"Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 432 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 609 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 609 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 861-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары:
      мынадай мазмұндағы 13-1, 14-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «13-1. Дәрігердің қабылдауына жазылу жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.»;
      «14-1. Дәрігерді үйге шақыру жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. БМСК көрсететін медициналық ұйымдарға нақты бекітілген халықтың саны туралы, аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметі) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпарат тіркелген халық тізілімінің дерекқорында қалыптастырылады.
      Тіркелген халық тізілімінен БМСК ұйымдарының бөлінісінде тіркелген халықтың болуы туралы ақпарат БМСК ұйымдарының арасында жан басына шаққандағы нормативке ақы төлеуді қаржыландыру көлемдерін бөлу үшін негіз болып табылады.»;
      67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қағаз түрінде және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта қалыптастырылатын медициналық ұйымға бекітілу анықтамасы (талоны) (бұдан әрі – бекіту анықтамасы (талоны) азаматтың БМСК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Қағаз форматтағы бекіту анықтамасын (талонын) медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді. Электрондық форматтағы бекіту туралы анықтама (талон) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
      7. БМСК ұйымына бекіту еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде БМСК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады. БМСК ұйымына бекіту үшін «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген кезінде сұрау салуды жіберу, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) және электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде денсаулық жағдайы бойынша БМСК ұйымына өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ адамдарды бекіту БМСК ұйымдарында олардың жазбаша немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.»;
      1213-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Бекіту өзгерген кезде бекіту анықтамасы (талоны) БМСК ұйымына қайтарылады, ал азаматқа қағаз түріндегі БМСК ұйымынан бекітуден шығу анықтамасы (талоны) беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта бекітілген кезде, басқа БМСК ұйымдарына бекітілген жағдайда оны есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
      13. Азамат БМСК ұйымына бекітуді еркін таңдаған кезде оған осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2011 года № 1263 "Об утверждении Правил оказания первичной медико-санитарной помощи и Правил прикрепления граждан к организациям первичной медико-санитарной помощи"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 432. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 609

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 609 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2011 года № 1263 «Об утверждении Правил оказания первичной медико-санитарной помощи и Правил прикрепления граждан к организациям первичной медико-санитарной помощи» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 60, ст. 861) следующие изменения и дополнения:
      1) Правила оказания первичной медико-санитарной помощи, утвержденные указанным постановлением:
      дополнить пунктами 13-1, 14-1 следующего содержания:
      «13-1. Запись на прием к врачу осуществляется при непосредственном обращении, по телефонной связи физического лица или его представителя в медицинскую организацию, оказывающую ПМСП, или в электронном формате через веб-портал «электронного правительства» без наличия электронной цифровой подписи.»;
      «14-1. Вызов врача на дом осуществляется при непосредственном обращении, по телефонной связи физического лица или его представителя в медицинскую организацию, оказывающую ПМСП, либо в электронном формате через веб-портал «электронного правительства» без наличия электронной цифровой подписи.»;
      2) в Правилах прикрепления граждан к организациям первичной медико-санитарной помощи, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      «3-1. Информация о фактически прикрепленном количестве населения к медицинским организациям, оказывающим ПМСП, о территориальных участках обслуживания, врачах и среднем медицинском персонале участковой службы (службы общей практики) формируется в базе данных регистр прикрепленного населения.
      Информация о наличии прикрепленного населения в разрезе организаций ПМСП из регистра прикрепленного населения является основанием для распределения объемов финансирования оплаты подушевого норматива среди организаций ПМСП.»;
      пункты 67 изложить в следующей редакции:
      «6. Документом, свидетельствующим о прикреплении гражданина к организации ПМСП, является справка (талон) прикрепления к медицинской организации (далее - справка (талон) прикрепления), формирующаяся в бумажном виде и электронном формате через веб-портал «электронного правительства». Справка (талон) прикрепления в бумажном формате выдается медицинским регистратором медицинской организации. В электронном формате справка (талон) о прикреплении выдается через веб-портал «электронного правительства» в форме электронного документа, подписанная электронной цифровой подписью медицинской организации, оказывающей первичную медико-санитарную помощь.
      7. Прикрепление к организации ПМСП осуществляется на основе заявления произвольной формы и документа, удостоверяющего личность (удостоверение личности, паспорт, свидетельство о рождении, иной документ, выданный в установленном законодательством Республики Казахстан порядке), в любое календарное время в соответствии с графиком работы организации ПМСП. При обращении на веб-портал «электронного правительства» для прикрепления к организации ПМСП необходимо отправить запрос, а также иметь документ, удостоверяющий личность (удостоверение личности, паспорт, свидетельство о рождении, иной документ, выданный в установленном законодательством Республики Казахстан порядке), и электронную цифровую подпись.»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Прикрепление лиц, не имеющих возможности по состоянию здоровья самостоятельно явиться в организации ПМСП, проводится в организациях ПМСП по их письменному обращению или в электронном формате через веб-портал «электронного правительства» при наличии документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил.»;
      пункты 1213 изложить в следующей редакции:
      «12. При изменении прикрепления справка (талон) прикрепления возвращается в организацию ПМСП, а гражданину выдается справка (талон) открепления от организации ПМСП в бумажном виде. При прикреплении в электронном формате через веб-портал «электронного правительства» открепление, при его наличии к другим организациям ПМСП, осуществляется автоматически.
      13. При свободном выборе гражданином прикрепления к организации ПМСП возможность его обслуживания на дому специалистами данной организации оговаривается заранее и указывается в справке (талоне) прикрепления.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов