Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.10.2020 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 қаулысымен бекітілген |
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру тәртібін айқындайды.
2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысанға сәйкес ішкі істер органдары беретін рұқсаттамалар бойынша рұқсат етіледі.
3. Рұқсаттамалардың бланкілерін дайындауды облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) жүзеге асырады.
2. Шетелдіктердің азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру тәртібі
4. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кіру құқығына рұқсаттамаларды Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты болатын жері бойынша ІІД көші-қон полициясы басқармалары береді.
5. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға рұқсаттамалар:
1) тұрақты тұру үшін келетіндерге – ішкі істер органдары беретін тұрақты тұруға арналған рұқсаттың немесе тиісті санаттағы визаның негізінде;
2) туризм мақсатында келетіндерге – тиісті санаттағы виза немесе туроператорлық немесе турагенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымның растауы болған кезде қолдаухат негізінде;
3) оқу мақсатында келетіндерге – Қазақстан Республикасы оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты болған кезде;
4) жұмыс мақсатында келетіндерге – қолданыстағы заңнамаға сәйкес алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат болған кезде жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде, ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде;
5) емделуге келетіндерге – медициналық ұйымдар куәландырған растау құжаттарының немесе шекаралық аймақта орналасқан санаторий-курорт ұйымдарының жолдамалары негізінде;
6) жеке істері бойынша келетіндерге – шекаралық аймақта тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыруы негізінде беріледі.
Жақын туыстары қайтыс болған (ауырған) жағдайда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар шекаралық аймаққа (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) рұқсаттама ресімдемей, өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары және медициналық ұйымдар куәландырған тиісті жеделхаттар (анықтамалар) бойынша, ал туысқандары жерленген жерлерге барған кезде – жерленген жерін растайтын мәліметтер бойынша кіреді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Рұқсаттама 1 айға дейінгі мерзімге беріледі және қажет болған жағдайда дәл осындай мерзімге ұзартылады.
Шекаралық аймақта екі айдан астам болу қажет болған жағдайда жаңа рұқсаттама ресімделеді.
Оқу мақсатында келген кезде рұқсаттама бір оқу жылы мерзіміне беріледі.
Тұрақты тұру мақсатында келген кезде рұқсаттама шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты және шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін ресімдеу үшін қажетті мерзімге беріледі.
Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында кірген кезде рұқсаттама рұқсаттың қолданылу мерзіміне, ал мүше мемлекеттердің азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзіміне беріледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Рұқсаттамалар бір адамға беріледі. Шекаралық аймаққа ата-аналарымен немесе өздерімен ілесіп жүретін адамдармен келетін 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.
8. Шекаралық аймаққа кіретін адамдар межеленген жерге келген соң Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұратын жеріндегі ішкі істер органдарында күнтізбелік бес күн ішінде тіркеледі.
9. Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалар белгілі бір елді мекенге беріледі. Бірнеше аудандардың немесе облыстардың аумағына кіру қажеттілігіне байланысты жұмыстарды жүзеге асыру туралы қолдаухат болған кезде рұқсаттамалар шекаралық аймақтың бірнеше елді мекеніне беріледі.
10. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жоғалтқан рұқсаттамалардың орнына жаңасы тек олардың берілгенін тиісті ішкі істер органы растағаннан кейін берілуі мүмкін.
11. Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалар алу үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кіргенге дейін күнтізбелік 7 күн бұрын тұрғылықты жеріндегі ІІД көші-қон полициясы басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке тұлғалардан – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, кіру мақсатын растайтын құжаттар;
2) заңды тұлғалардан – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын немесе ұйым әкімшілігінің атынан қолдаухат.
Егер азаматтар тобы шекаралық аймақта жұмыстар жүргізуге жіберілсе, тізімдер қолдаухатқа қоса беріледі және үш данада ұсынылады. Тізімнің бірінші данасы көші-қон полициясы басқармасы бастығының немесе оның орынбасарының қолымен расталады, визалық мөрмен бекітіледі, топ жетекшісіне беріледі, екінші данасы ішкі істер органында қалады, үшінші данасы адамдарды тексеру үшін жолданады және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінде қалады.
12. Шекаралық аймаққа кіретін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеріледі.
Шекаралық аймаққа өз бетінше, сондай-ақ ата-аналарымен немесе өздерімен ілесіп жүретін адамдармен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалар жедел есептер бойынша тексерілмейді.
13. Өтініштер немесе қолдаухаттар оң қаралған кезде жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама беріледі. Рұқсаттамалар жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлға өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттарды тексергеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекаралық аймаққа кіруге берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабында қол қоя отырып беріледі.
Рұқсаттаманы берген кезде көші-қон полициясының қызметкерлері алушыны рұқсаттаманың сыртқы жағында жазылған ережелермен қолын қойғыза отырып таныстырады.
14. Шекаралық аймаққа кіру және онда болу үшін қажетті құжаттар тізбесін толық ұсынбау шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Рұқсаттаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды бұл туралы уәкілетті орган хабардар етеді.
15. Қажетті құжаттарды тапсыру сәтінен бастап шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды.
Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама беру немесе оны беруден бас тарту, сондай-ақ рұқсаттаманың жарамдылық мерзімін ұзарту туралы шешімдерді ІІД көші-қон полициясы бөлімшелерінің бастықтары растайды.
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 1-қосымша |
НЫСАН
РҰҚСАТТАМА
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ____________________ (облыс) ____________________ (ішкі істер органының атауы) 20 ж "___" ______. М.О. | Азамат (ша) ____________________________________________________ ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты және туған күні) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (қаланың, қоныстың нақты атауы және құрамы көрсетіледі) ________________________________________________________________ осы пункт қай облысқа кіреді) кіруге рұқсат етіледі. Жол жүру мақсаты _______________________________________________ Өзімен бірге 16 жасқа толмаған балалар бар _____________________ ________________________________________________________________ (әрбір баланың аты, жасы көрсетіледі) Мынадай құжатты ұсынғанда жарамды ______________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді) Рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі _______________________________ Бастық _________________________________________________________ |
(сыртқы жағы)
ҚАҒИДАЛАР
1. Рұқсаттама онда көрсетілген елді мекенге кіру құқығын береді. 2. Рұқсаттамада көрсетілген жерге келген адам келгеннен кейін өзінің рұқсаттамасы мен паспортын ішкі істер органдарында тіркеуге беру үшін тіркеуге жауапты үй басқарушысына, жатақхана комендантына, қонақ үй, санаторий, демалыс үйі әкімшілігіне немесе осыған арнайы уәкілетті адамға тапсырады. 3. Рұқсаттама жоғалған жағдайда, бұл туралы болатын жері бойынша жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлануы тиіс. 4. Рұқсаттама алған, бірақ қандай да бір себептермен онда көрсетілген елді мекенге шықпаған адам оны ішкі істер органдарына тапсыруға міндетті. Қағидалармен таныстым ________________________________________________________________ (қолы) |
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 2-қосымша |
НЫСАН
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
кіруге рұқсаттама беруіңізді сұраймын.
Онда ________________________________________________________________
(жол жүру мақсаты)
___________________________________________________ мерзімге шығамын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
Туған жылы мен жері _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
(ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Өзіммен бірге балаларым бар: ________________________________________
(аты және жасы)
Паспорт сериясы ____ № _____________________ "___" __________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(күні және паспортты берген органның атауы)
Бастықтың қолы ______________________________
______________________________
(күні, айы және жылы)
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 3-қосымша |
НЫСАН
ҚОЛДАУХАТ
__________________________________ кіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
(елді мекен, аудан, облыс)
Жол жүру мақсаты _______________ мерзімі ____________________________
Мынадай адамдарға:
1. Тегі ______________________ Аты __________________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері ___________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
(қайда және кім ретінде)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Паспорт сериясы _______ № _______________ "___" _____________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
2. Тегі ______________________ Аты __________________________________

Паспорт сериясы _____ № _____________________ "___" _________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
_____________________________________________________________________
М.О.
