюға немесе өзгеше орнын толтыруға бағытталған, Жобаны іске асыру және пайдалану барысында орындалуы тиіс шараларды көрсете отырып, объектілер үшін ҚОҚЖ әзірлеу рәсімдері қамтылған Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі түпкілікті есепті білдіреді.
6. «Қоршаған ортаны қорғау жоспарлары» немесе «ҚОҚЖ» объектілері үшін әзірленген Банк үшін қанағаттанарлық және Қарыз алушы қабылдаған ҚОӘБ-ге және осы Келісімге 2-қосымшасының ІБ Бөлімінің 1-тармағына сәйкес қабылдаған, Жоба шеңберіндегі Қарыз алушы жүргізуі тиіс жұмыстарға қатысты және Жобаның іс-шараларын іске асырумен байланысты, баламалы институционалдық тетіктермен, талаптардың орындалуының тиісінше деңгейін және оларды Банктің алдын-ала жазбаша келісуіне мерзімді түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігімен бірге сақталуы жөнінде ақпараттың жүйелі түрде түсуін қамтамасыз етуге қабілетті мониторинг және есептілік тетіктерімен бір қатарда әлеуетті экологиялық тәуекелдерді басқару, қоршаған ортаға келеңсіз әсерін жеңілдету, төмендету және/немесе өтеу бойынша шараларды айқындайтын құжаттарды білдіреді; және «ҚОҚЖ» ұғымы осы объектілердің біріне жатады.
7. «Сапа хартиясының нысаны» - Қарыз алушы ККМ арқылы әзірлеген және қабылдаған, сондай-ақ, Банкті қанағаттандыратын, Жобаның 2(а) Құрауышына сәйкес пайдаланудың және күтіп ұстаудың пилоттық схемасының стандарттары мен рәсімдерін белгілейтін және әрбір Сапа хартиясын әзірлеу үшін негіз болып табылатын құжат.
8. «Негіздемелік іс-шаралар» - ККМ 2010 жылғы 27 желтоқсанда қол қойған құжат, онда кейіннен нақтылау арқылы ОБАДЖ қаржысынан қаржыландырылатын институционалдық реформаларды іске асыру стратегиясы егжей-тегжейлі сипатталған.
9. «ЖБСЖҚІ бойынша іс-шаралар жоспары» Банк талаптарын қанағаттандыратын, Жоба бойынша қаржылық басқаруға бақылауды күшейтуге және сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен мүлтіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, 2012 жылғы 28 наурыздағы нақтылауларымен Қарыз алушы ККМ арқылы 2009 жылғы 16 наурызда қабылдаған Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі іс-шаралар жоспарын білдіреді.
10. «Жалпы Шарттар» 2012 жылғы 12 наурыздағы «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің Қарыз беру бойынша Жалпы Шарттарын» білдіреді.
11. «ККМ» Қарыз алушының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
12. «Автожолдарды басқару тобы» Қарыз алушы 4 жолақты автожол желілерін басқару үшін Автомобиль жолдары комитеті құрамында қалыптастырған штаттық қызметкерлер тобын білдіреді.
13. «Сатып алу жөніндегі нұсқаулық» 2011 жылғы қаңтарда қабылданған «ХКДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына ұсынылатын грант қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды, консультациялық емес қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқаулықты» білдіреді.
14. «Сатып алу жоспары» Қарыз алушының 2012 жылғы 26 наурызындағы, Жоба үшін Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың 1.18-параграфында және Консультанттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулықтың 1.25 - параграфында оған сілтеме жасалған сатып алу жоспарын білдіреді, ол көрсетілген параграфтардың ережелеріне сәйкес мерзімді түрде жаңартылып отырады.
15. «Жобалау аумағы» Алматы облысының аумағындағы Алматы мен Қорғас арасындағы Автожол дәлізінің учаскесін білдіреді.
16. «Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулық» Қарыз алушы ККМ арқылы қабылдаған және Банкпен келісілген қаржылық басқару бойынша нұсқаулықты қоса алғанда, Жобаны іске асыру рәсімдері мен ережелерін операциялық және әкімшілік міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне, Қарыз алушының Банктің алдын-ала жазбаша келісуіне мерзімді түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін болатын ұлттық, заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес келетін қаржылық рәсімдер жөніндегі нұсқаулықты білдіреді.
