"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 мамырдағы № 515 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 мамырдағы
№ 515 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 317 қаулысымен
бекітілген

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру
ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім
беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері (бұдан әрі – Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі - грант) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – мектеп) дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);

      4) жұмыс органы – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы.

2. Грант тағайындау тәртібі

      3. Грантты конкурстық негізде комиссия тағайындайды.

      4. Комиссия уәкілетті орган, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінен, орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі комиссия төрағасы болып табылады.

      5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы, бірақ кемінде жеті адам болуы тиіс. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      6. Конкурсқа қатысуға "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттарын ұсынған, білім беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – үміткерлер) жіберіледі.

      7. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      8. Конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

      7-сыныпта оқуға үміткер орта білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады: пәндік тест және жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест.

      Пәндік тест математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тестілік тапсырмалардан тұрады.

      Жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілеттерін бағалау жөніндегі тест мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) "Сандық сипаттамалар" (цифрлармен жұмыс істей білуін анықтау);

      2) "Кеңістіктік ойлау" (абстрактілі-логикалық ойлау деңгейін анықтау).

      9. 7-сыныптарда оқуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша математика бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі.

      10. Конкурстың қорытындылары бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде пәндік тест бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

      Пәндік тест бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математика бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.

      Үміткерлердің математика бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тест бойынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.

      11. 8-11 (12) сыныптарда оқу үшін үміттенетін білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

      Бірінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Сұрақтардың жалпы санының қырық және одан да көп пайызына дұрыс жауап берген үміткерлер екінші кезеңге жіберіледі.

      Екінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.

      12. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі.

      13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде екінші кезең нәтижелері бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған 8-11 (12) сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

      Екінші кезең қорытындылары бойынша балдар саны тең болған жағдайда, грант соңғы оқу жылындағы үлгерім тәбілінің орташа балы жоғары үміткерлерге тағайындалады.

      Егер үміткерлердің соңғы оқу жылындағы оқу үлгерім тәбілінің жоғары орташа балы тең болса, бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы неғұрлым жоғары үміткерлерге басымдық беріледі.

      14. Грант отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс санының кемінде төрттен үш даусын жинаған үміткерге беріледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

      15. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.

      16. 7-сыныпта оқу үшін математика бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі.

      8-11 (12) сыныптарда оқу үшін екінші кезең қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі.

      Оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында үміткерлердің резервтік тізімін комиссия бекітеді.

      17. Резервтік тізімге алынған үміткерлерге оқу жылының ішінде қосымша конкурстан өтусіз грант тағайындалады.

      7-сыныпта оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Ереженің 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

      8-11 (12) сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезең қорытындылары бойынша балл саны тең болған жағдайда грант үміткерлерге осы Ереженің 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

      Резервтік тізімдегі үміткерлерге грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.

      18. Грант иегері мектептің ішкі тәртібін бұзғаны, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, қылмыстық жазаланатын қылмыс жасағаны, оқудан 10 күннен артық дәлелсіз себеппен қалғаны*, бір толық оқу жылын оқуы шартымен, оқу жылын пәндердің бірінен "қанағаттанарлықсыз" немесе оқу жылын үш пәннен "қанағаттанарлықпен" аяқтағаны, оқушының өз қалауы бойынша, басқа мектепке ауысуды қоспағанда, басқа оқу орнына ауысқан жағдайда гранттан айырылады. Білім алушыны оқудан шығару педагогтік кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген жағдайларда босаған гранттар осы Ережеде көзделген тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады.

      Ескертпе: *дәлелді себептерге сырқаттану, жақын туыстарының қайтыс болуы, еңсерілмейтін мән-жайлар (форс-мажор), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының, уәкілетті органының қолдауымен оқушыларға арналған халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша оқуы жатады.

3. Гранттың мөлшері

      20. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      21. Бір гранттың мөлшері жылына 1469374 (бір миллион төрт жүз алпыс тоғыз мың үш жүз жетпіс төрт) теңгені құрайды және индекстеуді ескере отырып өзгеруі мүмкін.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 мая 2013 года № 515. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 759.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 759 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 15, ст. 113) следующее изменение:

      Правила присуждения и размеры образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы", утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 24 мая 2013 года № 515
Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 14 марта 2009 года № 317

Правила
присуждения и размеры образовательного гранта Первого
Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен"
для оплаты обучения одаренных детей в специализированных
организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы"
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присуждения и размеры образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5-1) статьи 4 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок присуждения и размеры образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы".

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) образовательный грант Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" (далее - грант) - грант, учреждаемый Президентом Республики Казахстан для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (далее - школа);

      2) уполномоченный орган в области образования (далее - уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области образования;

      3) республиканская комиссия по присуждению гранта - комиссия, создаваемая уполномоченным органом для присуждения гранта (далее - комиссия);

      4) рабочий орган - автономная организация образования "Назарбаев Интеллектуальные школы".

2. Порядок присуждения гранта

      3. Грант присуждается на конкурсной основе комиссией.

      4. Комиссия формируется из числа сотрудников уполномоченного органа, других заинтересованных государственных органов и организаций, представителей республиканских общественных объединений, осуществляющих деятельность в сфере среднего образования. Председателем комиссии является Министр образования и науки Республики Казахстан.

      5. Количество членов комиссии должно составлять нечетное число, но не менее семи человек. Заседания комиссии проводятся по мере необходимости и считаются правомочными, если на них присутствует не менее двух третей ее состава.

      6. К участию в конкурсе допускаются граждане Республики Казахстан, являющиеся учащимися организаций образования, претендующие на обучение в 7-11 (12) классах специализированных организаций образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" и представившие документы, согласно требованиям, определяемым рабочим органом (далее - претенденты).