Бастықтың қолы __________________________
__________________________
(күні, айы және жылы)
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 4-қосымша |
НЫСАН
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу
КІТАБЫ
Р/с № | Рұқсаттама | Рұқсаттаманың берілген күні | Рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі | Т.А.Ә. | Іссапар куәлігін қашан және кім берді | Рұқсаттама қайда берілді | Алғаны туралы қолхат | |
сериясы | нөмірі | |||||||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
НЫСАН
РҰҚСАТТАМА
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ____________________ (облыс) ____________________ (ішкі істер органының атауы) 20 ж "___" _______. М.О. | Азамат (ша) ____________________________________________________ ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты және туған күні) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (қаланың, қоныстың нақты атауы және құрамы көрсетіледі) ________________________________________________________________ осы пункт қай облысқа кіреді) кіруге рұқсат етіледі. Жол жүру мақсаты _______________________________________________ Өзімен бірге 16 жасқа толмаған балалары бар ____________________ ________________________________________________________________ (әрбір баланың аты, жасы көрсетіледі) Мынадай құжатты ұсынғанда жарамды ______________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді) Рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі _______________________________ Бастық _________________________________________________________ |
(сыртқы жағы)
ҚАҒИДАЛАР
1. Рұқсаттама онда көрсетілген елді мекенге кіру құқығын береді. 2. Рұқсаттамада көрсетілген жерге келген адам келгеннен кейін өзінің рұқсаттамасы мен паспортын ішкі істер органдарында тіркеуге беру үшін тіркеуге жауапты үй басқарушысына, жатақхана комендантына, қонақ үй, санаторий, демалыс үйі әкімшілігіне немесе осыған арнайы уәкілетті адамға тапсырады. 3. Рұқсаттама жоғалған жағдайда, бұл туралы болатын жері бойынша жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлануы тиіс. 4. Рұқсаттама алған, бірақ қандай да бір себептермен онда көрсетілген елді мекенге шықпаған адам оны ішкі істер органдарына тапсыруға міндетті. Қағидалармен таныстым ________________________________________________________________ (қолы) |
НЫСАН
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
кіруге рұқсаттама беруіңізді сұраймын.
Онда ________________________________________________________________
(жол жүру мақсаты)
___________________________________________________ мерзімге шығамын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
Туған жылы мен жері _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
(ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Өзіммен бірге балаларым бар: ________________________________________
(аты және жасы)
Паспорт сериясы ____ № ______________________ "___" _________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(күні және паспортты берген органның атауы)
Бастықтың қолы _________________________
_________________________
(күні, айы және жылы)
НЫСАН
ҚОЛДАУХАТ
__________________________________ кіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
(елді мекен, аудан, облыс)
Жол жүру мақсаты _______________ мерзімі ____________________________
Мынадай адамдарға:
1. Тегі ______________________ Аты __________________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері ___________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
(қайда және кім ретінде)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Паспорт сериясы _______ № _______________ "___" _____________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
2. Тегі ______________________ Аты __________________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері ___________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
(ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Паспорттың сериясы _____ № ____________________ "___" _______ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
_____________________________________________________________________
М.О.
Бастықтың қолы ________________________
________________________
(күні, айы және жылы)
НЫСАН
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу
КІТАБЫ
Р/с № | Рұқсаттама | Рұқсаттаманың берілген күні | Рұқсаттаманың әрекет мерзімі | Т.А.Ә. | Іссапар куәлігін қашан және кім берді | Рұқсаттама қайда берілді | Алғаны туралы қолхат | |
сериясы | нөмірі | |||||||