17. «Сапа хартиясы» - бұл Банк үшін қанағаттанарлық, кем дегенде (і) автожолды пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын (жолға шығуға рұқсат; жол қозғалысының қауіпсіздігі; қозғалыстың бір қалыптылығы, қызмет ету аймағы, шұғыл қызметтердің жұмыстары және т.б. тұрғысынан тиімділігі); және оқыту қажеттігін анықтауды қоса алғанда, жол қызметі персоналы үшін айқындалған тәуекелдерді азайту тәсілдері және т.б. қоса алғанда орындау сапасын анықтайтын ОБАДЖ автожол дәлізі учаскесінің кіші учаскесін пайдалануды және ұстауды қамтамасыз ету мақсатында Сапа хартиясының нысаны негізінде әзірленетін құжат.
18. «Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарлары» немесе «ҚІЖ» нақты обьектілер үшін әзірленген, оның ішінде осы Келісімге 2-қосымшаның І.Б. Бөлімінің 3 (b) - тармағына сәйкес Қарыз алушы қабылдаған кез келген қысқартылған қоныс аудару іс-шаралар жоспарын және іс-шаралар бағдарламасын, өтемақы ұсыну және тұлғалардың қоныс соның ішінде өтемақы және қоныс аудару тетіктерін, бюджет пен шығындар сметасын, сондай-ақ, әрбір объектіде осы құжаттардың шарттарын сақтауды тиісінше іске асыруды және үнемі бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған баламалы институционалдық тетіктермен мониторинг және есептілік тетіктерімен бірге қаржыландыру көздерін қамтитын Банкпен келісілген құжаттарды білдіреді; және «Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспары» немесе «ҚІЖ» осындай бір жоспарды білдіреді.
19. «Қоныс аудару бойынша шараларды іске асыру туралы есеп» немесе «ҚІЕ» Банкті қанағаттандыратын, АЖК Қарыз алушының атынан 2012 жылғы 29 наурызда дайындаған, қабылданған және, Қарыз алушы ____________ жылы жариялаған және ___________ жылы Банктің Infoshор сайтында жарияланған, Қарыз алушы осы Келісімнің күніне дейін Жобаның аумағында жерлерді сатып алу кезінде пайдаланған стандарттарды және әдістерді талдауды: (2) ҚНС-қа сәйкес жерлерді сатып алу үшін қабылдануы тиіс шараларды анықтау арқылы олқылықтарды талдау, соның ішінде барлық шешілмеген істерді шешудің барабар қаражатының жоспары дәлме-дәл қаржысының жоспары; және (3) жерлерді Банктің қоныс аудару саясатының талаптарына сәйкес сатып алу үрдісін жүргізу үшін осы азатжолдың (2) тармағы шеңберінде анықталған олқылықтардың орнын толтыру үшін қажетті барлық іс-шаралардың тізімін қамтитын құжатты білдіреді.
20. «Қоныс аударудың негіздемелік саясаты» немесе «ҚНС» Қарыз алушы дайындаған және келіскен, 2008 жылғы 1 мамырда түзулерімен және жариялаған, 2009 жылғы 18 наурызда қайталап жариялаған 2009 жылғы 25 наурызда Infoshор сайтында жарияланған. Онда қоныс аудару рәсімдері, институционалдық тетіктері, заңдылық критерийлері, құқықтары және өтемақылары, соның ішінде бағалау, қоғамдық тыңдауларды өткізу және оларға қатысу рәсімдері, сондай-ақ, Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде қолданылатын жариялау критерийін белгілейтін құжатты білдіреді. «АЖСРК» институционалдық реформалау жүргізу және басқару іс-шараларына жауап беретін Көлік және коммуникация министрінің штатты кеңесшісін білдіреді.
22. «Автожол секторын реформалау жөніндегі кеңесші тобы» немесе «АЖСРК тобы» ККМ автожол секторын реформалау және жол реформасын үйлестіру мәселелері бойынша кеңес бергеніне жауапты ККМ ұйымдастырған топты білдіреді. Ол АЖСРК, автожол секторының іс-шараларын өткізуге мамандандырылған халықаралық консультант және ККМ жоғарғы лауазымдық тұлғаларды білдіреді.
23. «Оңтүстік - Батыс автожолын қайта жаңарту жобасы» немесе «ОБАҚЖ» Банк пен Қарыз алушы арасындағы 2009 жылғы 13 маусымдағы № 7681KZ Қарыз туралы келісімнің шеңберінде Банк қаржыландыру ұсынған жобаны білдіреді.
24. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожол дәлізі» немесе «Автожол
дәлізі» солтүстік-батыста Ресей Федерациясының шекарасынан бастап, Ақтөбе, Қызылорда», Шымкент, Тараз, Алматы және оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен шекарадағы Қорғас қалалары арқылы Қарыз алушының бүкіл елінен өтетін автожол дәлізін білдіреді.
Осымен 2012 жылғы 10 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шығыс - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b)) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадр жұмыстарын үйлестіру
және бақылау департаментінің
Басқарма бастығы Б. Ахметжанова
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.