Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасын қалыптастырады және жүргізеді;
20-2) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекітеді;
20-3) ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін бекітеді;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов