Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат; № 54, 719-құжат; № 77-78, 1131-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Доктор Джейкоб Френкель - «Джей Пи Морган Чейс Интернейшл»
директорлар кеңесінің төрағасы, «Джей
Пи Морган Чейс энд Ко.» басқарма мүшесі
және «Джей Пи Морган» халықаралық
кеңесінің мүшесі,
Крис Финлейсон - «Би Джи Групп» компаниясының бас
атқарушы директоры,
Мирослав Зелинский - «Филип Моррис Интернэшнл, Инк.»
компаниясының бас басқарушы тұлғасының
орынбасары,
Сэр Сума Чакрабарти - Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің
президенті,
Хаиров - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ерлан Қартайұлы жаңа технологиялар министрлігі
Инвестиция комитетінің төрағасы;
көрсетілген Кеңестің құрамынан П.Ф. Гуаргалини, К. Дидрихс,
Дж. К. Зарира, А. Калантзопулос, Т. Миров, А.Ж. Серіков, К.С. Фаузи,
Ф. Чапмэн шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев