Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 14, 20 және 21-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-2-жолмен толықтырылсын:
«
46-2 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
БҚА |
наурыз |
қыркүйек |
қараша |
Ә.Б. Мәтішев |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 53-1 және 53-2-жолдармен толықтырылсын:
«
53-1 |
Рұқсаттар және хабарламалар туралы |
ӨДМ |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
С.М. Жұманғарин |
53-2 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ӨДМ |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
С.М. Жұманғарин |
»;
ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ӨДМ – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов