Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:
"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
"26. Цифрландыру басқармасы".
2. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тұрақты жұмыс орындарына басымдық беріп, оларды құру, инвестициялар тарту, адами капиталды дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны енгізуге және өзгелері сияқты халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын және әлеуметтік хал-ахуалын арттыруға бағытталған және өзге де нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштерін, іс-шараларды қосу;".
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
40-тармақтың 3) тармақшасындағы "(бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі) келісілуге тиіс." деген сөздер "(бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ақпараттандыру және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіру саласындағы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісілуге тиіс.";
49-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, ақпараттандыру және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіру саласындағы уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар жобаларды (Парламент Мәжілісіне заңнамалық актілердің жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі. Халықаралық шартқа қол қою, оны бекіту, қабылдау мәселелері бойынша және оған қосылу туралы жобаларды Сыртқы істер министрлігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
Жоба мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және ол бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша "келісілді" деп саналады.".
4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштерін әзірлеу;
8-2) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуін бағалауды жүзеге асыру;
8-3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік органдар басшыларының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік жауаптылық не көтермелеу шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
8-4) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштерін айқындау;
8-5) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуін бағалауды жүзеге асыру;
8-6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының басшыларына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тәртіптік жауаптылық не көтермелеу шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;".
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысында:
қызмет бабында пайдалану үшін.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы орынбасарлары болады.";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылым саласындағы және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдар ЖҒТК-ның жұмыс органдары болып табылады.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ЖҒТК қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
5. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау;
3) ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым ғылыми зерттеулерді айқындау;
4) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке арналған бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көлемдерін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ технологиялардың әзірлік деңгейін ескере отырып, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемдерін айқындау;
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау;
7) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау;
8) конкурстан тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі рәсімдер шеңберінде ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді мақұлдау;
9) ғылым саласына шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
10) мемлекеттік ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылымның, білім мен өндірістің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
11) технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
12) елдің инновациялық және технологиялық дамуы, сондай ақ жасанды интеллектті енгізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар тұжырымдау;
13) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;
14) салалық бағыттар бойынша тұжырымдалатын мемлекеттік технологиялық саясатты қарау;
15) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салалардағы технологиялық платформаларды, сондай ақ жасанды интеллектті енгізуді ұйымдастыру жөніндегі бастамаларын қарау;
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Ережеде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) төрағаның орынбасарлары;";
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтыруларға қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.
5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы, хатшы.
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.
8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі (келісу бойынша).
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
13. Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты әлеуметтік қорғау министрі.
14. Қазақстан Республикасының Көлік министрі.
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
16. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
17. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
18. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.
19. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
20. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.
21. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.
22. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі.
23. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.
24. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.
25. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
26. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша).
27. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша).
28. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша).
29. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.
30. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша).
31. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
32. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).
33. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
34. Ақшолақов Серік Қуандықұлы – "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
35. Әбсәметов Мәліс Құдысұлы – "У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
36. Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – "Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
37. Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
38. Наметов Асқар Мырзахметұлы – "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
39. Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
40. Хикметов Асқар Құсыпбекұлы – "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).
41. "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).
42. "Еуразиялық топ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша).
43. "Qarмet" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша).
44. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
45. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
46. "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
47. "QazaqGaz" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
48. "KAZ Minerals Management" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).