      7. Сроки и место приема документов, а также срок проведения конкурса определяются рабочим органом и публикуются в средствах массовой информации, распространяемых на всей территории Республики Казахстан.

      8. Конкурс проводится в порядке, определяемом рабочим органом.

      Конкурс для учащихся организаций среднего образования, претендующих на обучение в 7 классы, состоит из двух комплексных тестирований: предметного теста и теста по оценке способностей к изучению естественно-математических наук.

      Предметный тест состоит из тестовых заданий по предметам: математика, казахский, русский и английский языки.

      Тест по оценке способностей к изучению естественно-математических наук состоит из разделов:

      1) "Количественные характеристики" (определение умения работать с цифрами);

      2) "Пространственное мышление" (выявление уровня абстрактно-логического мышления).

      9. По итогам проведенных комплексных тестирований для претендентов на обучение в 7 классы материалы претендентов, набравших тридцать пять и более процентов от максимально возможного балла по математике и сорок и более процентов от максимально возможного балла раздела "Количественные характеристики", вносятся на рассмотрение комиссии в порядке, определяемом уполномоченным органом.

      10. По итогам конкурса комиссия присуждает грант претендентам для обучения в 7 классах, набравшим более высокий общий балл по предметному тесту, в пределах выделенных грантов по конкретным школам.

      При равном количестве общего балла по предметному тесту преимущество предоставляется претендентам с более высоким баллом по математике.

      В случае, если у претендентов равный балл по математике, то преимущество предоставляется претендентам с более высоким общим баллом теста по оценке способностей к изучению естественно-математических наук.

      11. Конкурс для учащихся организаций образования, претендующих на обучение в 8-11 (12) классах, состоит из двух этапов и проводится в порядке, определяемом рабочим органом.

      На первом этапе проводится комплексное тестирование претендентов по профильным предметам, соответствующим направлениям школ, а также казахскому, русскому и английскому языкам. Комплексное тестирование является отборочным ко второму этапу. Ко второму этапу допускаются претенденты, набравшие сорок и более процентов правильных ответов от общего количества вопросов.

      На втором этапе проводятся письменные экзамены по профильным предметам, соответствующим направлениям школ.

      12. По итогам второго этапа конкурса материалы претендентов, набравших тридцать и более процентов от максимально возможного балла по каждому предмету, вносятся на рассмотрение комиссии в порядке, определяемом уполномоченным органом.

      13. Комиссия присуждает грант претендентам на обучение в 8-11 (12) классы, набравшим более высокие баллы по результатам второго этапа, в пределах выделенных грантов по конкретным школам.

      При равном количестве баллов по итогам второго этапа преимущество на присуждение гранта имеют претенденты с высоким средним баллом по табелю успеваемости за последний учебный год.

      В случае, если у претендентов равный высокий средний балл по табелю успеваемости за последний учебный год, то преимущество предоставляется претендентам с более высоким баллом по итогам первого этапа конкурсного отбора.

      14. Грант присуждается претенденту, набравшему не менее трех четвертей голосов от числа голосов членов комиссии, присутствующих на заседании. Решения комиссии оформляются протоколом.

      15. Итоги конкурса публикуются на интернет-ресурсе рабочего органа, не позднее пяти рабочих дней со дня подписания протокола комиссией.

      16. Претенденты на обучение в 7 классы, набравшие тридцать пять и более процентов от максимально возможного балла по математике, сорок и более процентов от максимально возможного балла теста "Количественные характеристики", но не зачисленные в школу в связи с отсутствием вакантных мест, вносятся в резервный список.

      Претенденты на обучение в 8-11 (12) классы, набравшие тридцать и более процентов от максимально возможного балла по каждому предмету по итогам второго этапа, но не зачисленные в школу в связи с отсутствием вакантных мест, вносятся в резервный список.

      Резервные списки претендентов утверждаются комиссией в целях их привлечения к обучению в случае наличия вакантного места в течение учебного года.

      17. Претендентам, зачисленным в резервный список в течение учебного года, присуждается грант без прохождения дополнительного конкурса.

      При определении кандидата из резервного списка для обучения в 7 классах грант присуждается претендентам в порядке, предусмотренном в пункте 10 настоящих Правил.

      При определении кандидата из резервного списка для обучения в 8-11 (12) классах при равном количестве баллов по итогам второго этапа грант присуждается претендентам в порядке, предусмотренном в пункте 13 настоящих Правил.

      Решение о присуждении гранта из резервного списка публикуется на интернет-ресурсе рабочего органа не позднее пяти рабочих дней со дня подписания протокола комиссией.

      18. Обладатель гранта лишается гранта в случаях исключения его из школы за нарушение внутреннего распорядка школы, совершение административного правонарушения, совершение уголовно наказуемого преступления, пропуска обучения по неуважительной причине более 10 дней*, завершения учебного года на "неудовлетворительно" по одному или на "удовлетворительно" по трем предметам, при условии его обучения в течение полного учебного года, по собственному желанию учащегося, перевода в другое учебное заведение, за исключением перевода в другую школу. Исключение обучающегося осуществляется на основании решения педагогического совета.

      19. Гранты, освободившиеся в случаях, указанных в пункте 18 настоящих Правил, присуждаются на конкурсной основе в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      Примечание: * к уважительным причинам относятся болезнь, смерть близких родственников, обстоятельства непреодолимой силы (форс-мажор), обучение по международным программам обмена для учащихся, осуществляемое при поддержке уполномоченного органа, автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы".

3. Размеры гранта

      20. Финансирование гранта осуществляется за счет средств республиканского бюджета.

      21. Размер одного гранта составляет 1469374 (один миллион четыреста шестьдесят девять тысяч триста семьдесят четыре) тенге в год и может меняться с учетом индексации.