Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.

      Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкiмдерiне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:

      1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;

      2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 420 қаулысымен.

      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, облыс әкімінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:

      1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;

      2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.

      4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тиісті құрылымдық бөлімшелерді құру, қайта ұйымдастыру кезінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 420 қаулысымен.

      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 420 қаулысымен.

      7. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 608 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару
базалық құрылымы

      Ескерту: Құрылымға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 1397 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 948 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi); 14.12.2023 № 1117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты

      2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы

      3. Ішкі саясат басқармасы

      4. Денсаулық сақтау басқармасы

      5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

      6. Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

      7. Тілдерді дамыту басқармасы

      8. Білім басқармасы, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандарда, астанада орналасқан, оған есеп беретін және оның бақылауындағы білім бөлімдері

      9. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

      10. Кәсіпкерлік басқармасы

      11. Индустриялық-инновациялық даму басқармасы

      12. Құрылыс басқармасы

      13. Экономика және қаржы басқармасы

      14. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

      15. Жер қатынастары басқармасы

      16. Дене шынықтыру және спорт басқармасы

      17. Жастар саясаты мәселелері басқармасы

      18. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

      19. Дін істері басқармасы

      20. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 37 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Ауыл шаруашылығы басқармасы

      22. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы*

      23. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

      24. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

      25. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігі

      1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты

      2. Ішкі саясат бөлімі

      3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі

      4. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

      6. Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі

      7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 948 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      9. Кәсіпкерлік бөлімі

      10. Дене шынықтыру және спорт бөлімі

      11. Экономика және қаржы бөлімі

      12. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

      13. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі

      * тек республикалық маңызы бар қала, астана үшін

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 608 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2255 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 29-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1006 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 1204 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 820-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 874 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 832-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1053 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1436 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1162-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

      9. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 337 қаулысы.

Об утверждении базовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2013 года № 608.

      В целях дальнейшего совершенствования системы государственного управления Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую базовую структуру местного государственного управления Республики Казахстан.

      2. С учетом особенностей социально-экономического развития административно-территориальной единицы акимам областей, городов Астаны, Алматы и Шымкент предоставить право изменения структуры местных исполнительных органов не чаще 1 раза в год путем:

      1) создания необходимых структурных подразделений;

      2) слияния, присоединения, разделения структурных подразделений, предусмотренных базовой структурой местного государственного управления Республики Казахстан, утвержденной настоящим постановлением.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.07.2018 № 420.

      3. С учетом особенностей социально-экономического развития административно-территориальной единицы акимам районов (городов областного значения) по согласованию с акимом области предоставить право изменения структуры местных исполнительных органов не чаще 1 раза в год путем:

      1) создания необходимых структурных подразделений;

      2) слияния, присоединения, разделения структурных подразделений, предусмотренных базовой структурой местного государственного управления Республики Казахстан, утвержденной настоящим постановлением.

      4. Акимам областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента в течение 10 рабочих дней с момента создания, реорганизации соответствующих структурных подразделений, указанных в пунктах 2 и 3 настоящего постановления, уведомлять Министерство национальной экономики Республики Казахстан и иные заинтересованные центральные государственные органы.

      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Правительства РК от 11.07.2018 № 420.

      5. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      6. Акимам областей, городов Астаны, Алматы и Шымкент принять соответствующие меры, вытекающие из настоящего постановления.

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 11.07.2018 № 420.

      7. Настоящее постановление вводится в действие с момента введения в действие Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между органами государственного управления".

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Утверждена
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 18 июня 2013 года № 608

Базовая структура местного
государственного управления Республики Казахстан

      Акимат области, города республиканского значения, столицы

      Сноска. Раздел с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29.01.2014 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 29.12.2014 № 1397 (вводится в действие с 01.01.2015); от 30.12.2020 № 948 (вводится в действие с 01.01.2021); от 14.12.2023 № 1117 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Аппарат акима области, города республиканского значения, столицы

      2. Управление архитектуры и градостроительства

      3. Управление внутренней политики

      4. Управление здравоохранения

      5. Управление координации занятости и социальных программ

      6. Управление культуры, архивов и документации

      7. Управление по развитию языков

      8. Управление образования, а также подотчетные и подконтрольные ему отделы образования, располагаемые в районах, городах или районах в городах областного и республиканского значения, столице

      9. Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог

      10. Управление предпринимательства

      11. Управление индустриально-инновационного развития

      12. Управление строительства

      13. Управление экономики и финансов

      14. Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства

      15. Управление земельных отношений

      16. Управление физической культуры и спорта

      17. Управление по вопросам молодежной политики

      18. Управление природных ресурсов и регулирования природопользования

      19. Управление по делам религий

      20. Исключен постановлением Правительства РК от 29.01.2014 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      21. Управление сельского хозяйства

      22. Управление жилищной инспекции*

      23. Управление государственного архитектурно-строительного контроля

      24. Управление по контролю за использованием и охраной земель

      25. Управление по мобилизационной подготовке, территориальной и гражданской обороне

      Акимат района и города областного значения

      Сноска. Раздел с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 30.12.2020 № 948 (вводится в действие с 01.01.2021).

      1. Аппарат акима района, города областного значения

      2. Отдел внутренней политики

      3. Отдел архитектуры и градостроительства

      4. Отдел строительства и жилищно-коммунального хозяйства

      5. Отдел занятости и социальных программ

      6. Отдел земельных отношений и сельского хозяйства

      7. Отдел культуры и развития языков

      8. Исключен постановлением Правительства РК от 30.12.2020 № 948 (вводится в действие с 01.01.2021)

      9. Отдел предпринимательства

      10. Отдел физической культуры и спорта

      11. Отдел экономики и финансов

      12. Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог

      13. Отдел жилищной инспекции

      * только для города республиканского значения, столицы

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 18 июня 2013 года № 608

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1654 "Об утверждении типовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      2. Подпункт 1) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2255 "О вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 3, ст. 29).

      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2011 года № 695 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1654 "Об утверждении типовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2011 года № 1006 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1654 "Об утверждении типовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      5. Пункт 7 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 октября 2011 года № 1204 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 августа 2011 года № 136 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" и о внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 57, ст. 820).

      6. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 874 "Отдельные вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 61, ст. 832).

      7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2012 года № 1053 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1654 "Об утверждении типовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      8. Подпункт 1) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2012 года № 1436 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1654 "Об утверждении типовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" и от 15 декабря 2004 года № 1324 "О некоторых вопросах утверждения лимитов штатной численности местных исполнительных органов" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 79, ст. 1162).

      9. Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2013 года № 337 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 1654 "Об утверждении типовой структуры местного государственного управления Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".